~
28
~
9. Оқу стилі мен артықшылықтар (предпочтения)
Әр адамның өзіндік оқу стилі бар. Адам ақпаратты әртүрлі
тәсілдермен өңдейді: ол
көреді және естиді, ойланады және әрекет
етеді, логикалық және интуитивті негізде талдайды,
анализ және
визуализация жасайды. Кейбір көрнекі (визуалды) қабылдайтын
пациенттер: олар көру арқылы жақсы оқиды. Адамдардың бұл түріне
аудиовизуалды презентациялар мен көрнекіліктер жақсы сәйкес
келеді. Басқа адамдар – кинестетикалық білім алушылар: олар
құралдарды басқара алатын кезде
және олардың қалай жұмыс
істейтінін біле отырып, жақсырақ үйренеді. Кейбір адамдар егжей-
тегжейлі жазбалар жазу арқылы үйренеді, ал
басқалары жай
тыңдағанды жөн көреді. Тиімді үйрену үшін кейбір адамдар іс-
шаралар
мен
пікірталастарға
қатысуы
керек.
Басқалары
пікірталастарға қатысудан тым ұялшақ және ұйымдастырылған
құрылымды презентациялармен оқуды жөн көреді.
Қоршаған орта,
әлеуметтік,
эмоционалды,
психологиялық
және
физикалық
ынталандыру адамдарға әр түрлі әсер етеді. Кейбіреулер оқу
барысында тыныштықты, ал
басқалары фондық дыбыстарды
қалайды. Кейбіреулер топта оқуды жөн көреді, ал басқалары – өз
бетінше. Әр түрлі адамдар оқу процесі үшін әр түрлі уақытты
қалайды. Оқу жоспарларын жасау кезінде
пациенттің қалауына баға
беріп, белгілі бір оқу стилін ұсыну керек. Топтарда бұл мүмкін
болмауы мүмкін. Алайда оқытудың әр түрлі тәсілдерінің тіркесімін
(комбинация)
енгізу
көптеген
адамдардың
оқуға
деген
қызығушылықтарының қанағаттандырылуын қамтамасыз етеді
(Bastable, 2017). Егер пациентте
оқу қиындықтары болса, сіз басқа
оқыту стиліне бейімделу үшін өзгеруді қарастыруыңыз керек [1].