Жоба 2015 жылға арналған а



Дата09.06.2016
өлшемі90.49 Kb.
#124654


ЖОБА

«2015 жылға арналған асыл

тұқымды мал шаруашылығын

дамытуды, мал шаруашылығының
өнімділігін және өнім сапасын
арттыруды субсидиялау туралы»


Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы 5 наурыздағы №864

қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2015 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 наурыздағы №864 қаулысынаормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4934 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 11 сәуірде «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:



көрсетілген қаулының 2 қосымшасындағы

«сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының қашары, 1-деңгей

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының қашары 400 бастан кем емес;

малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру және асыл тұқымдық жүйе базасында тіркеу;

ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу»


жолы;

«сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының қашары, 1-деңгей

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 400 бастан кем емес;

малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру және асыл тұқымдық жүйе базасында тіркеу;

ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу»


жолымен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қызылорда облысының

әкімі Қ. Көшербаев

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

_____________ А. Мамытбеков

2015 жылғы «___» ___________


Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___» _________ № ___ қаулысына

3- қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы 5 наурыздағы № 864 қаулысына

3- қосымша

Асыл тұқымды

мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері




Субсидиялау бағыттары

Субсидия нормативі, теңге

Субсидия көлемі

бас,

тонна


мың теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау

Ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басына селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу

20000

800

16000

Сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басына селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу

20000

1500

30000

Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басына селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу

18000

30000

540000

Импортталған ет бағытындағы селекциялық ірі қара мал

118000

250

29500

Отандық ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

154000

500

77000

Отандық сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

154000

200

30800

Тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық мал басына селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу

1500

80000

120000

Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

8000

10000

80000

Асыл тұқымды жылқы сатып алу

40000

600

24000

Асыл тұқымды түйе сатып алу

37000

110

4070

Жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

104000


20


2080


Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 пайызға дейін өтеуге

4000

8000

32000

Жиыны










985450

Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау



Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату,
3-деңгей

100

1297,6

129760

Қой еті өндірісінің құнын арзандату

1-деңгей

200

130

26000

2-деңгей

100

90

9000

Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату

92

107

9844

Түйе еті өндірісінің құнын арзандату

90

83

7470

Сүт өндірісінің құнын арзандату

1-деңгей

25

6099

152475

3-деңгей

10

100

1000

1-деңгейлі сүт өндірісінің құнын арзандату, субсидиялау нормативін 50%-ға дейін көбейту есебімен

12

3159

37908

3-деңгейлі сүт өндірісінің құнын арзандату, субсидиялау нормативін 50%-ға дейін көбейту есебімен

5

100

500

Қымыз өндірісінің құнын арзандату

60

15,0

900

Шұбат өндірісінің құнын арзандату

55

46,0

2530

Ірі, шырынды, құрама жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату

Ет бағытындағы мүйізді ірі қара малы

32661

8854

289180

Еүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығы, 1-деңгей

330786

943

311931

Сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының қашары, 1-деңгей

251692

512

128866

Сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малы

67970

420

28547

Қойлар

2308,6

49938

115287

Жылқылар

9530

4065

38739

Түйелер

5855

2076

12155

Жиыны










1302092

Облыс бойынша










2287542


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет