Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері пәні бойынша ДӘріс тезистері


Тақырыбы. Физиканы оқытудың техникалық құралдары



бет4/41
Дата17.03.2022
өлшемі1.59 Mb.
#456384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Фоә

Тақырыбы. Физиканы оқытудың техникалық құралдары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Техникалық құралдар. Олардың түрлері

  2. Сынып тақтасымен жұмыс.

Дәрістің қысқаша мазмұны


1.Техникалық құралдар. Олардың түрлері
Оқытудың техникалық құралдары дегенде техникалық қондырғылардың және оларға арналған арнайы дидиактикалық материалдардың жиынтығын түсенеміз.
Орта мектептердің физика кабинеттерін оқытудың техникалық құрлдарымен жабдықтау және оларды қолдану әдістемесіне 15-20 жылдай уақыт өтті. Қазіргі уақытта мектептердің барлығы дерлік оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен жабдықталған. Бұрынғы техникалық құралдарды біртіндеп сырып келеді.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін ОТҚ (ТСО). Оған радио, магнитофон жатады. Бұл жағдайда сәйкесінше дидактикалық құралдар оқу радиоқабылдағыштары және магнитофонды жазбалар болып табылады, мысалы физикалық диктанттарды, текстерді экрандық құрал арқылы бейнелейді.

Экрандық (визуальды) құралдар, яғни ақпарттарды көру каналдары бойынша беретін ОТҚ, оған кодоскоп графопроектор жатады - бейнелерді пленкада проекциялайтын прибор; эпидиаскоп – бейнелерді қағазда проекциялау үшін қолданылатын прибор; диапроектор - диапозитивтер және диафильмдерді проекциялауға арналған прибор.

Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бір мезгілде көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Оларға: кинофильмдерді («Украина», «Школьник» және т.б.) демонстрациялауға арналған кинопроектор, телевизор, бейнемагнитофон жатады.

Оларды қарастырайық.

Диапозитивтер кез-келген статистикалық проекция құралы сияқты экранда қозғалмайтын кескінді алуға мүмкіндік береді; өзінің мүмкіндігі бойынша диапозитивтер қабырға кестелеріне ұқсас. Бірақ диапозитивтің кескіні кестеге қарағанда ірірек бола алады дәл осы оның артықшылығы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет