21
құжаттарының кеңейтулері мынадай болады: HTM немесе HTML. HTML тілі,
ол World Wide Web қызметімен қатар пайда болып, онымен бірге дамып
отырды.
Гипермәтін – бұл форматтау, илюстрация, мультимедиялық қойылымдар
және гиперссылкалар сияқты қосымша элементтерді басқаратын арнайы
кодтары бар мәтін. Бұл баяндамадағы ең маңыздысы – тіл.
Web парақтардың компьютер экранында өңделген түрде берілуіне
қарамастан HTML тілі құжаттарды өңдеу үшін тағайындалмаған. Мысалы,
Word мәтіндік процессор көмегімен мәтін өңделген кезде оның баспаға қандай
принтер және қағазға басып шығарылатыны туралы алдын – ала анық болды.
Ал
құжат интернетте орналасса, оның қандай компьютерде қолданылатыны
беймәлім болады.
Әртүрлі құрылғылар үшін құжаттарды дайындау қажет болғандықтан
HTML
тілі құжат форматын баяндауға арналмаған. Ол құжаттың
функцияналды белгіленуі үшін, яғни мәтін фрагменттерінің тағайындалуын
анықтау үшін қолданылады. Мысалы, егер мәтінде тақырып кездессе, онда
HTML коды бұл фрагменттің тақырыбы екенін көрсетеді. Көру бағдарламасы
(броузер) осындай кодты алып, тақырыппен не істеу керек екенін өзі шешеді.
Шығыс мәтінді белгілеу үшін қолданылатын HTML кодтары тегтер деп
аталады. Тег – символдар жинағы. Барлық тегтер (<) символымен басталып, (>)
символымен аяқталады. Осындай символдар жұбын кейде бұрыштық жақшалар
деп те атайды. Ашылатын бұрыштық жақшадан кейін тегті анықтайтын кілттік
сөз жүреді. HTML тілінде әр тегтердің арнайы тағайындалуы бар. Тегтер
атауындағы әріптер регисторының маңызы жоқ– кіші әріп сияқты үлкен әріпті
де қолдана беруге болады. HTML – дің 1 тегі құжаттың бір бөлігіне ғана әсер
етеді. Мысалы, абзацқа. Мұндай жағдайда жұп: ашып–жабушы
тегтері
қолданылады. Ашушы тег әсер тудырады. Ал жабушы оның орындалуын
тоқтатады. Жабушы тегтер (1) символымен басталады. Кейбір тегтер бір ретті
әсер тудырады. Бұл кезде жабушы тегтін қажеті жоқ. Егер де тегте HTML
тілінде жоқ кілттік сөз көрсетілсе, онда тег орындалмайды. Құжаттардың
броузерде көрсету барысында тегтің өзі көрінбейді, бірақ құжаттың көріну
әдісіне әсер етеді.
Кейде ашушы тегтерде эффектке әсер ететін атрибуттар болуы мүмкін.
Атрибуттар – бұл қосымша кілттік сөздер. Кейбір атрибуттар, атрибуттардың
мәнін көрсетуді талап етеді. Бұл мән кілттік сөзден (=) белгісімен бөлінеді.
Атрибут мәні тырнақшада тұру керек.
Жабушы тегтердің ешқашан
атрибуттары болмайды.
Бағдарламалау тілдерінде коментарий – мәтіндік қатарларды қолдану
мүмкіндігі бар. Олар бағдарламаның бөлігі емес. HTML тілінің де осындай
мүмкіндігі бар. HTML тілінде коментарий (
Осы тегтің артынан жүретін сөз коментарий болып табылады. Коментарийді
символы аяқтайды. Коментарийде (<) символынан басқа, барлық символдар
бола алады.
22
HTML құжаты құжаттың негізгі мәтінінен және жәй символдар жиыны
болып табылатын белгілеу тегтерінен тұрады. Осылайша HTML құжаты жәй
текстік файл. Оны құру үшін текстік редактор пайдаланылады.
Мәтіндік процессорлармен жұмыс істеу барысында әдетте тізімнің екі
типі қолданылады: реттелген (нөмірленген) және реттелмеген. HTML тілі
тізімнің S түрін құруға мүмкіндік береді. Бірақ қазіргі кезде тізімнің үш түрі
кеңінен қолданылады: реттелген, реттелмеген, және анықтамалар тізімі.
Реттелген және реттелмеген тізімдер бір жолмен құрылады. Тізім
әрқашан реттелген тізім үшін
және
реттелмеген үшін
ашушы және жабушы тегтерінің арасында орналасады. Тізім ішінде тізім
элементтері бар. Олар үшін
және тегтері қызмет етеді.
,
- тегтерінде тізім элементтерін белгілеу әдісін көрсететін TYPE= атрибуты
болуы мүмкін. Нөмірленген тізімді арап цифрларымен, рим цифрларымен,
латын әріптермен нөмірлеуге болады. Реттелмеген тізімдер қара, ақ дөңгелек
немесе тік бұрыш маркерлерімен белгіленеді. Тізім элементтерінде
гиперсілтеуіш, сонымен қатар фраза элементтерін белгілейтін және өңдейтін
тегтер болуы мүмкін. Анықтамалар тізімі тегінен басталып
ден
аяқталады. Маркерлеу және нөмірлеу бұндай тізімдерде қолданылмайды. Тізім
анықталатын терминдер және сәйкес анықтамалардан тұрады. Анықталатын
терминдер мен анықтамалар кезектеседі. Анықтамалар экранда сол жақ шеткі
шегініспен көрінеді.
Мультимедияның кең таралуы World Wide Web қызметі бар болған кезіне
сәйкес келеді. Аудио және видео файлдар әлі күнге дейін орналастырылған
көмекші көмегімен орындалатын сыртқы объект ретінде қарастырылады. Видео
және файлдың мультимедиялық дыбыстары әртүрлі формат қолданады. Жәй
форматтар файлдың толық жүктелуін талап етеді. Жаңаша лектің форматтар
дыбыс және видео көріністерді, олардың жүктелуі кезінде көрсетуге мүмкіндік
береді. Интернеттегі лектік форматта радиотрансляциялар беріледі.
Мультимедиялық объектті Web параққа қоюдың ең қарапайым әдісі бұл –
гиперсілтеуіш тегін қолдану. Кейбір жағдайларда Web параққа дыбыстық
немесе мультимедиялық файлды енгізу қажет болады. Бұл мақсат үшін
23
онан кейін кесте қатарларын анықтайтын
және
тегтері
жүреді. Кесте қатары келесі қатар алдында немесе кестемен аяқталатындықтан,
жабушы тегін жазбауға болады;
кестенің әрбір қатары ұяшықтардан тұрады. Олар қатар мен баған
тақырыбы бар
немесе жәй мәліметі бар | тегтерімен белгіленеді;
ұяшықтар ішінде құжат денесінде бола алатын кез келген мәлімет пен
HTML тегтер болуы мүмкін. Мысалы, кесте ұяшығында қосалқы кесте болу
мүмкін. Броузерлер автоматты түрде ұяшықтар мен бүкіл кестенің өлшемдерін
есептейді;
атрибуттардың бір BORDER = кестені және бөлек ұяшықтарды
қоршауға мүмкіндік береді;
төменде келтірілген мысалда ұяшықтар аралығын кеңейтетін және
биіктігі үлкен ұяшықтар құратын атрибуттар қолданылған.
HTML тілі программа – броузер терезесін бірнеше бөлікке бөліп, соңында
оларды бөлек құжат етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай аймақтар деп
аталады.
Фреймдерді құру үшін құрылымы жағынан ерекшеленетін ерекше HTML
құжат қолданылады. Мұндай құжатта денесі және ешқандай мәтін болмайды.
Оның орнына тегтерге алынған фреймдердің баяндалуы болады:
және . Бұл баяндауда аумақтардың өлшемі мен броузер
терезесінде орналасу ретін, сонымен қатар осы аумақтарда жүктелу керек
құжаттарды көрсетеді.
тегінде терезені бөлу тәсілін анықтайтын COLS = немесе
ROWS = атрибуттары болу керек. COLS = атрибутын қолданғанда терезе
аумақтарға тік сызықтармен, ал ROWS = –та көлденең сызықтармен бөлінеді.
Егер екі атрибут та берілсе, онда терезеде аумақ тор пайда болады. Бұл
атрибуттардың мәні терезе аумағының биіктігін (енін) анықтайды. Әрбір қатар
(бағанның) параметрлерін үтір арқылы, пиксельмен немесе пайызбен (%)
береді. Соңғы параметр ретінде (*) – ны қолдануға болады.
және тегтерінің арасында құрылған
аумақтардың тағайындалуын көрсететін қосымша тегтер орналасады. Ол үшін
терезені қосымша бөлетін немесе бөлек аумақтарда жүктелетін
құжаттарды анықтайтын жалғыз тегтері қолданылады.
және тегтерінің арасына салынған сан құрылған аумақ санына
сәйкес келу керек.
тегінде берілген аумақта жүктелетін құжатты анықтайтын
SRC= міндетті атрибуты болу керек.
Парақтың түрлі беттерін безендіру мен өзгерту үшін қолданылатын
негізгі құралдарының бірі CSS стилі болып табылады.
Стандартты HTML–да белгілі бір элементке белгілі қасиеттерді (мысалы
түс, өлшем, парақта орналасуы т.б.) меншіктеу үшін ол қасиеттерді әр
қолданған кезде сипаттап отыру қажет болатын. Ал CSS болса басқа тиімді әрі
үнемді әдіспен әрекет етеді. Кез–келген элементке ойлаған қасиеттеріңізді
меншіктеу үшін сіз оларды бір рет стиль ретінде сипаттайсыз да, ары қарай сіз
24
қолданғыңыз келген элементтің стилі сондай екендігін көрсетіп қана отырасыз.
Сонымен қатар, сіз стильдің сипаттамасын бөлек файлда да сақтай аласыз– бұл
сізге стильдің сипаттамаларын бір ғана емес бірнеше Web–парақтарда
қолдануыңызға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар CSS беттерді шрифттік безендірудің стандартты HTML–
дан да жоғары деңгейде, бетті графикамен ауырлатпай–ақ жасауымызға жол
береді.
| Достарыңызбен бөлісу: