ШҚУ Е Ф 010-22-09
Қысқаша аналитикалықесеп
Іс-тәжірибе базасы туралы мәліметтер:
Іс-тәжірибе базасы Сібе көлдерінің төртінші аумағында орналасқан көркем орын. Сібе көлдері жан-жағын Қалба тауларының биік шыңдары мен гранитті таулар құралып қоршаған табиғатына тамсана қарайтын орын.Сібе көлдерінің екінші атауы Бескөл болыпта саналады.База аймағында ауа райы құбылмалы,самалдап соққан жел ерекше көрініс беретін орын.
Пайдаланылған әдістер мен жұмыс технологиялары
Материал жəне зерттеу əдістері. Омыртқалы жануарлар зоологиясының далалық зерттеулерінің əдістері. Фаунистикалық зерттеулердің əдістері.
Біріншіден, нақты зерттелетін ауданның жануарлар əлемін қарастырғанда берілген территорияны мекендейтін жануарлардың түрлік құрамы анықталады. Жануарлар түрінің тізімі, олардың келу
мəліметтері, биотоптық орналасуы, шамалық сандық көрсеткіші бұл зоогеография, экология, табиғатты қорғау, өлкетану жұмыстарының негізі болады. Қазіргі уақытта біздің еліміздің көптеген жерлерінде омыртқалы жануарларға мұндай инвентаризациялық жұмыстар жүргізілген. Онда жалпы аумақтық фаунистикалық жануарлардың таралуы, биотоптық жəне маусымдық орналасуы, сандық көрсеткіштері жəне жеке кейбір түрлердің биологиясы бар мағлұматтар жиынтығы бар. Сонымен қоса бақылау-зертеу әдісі.Керекті нәрсені көздеп алдаусыратып, тұзақ бейне жасау.Колекциялар жасау технологиясы. Мысалға көбелектер мен қаттықанаттылардың колекциялары
Қажетті құрал жабдықтар: сүзгі(сачок), тұншықтырғыш (морилка), энтомологиялық ине, хлороформ, жәндіктер түзеткіші.
Сүзгі (сачок) қабы акшыл матадан тігілу керек, себебi түскен насекомды бірден көруге ыңғайлы. Қабында бұрыш немесе қатпарлар болмау керек, ұсталынған насекомдар қалтарысқа тығылып, ұсталуы қиындайды. Сүзгілердің бірнеше түрлері болады жұмыс жасау ретіне қарай: ұшатын насекомдарды ұстауға қысқа әрі жеңіл сап керек, ал "ору" әдісімен ұстау үшін ауырау әрі жуан сап керек.
Тұншықтырғыш (морилка) - аузы темір қақпақпен бұратылған тығыз жабылатын шыны ыдыс. Жануардың мөлшеріне қарай морилканың мөлшері әртүрлі келеді. Морилкаға мақтаға сіңірілген у салынады. У ретінде хлороформ алуға болады. Бұл уларда ұзақ болған насекомдар түстерін өзгертеді. Улы зат жоқ болған жағдайда жиналған насекомдарды морилкамен күн көзіне тыстау керек.
Түзеткіш – қанатты жәндіктерді, негізінен көбелектерді кейіннен энтомологиялық коллекцияларға бекіту үшін таратуға арналған арнайы құрал. Түзеткіш жұмсақ ағаш түрлерінен (көктерек, терек) жасалған екі тақтадан тұрады, олардың арасында көбелектің ішінен ені бар ойық орналасқан. Тақталар негіздің ағаш тақтайшасына бекітіліп, ойық жұмсақ материалмен қапталған (м., көбік резеңке, изолон). Түзетілетін жәндіктері бар түйреуіш тегістеуіштің бойлық және көлденең осьтеріне перпендикуляр ойыққа жабыстырылады. Бұл жағдайда қанаттардың негіздері тақталардың жоғарғы ішкі жиектерінің деңгейінде болуы керек. Жәндіктердің қанаттарына бақылау қағазының тікбұрышты жолақтары қойылып, оларды түзейміз. Бақылау қағазы қанаттардың бүкіл бетін жауып, олардың түбінде ені шамамен 2-5мм тар жолақтар қалдырады.
Орындалған жұмыс туралы мәліметтер
Алтай күнгелдісі (Trollius altaіcus)- сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда қылқан және жалпақ жапырақты ормандарда, аласа таулардан бастап альпі белдеулеріне дейінгі шалғындықтарда өсетін 3 түрі бар, жиірек кездесетіні – алтай күнгелдісі (Trollius altaіcus). Оның биікт. 15 – 10 см, сабағы тік өседі. Ашық жасыл түсті жапырақтары саусақ салалы тілімденіп келген. Гүлдері дара, ірі, екіден кейде үштен біріккен, қызғылт сары түсті. Гүлдері екі қатарда орналасқан, тостағанша жапырақшаларының саны 10 – 20, пішіні жалпақ,жұмыртқа тәрізді. Әр желектің астыңғы жағында шірне бөлетін шұңқыр болады. Аталықтары мен аналықтарының саны көп. Аталықтарының бағаналарының түсі қошқыл, гүлдің ортасында әдейі тамызып қойған дақ секілді нүктесі бар. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – көп жапырақша. Алтай Күнгелдісін гүлі әдемі болғандықтан сәндік үшін өсіреді және дәрілік өсімдік.
Сүйелшөп (Chelidónium majus)- көкнәрлер тұқымдасына жататын улы көпжылдық шөптесін өсімдік. Ал қазақша "сүйелшөп" деп аталғаны - ол халықтық медицинада сүйелді кетіруге пайдалғадықтан. Өсімдіктің сабағының ұзындығы 50-100см. Сабағын сындырған кезде - сүтті шырынға толы секреторлық каналдары табылады. Шырыны ауада қызғылт түске айалады. Жапырағы кезектесіп орналасқан, 3-5 дөңгелекше бөлшектен тұрады. Гүлдерінің төрт желекті күлтесі болады. Түсі алтын-сары, кәдімгі шатыр гүлшоғырына жиналған. Мамырдан тамыз айына дейін гүлдейді. Жемісі – қауашақ, дәні ұсақ, қара түсті.
Ботакөз (Myosotis)- айлауыктар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда ,Алтайда,Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауында кездеседі. Бұлар табиғи жағдайда тау беткейлерінде, жазық далада, су жағасында өседі. 12 түрі бар: бұлардың ішінде көп тарағаны орман Ботакөзі (M. sіlvatіca). Биіктігі 30 — 60 см, сабағы тік, көп бұтақты, сыртын ұзын түк басқан. Жапырағы (ұзындығы 2 — 5 см, ені 0,5 — 1,5 см) сабаққа кезек орналасқан. Көгілдір, көк түсті гүлдері ұсақ, көп гүлді, гүлшоғырына топтасқан. Мамыр — маусымда гүлдейді. Жемісі — көп дәнді жаңғақ. Бұлардың батпақ Ботакөзі, альпі Ботакөзі деген түрлері қолдан өсіріледі. Тұқымынан, кейде вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жақсы өсіп-жетілуі үшін оларды құнарлы топыраққа, Күн сәулесі тік түспейтін көлеңкелі және ылғалды жерлерге отырғызады. Ботакөздер — хош иісті, әдемі гүлді әсемдік өсімдіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |