Жүнісова Д. К., Дербісалина Г.Ә



Pdf көрінісі
бет17/76
Дата04.05.2024
өлшемі1.55 Mb.
#500541
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
Пациенттерді оқыту

~
 
22 ~
оқытуға қажеттілігін анықтау қажет. Тиімді мейіргер-оқытушы болу 
үшін сізге тек фактілерді айтып қана қоймай, пациенттің нақты нені 
білгісі келетінін анықтау керек, оның оқуға дайын болатын уақытын 
табу керек және оқытудың оның нәтижелеріне әсерін бағалау қажет 
(Bastable, 2014, 2017; London, 2016) [1].
7. Оқыту – қарым-қатынас ретінде
 
 
 
Тиімді оқыту тиімді қарым-қатынасқа байланысты. Жақсы ұстаз 
болу үшін, мейіргер жанашыр, зерек болуы, әрі ойларын анық 
жеткізуі керек. Жеке позициялар, өмірлік құндылықтар, мәдениет, 
эмоциялар және білім сияқты көптеген ішкі ауыспалы мәндер 
мейіргер мен пациент арасындағы қарым-қатынас стиліне әсер етеді. 
Сондай-ақ, көп нәрсе пациенттің өзін-өзі ынталандыруға, оның білім 
алу қабілетіне, физикалық және психологиялық денсаулығына, білім 
деңгейіне және алдыңғы білім көлеміне байланысты болады [1].


~
 
23 ~
8. Оқытудың негізгі принциптері 
Мейіргерлер пациенттерді оқытпас бұрын, олар оқу процесінің 
қалай жүретінін түсінулері керек. Оқыту оқу ортасына және адамның 
үйрену қабілетіне, стилі мен мотивациясына байланысты. Оқыту 
жоспарлы оқуды қамтитын қарапайым сабақтарда да жүргізілуі 
мүмкін, сондай-ақ мейіргерлерге пациенттермен күнделікті қарым-
қатынастан туындайтын оқу мүмкіндіктерін өздігінен пайдалануға 
мүмкіндік беретін кейбір жағдайларда да болуы мүмкін [1].
Оқыту ортасы 
Пациенттерді оқыту әртүрлі жағдайда: үйде, қоғамдық 
орталықтарда, сыныптарда және аурухана бөлімдерінде өткізіледі. 
Оқу үшін қолайлы орта – бұл жақсы жиһаздалған және желдетілетін, 
тиісті жиһазы және температурасы ыңғайлы бөлме. Біршама 
алаңдаушылық тудырмайтын тыныш орта адамға зейін қоюға 
көмектеседі. Мейіргерлер тіпті бос емес ауруханада перделерді 
жауып немесе пациентті тыныш жерге әкелу арқылы құпиялылықты 
қамтамасыз ете алады. Үй жағдайында бұл жатын бөлме болуы 
мүмкін. Пациенттің қалауы бойынша, пікір алмасуға отбасы 
мүшелері немесе басқа да адамдар қатыса алады. Алайда, науқастар 
көбінесе бөлмеде адамдар болған кезде, тіпті жақын туыстары болса 
да, аурулары туралы сөйлескілері келмейді. Алайда, идеалды, мінсіз 
ортаға әрдайым қол жетімді бола бермейді және оқыту сәтін жіберіп 
алмаудың орнына, мейіргерлер қоршаған ортаны құпиялылықты 
сақтау және алаңдаушылықты азайту үшін мүмкіндігінше бейімдей 
алады.
 
Оқу қабілеті
Оқу қабілеті эмоционалды, интеллектуалдық және физикалық 
мүмкіндіктерге, сондай-ақ жалпы даму деңгейіне байланысты. Егер 
қандай да бір сәтте пациенттің оқу қабілеті бұзылса, мейіргер оқу 
әрекетін өзгертуі немесе кейінге қалдыру керек.
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет