Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері пәні бойынша ДӘріс тезистері


Алайда токтың бағыты туралы оқып үйренуді электр тогының әсерлерін қарастырғаннан кейін де жүргізуге болады. Мұның орынды болу себебі токтың бірқатар әсерлері (химиялық, магниттік) оның бағытына байла



бет16/41
Дата17.03.2022
өлшемі1.59 Mb.
#456384
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Фоә

Алайда токтың бағыты туралы оқып үйренуді электр тогының әсерлерін қарастырғаннан кейін де жүргізуге болады. Мұның орынды болу себебі токтың бірқатар әсерлері (химиялық, магниттік) оның бағытына байланысты болғандықтан.

Мұнан кейін химиялық ток көздерін: гальвани элементтері мен аккумляторларды оқып үйренуге көшеді.

Электр тізбегіндегі өтетін құбылыстың мәнін дұрыс ұғыну үшін, оның гидродинамикалық аналогиясына жүгінген пайдалы.

Электр тогының бағыты. Электр тогы өткізгіштегі еркін зарядталған бөлшектердің (металдардағы электрондар, электролиттердегі иондар) реттелген қозғалысы болғандықтан, электр тогының бағыты жайында айтуға болады. Токтың бағытына оның қандай да бір әсері, мысалы химиялық, байланысты болады.

Әрдайым электрондардың қозғалысына негізделген металл өткізгіштер жайында сөз болатындықтан, токтың бағытына электрондардың қозғалыс бағытын алу табиғи нәрсе, яғни көздің теріс полюсінен оң полюсіне қарайға бағыт алынады.

Осындай қорытындыға көптеген оқушылар келеді. Бірақ токтың бағыты жайындағы мәселе әртүрлі өткізгіштерде токтың табиғаты белгісіз болып тұрған кезде туындаған. Бірақ токтың бағыты ретінде тізбектегі оң зарядтардың қозғалыс бағытын алу қабылданған.

Ток күші және электр мөлшері. Мәселелерді одан әрі қарастыру үшін өткізгіштердегі токты сипаттайтын шамаларды енгізу қажет. Ондай шамалардың алғашқыларының бірі электр мөлшері және ток күші болып табылады.

Электростатикада электр зарядының мәні және мүмкін болатын минимал заряд – электрон заряды жайында сөз болған. «Заряд» терминімен қатар кейде «электр мөлшері» термині қатар қолданылады.

Электр мөлшері (электр заряды) жайындағы ұғымн мыс купоросы электролизі тәжірибесіне негіздеп енгізіледі.

«Ток күші» ұғымына көшуде физикада маңызды рол атқаратын өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік секундта өтетін қосынды заряд мысал ретінде оқушыларға көрсету керек. Ол арнайы «ток күші» деген атауды иеленді.

Кернеу ұғымын енгізудің бірінші кезеңі шамамен мынадай болуы керек. Токтың әртүрлі әсеріне шығындалатын энергияны үздіксіз толықтырып тұратын ток көзі болмаса, электр тогы ұзақ уақыт жүріп тұра алмайтыны оқушыларға ескертіледі. Әрі қарай ток көзінің тізбекте ток тудыру «қабілетін» сипаттау қажеттілігі туралы айтылады. Сілтілі аккумлятордан, 3,5 В лампылардан және жалғастырушы сымдардан тұратын тізбек құрастырылады. Алдымен ток көзі ретінде сілтілі аккумлятордың бір қалбырын алады. Лампы әрине жанбайды. Сонан соң сілтілі аккумлятордың екі қалбырын алғанда лампы жанады, бірақ күнгірт болады. Егер үш аккумлятордан тұратын батареяны алсак, лампы жеткілікті түрде жарық болып жанады. Бұл жағдайда ток көзі лампының жануына қажетті электр тогын туғыза алтындай күйде дейді. Әрбір ток көзін кернеу деген ерекше шамамен сипаттауға болады. Қай ток көзі басқа бірдей жағдайларда тізбекте ток көп туғызса, соның кернеуі көп болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет