Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»


§10. Тасымалдаудан бас тарту және тасымалдау шартын бұзу



бет3/6
Дата05.07.2016
өлшемі360.5 Kb.
#179228
1   2   3   4   5   6
§10. Тасымалдаудан бас тарту және тасымалдау шартын бұзу

 

90. Егер жолаушы қасындағылардың мазасын алып, тыныштығын бұзатындай науқас болып, оны бөлек жерге орналастыруға мүмкіндік болмаса, тасымалдаушы жолаушыны тасымалдаудан бас тартады және оны поездан түсіреді.



Бұл жағдайда тасымалдаушы жолаушыны дәрігерлік-медициналық қызметкердің қатысуымен және тек тиісті емдеу-медициналық ұйымдары бар станцияда ғана түсіреді. Осындай жағдайда төлемдер жолаушыға жүрілмеген қашықтық үшін билет құнын қайтару тәртібіне сәйкес қайтарылады немесе аялдау және жол жүру құжаттарының (билеттерінің) жарамдылық мерзімін ұзарту туралы белгі қойылады. Жолсерік жолаушыға бақылау купонын қайтарады. Бұл кезде поезд бастығы вагон жолсерігінің және емдеу-медициналық үйымы қызметкерінің қатысуымен 2 данада акт жасайды.

Егер жолаушы поездан түсірілген кезде багажының поезбен өзі баратын станцияға дейін жеткізілуін қаламаған болса, багаж түбіртек көрсетіліп, жолаушы поездан түсірілген станцияда беріледі немесе оны түсіріп алу мүмкін болмаған жағдайда багаж таяудағы станцияға дейін жеткізіледі. Жолаушы багаждың тасымалдау қүнын төлейтін болса, багаж кері қайтатын бірінші поезбен жолаушы поездан түсірілген станцияға қайтарылады. Жолаушы поездан өзінің науқастануына байланысты себептермен түсірілген жағдайда, жолаушының багажы жолаушы поездан түсірілген станция (вокзал) бастығы берген жеделхаттың және телефонограмманың негізінде тегін қайтарылады.

 

 

§11. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердің) төлемдерін қайтару тәртібі



 

91. Жол жүру құны билеттің қүнынан және плацкарттың құнынан тұрады.

Жолаушы қажеттілікке байланысты жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтарады және пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердің) төлемдерін алады. Төлемдерді қайтару жолаушының жеке басын куәландыратын құжат ұсынылғанда жүргізіледі.

Пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) және соның салдарынан тасымалданбаған багаж үшін жолаушыға Тасымалдаушы мынадай жағдайларда ақшасын қайтарып береді:

1) жолаушыға поездан сатып алған жол жүру құжатына сәйкес орын берілмеген жағдайда.

Жолаушы ұсынылған орынды ауыстырудан бас тартқан кезде жолаушыға жол жүру құжатының (билеттің) және тасымалданбаған багаждың ақшасы толық қайтарылады.

Жолаушыға дәл сол поездан санаты төмен вагоннан орын берілген жағдайда, жолаушыға жол жүру үшін алынған сома мен орын берілген вагонның нақты жол жүру құнының арасындағы айырмашылық қайтарылады.

Мұндай жағдайларда жолаушылар поезының бастығы акт жасайды, соның негізінде жолаушы жол жүру құжаты мен актіні көрсетіп, жүгінеді. Комиссиялық алым алынбайды;

2) билет кассасына пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерді):

поездың жөнелтілуіне дейін 24 сағаттан кешіктірмей қайтарса, толық жол жүру құнын қайтарып алады;

поезд жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан аз, бірақ 6 сағаттан кешіктірмей қайтарса, билеттің құнын және плацкарттың 50% құнын қайтарып алады;

поездың жөнелтілуіне 6 сағаттан аз уақыт қалғанда және поезд жөнелтілгеннен кейін 3 сағаттан аспайтын уақытта тапсырса, билеттің құнын алады, бұл ретте плацкарттың құны ұстап қалынады.

Ұсынылған жол жүру құжаттары (билеттер) сызып тастау арқылы жойылады.

Жолаушы қажеттілікке байланысты АБЖ-мен жабдықталған билет кассасында бірнеше орынға ресімделген жол жүру құжатының (билеттің) орындарын ішінара қайтаруды жүзеге асырады. Бұл ретте жолаушыға қажетті орын санына жаңа жол жүру құжаты (билет) беріледі және жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтару шарттарына сәйкес ақша төленеді.

Топтық тасымалдау (10 және одан астам адам), оның ішінде орындарды ішінара қайтару бойынша ақшаны қайтару орындар АБЖ жүйесіне қайтарылған соң талап ету тәртібімен жүргізіледі.

Балалардың, оқушылардың жол жүру үшін топтық өтінімдер (10 және одан астам адам) бойынша қолма-қол ақшаға алынған жол жүру құжаттарының (билеттердің) ақшасы топ басшысының мекенжайы мен оның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін көрсетіп, өтініш беруі бойынша билет кассасына қайтарылады;

3) отыруға арналған вагондардан жасақталған поездарға ресімделген пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) билет кассаларына:

поездың жөнелтілуіне дейін 24 сағаттан кешіктірмей қайтарса, толық жол жүру құнын алады;

поезд жәнелтілгенге дейін 24 сағаттан аз, бірақ 6 сағаттан кешіктірмей қайтарса, билет құнының 50%-ын алады;

поездың жөнелтілуіне 6 сағаттан аз уақыт қалғанда және поезд кетіп қалған соң қайтарса, жол жүру құны қайтарылмайды;

4) 2 және одан астам компостер белгісі қойылған немесе олардың жарамдылық мерзімі ұзартылған аялдама туралы мөртабаны бар жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша төлемдерді қайтару кезінде;

5) жолаушы науқастануына байланысты поездан түсірілген жағдайда.

Бұл жағдайда поезд бастығы 2 данада акт жасайды. Актіде жол жүру құжатының (билетінің), поездың, вагонның нөмірі, күні және жолаушы поездан түскен станцияның аты көрсетіледі. Осы актінің негізінде жолаушыға жүрілмеген жолы үшін жол жүру құны (плацкарттың құнынан басқа) қайтарылады. Жүргізілген операцияға алым алынбайды.

Егер жолаушы жол жүруді науқастану кезеңі өткеннен кейін (медицина ұйымы берген осы ұйымның бұрыштама мөртабанымен және анықтама берген дәрігердің мөртабанымен расталған анықтама бойынша) қалайтын жағдайда, ол билет кассасына жол жүру құжатын (билетін), актіні және науқастану туралы анықтаманы ұсынады. Билет кассирі осы Қағиданың 78-тармағына сәйкес жол жүруді ресімдейді;

6) поезд қозғалысының үзілуіне байланысты жол жүру барысында жол жүру тоқтатылған жағдайда.

Жол жүру жолаушының өз бастамасымен тоқтатылған кезде, жолаушыға оның жүрмеген қашықтығы үшін жол жүру құны (плацкарт құнынан басқа) қайтарылады. Жолаушыға тиесілі ақшаны қайтару жол жүру құжатында (билетте) ол жол жүруін тоқтатқан станция әкімшілігінің өкілі қойған жол жүрудің тоқтатылу күні мен уақыты туралы белгі болған жағдайда жүргізіледі.

7) тиісті құжаттармен расталған науқастануы мен жазатайым оқиға салдарынан жол жүру құжаты (билеті) сатып алынған поезд жөнелтілген сәттен бастап 3 тәулік бойы поезға кешіккен жағдайда.

Қажеттілік болғанда, жолаушы жол жүру құжатының (билеттің) жарамдылығын плацкарт құнын қосымша төлейтін болса, басқа поезға жаңарта алады немесе жол жүру құнын қайтарып алады, бірақ бұл ретте плацкарттың құны үстап қалынады;

8) жол жүру барысында жолаушының тілегі бойынша жол жүру тоқтатылған жағдайда.

Қажеттілік болғанда, жолаушы жол жүру құнын (плацкарт құнынан басқа) жүрілмеген қашықтық үшін осы Қағиданың 78-тармағына сәйкес қайтарып алады.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) автоматтандырылмаған тәсілмен ресімдеу кезінде жол жүрудің тоқтатылуын станция (вокзал) әкімшілігінің өкілі жол жүру құжатына (билетке) «Жол жүру құжатының (билеттің) күші тоқтатылды» деген белгіні, күнін және станция (вокзал) мөрқалыбын қою арқылы куәландырады және сызып тастау жолымен жойылады.

Жол жүру тоқтатылған кезде ақшаны қайтару жолаушының ауызша өтініші бойынша жүргізіледі.

Ұсынылған жол жүру құжаттарына (билеттеріне) қатысты жөнелтудің жолдағы немесе кейін қайту станциялары болып табылмайтын станцияларда (вокзалдарда) жол жүру құжаттарының (билеттерінің) күші жойылғаны туралы белгі қоюға жол берілмейді;

9) (багаж) белгісі бар жол жүру құжаты (билеті) жолаушыға багаж қайтарылған және бұл туралы жол жүру құжатына (билетіне) белгі қойылған соң немесе жолаушының багаж бен жүк-багаждың тарифтері арасындағы айырмашылыққа қосымша ақы төлеген соң ғана қабылданады. Бұл ретте багаж кассирі «багаж» белгісін сызып тастайды және жол жүру құжатына (билетіне) өндіріп алынған соманы көрсете отырып, әртүрлі алымдар түбіртегінің нөмірін жазады.

92. Жол жүру құжаттарының (билеттерінің) қайтарылу мерзімдеріне қарамастан, (бірақ поезд жөнелтілгенге дейін) жол жүру құнынан сомаларды ұстап қалу мына жағдайларда, яғни жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген поезд жойылған немесе поездың жолаушылардың жол жүруі пунктінен жөнелтуі бір сағаттан аса кідіртілген жағдайда, сондай-ақ жолаушылар жолаушылардың жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген орындардың оларға берілмеуі және олардың басқа орындарды пайдалануға келіспеуі салдарынан жол жүрмеген жағдайда жүргізілмейді. Бұл жағдайда жол жүру құны толығымен қайтарылады. Жүргізілген қайтару операциясы үшін ақы алынбайды.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу кезінде, оның ішінде броньдау/резервтеу операциялары үшін алынатын комиссиялық алымдар жолаушыға қайтарылмайды.

Тасымалдаушы жолаушыға пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнын, жол жүру құжаттарында (билеттерде) оларды станциялардың немесе вокзалдардың жою уақыты (күні, сағаты) және пайдаланылмаған орындардың тапсырылғаны туралы белгілер болған кезде ғана қайтарады.

93. Темір жол көлігінің кінәсі бойынша келісілген поездар (жол жүру құжаттарын (билеттерін) билет кассирі ресімдеген поездар, келісілген поездар арасындағы кемінде 3 сағат айырманы есепке ала отырып) кешіккен жағдайда жолаушыға басқа станциядан ресімделген жол жүру құжаты (билеті) өзінің күшін сақтайды және жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген жету станциясына дейін баратын жуық арада болатын келесі поезға қайта ресімделуі тиіс.

Келісілген поездардың кешігуіне байланысты жолаушы жол жүруден бас тартқан жағдайда, поездың кешігуі салдарынан жолаушының кешікені үшін Тасымалдаушы жол жүру құны мен алымдарды толығымен қайтарады. Бұл ретте жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару операциясы үшін ақы алынбайды.

94. Жолаушы поезға ауданаралық қалааралық қатынастағы поездардың, сондай-ақ отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездардың кідіруіне байланысты кешіккен жағдайда, кешіккен поезға алынған жол жүру құжатымен (билетпен) расталған кешіккені туралы белгісі бар жол жүру қүжаты (билет) күшін сақтайды және жуық арада болатын келесі поезға қайта ресімделуі тиіс. Егер жолаушы жол жүруден бас тартса, онда жол жүру құны мен әр түрлі төлемдер толығымен қайтарылады. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару операциясы үшін ақы алынбайды.

95. АБЖ арқылы берілген жол жүру құжатын (билетін) «тегін билетті» бір рет ауыстыруға рұқсат етіледі. Жаңа жол жүруді ресімдеу үшін «тегін билеттің» жол жүру құжатының (билеттің) иесі билет кассасына поезд жөнелтілгенге дейін бұрын сатып алған жол жүру құжатын (билетін) қайтаруы тиіс. АБЖ арқылы қайтару операциясынан кейін кассир жол жүру құжатының (билеттің) иесіне «компостер алынды, күні, сағаты» деген белгілері қойылған «тегін билетті» жол жүру құжатын (билетті) қайтарады және жаңа жол жүруді ресімдеуге құқық беретін арнайы қайтару бланкісін береді.

96. Топтық жол жүру құжаты (билеті) бойынша топ қатысушыларының толық саны жүрмейтін болса, онда оның басшысы орындардың ішінара қайтарылуын ресімдеу үшін топтық жол жүру құжатын (билетін) поезд жөнелтілгенге дейін билет кассасына ұсынуы қажет.

Жол жүру барысында (вокзалдар мен поездарда) жолаушылардың жол жүру құжаттарында (билттерінде) көрсетілгеннен аз саны жүріп бара жатқаны туралы топтық жол жүру құжаттарында (билеттерінде) көрсетілмейді және жүрілмеген қашықтық үшін ақша қайтарылмайды.

Топтық тасымалдаудың (қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу бойынша алынған) жол жүру құжаттарының құнын қайтарып беру поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 7 тәулік бұрын, бірақ 3 тәуліктен кешіктірмей жүргізіледі, бұл жағдайда плацкарт құнының 50%-ы ұсталады; поезд жөнелтілгенге дейін 3 тәуліктен кем болса, плацкарт құнының 100%-ы ұсталады. Топтық жол жүру құжаттары бойынша ақшалай төлемдер:

1) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша сатып алынған жол жүру құжаттарының (билеттердің) төлемдері оларды сатып алған заңды тұлғаның есеп айырысу шотына қайтарылады;

2) қолма-қол ақшаға сатып алынған жол жүру құжаттарының (билеттердің) төлемдері заңды тұлғаның есепшотына, банктік карта- есепшотына немесе тегі жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген тұлғаға пошта аударымдары арқылы қайтарылады.

97. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) төлемдері (орындар тапсырылған жағдайда) орындар қайтарылғаннан кейін алты ай ішінде билет кассасында қайтарылады.

Түзетулері, өзгертулері бар немесе қырып тазартылған және олардың жарамдылығына күмән келтіретін жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша барлық жағдайларда төлемдерді қайтару туралы мәселе талап тәртібімен шешіледі. Талаптарды қарау мерзімі Тасымалдаушыға берілген өтініш тіркелген күннен бастап 1 ай.

98. Жолаушы темір жолдың кінәсін санаты төмен вагонға ауыстырылған жағдайда, жол жүру құнындағы айырмашылық жолаушының қалауы бойынша поезд жөнелтілген немесе келетін станцияларда актіні көрсету арқылы төленеді.

Жол жүру құнындағы айырмашылықты поезд жөнелтілген немесе поезд келетін станциялардан алу мүмкіндігін пайдаланбаған жолаушы, оның төленуін қажеттілігне қарай талап ету мерзімі ішінде талап ету тәртібімен талап етеді.

99. Терминалмен жабдықталмаған билет кассаларында бүлінген (жыртылған, күйген, суланған) жол жүру құжаттарын (билеттерін) қалпына келтіру поезд жөнелетін күні немесе қарсаңында (демалыс және мереке күндерінен басқа күндері) жол жүру құжатының (билеттің) бланкісінде қолмен ресімдеу арқылы жүргізіледі, оның бақылау купоны вагонның түріне және поездың санатына және қалпына келтірілетін жол жүру құжатының (билеттің) құнына сәйкес қиылады. Жол жүру құжатының (билеттің) бет жағында және оның түбіртегінде «бүлінгеннің орнына берілді» деген белгі қойылады.

Егер бүлінген (жыртылған, күйген, суланған) жол жүру құжаттарының (билеттердің) сәйкестігін анықтауды жүзеге асыру мүмкін болмаса, онда олар қалпына келтірілмейді және оларға төленген ақша қайтарылмайды.

Қалпына келтірілген жол жүру құжаты (билеті) қайтарылмайды және қайта ресімделмейді. Қалпына келтірілген жол жүру құжатына (билетіне) «қалпына келтіруге жатпайды» деген қосымша белгі қойылады.

Қалпына келтірілген бүлінген жол жүру құжатының (билетінің) берілгені туралы билет кассирінің есебіне жолаушының өтініші мен бүлінген жол жүру құжаты (билеті) қоса беріледі.

Бүлінген жол жүру құжаттарын (билеттерін) қалпына келтіру операциясы үшін уәкілетті орган белгілеген мөлшерде алым алынады.

Жоғалған жол жүру қүжаттарының (билеттерінің) ақшасы қайтарылмайды.

100. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) мен тасымалданбаған багаж төлемдерін қайтарудың барлық жағдайларында жолаушыдан жол жүру құжаттары (билеттері) алынады және олар төлемдерді төлеу үшін растау құжаттары болып табылады.

101. Жолаушыларға осы Қағидада қарастырылмаған басқа жағдайларда ақшаны қайтару тек талап ету тәртібімен жүргізіледі. Бұл жағдайларда ақшаны қайтару туралы өтінішке пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) және қажеттілігіне қарай басқа да құжаттар мен анықтамалар коса беріледі.

Жалданған вагондармен жүрілмеген жол жүру үшін ақшаны қайтару туралы талаптарды вагондарды жалд-ау шарты жасалған Тасымалдаушы қарастырады.

 

 



3. Қол жүгін алып жүру

 

§1. Қол жүгін тасымалдау шарттары

 

102. Жолаушыға өзімен бірге бір толық және балалар жол жүру құжатымен (билетімен) ұсақ-түйек қол жүгінен басқа, мөлшері үш өлшемнің жиынтығынан: 200 сантиметрден (100x50x50), 35 кг аспайтын, ал «Таlgo» фирмасының вагондарынан құрастырылған поездарда және соларға ұқсас вагондарда (вагонның биіктігі - 3290 мм, ені - 2950 мм) мөлшері үш өлшемнің жиынтығынан: 150 см (70x40x40), 25 кг аспайтын қол жүгін тегін алып жүруге рұқсат етіледі.



Қол жүгіне жолаушылардың мөлшері жағынан жолаушылар вагондарындағы қол жүгін орналастыруға арналған орындарға сыятын заттары жатады.

Жолаушыға белгіленген нормадан тыс өзімен бірге портфель, әйелдер сөмкесін, дүрбі, шаңғы және оның таяқтары, қармақ, фотоаппарат, қолшатыр, сондай-ақ мөлшері үш өлшем жиынтығынан 100 см-ден аспайтын басқа да ұсақ-түйек заттарды тегін тасымалдауға рұқсат етіледі.

«Таlgo» фирмасының вагондарынан құрастырылған поездардан басқа (вагонның биіктігі - 3290мм, ені - 2950мм) жолаушылар поездарында жол жүрген кезде, қажеттілігіне қарай жолаушы белгіленген нормаға қосымша өзімен бірге мынадай жағдайларда:

1) салмағы 15 кг дейінгі қол жүгін жолаушыға «багаж қолында» деген ЛУ-12А нысанды түбіртегі беріліп, багаж тарифі бойынша бөлек ақыға;

2) салмағы 50 кг дейінгі қол жүгін толық құны төленген бір жол жүру құжатымен (билетпен) 2 орынды купе (СВ) вагонының және 4 орынды купе вагонының бір купесімен;

3) жалпы салмағы 300 кг дейінгі қол жүгін купедегі төрт орынның толық құны төленген жол жүру құжатымен (билетпен) жеке купемен алып жүреді.

Қол жүгін әмбебап багаж вагондарымен (ӘБВ) немесе жылжымалы сақтау камералары-вагондарымен (ЖСК) тасымалдау тәртібі ӘБВ әмбебап багаж вагондары немесе ЖСК жылжымалы сақтау камералары-вагондары жұмысының үлгілік технологиялық үдерістеріне сәйкес белгіленеді.

Егер жолаушы салмағы мен мөлшері белгіленген нормадан асатын қол жүгін тасымалдау ақысын төлегісі келмесе немесе оны әмбебап багаж вагонымен (ӘБВ) немесе жылжымалы сақтау камерасы вагонымен (ЖСК) багаж ретінде тасымалдауға тапсырғысы келмесе, онда мұндай қол жүгі тасымалданбайды.

«Таlgo» фирмасының вагондарынан құрастырылған поездардан және соларға ұқсас вагондардан басқа (вагонның биіктігі - 3290мм, ені - 2950мм) жолаушылар поездарында қол жүгін тасымалдаудың белгіленген нормасы есебімен жолаушыға өзімен бірге бөлшектенген және ораулы күйінде балалар арбасын, байдаркалар, моторсыз велосипедтерді, егер олар мөлшері бойынша қол жүгін орналастыруға арналған орындарға сыятын болса, рұқсат етіледі.

103. Жайлылығы жоғары электр поездарының вагондарынан басқа отыруға арналған орындары бар вагондардан құрастырылған поездармен қол;

жүгін тасымалдаудың белгіленген нормасы есебімен биіктігі 180 см аспайтын балалар арбалары, өсімдіктер, көшеттері байланған және тамыры оралған басқа да отырғызылатын материалдар сияқты қол жүгін тасымалдауға рұқсат етіледі. Аумақтарында шектеу қою іс-шаралары (карантин) енгізілген аудандарда көрсетілген өсімдіктер, көшеттер мен басқа да отырғызылатын материалдар олардың иесі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция берген құжаттарды ұсынған кезде тасымалданады.

Отыруға арналған орындары бар вагондардан құрастырылған поездарда белгіленген нормадан тыс 50 кг дейінгі қол жүгін тасымалдау қосымша билет беру арқылы ресімделеді. Отыруға арналған орындары бар вагондардан құрастырылған поездың тамбурында бір велосипедті немесе балалардың, мүгедектердің арбасын бөлшектенбеген күйінде тасымалдауға рұқсат етіледі.

Жолаушыларға арналған орындарда, сондай-ақ орындар арасындағы бос жерлерге, дәлізге, вагон тамбурларында қол жүгін орналастыруға болмайды.

Тасымалданатын қол жүгін өлшеу үшін станцияларда (вокзалдарда) таразылар орнатылады.

104. Вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын бүлдіретін немесе былғайтын, сондай-ақ зарядталған қаруды, сасық, өртқауіпті, улы, оңай тұтанатын, жарылғыш және басқа да қауіпті заттар (мемлекеттік маңызы бар жағдайды есепке алмағанда) сияқты қол жүгін тсымалдауға рұқсат етілмейді.

105. Егер электронды, тұрмыстық, бейне және аудио техниканың мөлшері үш өлшемнің жиынтығынан 200 см және 35 кг аспайтын болса, ол қол жүгінің нормасы есебімен тасымалданады.

Көрсетілген заттарды үш өлшемнің жиынтығы бойынша 100 см аспайтын қол жүгінің белгіленген нормасынан тыс бір жол жүру құжатымен (билетімен) поездардың барлық вагондарында (отыруға арналған орындары бар қатты вагондардан және «Таlgo» фирмасының вагондарынан және соларға ұқсас вагондардан құрастырылған поездардан басқа, вагон корпусының ең жоғарғы биіктігі - 3290мм, ең жоғарғы ені - 2950мм), оның ішінде шағын габарйтті вагондардан құрастырылған поездардан басқа, отыруға арналған орындары бар вагондардан құрастырылған поездарда (вагон корпусының ең жоғарғы биіктігі - 3290 мм, вагон корпусының ең жоғарғы ені - 2950мм) тасымалдауға жол беріледі.

Қол жүгінің нормасынан тыс тасымалданатын көрсетілген. заттың әр қайсысы үшін оның салмағына қарамастан салмағы. 30 кг болатын багаж тарифі бойынша ақы алынады. Осыдай затты тасымалдау «багажы қолында» деген түбіртек бойынша багаж кассасында ресімделеді. Егер, көрсетілген заттарды тасымалдау қосымша сатып алынған жол жүру құжатымен (билетпен) жүзеге асырылатын болса, онда салмағы 30 кг багаж тарифі бойынша ақы алынбайды.

Аса сақтықты талап ететін телевизорлар, радиоқабылдағыштар, магнитофондар және басқа да құралдар вагондағы қол жүгін тасымалдауға арналған орындарға немесе жолаушының жол жүру құжаты бойынша алып отырған орнына орналастырылады.

Жолаушылар вагондарымен мөлшері бойынша ені кіреберіс купе есіктерінен үлкен ірі габаритті телевизорлар мен басқа да аппаратураны тасымалдауға жол берілмейді.

 

 

§2. Ұмытылып қалған және табылған заттар



 

106. Станциялардан, вокзалдардан, поездардан немесе темір жол бойынан үмыт қалған заттар анықталған барлық жағдайларда, сондай-ақ олардың ішінде жолаушылар мен темір жол көлігі қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіретін заттардың жоқтығы расталған жағдайда, табылған заттардың сыртқы көрінісі мен олардың табылу жағдайлары сипатталып, жалпы нысанды акт жасалады.

Акт затты тауып алған адамның қатысуымен жасалады. Актіге: поезда вагон жолсерігінің қатысуымен жолаушылар поезының бастығы, станцияда станция (вокзал) бастығы қол қояды. Актінің көшірмесі затты тауып алған адамға беріледі.

Станцияда (вокзалда) немесе соңғы пунктке келген поездың құрамында немесе станцияға жалғасып жатқан аралықта ұмытылып қалып, табылған заттар осы станцияның (вокзалдың) бастығына тапсырылады және бұл туралы ұмыт қалған және талап етілмеген заттар кітабына тиісті жазба жасалады. Заттарға оның кітапта жазылған реттік нөмірі және станциясы (вокзал) көрсетіліп, таңбалар ілінеді. Сөмке, түйіншек, қап, чемодан сияқты басқа да заттарға пломбы салынады немесе мөр басылады, ал оның алдында олар ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен ашылып, олардың тізімдемесі жасалады.

Жол жүру барысында поездарда ұмытылып қалған және табылған заттарды жолаушылар поезының бастығы осы поез жасақталған пунктке актімен бірге тапсырады.

107. Күнтізбелік 30 күн өткен соң табылған және іздеу салынбаған заттар Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес сатылуы тиіс.

Сақтау камераларының ішінен жолаушылар алмаған заттарды алу кезінде заттарды сипаттай отырып акт жасалады. Зат иесінің түрғылықты жерін анықтауға мүмкіндік беретін деректер болған кезде, иесіне табылған заттардың орналасқан жері туралы дереу хабарлама жіберіледі. Жауап алынған соң заттар иесінің өтінішіне сәйкес жіберіледі. Тасымалдаушы осындай заттарды сатуға тек иесін іздестірудің барлық жолдары таусылған жағдайда ғана тапсырады.

108. Табылған заттардың қайтып берілуін талап етуші адам заттардың нақты белгілерін, олардың ішінде не барын көрсету немесе заттар жабылған құлыптардың кілттерін ұсыну арқылы өзінің оларға деген құқығын дәлелдейді.

Егер заттар тауып алынған немесе тапсырылған станцияда (вокзалда) сақталатын болса, онда иесіне олар көрсетілген заттарды беруді талап еткен адамның жеке басын куәландыратын құжаттар тексерілгеннен кейін станция (вокзал) бастығының өкімі бойынша беріледі. Егер заттар сатуға жіберілген болса, оларды беру туралы өтінішті заттарды сатуға тапсырған станцияның (вокзалдың) темір жолы қарастырады.

Заттарды алу кезінде олардың берілуін талап еткен адам темір жолға тиесілі барлық тиісті төлемдерді (сақтау, орау, багаж тарифі бойынша тасымалдағаны және басқа да төлемдер үшін) төлейді, сондай-ақ өзінің тұрғылықты жерін және жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірін көрсетіп, заттарды алғаны туралы қолхат береді.

109. Егер жолаушы өз станциясына келіп, вагоннан шығысымен, вагонда заттарының қалып қойғанын байқаса, ол станция (вокзал) бастығына өтініш жасауы тиіс. Станция (вокзал) бастығы жолаушының жазбаша өтініші бойынша болған жағдай туралы дереу жолаушылар поезының бастығына немесе поездың аялдау ұзақтығы 10 минуттан кем болмайтын поездың жүру жолындағы таяу станция (вокзал) бастығының атына қызметтік жеделхат, факсограмма жібереді, телеграммада, факсограммада жолаушы отырған вагон мен орынның нөмірі, ұмытылып қалған заттардың сипаты және оларды жолаушылардың орналасқан жеріне қайта жіберу талабы көрсетіледі.

Мұндай жағдайларда заттарды қайтаруға байланысты барлық шығындар (жеделхат, факсограмма беру, орау, тасымалдау және т.б.) әр түрлі алымдар түбіртектері ресімделіп, олардың иесінің есебінен жүргізіледі.

 

 

4. Багажды тасымалдау тәртібі



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет