Жоба «Батыс Қазақстан облысы бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту туралы»



Дата18.07.2016
өлшемі46.38 Kb.
жоба


«Батыс Қазақстан облысы бойынша

жекешелендіруге жататын коммуналдық

меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту туралы»

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, «Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысын және 2014 жылғы 29 сәуірдегі №429 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

  2. Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы, Орал қаласы әкімдігі, Бөрлі ауданы әкімідігі, Зеленов ауданы әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Ж.Шапкеновке жүктелсін.



Облыс әкімі Н. Ноғаев

2014 жылғы «__» _______ № _____

облыс әкімінің қаулысына

қосымша
Батыс Қазақстан облысы бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі




Р/с


Ұйымның атауы

Жекешелендіруге берілетін мемлекеттік акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшері, %


Іске асыру мерзімі, жыл

1


Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

2014 – 2016

2


«Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарыарқа» спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

2014 – 2016

3

«Зеленов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жігер» спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

2014 – 2016

4

«Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Тұрғын үй Орал» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

2016

5

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

100

2015

6

«Орал қаласы әкімдігі Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

100

2014 – 2016

7

Орал қаласы әкімдігінің Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорны

100

2014 – 2016

8

«Бөрілі ауданы әкімдігінің «Горкомхоз» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

100

2014 – 2016

9

«Ақжайық» футбол клубы» акционерлік қоғамы

100

2015

10

«Ақжайық» спорт клубы» акционерлік қоғамы

100

2015

11

«Орал-Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49

2015

12

«Бірлік мал зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

0,54

2014

13

«Жайық жарығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49

2014 – 2016

14

«Орал Таза сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

2014 – 2016

15

«Уральскгордорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

2016

16

«№ 3 монша» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


49

2014


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет