Жоба Тақырыбы: Қар. Қар жамылғысы, оның құрылымы, түрлері, қасиеттері. Қар классификациясы. Орындаған



бет5/6
Дата22.04.2023
өлшемі1.23 Mb.
#472586
1   2   3   4   5   6
ҚАР СРС

2.5.Қар жамылғысының түрлері
Паульке, Зелигман сынды екі автор қар жамылғысының түрлерін зерттеуге өз үлестерін қосқан.Авторлардың ойы бір жерден шыққан және қардың екі түрі бар деп есептейді:
Қар

Балғын, борпылдақ қар (жаңа жауған) Ескі қар


Құрғақ қар Ылғалды қар Фирн тәріздес Наст


Түрлердің өзін бірнеше түршеге бөліп қарастырған.Балғын қар құрғақ және ылғалды қар деп екіге бөлінеді.Құрғақ қардың өзі 3 типке бөлінген, яғни, ұнтақты қар, аязды қар, желмен басылған қар. Ылғалды қар екі типке бөлінеді. Ескі қар фирн тәріздес және наст деп екіге негізделеді.(2-кесте)


1.1. Ұнтақты қар - (Pulverschnee) төмен температурада қар кристалдары немесе ұсақ үлпектер түрінде түседі немесе желмен тасымалданады. Олардың мөлшері температура режиміне және тасымалдау кезінде ұшыраған механикалық әсерлерге байланысты өзгереді. Уақыт өте келе ұнтақ қар төмен температурада және жоғары биіктікте орналасады, тығыздалады және аз қозғалады, ол ұзақ уақыт бойы әсіресе көлеңкелі беткейлерде балғын күйінде қалады.
1.2. Аязды қар - (Reifschnee) тұман кезінде пайда болады және ол ескі қардың бетіне кристалды құрылымның борпылдақ қабатымен орналасады, кейде айтарлықтай мөлшерде көп түседі.
1.3. Желмен басылған қар (windgepresster Schnee) - желдің қысымымен пайда болады және айтарлықтай тығыздыққа ие.
1.Б.
2.1.Жоғары температурада үлкен үлпектердің түсу процесінде тікелей пайда болған қар.
2.2.Ауа температурасының жоғарылауы (күн, жаңбыр) әсерінен құрғақ, жаңа қардың қайталама түзілуі түріндегі қар. Ол біріншісінен ауыр болып келеді.
3.1. Фирн – мұзға әзірше айналып кетпеген қардың тығыздалып өзгерген түрі болып табылады.
4.1. Наст - үлпілдек қарды жабатын қатты мұздың қыртысы. Ол күн мен желдің әсерінен қалыптасады: қар алдымен күн сәулесінің астында ериді, содан кейін суық ауа оны қайтадан мұздатады. Наст жұмсақ, қатты болады: жұмсақ қыртысты қарда адам құлап,батып кетуі мүмкін, адам қатты қыртысты қармен жүре алады.
Сонымен қатар қар жамылғысы уақытша және тұрақты деп бөлінеді.
Уaқытша қaр жaмылғыcы – жepгe қаp жaмылғыcы түcкeннeн кeйiн бipep сaғaттан кeйiн epiп кeтeтін қaр жaмылғыcы.
Тұрaқты қap жaмылғыcы – жep бeтiндe қыc бoйы, бipнeшe aйлaп,жылдaп жaтaтын қaр жaмылғыcы.
2-кесте

Қар


Балғын, борпылдақ қар

Құрғақ қар

Ұнтақты қар

Аязды қар

Желмен басылған қар

Ылғалды қар

Үлпек қар

Ауыр қар

Ескі қар

Фирн




Наст





2-сурет. Жаңа жауған қар мен ескі қар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет