Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»



бет4/6
Дата05.07.2016
өлшемі360.5 Kb.
#179228
1   2   3   4   5   6
§1. Багажды тасымалдау

 

110. Жолаушыны тасымалдаушы багажды қабылдайды және осы операциялар үшін ашық кез келген темір жол станциясына дейін жібереді.



Багаж деп жолаушы поезының багаж вагонында жол жүру құжаты бойынша тасымалдауға қабылданған салмағы 200 кг аспайтын мүлік саналады.

Жолаушы қажет болған жағдайда багажды тасымалдауға алдын ала тапсырады. Жолаушы (жөнелтуші) багаж бөліміне тікелей әмбебап багаж вагонындағы поездарда жүк және жүк-багажды қабылдап-тапсырушыларға багажды тапсыруды жүзеге асырады.

Тасымалдауға өздерінің өлшемдері, орауы және қасиеттері бойынша багаж вагонына ешқандай қиындықсыз салынатын және орналастырылатын,

сондай-ақ жолаушылардың багажына зиян келтірмейтін заттар мен нәрселер қабылданады.

Багаждың әрбір орнында оны тиеу, қайта тиеу және түсіру кезінде оны алып жүруге мүмкіндік беретін қүрылғылары (аспаптары) бар. Ыдыс немесе орам тасымалдау уақытында заттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Оргалиттен немесе ағаш-талшықты плитадан жасалған картон қораптар 20 кг аспайтын салмақта қабылданады, чемодандар, жәшіктер, қораптар мен дорбалар тығыз байланады және тігіледі, сандықтар мен жәшіктердің жиектері темірден жасалуы керек.

Аса сақтықты талап ететін бейне-аудиоаппаратура және басқа ұйымдастыру техникасы артық жүксіз жол жүру барысында сақталуын қамтамасыз ететін орамда, ал артық жүкті тасымалдау - тек қатты орамда ғана (жәшіктер және торларда) қабылданады.

Бейне-аудиоаппаратура мен басқа да ұйымдастыру техникасының тасымалдауды ресімдеу кезінде орамның үстіңгі жағына немесе бүйір қабырғаларының біріне «Абайлаңыз, телевизор» немесе «Абайлаңыз, компьютер» деген анық жазулар жазылады.

Багаж ретінде тасымалдауға бір орынның салмағы 75 кг және бір өлшемнің 3 м асатын заттар мен нәрселерді қабылдауға болмайды.

Салмағы 75 кг асатын, бірақ 165 кг аспайтын және 3 м аспайтын бір өлшемнің көлеміндегі бөлінбейтін орындар (мысалы, тоңазытқыш, газ плитасы) тасымалдауға бір жол жүру құжатына (билетке) бір орыннан аспайтын багажымен қабылданады. Бөлінбейтін орындарды багажбен тасымалдау бөлінбейтін орындарды жүк-багажбен тасымалдау тәртібіне ұқсас тәртіппен жүргізіледі.

Багажбен өсімдіктерді, соның ішінде көшеттерді және басқа отырғызу материалдарын тасымалдау барысында олардың орама қораптары (ыдыстары) тасымалдау сақтығына кепілдік беруге және басқа адамдардың багажы мен жүк-багаждарын ластамауға тиіс. Бұл жағдайда әрбір жөнелтудің орны салмағы бойынша 25 кг және биіктігі бойынша 200 см аспауға тиіс. Карантин жарияланған аудандардың аумақтарындағы көрсетілген жөнелту станциясы бойынша бар материалдарын тасымалдау құқығына өсімдіктердің карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция берген карантин қүжатының иесі ұсынғанда ғана қабылданады.

111. Багаж жарамсыз орамда тасымалдауға үеынылған жағдайда, тасымалдаушы оларды қажет кезде тасымалдаудан бас тартады.

Орамында бүлінуіне немесе жоғалуына әкелмейтін кемшіліктер болса, багаж осы кемшіліктер туралы тасымалдау құжаттарында көрсетумен тасымалдануға қабылданады.

112. Багажбен:

1) атыс қаруын, жарылғыш, улы, иісі жаман, инфекциялық, өрт қауіпі бар, оңай тұтанатын, өздігінен жанатын, есірткі және уландырғыш заттарды, оқ-дәріні және басқа жолаушылардың багажына немесе тасымалдаушыға зиян келтіруі мүмкін өзге де заттар мен нәрселерді;

2) бағалы қағаздарды, құжаттарды, ақшаларды, бағалы тастар мен басқа да құндылықтарды тасымалдауға тыйым салынады.

113. Тез бүлінетін тағамдардың немесе багаж ішіндегі басқа заттардың арасына жолаушы өзі орап салған сынғыш және осал заттардың, сондай-ақ жеке оралған сынғыш және осал заттардың (шыны, фарфор, телевизорлар, қабылдағыштар) бүлінуі немесе олардың қанағаттанарлықсыз жағдайы егер ораманың сыртында багаждың бүлінуіне әкеп соқтыратындай ешқандай зақым болса, багаждың иесіне жүктеледі.

114. Багаж кассалары поезд жолаушылары ұсынатын барлық багаждың кідіріссіз қабылдануын қамтамасыз ету үшін алдын ала ашылуы тиіс.

115. Багаж жолаушы жөнелтілген станцияда, сондай-ақ багаж операциялары үшін ашық жол жүру барысындағы кез келген аралық станцияда тасымалдануға тапсырылады. Келу станциясы ретінде жолаушының соңғы жол жүру станциясы, сол сияқты жол жүру барысында орналасқан және багаж операцияларын жасау үшін ашық кез келген станция бола алады. Бастапқы жөңелту станциясында салмағына қарай багажды қабылдау багаж квитанцияларының біреуін немесе бірнешеуін беріп, ресімделеді.

116. Жолаушы (жөнелтуші) багажды алғашқы жөнелту станциясында немесе жол жүру барысында тікелей өзі келе жатқан багаж вагонына немесе ӘБВ (егер ондай поездың қүрамында бар болса) тасымалдауға тапсырады.

Мұндай жағдайда багажды қабылдап-тапсырушы багаж операцияларын жасау үшін ашық жолаушының алғашқы жөнелтілген станциясына дейін ғана, бірақ жол жүру барысында артық жүксіз қабылданады. Жолаушы ауысып отырумен немесе тікелей қатынастағы вагонда келе жатса, багаж тек оның қайта отыру станциясына дейін қабылданады.

Жолда жолаушыдан (жөнелтушіден) осы поездың багаж вагонында тасымалдауға багаж қабылдау мүмкіндігі болған жағдайда поездың аялдама жасау кезінде алдын ала хабарлау бойынша қабылдап-тапсырушысы жүргізеді.

Мұндай жағдайларда багаж қабылдауды ресімдеу, төлемдер алу және келу станциясында багажды беру, платформалық багаж үшін қарастырылған тәртіппен жүргізіледі.

117. Егер ұсынылған жол жүру құжатында багаж қабылданғаны туралы белгі болса, қабылдап-тапсырушы затбелгінің келесі жағына қолмен «багаж екінші рет қабылданған» деген затбелгі белгісі қояды және оның үстіне бүрын затбелгі таңбасы бойынша багаж келген затбелгінің нөмірін қояды. Бұл жағдайда беру станциясының кассирі затбелгідегі белгіге сәйкес тасымалданған багаждың жалпы салмағын анықтайды да тасымалдау төлемдерін алады.

Келу станциясында багажды беру багаждың салмағы анықталғаннан кейін және багаж кассасы барлық тиісті төлемдерді алғаннан кейін затбелгіге айырбасталып беріледі.

Затбелгі бойынша ресімделген әрбір багаж жөнелтіліміне поездардағы жүкті және жүк-багажды қабылдап-тапсырушы ГУ-26-п нысанды жеке тапсыру тізімін толтырады және тізімнің бірінші екі жолына «Багаж затбелгі бойынша» деген жазба жазып, багажды тапсыру кезінде анықталған деректерді қояды, және де оған поездарда жүкті және жүк-багажды қабылдап-тапсырушы мен станциядағы жүкті және жүк-багажды қабылдап-тапсырушы өздерінің қолдарын қояды.

Бөлінбейтін заттар (балалар арбалары, велосипедтер) тасымалдауға тікелей поездың құрамында қатынайтын багажға немесе ӘБВ-ға қабылданады. Багажды қабылдау багаж кассасына тасымалдау ақысын алдын-ала қашықтыққа және әр нәрсенің тіркелген салмағына қарай 20 кг төлегеннен кейін, ал салмағы 20 кг асатындар үшін багаж тарифі мен нақты салмағы бойынша ақы төлегеннен кейін жүргізіледі. Тасымалдаушы ӘБВ ресімдеу кезінде МД-4-3 нысанды түбіртегін береді. Тасымалдаушы ішкі есеп саясатына сәйкес төлемнің өзге шарттарын белгілейді. Көрсетілген заттар жол жүру барысында артық жүк заттары тапсырылған поезда келе жатқан жолаушылардан қабылданады.

Тасымалдаушы жүкті және жүкбагажды қабылдап-тапсырушы багажды ӘБВ және ПКХ жұмысының технологиялық үдерісінде көрсетілген тәртіпке сәйкес тікелей вагоннан береді.

118. Жөнелтуші келіскен кезде багаж жол жүру құжатында көрсетілмеген, басқа маршрут немесе басқа поезбен, оның ішінде жолаушы өзі баратын поездан бұрын жіберіледі. Ол туралы багаж түбіртегінде «Багаж _________ жөнелтілсін (саны)» немесе «Багаж ______________________ маршрут бойынша жіберілсін» деген белгі жасалады.

Көрсетілген белгі жолаушының қолымен бекітіледі.

119. Егер жолаушы өз багажының поезда оның келу станциясына дейін жетуін қаламаған жағдайда, багажды түбіртекті ұсыну арқылы жолаушыны поездан түсіру станциясында береді немесе багажды түсіруге мүмкіндік болмаса, жақын арадағы станцияға дейін барып, бірінші кері қайту поезымен оны станцияға қайтарады. Жолаушы поездан науқастанып қалған себебімен түсірілсе, жолаушы поездан түскен станция (вокзал) бастығының жеделхаты негізінде багаж тегін қайтарылады.

 

 

§2. Багажды тасымалдауды ресімдеу тәртібі



 

120. Тасымалдауға тапсырылатын багаждың әрбір орны таңбалаудың көрсетілген ережесіне сәйкес таңбаланады. Таңбалау бирка жапсыру немесе жазу түсіру арқылы жүргізіледі. Багаждың жеке орнының салмағы кемінде 10 кг болуға тиіс. Толық емес 10 кг толық болып есептеледі.

121. Жөнелту станциясында (вокзалында) тасымалдауға багаж қабылданғанын растау ретінде жолаушыға (жөнелтушіге) АБЖ арқылы немесе қол технологиясы бойынша ресімделген багаж түбіртегі беріледі. Багаж түбіртегінде жол жүру құжатының нөмірі, жолаушының қалауы бойынша багаждың келгені туралы мәлімдеме жіберілетін пошталық мекенжай көрсетіледі және жолаушы (жөнелтуші) таңдаған хабарлау тәсілі (тапсырысты хатпен, тапсырысты ашықхатпен немесе жолаушының қалауы бойынша телеграфпен) аталады.

Бұл ретте жөнелту станциясында тасымалдау құжатының (билетінің) «ерекше белгілер» бағанында «хабарлаумен» деген белгі түсіріледі.

Багаж бөлімшесі тасымалдауға қабылдаған багажды тасымалдау үшін тәлем багажды жөнелту станциясында тасымалдау құжаттарын ресімдеу кезінде алынады.

Жолаушы (жөнелтуші) тасымалдау құжатында (багаж түбіртегінде) көрсетілген деректемелердің (жөнелтушінің және алушының пошталық мекенжайлары, келу станциясы, орам түрі, тасымалданатын багаждың атауы, салмағы, орындар саны және т.б.) дұрыстығын тексереді.

122. Тасымалдауға оралмаған велосипедтерді қабылданған кезде багаж түбіртегінде велосипедтің нөмірі, маркасы (ерлердің, әйелдер, балалар) және оның қандай заттары бар екендігі көрсетіледі.

Автомобиль шиналары тасымалдауға багаж түбіртегінде «камерасы бар» немесе «камерасыз», «жаңа» немесе «пайдалануда болған» белгілерін жасап, ораусыз багаж немесе жүк-багаж ретінде қабылданады.

 

 

§3. Багаждың құндылығын жариялау тәртібі



 

123. Жолаушы қажет болған жағдайда багажды тапсыру кезінде ақы төлеу негізінде оның құндылығын жариялайды.

124. Багажды тасымалдауға бірнеше орын ұсынылса, жолаушы әр жеке орынның құндылығын немесе осы орындардың жалпы құндылығын жариялауға тиіс. Егер жолаушы багаждың құндылығын жариялауды қаламаса, онда багаж түбіртегінің (Жарияланған құндылық) бағанында жолаушының қолы қойылған белгі (Құндылықты жариялаудан бас тартамын) жасалуы керек.

Жарияланған қүндылықтың сомасы багаж түбіртегінде жазумен және цифрлармен көрсетіледі, ал әрбір жеке орынның құндылығы мен салмағы цифрмен жазылады.

Тамақ өнімдеріне, оның ішінде тез бүлінетін жүктерге құндылық жарияланбайды.

Багажды қабылдау және беру бойынша операцияларды орындамайтын станциялардан жөнелтілетін багаждың құндылығы жарияланбайды.

Егер багаж бөлімшесінің қызметкерінде жолаушы өз багажын бағалау дүрыстығына күмән келтірген жағдай туындаса (егер баға белгіленген сомадан асса), ол тексеру үшін жолаушыдан багажын ашуды талап етуге құқылы.

Жолаушы тексеру үшін немесе станция қызметкері ұсынған баға сомасымен багажды ашуға келіспеген жағдайда багаж құндылығын жарияламай-ақ тасымалдауға қабылданады.

125. Багажды тасымалдау багажды қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындамайтын станциялардан осы операцияларды орындамайтын станцияға дейін және керісінше жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тасымалдау жол жүру барысында артық жүксіз жүзеге асырылады. Багажды қабылдау және беру бойынша операцияларды орындамайтын станциялар арасында багажды тасымалдау жүргізілмейді.

126. Багажды қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындамайтын станцияларда багаж жөнелтілген кезде жөнелту станциясы жөнелтушіге багаж түбіртегін береді, онда багаждың тағайындау пункті мен аялдау пунктінен кейінгі тарифтік станция көрсетіледі және осындай пунктте багаж түсірілуге жататыны туралы белгі жасалады. Мұндай жағдайларда қабылдап-тапсырушы аялдау пунктінде осы поездың аялдау уақыты ішінде тікелей багаж вагонынан багаж түбіртегінің орнына багажды береді.

Багажды алушының багажды қабылдау және беру бойынша операцияны орындамайтын станцияда багаж вагонына келмеген, багаждан бас тартқан, багаж бүлінген немесе ішінара жеткіліксіз болған жағдайда, багаж түсірілмейді және багаж квитанциясында көрсетілген станцияға жеткізіледі және сол жерде беріледі.

127. Багажды қабылдау және беру жөніндегі операцияларды орындамайтын станциядан багажды жөнелткен кезде жолаушы белгі бойынша багажды және жүк-багажды қабылдап-тапсырушыға тікелей багаж вагонына осы поездың аялдау уақыты ішінде багажды тапсырады.

Поездарда багажды және жүк-багажды қабылдап-тапсырушы жол жүру барысында багаж вагонына тікелей тасымалдауға қабылдаған багажды тасымалдағаны және затбелгінің ресімделіп берілгені үшін төлем жолаушыдан затбелгіні ұсынғанда келу станциясында алынады. Бұл ретте төлемдер іс жүзінде тасымалдау қашықтығына тиісті прейскурантта көзделген тариф бойынша есептелінеді және әртүрлі алымдар түбіртектері бойынша багажды берген кезде алынады.

 

 



§4. Иттерді, ұсақ үй жануарларын, құстар мен араларды тасымалдау

 

128. Барлық санаттағы поездарда ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарды барлық санаттағы вагондардың жекелеген купелерінде тасымалдауға ғана жол беріледі. Бұл ретте жолаушы купедегі орын саны бойынша жол жүру құжаттарының (билеттер) құнын төлеуге міндетті. Поездарда жануарлар мен құстарды тасымалдау белгіленген нысандағы ветеринарлық куәлікті көрсету арқылы рұқсат етіледі.



Ұсақ үй жануарлары, иттер мен құстар жәшіктерде, себеттерде, торларда, контейнерлерде тасымалданады.

Ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарды тасымалдау кезінде олардың иелері немесе бірге алып жүрушілер вагонда санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

Барлық санаттардағы поездар мен вагондарда қол жүгі ретінде жабайы жануарларды тасымалдауға рұқсат берілмейді.

Тасымалдау жағдайлары сақталған кезде Тасымалдаушының рұқсатымен багаж вагонында жабайы жануарларды, кеміргіштер және бауырымен жорғалайтындарды тасымалдау жүзеге асырылады.

Егер жабайы жануарларды, кеміргіштерді және бауырымен жорғалайтындарды тасымалдау жағдайында багаж вагонын қайтадан жабдықтау қажет ететін болса, онда осымен байланысты шығындарды олардың иелері немесе алып жүрушілер өтейді.

129. Жолаушылар поездарында, оның ішінде қызметтік поезда ірі түқымды иттерді тасымалдау нақты салмағына сәйкес багаж тарифі бойынша жүргізіледі:

1) жолаушылар поезының локомотивінен кейінгі бірінші вагонның жұмыс істемейтін тамбурында (екі иттен асырмай) шынжырмен немесе белбеумен байланып, осы вагонда жол жүріп келе жатқан иелерінің немесе алып жүретін адамдардың қадағалауымен жүргізіледі. Тасымалдау оң жағында «Жолаушы қолындағы багаж» деген жазуы бар багаж түбіртегі бойынша жүргізіледі;

2) купелі вагонның жеке купесінде, жайлылығы жоғары вагондардан басқа (кемінде екі иттен) - олардың иелерінің немесе купедегі барлық орындардың толық қүнын төлей отырып бірге жүрушілердің қадағалауымен.

Бұл ретте оларды тасымалдағаны үшін қосымша ақы алынбайды.

3) иттерді тобымен тасымалдау поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 5 тәуліктен кешіктірмей тасымалдаушыға берілетін алдын ала өтінімдер бойынша ғана, багаж вагондарында жалға алу шартында рұқсат етіледі;

4) иесінің қадағалауымен (кемінде екі иттен) ауданаралық (қалааралық) немесе (қала маңындағы) қатынас поезының тамбурында;

5) осы вагонда жол жүруі тиіс иелерінің немесе алып жүретін адамдардың қадағалауымен багаж вагондарында арнайы контейнерлерде немесе табандығы бар жәшіктерде. Иелері немесе алып жүретін адамдар иттерді тасымалдау үшін арнайы контейнерлерді немесе табандығы бар жәшіктерді қамтамасыз етеді;

6) зағип жолаушылар жолсерік-иттерді өзімен барлық санаттағы поездардың барлық қатты вагондарында өзінің жанында тегін алып жүреді.

130. Қала маңындағы поезда жолаушының өзімен бірге ұсақ үй жануарлары мен құстарды тасымалдауы ақысыз жүзеге асырылады, ал жергілікті және алыс поездарда жолаушыға бет жағында «Жолаушы қолындағы Багаж» деген жазуы бар багаж түбіртегін береді.

131. Жолда жолаушы вагонынан ұсақ үй жануарларын, құстар мен иттерді багаж вагонына ауыстырған жағдайда, багаж түбіртегі тасымалдауға арналған құжат ретінде багаж вагонының қабылдап-тапсырушысына тапсырылады. Қабылдап-тапсырушы жолаушыға багаж түбіртегінің нөмірі мен келу станциясы көрсетілген затбелгіні береді.

132. Багаж вагонында иттерді, ұсақ үй жануарларын, аралар мен құстарды жол барысында артық жүксіз тасымалдауға қабылдауға рұқсат етіледі.

Ұсақ үй жануарлары, иттер, құстар мен аралар арнайы контейнерлерде немесе вагонда тұрған багаждың және басқа адамдардың жүк-багаждарының бүлінуіне, ал вагонның өзінің ластанбайтынына кепілдік беретін жолаушының түбі бар (себеттерінде, торларында, жәшіктерінде) ыдыстарында тасымалданады. Көрсетілген ыдыс тасымалданатын жануарлардың мөлшері мен санына сәйкес келуі тиіс. Ыдыстың ұсынылған осы пунктке сәйкес келетіндігі туралы мәселені ұсақ үй жануарларын, иттер, құстар мен араларды жөнелту станциясы багаж бөлімшесінің бастығы шешеді.

Багажды вагонда тасымалданатын ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарға жем беру темір жолдың міндеті болып табылмайды.

133. Аралар Цельсий бойынша сыртқы ауа температурасы +10 градустан артық болмаған кезде күзгі-көктемгі кезеңде багаж вагонында тасымалдауға қабылданады. Араларды осы поезда жол жүруге тиіс сүйемелдеушінің қадағалауымен ара ұяларында немесе фанерлі пакеттерде тасымалдайды. Вагонда, ара ұяларында және пакеттерде ара ұяларының желдету саңылауларынан қоршалмауын және оларға қатысты ерікті тәсілмен қамтамасыз етілуін белгілейді.

Багаж вагонында араларды тасымалдауда нақты салмағы үшін ақы алынады.

134. Ұсақ жануарларды, құстар мен араларды тасымалдауға тиісті поезд кеткенге дейін 1 сағат бұрын қабылданады.

Иттерді, құстарды, үсақ жануарлар мен араларды тасымалдауға багаж түбіртегі беріледі, онда ыдысымен жалпы салмағын және тасымалданып отырған жануарлар мен құстардың санын көрсете отырып, «Тордағы ит», «Тордағы құс» деген белгілер қойылады.

135. Поезд келу станциясына келгеннен кейін жолаушы құстарды, ұсақ жануарлар мен араларды дереу, бірақ келген сәттен бастап 12 сағатан кешіктірмей алуға міндетті, осы уақыттан кейін олар осы Қағидада көрсетілген тәртіппен акті бойынша сатуға тапсырылады.

136. Жануарлар, қүстар мен араларды тасымалдау жасалған багаж түбіртегі жоғалған жағдайда жолаушы олардың тек өзіне тиістілігіне дәлелдер ұсынғанда ғана алушының тегін, атын, әкесінің атын және тұрақты мекенжайын көрсетіп, қолын қойдыра отырып берілуі мүмкін.

137. Багаж вагонында үсақ үй жануарларын, иттерді, құстар мен араларды тасымалдау тиісті нысандағы ветеринарлық куәліктерді ұсыну бойынша жүргізіледі.

138. Тергеу немесе кеден органдарының өкімі бойынша багаж кідіртілген жағдайда, багаж кідіртілген станцияда станция бастығының немесе багаж бөлімшесі қызметкерінің және тиісті кеден немесе тергеу қызметкерінің қолы қойылып акті жасалады, бұл туралы багаждың келу станциясына багаж бөлімшесінің қызметкері жеделхат арқылы хабарлайды.

 

 

§5. Багажды беру тәртібі



 

139. Багаж келу станциясына келгеннен кейін алушыға (қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындау үшін станция ашық болған уақыт ішінде) ол багаж түбіртегін, барлық жол жүру бағытына ресімделген жол жүру құжаттарын (билеттерін) және жеке басын куәландыратын құжат ұсынғаннан кейін беріледі. Алушыда жол жүру құжаттары (билеттері) болмаған жағдайда одан әртүрлі алымдар түбіртегі бойынша жүк-багаж тарифіне дейін қосымша ақы алынады. Бұл ретте багаж түбіртегі қайтып алынып, багаж жол ведомосіне жапсырылады және темір жол көлігінің ұйымына жіберіледі.

Жолаушының (алушының) қалауы бойынша келу станциясы тәулік өткеннен кейін (келген күнін есептемегенде) алушыға телефон арқылы, тапсырысты хатпен (тапсырысты ашықхатпен) немесе басқа да жолмен оның атына багаж келгені туралы хабарлайды.

140. Келген багаж станция жолаушы тасымалдары бойынша операциялар үшін ашық деп жарияланған уақытта беріледі. Багажды келу станциясында поездардағы жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы тікелей багаж вагонынан береді (затбелгі бойынша қабылданған багаждан басқа).

Тасымалдаушы аралық станцияда келген багажды беру бойынша операцияларды поезд жүріп өткеннен кейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей, ал соңғы станцияларда - багаж вагонын түсіргеннен кейін жүргізеді.

Көлік құралдары бар болғанда багаж жолаушының (алушының) қалауы бойынша ол көрсеткен жерге дейін белгіленген ставкалар бойынша ақы алынғаннан кейін жеткізіледі.

Алушы қажет болған жағдайда багаждың салмағын тексере алады. Багаждың салмағын тексергені үшін төлем алынбайды.

141. Алушы багаж түбіртегін (затбелгіні) ұсынбаған, бірақ ол бойынша жөнелту қабылданған жол жүру құжатын (билетін) көрсеткен жағдайда, алушыға багаж жазбаша өтініші бойынша (өзіне тиесілі жөнелтілімнің куәландырылуын берген жағдайда: зат ыдысының немесе орамасының дәл белгілері, ішіндегісінің тізбесі) жүкбагажды тасымалдағаны үшін одан тариф бойынша айырымды өндіріп алусыз алушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері (оның жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес) көрсетіле отырып қолхат бойынша беріледі.

142. Багаж келмеген жағдайда, келу станциясы багаж түбіртегінің келесі бетіне жеткізу мерзімі өтіп кеткеннен кейін «Багаж келген жоқ» деген белгі жасауға, жылын, айын және күнін көрсетумен мөртабанын қоюға және жолаушыдан (алушыдан) багаж келгені туралы хабарлама беруді жіберу үшін оның мекенжайы көрсетілген өтініш алуы тиіс. Бұл жағдайда хабарлағаны үшін төлем алынбайды. Сол күні келу станциясына көрсетілген багаж келген жағдайда алушыға тапсырысты хатпен, тапсырысты ашықхатпен хабарлама жібереді және бұл жайында телефон арқылы қосымша хабарлайды.

Темір жолдың кінәсінен келу станциясына багажды түсірмеген жағдайда алушының талап етуі бойынша багаж келу станциясына тегін қайтарылады.

Багажды жеткізуде мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппүл төлеуді Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тасымалдаушының кінәсі анықталғаннан кейін және алушының талап етуі бойынша жасалған жалпы нысандағы акті негізінде жүргізеді.

Айыппұлды төлеуге жасалған жалпы нысандағы актіде мынадай деректер болуы тиіс: багаж түбіртегінің нөмірі, тасымалдауға қойылатын багажды * қабылдау күні, багаждың келген күні, багажды жеткізу мерзімінің күні, тасымалдағаны үшін алынатын сома, мерзімін өткізіп алған тәулік саны, төлеуге жататын айыппұл сомасы, багажды алушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері, алушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, оның берілген күні, кім берді және нөмірі.

143. Багажды жеткізу мерзімі багаж жіберілген поездың қозғалыс кестесіне сәйкес темір жол келу станциясына жету уақытымен анықталады.

Егер багаж маршрут бойынша жолда артық жүкпен баратын болса, онда багажды жеткізу мерзімі осы маршрут бойынша келісілген поездардың жүру уақытымен әрбір артық жүкке 1 тәулік қосумен белгіленеді.

144. Табылған багаждың келгені туралы келу станциясы оның келген күні жолаушыға (алушыға) тапсырысты хатпен, тапсырысты ашықхатпен хабарландыру хаты жібереді.

Егер келу станциясы табылған багаждың келгені туралы хабарламаса, онда ол хабарландыру жібергенге дейін багажды сақтаған күндері үшін төлем алмайды.

 

 

§6. Жол жүру барысында багажды беру тәртібі



 

145. Жолаушы (алушы) жол жүру барысында өз багажын қайтып алуды қалаған кезде ол бұл туралы алдын ала поезд бастығы арқылы немесе өзі поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушыға ескертуі тиіс.

Егер жолаушы (алушы) өз багажын алуды қалаған станцияда багаж вагонына тиеу жағдайлары және поездың түру уақыты бойынша бұл мүмкін болса, поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы багажды береді, ал жолаушыдан (алушыдан) қайтып алынған багаж түбіртегін багаж жол ведомосімен бірге багаж берілген станцияға станция мөртабанын басу үшін және кейін тасымалдаушыға кезекті есеп беру үшін тапсырады.

146. Поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы багаж квитанциясына «багаж вагоннан жолаушының қолына берілді» деген белгі жасауға міндетті, ал станцияның жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы тапсыру тізіміне осындай мазмұнда белгі жасайды. Бүл жағдайларда өтілмеген қашықтық үшін төлемдер қайтарылмайды.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет