Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет58/98
Дата22.11.2022
өлшемі318.23 Kb.
#465434
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98
@8; 65=85 ;= 5 07

Бағалау деңгейлері: үйлесімді, жоғары, орташа, төмен.
Баға деңгейлері өлшемдерінің мазмұны:
Үйлесімді деңгей:
берілген деңгейде мәтін авторларының, серіктестің коммуникативтік ниетін толық түсіну;
оқып жатқан тілдің әлеуметтік мәдени нормаларына сәйкестігін ескере отырып, тілдік құралдарды дұрыс таңдау және оларды орынды қолдану арқылы өзінің коммуникативтік ниетін барабар түрде жеткізу қабілеті;
логикалық құрылымды коммуникативтік ниетке сәйкес сөйлеу түрімен бірге коммуникация/сөйлеу формасы мен түрін таңдау;
коммуникативтік ниеттің максималды жеткілікті деңгейде толық баяндалуы, беделді көзқарастарға сүйене отырып шынайы деректерді, сілтемелерді берілген деңгей үшін жеткілікті дәрежеде қолдану және т.б., сөз әрекеті коммуникативтік және когнитивтік тұрғыдан дәйектелген;
коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын сауатты меңгеру;
сөйлеуде тілдік құралдарды сауатты қолдану, 75% қатесіз сөйлеу барысында жіберген қателерді өз бетінше уақтылы түзету қабілеті; сөзді дұрыс екпінмен айту, деңгейдің сөйлеу тақырыбы шеңберіндегі лексикалық бай сөздік қоры және грамматикалық сауаттылық;
Жоғары деңгей:
анықтау үшін қарсы сұрақтарды қоя отырып, серіктестің коммуникативтік ниеттерін жеткілікті толық түсінбеу;
оқып жатқан тілдің әлеуметтік мәдени нормаларына жеткілікті деңгейде сәйкестігін ескергеннің өзінде, тілдік құралдарды дұрыс таңдау және оларды кей жағдайда орынсыз қолдану арқылы өзінің коммуникативтік ниеттерін бейімді түрде жеткізу қабілеті;
коммуникативтік ниетке сәйкес келетін логикалық құрылымды сөйлеу түрлерін коммуникацияның/сөйлеу формасы мен түріне жеткіліксіз таңдау;
берілген деңгей үшін жекелеген фактілерді, көзқарастарға сілтемелерді жеткілікті дәрежеде қолданғанымен, коммуникативтік ниеттің максималды жеткілісіз деңгейде толық емес баяндалуы;
коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын дұрыс меңгеру;
сөйлеуде тілдік құралдарды сауатты қолдану, 50% қатесіз айтылымдар барысында жіберген қателерді өз бетінше уақытылы түзету қабілеті; сөзді дұрыс екпінмен айту, деңгейдің сөйлеу тақырыбы шеңберіндегі лексикалық бай сөздік қоры және грамматикалық сауаттылық;
Орташа деңгей:
анықтау үшін қарсы сұрақтарды үнемі қолдана отырып, серіктестің коммуникативтік ниеттерін тек жалпы түрде ғана түсіну;
қарапайым құрылымдарды және лексикалық бірліктердің айтарлықтай шектеулі мөлшерін қолдану арқылы өзінің коммуникативтік ниеттерін жеткілікті дәрежеде үйлесімді жеткізу;
сөйлеу формасы мен түрі коммуникативтік ойға үнемі сәйкес келе бермейді;
коммуникативтік ниетті білдіруде жекелеген деректерді қолдана отырып, жоғары дәрежедегі дәлелдерді толық емес баяндау;
коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын жеткіліксіз дәрежеде меңгеру;
25 % қатесіз сөйлеу барысында жеткіліксіз дәрежедегі тілдік құралдарды сауатты қолдану; сөз екпіні және сөйлеудің лексика-грамматикалық құралдарының жеткіліксіздігі;
Төмен деңгей:
Талап етілетін деңгейде пікірталасқа қатысуға қабілетсіздік. Сөйлеу әрекеті коммуникативтік және когнитивтік тұрғыдан жеткіліксіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет