ШҚУ Е Ф 010-22-09
2. Іс-тәжірибеге жолдаманың түбіртегі
ШҚУ Е Ф 010-22-09
3Күнделік-есеп
Күні,айы
|
Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы менжоспар-кестесінесәйкесорындалған(зерделенген)жұмыстардыңатауы
|
|
Жетекші-нің белгісі
|
29.05.23
|
Шырайлы Шығысымыздың жерұйығы Өскеменнен Сібе көлінің базасына жол тарттық, шамасы 17:00 Сібе көлінің төртінші аймағына табан тіредік. Табиғатқа тамсанып орналасу жұмыстарына кірістік. Ұсақ түйек жұмыстардан кейін тамақтанып алдық. Жетекшіміз Карменова Багдат Казретовна бізге қауіпсіздік ережесімен таныстырып,ертеңгі күнге сәттілік тіледі. Керекті құрал-жабдықтармен танысудыда ұмыт қалтырмадық. Өз кезегінде сүзгі,үлкейткіш әйнек , тұншықтырғыш, хлороформ,жәндіктерді түзеткіш және тағыда басқа құралдарды көріп таныстық. Алдымызда қандай қызықтар күтіп тұрғанын білмеп едік...
Сібе көлдері-таулардың құшағынан орын алған,табиғаттың адамзатқа берген сыйы деседе болады. Тау орталарында орналасқан тостақандай бес көл әрбір жанды таңдандыратыны анық. Сібе көлдері гранит қоршаған көлдер арасында бөлініп, халық аузында Бескөл деген атақты да алған болатын. Олар:
1.Қашкербай немесе Сасық көл
2.Алқа немесе Қоржын көл
3.Өлмес немесе Шалқар көл
4.Дүйсен немесе Төртқара көл
5.Ыстықпа немесе Қара көл
Көлдердің мөлшері қатты терең емес. Сібе көлінің жалпы аумағы 32 шаршы шақырымды қамтыса,тереңдігі 2,5 ден 38 метрге дейін жетеді.Бұл көлдерді жер асты сулары мен жауын шашын қамтамасыз етеді.Көл аймағында түрлі жануарлар,жәндіктер мен Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді байқауға болады.Тостақандағы су секілді бейнеленген көлдер әрбір жанды таңғалдырып,тамсандырары анық.Ал оны қорғап тұрған таулардың бейнесі мүлдем өзгеше,бейне бір салынып тұрған суреттей.
|
|
|
30.05.23
|
Таңертең 08:00 шуақты күнмен таласа тұрып,таңғы асымызды ішіп алдық. Қызығы осы керемет Сібе жерінде ауа райы құбылмалы екен.Бір мезетте ашық тұрған күн,жаңбырға немесе бұршаққа айналып кететіні қызықтырды. Күнннің көзі көрінгеннне кейін кішігірім таным жорақ жасадық, Қалба тауларының биік шыңдарынан Дала қыранын (Aguila pipalensis) көрдік, жәнеде Қызыл кітапқа енген бірнеше гүлдерді көре алдық.Мысалы Алтай күнгелдісі (Trollius altaіcus), Сүйелшөп (лат. Chelidónium majus) жәнеде тағыда басқа. Соның ішінен Дала қыранын ғылыми жұмыс ретінде алдым.
|
|
|
31.05.23
|
Күнделікі істерден кейін Сібе көлінің бесінші базасынга экскурцияға шықтық.Ол жерден түрлі көбелектерді және гүлдерді көріп,оның биологиясы мен популяциясымен таныстық.
Мысалға: Ботакөз (Myosotis), Шабындық Беде (Trifolium pratense),Жабайы бүлдірген (Fragaria viridis), Бақбақ (Taraxacum).
Көбелектерден:Долана көбелегі (лат. Aporia crataegi)
|
|
|
01.06.23
|
Арайланған жаздың алғашқы күнімен оянып,таңмен таласа Сібе көлдерінің көркем көрінісі мен Қалба тауларының әсем табиғаттына тамсанып келесі бір керемет күнді бастадық. Осы күні ерекше көңіл күймен Сібе көлінің үшінші базаасына жол тартық. Бұл күні ерекше гүлдермен таныстық.
Гүлдер:Таумасақ ( Orostachys), Маралқурай (чемерица лобеля), Жүгері көкнәрі (Papaver rhoeas)
Авриния шахматшы көбелегі (Euphydryas aurinia),
|
Достарыңызбен бөлісу: |