Жоғарғы педагогик Молдагалиев Мирас мф – 3 моөЖ апта Ойлау қабілеті мен жеке адам ерекшеліктері қандай?



бет6/8
Дата03.12.2023
өлшемі41.08 Kb.
#485303
1   2   3   4   5   6   7   8
8 апта МОӨЖ

Қорытынды
Ойлау мәдениеті
Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Мәселен, бір жасар бала әжесінің саусағындағы жараға жағылған иод ерітіндісіне көз салады. Он бес айлық бір бала өзі сүйрей алмаған жәшіктің ішіндегі нәрселерді көріп, біртіндеп оларды азайта бастайды, сонан соң оны жылжытатын болады.
Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады. Мектепке түскенге дейін бала ойлауы дамудың ұзақ жолынан өтеді. Ойлау бұл кезеңде нақтылы — бейнелі болып, әрекетпен әлде де тығыз байланысып жатады.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші рөл атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы қалайша дамып отыратыңдығы өткен параграфтарда айтылды. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты шаралардың кейбірі мына төмендегілер:

  1. Балаларды белгілі ережелер (грамматиқалық, математиқалық) жөнінде өз бсттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін мүғалім сабақта мүмкіндігінше эвристикалық әдісті жиі пайдаланып отыруы қажет. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндіктер туады.

  2. Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді (бұл жөнінде толығырақ мағлұмат оқулықтың келесі тарауында беріледі).

  3. Ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына, елестердің тиянақты қалыптасуына мүғалім айрықша қамқорлық жасамаса болмайды.

  4. Мүғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағьгттауы тиіс. Бұдан оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

  5. Оқушылардың өз беттерітше жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқыштық пен зеректік) ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығару, шығармалар жаздыру — бала ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.

  6. Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, тану қызығуларын, көзқарасы мсн сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мәселен, қораш сөз, солғын сезім ойдың айқын болуына бөгет жасайды, ал ақылға қонымды жақсы сөз жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге жетелейді, қысқасы, ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады деген пікірді жақсы дәлелдейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет