ШҚУ Е Ф 010-22-09
Шабындық Беде (Trifolium pratense)-
жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады. Жайылма су қаптаған, тау бөктерлері, далалы және шөлейт аймақтарда көлдетіп суарылатын жерлерде табиғи шабындық өседі. Шабындыққа мал жайылады, пішен шабылады және Шабындық өсімдік түріне, табиғат жағдайына, түсіміне, жер отына қарай алуан түрлі болады. Шабындық жерлерде 4000-нан астам шөптесін өсімдік түрлері өседі. Оларға емдік сиырсілекей, бұршақ тұқымдастарының бірнеше түрі, қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты өсімдіктер, тағы басқа жатады. Шабындық тың құрлық Шабындығы, суармалы жер шабындығы, тау шабындығы деген түрлері болады. Құрлық шабындығы — жазық далада, сай-салалы жерде қар, жаңбырдан нәр алып, ыза сулары жақын жерде өседі. Орманды, орманды-далалы және далалы аймақтың ойпаң жерлеріндегі шабындықтың шөбі қалың өседі. Суармалы шабындық — өзен алқаптарында су тасыған кезде су жайылатын жерлерде өседі. Тау шабындығы -ыылғалды, ауа райы жылы таулы аудандарда, субальпілік, альпілік белдеуде өседі. Бұлардың шөбі аласа, көбінесе мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстанның ылғалы жеткілікті өңірлерінде әр гектардан 12 — 15 ц, су жайылатын ойпаң жерлерден 15 — 20 ц, орманды-далалы аймақтарда 6 — 10 ц, шөбі шүйгін, шымды, ойпаң жерлерден 20 — 30 ц пішен жиналады. Жыл сайын дайындалатын пішеннің 99 табиғи шабындықтан алынады. Қазақстанда пішен шабуға жарамды 7,3 миллионга шабындық бар. Бұл аймақтарға Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстік жатады. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында шабындық өзен-көл алқабы, сай-сала, ойпаң жерлерден жиналады. Шөбі шүйгін құнарлы шабындық Ертіс, Жайық өзендері алқабының көктемдегі тасыған су жайылатын жерлерінде көп өседі.
Жабайы бүлдірген (Fragaria viridis)-
раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. Бүлдіргеннің Қазақстанда 2 түрі: орман Бүлдіргені (F. verca), жасыл Бүлдірген (F. vіrіdіs) бар. Олар көбінесе таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде және өзендердің бойында өседі. Бүлдіргеннің биіктігі 5 – 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, қос жынысты, гүлшоғыры – көпгүлді қалқанша. Жемісі – жидек (қызыл, қызғылт шырынды). Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшалардан тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл сағағы өсіп шығады.
Долана көбелегі (Aporiacrataegi)- ақкөбелек тұқымдасына жататынзиянды көбелек.
Жер шарындакеңтаралған. Қазақстанның солт. аймақтарынанбасқабарлықжерлеріндекездеседі. Көбінесе долана, алма, алмұрт, алхоры, өрік, т.б. жеміс ағаштарынзақымдайды. Жас жұлдызқұрттары ағашбұтағынаұясалып,қыстапшығып, ертекөктемде ағаш,бау-бақшаларғатарайбастайды. Жұлдызқұрттары жеміркеледі. Оларалғашқыдаағаштыңбүршігін, одансоңжапырағынкеміріп, шанағы мен күлтелерінзақымдайды. Әдеттемаусымайының 1-жартысында қуыршақтарынан көбелектерұшыпшығады. Оларкүндізұшып, түрлі өсімдіктердің шірнесіменқоректенеді. Ұрғашылары 20 – 300-ге дейінжұмыртқасалады. Олар 15 – 20 күнненкейінжұлдызқұртқаайналады. Жұлдызқұрттар,әсіресе,көктемдежемісағашынаүлкензиянкелтіреді. Күресшаралары:күздеағашжапырағытүскенненкейін,
олардыжинапөртейді. Жеміс ағашынатүрліинсектицидтербүркеді.
.
Таумасақ (лат. Orostachys)-– жасаңшөп тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда далалы, шөлді, таулы аймақтардың тасты, тастақты беткейлерінде, жартастарда, сортаң, құмды жерлерде, қарағайлы ормандарда өсетін 2 түрі: тікенді таумасақ (О. spіnosa) және тік таумасақ (О. thyrsіflora) бар. Олардың биіктігі 10 – 30 см. Бірінші жылы өсімдік жартылай шар тәрізді, үстінде төмпешіктері бар жуашық түрінде болады. Екінші жылы сол жуашықтың ортасынан қандауыр тәрізді кезектесіп орналасатын жапырақтары бар бұтақты сабақ өсіп шығады. Тостағанша жапырақшалары күлтесінен 2 – 3 есе қысқа, етті келеді. Желегі төмендегі жағынан бірігіп өседі, үшкір болады. Аталығының саны – 10, аналығының сырты жалаңаш, оның ұшы түзу, біз тәрізді. Сары, сарғыш жасыл гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі көп тұқымды. Таумасақты қой, ешкі және марал жақсы жейді.
Достарыңызбен бөлісу: |