«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәріс кредит саны 3 курс -1


Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу. Бақылау сұрақтары



бет14/24
Дата08.04.2024
өлшемі94.38 Kb.
#497999
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
ЖМП лекция

Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бақылау әдісі дегеніміз не?

  2. Педагогикалық зерттеу әдістерін талдаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2009.

  2. Мынбаева А.И. Основы педагогики высшей школы. А, 2008, -156.

  3. Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. А: Қазақ университеті, 2010. -158.

  4. Дүйсембінова, Р. Қ. Кәсіби педагогика. Оқулық / Р. Қ. Дүйсембінова ; ҚР Білім және Ғылым мин-гі. - Алматы, 2012. - 348 б.



10 -дәріс. Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлері .
Дәрістің мақсаты: Оқытуды ұйымдастырудың түрлері.
1. Кәсіби оқыту процессінің мәні.
1. Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттері.
Дидактика –педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ( dіdaktіkas-оқытушы, dіdasko- оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің “Ұлы дидактика” еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша , дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту керек” деген сұраққа жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда , неге оқыту.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқу әдістемесі деп аталады. Дидактика әрі теориялық , әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми- теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен змңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін , ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың ққолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын ( тәрбие, педагогтік іс- әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар : білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік .

  • Оқыту –оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

  • Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықталған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол- оқытудың нәтижесі болатын білім , білік, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Оқыту процесі – білімді , біліктілік пен даағдынф меңгертеді ,оқушылардың дүнеитанымын, күшқайратын , қабілеттерің тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы . Оқу барысында оқушының сана-сезімі , адамгершілік қасиеттері , эстетикалық талғамы , тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, пелагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық. Оқыту мақсатты – процесс. Оқытудың басты мақсаты , әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап , ұдайы өсіп жаңарады. Оқыту – таным процесі . Танымның ерекшеліктері оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушыны дүние танудабұрын ғылымда белгілі болған , зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, негізгі заңдылықтары мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен , оның әдістерімен танысу , ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқыту- даму негізі.
Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан- жақты жетілуін түйістіреді.
Білім алушының өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым – қатынас жасау іс - әрекеті .Сөйтіп ,оқыту процесі – оқытушының студентпен үнемі рухани қарым - қатынаста , ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді .Оқыту процесінде студент тек оқытушының әсерін қабылдаушы ғана емес , оның оқу іс – қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару , ұйымдастыра білуі (іс- әрекетін білуі, бағалауы , өзін өзі басқаруы ) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде студент логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қортынды : оқыту – білім алушылардың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту – бала дамуының алғы шарты.
Білім алушының жалпы психикалық дамуы – жоғары мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқыту – екі жақты процесс, яғни ол студенть пен оқытушының өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс- әрекеті болса, оқу –студенттің өзінің танымдық, практикалық әрекеті.
Оқыту тұлғаға білім беру , тәрбиелеу және ақыл- ойы мен творчестволық қабілетін , демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі , жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – студенттерге білім беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет