Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері пәні бойынша ДӘріс тезистері


- оқушыладың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету



бет3/41
Дата17.03.2022
өлшемі1.59 Mb.
#456384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Фоә

- оқушыладың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету;

- оқушылардың оқылған физикалық заңдар мен заңдылықтардың іс-жүзінде қолданылуы жайындағы білімдерін кеңейту;

- оқушыларды әртүрлі физикалық аспап, құралдар мен қондырғыларды пайдалана білуге тікелей іс жүзінде дағдыландыру;

- оқушылардың патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

- физика курсын өзбетінше оқып үйренуге баулу;

- оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материалдарын талдай білу;

- физикалық жаттығуларды, эксперименттік және оқыту тәжірибелерін, лабортаориялық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту, т.б.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. 1.Физиканы оқыту міндеттері жайында айтыңыз

  2. 2. Физиканы оқытудың негізгі міндеттерін көрсетіңіз

  3. 3.Физиканы оқытудың білімділік міндетінің маңызы қандай?

  4. 4. Физиканы оқытуда дамытушылық мәндеттің ролі қандай?

  5. 5.Физикаы оқытуда тәрбиелеу міндетінің маңызын көрсетіңіз.

1

№ 2
дәріс

Тақырыбы: Физикалық білім элементтері
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. 1. Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы

  2. 2. Физикалық білімнің құрылымдық элементтері

  3. 3. Физикалық ұғымның құрылымдық элементтері

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Ғылымның, ғылыми зерттеулердің нәтижелері тәжірибелік қорытындыларда, зандар мен теорияларда, гипотезаларда (ғылыми жорамалдарда) т.б. тұжырымдалады. Келтірілген сөз, терминдердің өз мазмұны, анықтамасы болғанымен, олардың бәрін “концепция” деген бір сөзбен біріктіруге болады. Интернационалдық сипатқа ие болған “концепция” деген латын тілінің сөзі табиғат кұбылыстары мен процестері жайлы белгілі бір түсініктерді, ой-пікірлерді, көзқарастар жүйесін білдіреді екен. Ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отыр, сол себепті де қазір “білім” деген ұғымды көбінше “ғылыми білім” деген ұғыммен тепе-тең ұғым деп түсінеміз» Ал, шынында олай емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды. Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімінің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстык білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, оның мазмұны кандай екенін білу қажет.
Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық жүйе. Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы акиқат білімге қол жеткізу екен. Ол білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетке қолданып, практикалык қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сөйтіп барған сайын шындық дүние заттары мен ұүбылыстарын өз мақсат-мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік функциясы (қызметі) болып саналады. Ғылымның екінші бір функциясы – мәдени-дүниеге көзқарастық функциясы. Сөйтіп, ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады екен. Бірақ, ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырылған теориялык таным процесі болып табылады. Ол – теориялық білімдер жүйесі.
Физикалық білім деп ғылыми фактілердің, физикалық ұғымдардың, заңдардың, гипотезалардың, теориялардың, зерттеу әдістерінің, қолданбалы сұрақтардың және т.б. жүйесін түсінеміз. Оқушылар білімі сапалы да терең болуы үшін оларда жақсы меңгерілген өзара тығыз байланысты негізгі ұғымдар жүйелері қалыптысуы керек.
Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды саналы түрде меңгеру мүмкін емес, өйткені олар ұғымдар арасындағы байланысты білдіреді. Ұғымдарға ие болу оқушылардың белсенді ой қызметімен, талдау және іріктеу, салыстыру және салғастыру, абстракциялау және жалпылау сияқты ой операцияларының орындалуымен байланысты. Сондықтан ұғымдарды саналы меңгеру оқушылардың ой-өрісін дамытуда зор маңызға ие.
Заттардың физикалық қасиеттері, физикалық өрістерді, материя қозғалысының физикалық формалары мен олардың алуан түрлі көріністерін оқып үйрену физиканың мектептік курсының мазмұны болып табылады. Сондықтан да мектеп физикасын оқытудың ең басты міндеттерінің бірі – физикалық ұғымдардың жүйесін қалыптастыру. Қазіргі кезде физика курсын оқыту әдістемесін жетілдіруге арналған ғылыми және әдістемелік әдебиеттер баршылық. Оларда физикалық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды пропедевтикалық курста немесе мектептің жоғарғы сыныптарындағы жүйелі курстарда оқытуды жетілдіру, факультативтік сабақтарды жүргізу туралы әр түрлі ұсыныстар айтылады.
10-сыныпта жылулық тепе-теңдік ұғымын қалыптастыра отырып, 7-сыныптың физика курсынан белгілі температура ұғымы дамытылады. Мұнда оқушылар температураны басқа қырынан – дененің берілген жағдайдағы температурасы нөлге тең басқа денеге қарағанда жылулық тепе-теңдіктен ауытқу өлшемі (шамасы) ретінде таниды.
Агрегаттық күйлердің арасындағы айырмашылықтар туралы мәселені неғұрлым тереңірек қарастырған абзал, өйткені бұл білім көптеген құбылыстарды түсіндіруге мүмкіндік береді. Зат бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге өткенде оны құрайтын молекулалардың өздері өзгермейтінін (әртүрлі заттардың молекулаларының бір-бірінен ерекшелігі болғанымен) баса айтып отырған дұрыс.
„Заттың агрегеттық күйлерінің өзгеруі” тарауын оқытуда: „булану”, „қайнау” ұғымдары тереңдетіледі, „қайнау температурасының атмосфералық қысымға тәуелділігі”, „қаныққан бу”, „қанықпаған бу”, „ауаның ылғалдылығы” қалыптастырылып, „қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігі” қарастырылады.
Булану, конденсация, қайнау ұғымдарын оқушылар күнделікті тұрмыста жиі кездестіреді. Мұнда, оқушылар үшін жаңалық қайнау температурасының қысымға байланыстылығы болып табылады.
Конденсация және булану құбылыстарының өзара байланыстарын оқыту, қайнау температурасының қысымға тәуелділігін және қаныққан бу қысымының температурағы тәуелділігін, кризистік температура ұғымдарын қалыптастыру оқушыларда диалектикалық ойлау әдісін тәрбиелеуде маңызды рол атқарады.
Кебу мен конденсациялану процестерін қаратыруда мына фактілерге ерекше көңіл аударған жөн:
- қатты денелер мен сұйықтардың кебуі кез-келген температурада жүреді;
- газдағы конденсациялану құбылысы, оның қысымы мен температурасының белгілі шамаларында жүзеге асады және бұл параметрлердің мәндері әр зат үшін әртүрлі.
Ұғымдар арасындағы байланыстарды және қатынастарды, жалпы ұғымдар жүйесін тиімді мегеру үшін жүйелілік тәсілін қолданудың маңызы зор. Жүйелілік тәсілінің негізгі бір функциясы логикалық, яғни ғылыми ұғымдар жүйесі элементтерінің арасында логикалық байланыс орнату болып табылады. Оқушылар бойында ұғымдарды қалыптастырудың бірден-бір тиімді жолы қалыптастырылатын ұғымдар арасындағы логикалық байланыстарды ашып көрсету.
Бір жүйенің ұғымдарын меңгеру олардың өзге жүйелер ұғымдарымен байланысы арқылы іске асырылады. Мысалы, жылулық қозғалыс ұғымын қалыптастыру кезінде мұғалім оның механикалық қозғалыстан өзгеше екендігін түсіндіреді.
Жаңа ұғымдарды қалыптастыру барысында бұрын қалыптасқан ұғымдар тереңдетіле түседі. Мысалы температура статисткалық шама, ал екінші жағынан энергияның өлшемі ретінде қарастырылады. Ұғымдарды қалыптастыру процесінде олардың анықтамасының берілуінің маңызы зор.
Физикалық ұғымдарды қалыптастыруда В.В.Давыдовұсынған алдымен ұғымның анықтамасын беріп соңынан оны нақтылайтын және жалпылайтын тәсілді қолдануға болады. Мысалы, ішкі энергия тақырыбы өтілгенде, алдымен оның анықтамасы беріледі. Макроскопиялық дененің ішкі энергиясы – оны құрайтын барлық молекулалардың (атомдардың) дене массасы центріне қатысты бейберекет қозғалысының кинетикалық энергияларымен олардың бір-бірімен өзара әсерлесуінің потенциалдық энергиясының қосындысына тең.
Ал бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы оның молекулаларының жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы болып табылатынын нақтылаймыз.
Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы оның абсолют температурасына тура пропорционал.
Одан әрі идеал газдардан реал газдарға көшіп „Жалпы жағдайда ішкі энергия Т температурамен қатар, тағы V көлемге де байланысты”- деп жалпылаймыз.
Физикалық ұғымдарды меңгеру процесі нәтижелі болу үшін мұғалім оларды оқушылардың меңгеруінің негізгі көрсеткіштерін білуі керек.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:


1.Физикалық білім деген не?
2.Физикалық білімнің құрылымдық элементтерін көрсетіңіз
3.Физикалық ұғым дегеніміз не?
4.Физикалық ұғымның құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
5. Физикалық ұғымдарды меңгертудің белгі-шарттарын көрсетіңіз

1

№ 3
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет