Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет81/98
Дата22.11.2022
өлшемі318.23 Kb.
#465434
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   98
@8; 65=85 ;= 5 07





МӘДЕНИЕТТАНУ

АЛҒЫ СӨЗ

Пәннің бағытталуы. «Мәдениеттану» пәнінің типтік оқу бағдарламасы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалып, оның қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау, ұлттың мәдени кодын сақтаудағы қазақ тілінің рөлі, қоғамдық сана мен адам руханилығын жаңғырту сынды негізгі идеяларын жүзеге асыруға бағытталған.
«Мәдениеттану» пәні мәдени бірегейлікті қалыптастыру арқылы қоғамдық сананы жаңғырту, мәдени үдерістердің табиғатын, мәдени объектілердің ерекшелігін, мәдениетаралық коммуникациядағы мәдени құндылықтардың рөлін түсіну негізінде мәдени жағдайларды талдау мен бағалауға қабілеттілік ретінде әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымның дамуына бағытталған.
Пәннің мақсаты – бакалавриат студенттерінде әлемдік мәдениет пен өркениет аясында отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігі түсінігін, өзінің жеке кәсіби қызметінде жылдам өзгермелі мультимәдени әлем мен қоғамда қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау стратегиясын жүргізе алуды қалыптастыру.


Күтілетін оқу нәтижелері.
Пәнді оқу нәтижесінде студент қабілетті болады:
- табиғат, адам, қоғам мәнмәтінінде (контекст) мәдениет морфологиясы мен анатомиясын өлшемдер мен формалар жүйесі ретінде сипаттауға;
- белгі, мағына, архетип, рәміздердің шығу тегі мен мәнін болмыс тәсілімен айқындалған материалдық мәдениеттің типімен сәйкестендіру арқылы мәдени код жүйесі ретінде түсіндіруге;
- Қазақстанды мекендеушілердің мәдени мұрасы туралы ақпаратты реттеуге және олардың қазақ халқының мәдениетіне әсер ету арналарын анықтауға;
- түркілердің мәдени капиталын жіктеуге, Батыс Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен мәдени өзара әрекет формалары мен арналарын реттеуге, олардың адамзат пен қазақ халқының интеллектуалды және мәдени тарихына қосқан үлесін айқындауға;
- мәдени мұра мен қазақ тілінің сақталу факторы ретінде оның дамуы мен жаңғыруының қазіргі заманғы мемлекеттік бағдарламаларын енгізе отырып, қазақ мәдениетінің әр түрлі кезеңдері туралы дәлелді ақпаратты ұсынуға;
- қазақ мәдениетінің, қазақ тілі мен оның мәдени-ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлінің мәртебесін сақтау тұрғысынан ұлттық мәдени мұраға шынайы баға беруге;
- заманауи қазақ мәдениетінің қазіргі күйін бағалауға, оның даму болашағы мен жаңғыру бағыттарын айшықтау және негіздеуге; мәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып кәсіби қызмет бағдарламаларын жасақтауға;
- Қазақстанның мәдени саясатын шынайы бағалауға және соның негізінде мәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып, этникааралық және мәдениетаралық коммуникацияны құруға, мәдениет мәселелері бойынша пікірталасқа түсуге, дәлелді түрде өз ойын қорғауға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет