№ 14
дәріс
|
Тақырыбы: Оптиканың негізгі ұғымдары мен мәселелерін оқыту әдістемесі
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Тақырыпты әдістемелік тұрғыдан талдау 2.Геометриялық оптиканың кейбір қиын ұғымдарын түсіндірудің әдістемесі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Тақырыпты әдістемелік тұрғыдан талдау. Жарықтың табиғаты, жарық құбылыстары, көз және көру, жарық пен заттың өзара әсерлесу процесі туралы ілімдердің жиынтығы оптика деп аталады. Сондықтан оптика – физика ғылымы мен ғылыми техникалық прогрестің басты салаларының біріне жатады. Өйткені, электродинамиканың, электрониканың, автоматиканың, байланыс құралдарының, жарық-фото-телевизия техникасының, электронды есептегіш техника мен оптикалық кванттық генератордың, ядролық техниканың, т.с.с. қосалқы физиканың көптеген бағыттарының дамуы тікелей оптика іліміне байланысты. Оптиканың практикалық қолданылуы өте кең.
Күнделікті тұрмыста және техникада үйреншікті тұрғыдан бұрынғысынша талдасақ, оптиканың өзі геометриялық және физикалық оптика болып екі салаға бөлінеді.
Геометриялық оптиканың практикалық маңыздылығы өте-мөте опто-техникада (оптикалық инструменттердің теориясы), жарық техникасында және оптикалық жүйелерді жасауда байқалады. Физикалық оптиканың практикалық қажеттігін спектрлік анализден, фотографиядан, кинематографиядан, оптикалық кванттық генераторлардан, голографиядан көреміз.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресті үздіксіз дамытып отыруда, әсіресі, оптика-механикалық прибор құрылысының маңызы өте зор. Өйткені, металлургияның машина жасау саласының, химияның, биологияның, геологияның, геодезияның, медицинаның, космонавтиканың оптика-механикалық аспаптарды қолданбайынша қарқынды өркендеуі мүмкін емес. Мысалы, астрономиялық және аэроғарыштық аппаратураларды, спектрлік және өлшеуіш приборларды, кино-фото-теле-видео-аппараттарды, дыбыстық техникалық жабдықтар мен байланыс құралдарын, медициналық эндоскоптарды, электрондық-компьютерлік және лазерлік қондырғыларды жетілдіру оптика-медициналық аспаптар жасау ісіне тікелей байланысты екендігі белгілі.
Көп тараған оптикалық приборлар қатарына проекциялық аппаратуралар, фото-киноаппараттар, микроскоптар, телескоптар, теңіз-аэронавигация қондырғылары жатады. Мәселен, кәсіби-бағдарлық мақсатта қажетті окулист (көз дәрігері) мамандығы бойынша офтальмоскоп, эпидоскоп, периграф, экзофтальмометр, адаптометр, индикатор, ультрдыбысты офтальмологиялық аппарат сияқты түрлі аспап-қондырғылардың қолданылатындығын физика пәні мұғалімінің білгені жөн.
|