13
Кіріспе
Бүгінгі күні адамдардың өмірін интернетсіз елестету мүмкін емес.
Өйткені, ол күнделікті жаңалықтармен, аудио, видео өнімдермен танысу немесе
әлеуметтік желілерде
уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар әр түрлі оқуға,
жұмысқа керекті ақпаратты іздеуге, танысуға,
оқып білуге, сонымен бірге
адамдардың өздерінің бизнестерін дамыту үшін керек.
Интернеттің басты тапсырмасы бұл – әр тәуліктік,
жоғары сенімді
байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа
құрылғылар) бірбірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай “Желі”
сөзін қолданғанда, Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы
екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын
қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер – бұл
Желінің бір бөлігі.
WWW технологиясы алғашқысынан әр түрлі
елдердің ғалымдары
арасында ақпаратпен ыңғайлы алмасу үшін жасалған болатын. Арнайы
бағдарламаны пайдалана отырып, жер бетінің бір жағындағы ғалымдар екінші
жақтағы ғалымдардың дайындаған ақпараттарына қол жеткізе алатын болды.
Сонымен бірге, олар қысқаша пікірлерімен алмасуға және құжаттарын
дұрыстауға мүмкіндіктері
пайда болды, бұл қызмет түрі қазір «электрондық
пошта» деп аталады.
Қарым–қатынасу мен қызметтестіктің жаңа түрі өте жағымды болды,
сондықтан да тез арада бәріне қол жетімді ресурсқа айналып,
Интернет
желісінің ең әйгілі мүмкіндігі деп танылды.
Менің дипломдық жобамның тақырыбы «Даулет–Жаркент» кәсіпқой
спорт клубына арналған веб–қосымша құру». Менің бұл тақырыпты таңдаған
себебім:
–
біріншіден, қазіргі күнде қазақ тілінде веб–қосымша аз;
– екіншіден, әр адам сайтқа кіру арқылы қызықты әрі жаңа
жаңалықтармен таныса алады және машықтану
бағдарламаларын суреттелген
немесе бейнематериалдардан қарауға болады. Бұл өте ыңғайлы.
Дипломдық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады:
– кіріспе;
– жұмыс жасау әдістері мен бағдарламалық құралдарын таңдау;
– жұмыс жасалу барысы;
– қорытынды.