Жоғарыда айтылғандардың барлығы дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы мен өзектілігін айқындайды



бет15/15
Дата30.11.2022
өлшемі2.16 Mb.
#466083
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
работа

Қорытынды

Өрт – бұл арнайы ошақтан тыс жану, бақылауға келмейді және жаппай зақымдануға және адамдардың өліміне және де экологиялық, материалдық және басқа да зиян келтіруі мүмкін. Өрттің туындауының негізгі себептері: қысқа тұйықталу, желілердің асқын жүктемесі, өтпелі кедергінің түзілуі. Білім беру мекемелерінің өрт қауіпсіздігі өрт дабылын орнатумен қамтамасыз етіледі. Өрт дабылы жүйесі бөлмеде тұтануды өз уақытында анықтау үшін қолданылатын техникалық құралдардың кешені. Оқу мекемелерінде өрт қауіпсіздігін ұйымдастырудағы негізгі бағыттар өртке қарсы алдын алу болып табылады, ол келесілерді құрайды: өрт қауіпсіздігін қамту бойынша шараларды ұйымдастыру, оқу мекемесі аумағы мен бөлменің өртке қарсы күйін тексеру бойынша рейдтер жасау, жергілікті актілер жасау, өрт қауіпсіздігін насихаттау және т.б.


Өрт тәуекелін бағалау бойынша есептеулер өрт тәуекелінің есептік шамасын заңнамада анықталған өрт тәуекелінің сәйкес нормативті мәнімен салыстыру жолымен жүргізіледі.
Нысанның өрт тәуекелін іске асыру мүмкіндігінің сандық шамасы өрттің қауіпті факторының әсері нәтижесінде адамның өлу тәуекелі болып табылады, соның ішінде:
- нысан жұмысшысының өлу тәуекелі;
- нысан маңындағы селитебті аймақта болатын адамның өлу тәуекелі.
Нысанда өрттің қауіпті факторының әсері нәтижесінде адамның өлу тәуекелі өрттің жеке және әлеуметтік тәуекелінің сандық мәнімен сипатталады. Өрт қауіпсіздігінің нысаны ретінде «Қайнар» қонақ үй кешенінің ғимараты зерттелді.
Қорғау нысанында өрт қауіпсіздігін ұйымдастыруды зерттеу шаралар жүйесінің көмегімен адамның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті деңгейі қамтамасыз етілген және әрбір адамға есептегенде жылына қауіпті фактордың әсер етуін болдырмау 0,999999 кем емес шаманы құрайды, ал адам үшін өрт қаупінің рұқсат етілген деңгейі бір адамға есептегенде жылына шекті рұқсат етілген мәннен асатын өрттің қауіпті факторының әсер етуі 10-6 көп екендігін көрсетті.
Өрт тәуекелін талдау 3 сценарий бойынша жүргізілді: ғимараттың 1-3 қабаты.
Жеке тәуекелді есептеу көрсеткеніндей жеке өрт тәуекелі рұқсат етілген мәннен асады.
Тәуекелді талдау және бағалау кешен үшін өрт тәуекелін төмендетудің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
Өрт тәуекелі деңгейінің рұқсат етілген мәнін қамтамасыз ету үшін (жылына бір миллионнан көп емес) келесі инженерлік-техникалық және ұйымдастыру шараларын орындау керек:
1) ғимаратта бір уақытта адамдардың болуы 52 адам (қонақтар және қызметкерлер);
2) хабарлау жүйесін орнату және ІІІ типтегі адамды көшіруді басқару;
3) автоматты өрт дабылын орнату;
4) өрт дабылы элементінің техникалық сенімділігін қамтамасыз ету, онда өрт дабылы жүйесінің тиімді іске қосылу ықтималдығы Rобн = 0,98;
5) өрт туралы адамды хабарлау жүйесінің және адамды көшіруді басқару элементінің техникалық сенімділігін қамтамасыз ету, онда жүйенің тиімді әске қосылу ықтималдығы СОУЭ RСОУЭ= 0,98;
6) эвакуация жолдарында және ғимараттан шығу бағыты бойынша есіктің еркін ашылуын қамтамасыз ету, эвакуациялық шығу есіктерінде ілмектің болуы ғимарат ішінде болған адамға кілтсіз ішінен ілмекті еркін ашу мүмкіндігі;
7) эвакуациялық жолдар мен шығыстардың ендігін сақтау;
8) бөлме үшін анықталған өрт жүктемесін арттырмау;
9) өздігінен жабылу үшін құрылғылармен өртке қарсы және газ түтін өткізбейтін есіктер орнату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет