Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері пәні бойынша ДӘріс тезистері


Электр зарядтарының дискреттелігін дәлелдеу жөніндегі мәселе, яғни Иоффе мен Милликен тәжірибелері жөніндегі мәселе, 8-класс оқушыларына баяндау үшін күрделі



бет15/41
Дата17.03.2022
өлшемі1.59 Mb.
#456384
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Фоә

Электр зарядтарының дискреттелігін дәлелдеу жөніндегі мәселе, яғни Иоффе мен Милликен тәжірибелері жөніндегі мәселе, 8-класс оқушыларына баяндау үшін күрделі.

Шыныда да, оқушылар рентген және ультракүлгін сәулелер жөнінде білмейді, оларға конденсатор жөнінде ұғым берілген жоқ, есептеулер олардың шама-шарқына лайық емес. Сондықтан бұл мәселені 8-класс оқушыларына тек сипаттау түрінде ғна берген жөн.

Ток күші, кернеу, кедергі. Тақырыптың оқу материалы қарапайым электр тізбектерін меңгеруге, оқушыларға электродинамикалық негізгі ұғымдар мен шамаларды: «ток күші», «кернеу», «кедергі» қалыптастыруға, сондай-ақ осы үш шаманың арасындағы функционалдық тәуелділікті, яғни тізбек бөлігіне арналғн Ом заңын тағайындауға арналған.

Электр тогы. 8-класта электр тогының анықтамасын электр зарядтарының тәртіптелген қозғалысы деп анықтау керек. Алайда тұрақты токты оқып үйрену барысында барлық негізгі ұғымдарды негізінен металдардағы электр тогы мысалымен енізген жөн. Бұл жағдайда электр тогы - еркін электрондардың электр өрісінің әсерінен тәртіптелген қозғалысы деп анықталады.

Бұл ұғымды бірқатар тәжірибелер мен аналогиялар негізінде қалыптастырылады.

Бұл үшін ең алдымен зарядталған электроскоптан зарядталмаған электроскопқа электр зарядтарының өткізгіш бойымен ағып өтуіне арналған тәжірибе жасалады.

Іс жүзінде ток көздері деп аталатын ерекше құрылғының көмегімен өткізгіш ішінде электр өрісі қоздырылып және электр тогының ұзақ уақыт болуы қамтамасыз етіледі.

Ток көздері. Ток көздерінде энергияның қандай да болмасын бір түрі (механикалық, ішкі) электр энергиясына айналатыны түсіндіріледі. Демонстрацияланған тәжірибеде механикалық энергия электр энергиясына айналады.

Кейінрек ролі туралы мәселеге электр тізбегін қарастыруға байланысты қайта оралу қажет болады.Әрі қарай токтың бағыты туралы мәселені түсіндірген жөн. Металл өткізгіштерде электрондар токтың қабылданған бағытына қарама-қарсы бағытта қозғалатынын оқушыларға ерекше ескерту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет