К е с т е 1.2 соңы
Жеңілдіктер Қолданылу өрісі Сипаттамасы
INSERT
Кестеге, бағанға Жаңа жолдарды кестеге енгізуге рұқсат
береді.
UPDATE
Кестеге, бағанға Кестенің жолдарының мәндерән өзгертуге
рұқсат береді.
DELETE
Кестеге
Кестенің жолдарын жоюға рұқсат береді.
INDEX
Кестеге
Кестенің белгілі бір индекстерін құруға
және жоюға рұқсат береді.
ALTER
Кестеге
Қолданушыларға кестенің құрылымын
өзгертуге, яғни бағандар қосуға, баған
және кесте аттарын өзгертуге рұқсат
береді.
CREATE
МБ, кестеге
Жаңа МБ құруға рұқсат береді.
PHP–сценарийлерін MySQL мен байланыстыру үшін пайдаланушыны
күйге келтіру керек.
Көп жағдайларда сценарийлерге кесте жолдарына тек қана осы SELECT,
INSERT, DELETE және UPDATE операцияларды орындау керек.Келесі
жағдайлармен орындауға болады:
mysql> grant select, insert, delete, update
–>on books, *
–>to bookorama identified by bookorama123*;
Қауіпсіздік туралы ұмытпаңыз!Мұндай пароль ешқайда жарамайды. Егер
сіз Web–хостинг қызметін қолдансаңыз, сіздер үшін жасайтын мәліметтер
базасы үшін басқа да пайдаланушы жеңілдіктеріне рұқсат алуға болатыны
туралы болжауға болады.Команда жолымен (кесте құру және т.б.) және Web–
сценарийлерін MySQL–ге (мәліметтер базасына қосылу үшін) қосылу үшін
сізге тура сол пайдаланушы атын және пароль береді.Ол қауіпсіздік аппатын
төмендетеді.Пайдаланушыны осындай деңгей жеңілдігімен мынадай түрде
орнатуға болады:
mysql > grant select, insert, update, delete, index, alter,
create, drop
–>on books.*
–>to bookorama identified by bookorama123*.
Енді екінші пайдаланушыны күйге келтіруге болады.
Пайдаланушы жүйесінен Root– ты шығару.
MySQL мониторын quit теру арқылы шығуға болады.Web–тен
пайдаланушы ретінде жүйеге кіру қажет.
29
Қажетті мәліметтер базасын жүйеде пайдаланушы деңгейінде MySQL
есептік жазуында болуыңыз керек және Web–серверде сіз немесе
администратор орнатқан тестілеуге дайын болуыңыз керек.
Жүйеге кіргеннен кейін алдымен сіз жұмыс істейтін мәліметтер базасын
анықтау керек. Оны төмендегіні тергеннен кейін жасауға болады:
mysql> use dbname
мұнда dbname–мәліметтер базасына лайықты атау.
use командасын термеседе болады, бірақ жүйеге кірген кезде мәліметтер
базасын көрсету керек:
mysql dbname –h hostname –u username –p
Бұл мысалда books мәліметтер базасын қолданамыз:
mysql> use books
Осы команданы енгізгеннен кейін MySQL мынадай жауап қайтару керек:
Database changed
Егер мәліметтер базасының жұмысының алдында таңдалмаса, онда
MySQL қате туралы хабарлаумен жауап береді:
ERROR 1046: No Database Selected
Мәліметтер базасы серверінің моделі (DBS) – кейбір реляционды
мәліметтер базаларында (Informix, MySQL, Ingres, Sybase, Oracle, mSQL)
жүзеге асырылған.
Оның негізін сақталынған процедуралар механизмі құрайды. Олар –
SQL–сервер
программалауының құралдары. Процедуралар мәліметтер
базасының сөздігінде сақталады. Бірнеше клиенттер арасында бөлінеді, SQL–
сервер функцияланатын компьютерде орындалады. DBS–модельдегі ұсыну
компоненті компьютере–клиентте орындалады. Қолданбалы компонент
сақталынған процедуралар жиынтығы ретінде сақталынған және мәліметтер
базасының компьютер –серверінде функционерленеді. Осында мәліметтерге
қатынас жасау компоненті орындалады, яғни мәліметтер базасының ядросы.
Ақпараттық ресурс жайлы түсінік мәліметтер базасына шейін тарылған,
себебі сақталынды процедуралар механизмі – DBS–модельдің ерекше қасиеті
тек қана мәліметтер базасында ғана бар.
DBS – моделдің артықшылықтары:
қолданбалы функцияларды орталықтан ұйымдастыру мүмкіндігі;
– трафиктің төмендеуі (SQL–сұраныстармен бірге желі бойынша
сақталынған процедуралар шақырылады);
процедураларды бірнеше қосымшалар арасында бөлу мүмкіндігі;
асау
комп
30
бір кезде жасалынған процедураны орындау жоспарының арқасында
компьютер ресурстарын үнемдеу мүмкіндігі.
Тәжірибе жүзінде әдетте аралас модельдер қолданылады. Бұл кезде
мәліметтер базасының тұтастылығы мен кейбір қарапайым қолданбалы
функциялар сақталынды функциялармен қамтамасыз етіледі. Ал одан да
күрделі функциялар тек қана компьютер – клиентте (RDA–модель)
орындалатын қолданбалы программаларда жүзеге асады.
MySQL
МББЖ ықшам көпағымдық сервері. MySQL жоғарғы
жылдамдығымен, төзімділігімен және қолданудың жеңілдігімен ерекшеленеді.
MySQL өте үлкен деректер қорын өңдеуге арналған ішкі қажеттіліктер
үшін ТеХ компаниясымен құрылған. Компанияның айтуы бойынша 10000
кестеден (соның ішінде 24.01.2004 кейінгі 500–ден астам кестелер 7млн.
жолдан тұрады) тұратын 40 деректер қоры бар серверде MySQL–ды 1996
жылдан бері қолданып келеді.
MySQL – бұл интернеттегі ең танымал және кең тараған МББЖ
(Мәліметтер Базасын басқару жүйесі). Ол үлкен ақпараттық көлемдермен
жұмыс істеуге арналған, алайда оны интернет сайттарында қолдану тиімді,
олардың кішігірім не үлкен болуы шарт емес.
MySQL жақсы жұмыс жылдамдығымен, сенімділігімен, иілгіштігімен
ерекшеленеді. Онымен жұмыс көбіне ешқандай қиындықтарға әкелмейді.
MySQL серверін қолдау PHP–дің жеткізілуіне енгізілген. Оның ақысыздығы да
маңызды факторлардың бірі. MySQL GNU (GPL, GNU Public License) сияқты
жалпы лицензия шарттарына сай таралады.
Бұрын біз ақпаратты көпке дейін сақтау үшін біз файлдармен жұмыс
істедік: оған белгілі бір жолдар санын енгізіп, ал сонан соң келесі жұмыс ішін
ашатынбыз. Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау есебі Web–қосымшаларды
программалауда
көп
кездеседі:
есептеуіштегі
келушілерді
есептеу,
форумдардағы хабарландыруларды сақтау, сайтта ақпарат мазмұны ұзақтай
басқару және т.б.
Алайда, файлдармен жұмыс істегендегі профессионалды әдістерді
қолдану өте қомақты уақытты қажет етеді: оларға ақпараттың жазылуын
қамтамасыз ету, ақпаратты сұрыптау, шығару, сонымен бірге бұл істердің
барлығының хост – провайдер серверінде, ал онда Unix болу ықтималдығы өте
көп, сондықтан файлдарға қол жеткізу құрықтарымен оларды орналастыру
құқықтары жайлы ойлануға келдік. Сонда оның өлшемі жетерліктей ұлғаяды да
программада қате жасау ықтималдығы өте жоғары.
MySQL кіші және орташа қосымша программалар үшін өте жақсы шешім
болып табылады. Сервердің бастапқы кодтары көптеген платформаларда
компиляцияланады. Сервердің мүмкіндіктері көпағымдылықты қолдайтын
Unix–серверлерінде толығырақ ашылады, ол өнімділікті арттыруға көмектеседі.
Бүгінгі күнде MySQL әлі құрылуда, бірақ 3.22 нұсқалары толық жұмысқа
жарамды. MySQL–сервер коммерциялық емес қолдануға тегін, кері жағдайда
лицензия алуға тура келеді.
MySQL мүмкіндіктері.
31
MySQL ANSI 92 стандарттарындағы сұраныс тілі SQL–ді қолдайды және
бұл стандартқа басқа МББЖ–да жоқ көптеген кеңейтілімдерді қамтиды.
MySQL–дің негізгі кемшіліктері:
– деректер қорымен шектелмеген пайдаланушылар санының жұмыс істеу
мүмкіндігі;
– кестедегі жолдар саны 50 млн–ға дейін жетуі мүмкін;
– командалардың жылдам орындалуы. Мүмкін MySQL – барлық
серверлер ішіндегі ең жылдам сервер;
– қарапайым және тиімді қауіпсіздік жүйесі;
– MySQL шынында да ең жылдам сервер, бірақ ол мүмкіншілікті жүзеге
асыру мақсатында құраушыларға реляциялық МББЖ–не қойылатын кейбір
талаптарды қарастырмауға тура келеді.
MySQL–дің кемшіліктері:
– SELECT * FROM table1 WHERE id IN (SELECT id FROM table2) типті
ішкі сұраныстарды қолданбайды;
– транзакцияларды қолдау орындалмаған. Оның орнына LOCK/ON
LOCK TABLE қолдануға ұсыныс берілген.
Триггерлермен сақталатын процедураларды қолдау орындалмаған.
MySQL 4.1. MySQL4.1 2004 жылыдың 27 қазанда шықты. Ол келесідей
жаңа мүмкіндіктерді қамтиды:
ішкі сұраныстар және туынды кестелер;
кодтау және сорттаудың жаңа жүйесі;
жылдамдығы жоғарырақ клиент – сервер протоколы;
Microsoft Windows және GNU/Linux үшін орнату мен реттеудің жаңа
программасы;
Оpen SSL арқылы қорғалған клиент–сервер байланысы;
басқа программаларда қолдануға болытын жоғарғы оптимизацияланған
кітапхана;
юникодты (UTF–8 және UCS2) толық қолдауы;
географиялық ақпаратты сақтау үшін арналған GIS стандартты
кеңістіктегі деректер типі.
MySQL 5.0. MySQL 5.0–те функционалдық кеңейтілген, ол MySQL–ді
коммерциялық МББЖ–мен бір қатарға қоюға мүмкіндік береді. Егер бұрын
MySQL МББЖ–н SQL стандартын қажетті көлемде қолдамайды деп есептесе,
онда бұл әйгілі мәліметтер базасының бесінші нұсқасының пайда болуымен
SQL стандартының толық қолдауы пайда болды. MySQL5.0 келесі жаңа
мүмкіндіктерге ие:
сақталатын процедуралар мен функциялар;
қателерді өңдеуіш;
курсорлар;
триггерлер;
көріністер;
ақпараттық сұлба (метадеректерді қамтитын жүйелік сөздік).
32
MySQL5.1.
MySQL5.1 нұсқасы SQL2003 стандартының жолын жалғастырады және
келесі жаңа мүмкіндіктері бар:
тапсырмаларды жоспарлаушы;
сегменттеу;
– SQL 2003 стандарттарымен толығырақ сәйкес келу үшін кейбір
операторлардың өзгертуі;
MySQL Cluster жұмысында үлкен өзгерістер, мысалы, кестелік
деректерді дискте сақтау мүмкіндігі;
row–based репликациясы;
толық мәтінді іздеу парсерінің plug–in түрінде орындалуы.
MySQL6.0. MySQL6.0 нұсқасы әлі альфа – тестілеу деңгейінде. Алғашқы
5.2 нұсқасын құру жөнінде шешім қабылданған болатын, бірақ ол жақын арада
6.0 деп өзгертілген.
Дегенмен 6.0 нұсқаның жаңа мүмкіндіктердің ең бастысы – ол Oracle
компаниясымен
сатып
алынған
InnоBase
компаниясының
InnoDB
механизімінің орнына MySQL компанияның falcon деректерді сақтаудың жаңа
механизмі.
Достарыңызбен бөлісу: |