Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері пәні бойынша ДӘріс тезистері



бет18/41
Дата17.03.2022
өлшемі1.59 Mb.
#456384
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Фоә

Резисторларды (өткізгіштерді) параллель қосудың практикада қолданылуының мысалы ретінде лампылы реостатты қарастыруға болады. Практикада «жүктеме» деген термин жиі қолданылады. Оқушыларға неғұрлым кедергі аз болса, соғұрлым тізбекте ток және «жүктеме» көп болатынын түсіндіру керек. Лампылы реостаттағы параллель қосылған лампылардың санын арттыра отырып, біз лампылы реостаттың кедергісін азайтамыз да, тізбектегі «жүкті» көбейтеміз.

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жұмысы. Электр тогының жұмысы энергияның бір түрінің (электр өрісінің энергиясы) екінші түріне (денелердің ішкі энергиясының механикалық энергияға және энергияныңбасқа түрлеріне) айналу процесін сипаттайтыны айтылады.

Металдардағы электр тогы электр өрісі тарапынан әсер ететін күштің әсерінен электрондардың реттелген қозғалысы болғандықтан, тізбектегі электр тогының жұмысы деп өткізгіштегі электрондардың орын ауыстыру бойынша электр өрісінің күш жұмысын айтады.

Қандай да бір тізбек бөлігі ұштарындағы кернеу осы бөлікте бір кулон электр мөлшері жүріп өткенде атқарылатын жұмысқа тең. Кернеуден жұмыс шамасын есептеуге көшеді: А = Uq,мұндағы А - жұмыс, U – кернеу, q – электр мөлшері.

Сонымен, алдымен A=Uq формуласын енгізеді, өйткені бұрын осы формула арқылы кернеуді U енгізген. Осы формуладан кейін, іс жүзінде көп қолданылмайтын формуласына өтеді.

Жұмыстың джоуль бірлігі оқушыларға белгілі. формуласы оны вольт, ампер, секунд арқылы өрнектеуге мүмкіндік береді.

Электр тогының қуаты. Оқушылар қуат ұғымымен механиканы өткенде кездескен болатын. Сондықтан алдымен қуаттың анықтамасы мен оның өлшеу бірліктері қайталанады. Механикалық қуатты әрпімен, ал электр тогының қуатын әрпімен белгілеу қабылданғаны ескертіледі. Сонан соң электр тогының қуатын қорыту оқушылардың өздеріне тапсырылады: .


Механикалық қуат сияқты, электр тогының қуаты да ваттпен өлшенетіні айтылады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Электростатика элементтерін оқыту әдістемесін көрсетіңіз

  2. Тұрақты токты оқыту әдістемесін көрсетіңіз

  3. Электромагниттік құбылыстарды оқыту әдістемесін көрсетіңіз

  4. Электромагниттік өрісті оқыту әдістемесін көрсетіңіз

  5. Жарық құбылыстары тақырыптарын оқыту әдістемесін көрсетіңіз

1

№ 9
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет