§3. Жол жүру шарттары
43. Жолаушыларды тасымалдау жолаушыларды отырғызып, түсіруге ашық барлық темір жол станциялары мен аялдау пункттері арасында жүзеге асырылады.
44. Жолаушы жолаушылар поезына отырған кезде тиісті түрде ресімделген жол жүру құжатын (билетін) және жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді. Вагонның жолсерігі жолаушыны вагонға отырғызу кезінде жол жүру қүжатын (билетін) және деректемелері (аты-жөні) жол жүру құжатында көрсетілген оның жеке басын куәландыратын құжатты тексереді.
Отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездарға отыру кезінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету талап етілмейді.
Поезға жолаушыларды отырғызу кезінде вагонның жолсерігі қол жүгінің белгіленген нормадағы салмаққа сәйкестігін тексереді.
Вагонның жолсерігі жолаушыларды вагонға отырғызу кезінде олардың жол жүру құжаттарын (билеттерін) шығарып салушыларда ұмытып кетпеулерін ескертеді, сондай-ақ жол жүру барысында билетсіз жолаушылардың жүруін және белгіленген нормадан (мөлшерден) тыс қол жүгінің тасымалдануын болдырмауға шаралар қолданады.
45. Жолаушының тегі мен ұсынылған жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген тегі сәйкес келмеген, жол жүру құжатында (билетте) тегі өзгертілген (түзетілген) жағдайда жолаушының поезға отыруына жол берілмейді. Осындай жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша ақша қайтарылмайды.
46. Әр жолаушы жолаушылар вагонынан жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген орынға (орындарға) сәйкес орын (орындар) алады. Осы орындарда бөгде адамдардың жол жүруіне тыйым салынады.
47. Жолаушыны отырғызу жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген станцияда және жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген поездың жүру бағытындағы кез келген келесі станцияларда жүргізіледі.
48. Әр жолаушы жол жүру құжатын (билетті) барлық жол жүру барысында сақтайды және бақылау жасап отырған адамдардың талабы бойынша көрсетеді (жол жүру құжаты (билет) қол технологиясы бойынша сатып алынған және вагонның жолсерігінде сақталатын жағдайдан басқа жағдайларда) және осы Қағидада белгіленген талаптарды сақтайды.
49. «Слип» бақылау купоны немесе автоматтандырылмаған тәсілмен ресімделген жол жүру құжаты (билет) осы поезда жол жүрудің соңына дейін вагон жолсерігінде сақталады.
50. Жолаушыларды вагонға отырғызу кезінде вагон жолсерігі жол жүру құжатының бланкін ортасынан бүктегеннен кейін бүктелген жерінің 1 сантиметрден аспайтын жоғарғы бұрышы жыртылып алынады.
51. Жол жүру құжатына (билетіне) сәйкес вагонда орын беру мүмкіндігі болмаған жағдайда жолаушылар поезының бастығы екі данада акт жасайды және жолаушыға оның келісімі бойынша қызметтік купеден, оның ішінде санаты жоғары вагоннан (қосымша ақы төлетпестен) орын береді. Актінің бір данасы тексеру және шара қолдану үшін поезды жасақтау пунктіне тапсырылады. Актіде жолаушының тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, жол жүру құжатының нөмірі, поездың нөмірі, поездың жүру маршруты, вагонның, орынның нөмірі, аттану және келу станциялары көрсетіледі.
Егер жолаушыға жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген орын құнынан құны төмен орын ұсынылатын болса, оған осы Қағиданың 91-тармағында қарастырылған тәртіппен жол жүру құнындағы айырмашылық қайтарылады.
Жолаушы өзіне ұсынылған орынды ауыстырудан бас тартқан немесе дәл осы поезда оған орын ұсынуға мүмкіндік болмаған жағдайда оған осы Қағиданың 91-тармағында қарастырылған тәртіппен жол жүру құны қайтарылады.
52. Жолаушылар орындарды тәуліктің кез келген уақытында пайдалана алады. Жоғарғы сөрелерді көтеруді және түсіруді жолаушылардың өтініші бойынша вагон жолсеріктері немесе жолаушылар жүзеге асырады.
53. Вагон жолсеріктері жолаушыларға поездың межелі станцияға жақындағаны туралы және поезд жүріп өтетін санитарлық аймақтар шекарасы туралы кемінде 30 минут бұрын ескертеді.
54. Поездан қалып қойған жолаушы бұл туралы станция (вокзал) бастығына (немесе осыған уәкілетті адамға) мәлімдеуі тиіс.
Егер поездан қалып қойған жолаушының қол жүгі немесе жол жүру құжаты (билеті) вагонда қалып қойса, станция (вокзал) бастығы бірден поездың жүру барысы бойынша жақын арадағы (станция) вокзал бастығына қалып қойған қол жүгін және/немесе жол жүру құжатын түсіру туралы телефонограмма арқылы хабарлайды. Станция (вокзал) бастығы көрсетілген хабарды алғаннан кейін поезд бастығымен бірлесіп, қалып қойған жолаушының қол жүгін және/немесе жол жүру қркатын түсіру және сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Жолаушылар поезының бастығы қалып қойған қол жүгі орындарының атауы мен санын немесе жол жүру құжатын көрсетіп, акт жасайды. Актіге поезд бастығы, вагонның жолсерігі және екі жолаушы қол қояды. Актіде поезд бастығының мөртабаны қойылады. Қалып қойған қол жүгі, жеке заттары және/немесе жол жүру құжаты (билет) актімен бірге станцияға (вокзалға) тапсырылады. Станция (вокзал) бастығы жолаушы отырған станцияға поездан қол жүгінің, жеке заттары және/немесе жол жүру құжатының (билеті) түсірілгені туралы хабарлайды.
55. Поезд жөнелтілгеннен кейін жолаушының жол жүру құжаттары (билеттері) шығарып салушыларда қалып қойған болса, мұндай жолаушы билетсіз деп есептеледі.
Жол жүру барысында жолсерік бақылау купонын алған соң, жолаушы жол жүру құжатын (билетін) жоғалтқан немесе бүлдірген (жыртылған, өртенгең) жағдайларда жол жүру құжаттары (билеттері) қалпына келтірілмейді. Бұл жағдайда жолаушы жол жүруді жолсеріктегі бақылау купонына сәйкес жалғастырады.
56. Жолаушылар поезының вагонында жол жүру кезінде мыналарға:
1) жол жүру құжатынсыз (билетсіз) жүруге;
2) вагондардың ілме басқыштарымен, вагон төбесінде және вагон астында жүруге, поезд жүріп келе жатқанда отырғызып, түсіруге;
3) вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын бүлдіретін немесе ластайтын қол жүгін, сондай-ақ сасық, өртқауіпті, улы, тез тұтанғыш, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды тасымалдауға;
4) қажеттіліксіз поезды тоқтату кранымен тоқтатуға;
5) тамбурлар мен өтпелі алаңдарда жүруге;
6) белгіленбеген орындарда темекі шегуге;
7) вагондардың терезелерінен және есіктерінен қоқыстар мен басқа да заттарды лақтыруға тыйым салынады.
57. Төсек-орын жабдықтарын, төсек-орынды жоғалтқаны, бүлдіргені, сондай-ақ вагонның ішкі жабдықтарының заттарын ішінара, толық зақымдаған немесе жоғалтқаны үшін жолаушы олардың құнын бастапқы құны бойынша өтейді.
Мұндай жағдайда осындай зақым (бүлдіру немесе жоғалту) келтірген жолаушының қатысуымен жолаушылар поезының бастығы, поездың электр механигі және вагонның жолсерігі екі данада акті жасайды. Актіде ненің зақымданғаны немесе жоғалғаны және жолаушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер көрсетіледі. Актіге поезд бастығының мөртабаны қойылады. Актінің бір данасы қол қойдырылып жолаушыға беріледі. Екінші данасы шаралар қабылдау үшін поезды жасақтау пунктіне беріледі.
§4. Жолаушылар вагонының, оның ішінде жайлылық деңгейі бойынша санаты
58. Отыруға арналған қатты орындары бар жалпы вагон - вагон ортақ электр жарығымен, ауа желдеткіш жүйесімен, ортақ радионүктемен, дәретханалармен (дәретхана қағазымен және сабынмен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, терезе перделерімен, шай әбзелдерімен, ыдыс-аяқтармен және медициналық дәрі қобдишаларымен жабдықталған.
59. Жатуға арналған қатты орындары бар плацкарт вагоны - вагон ортақ және жергілікті электр жарығымен, ауа желдеткіш жүйесімен, ортақ радионүктемен, дәретханалармен (дәретхана қағазымен және сабынмен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, терезе перделерімен, шай әбзелдерімен және ыдыс-аяқтармен, төсек-орын жабдықтары жиынтығымен (жастық, көрпе, тысты матрас), төсек-орын жабдықтарымен (2 жайма, 1 жастықтыс, 1 сүлгі) және медициналық дәрі қобдишаларымен жабдықталған.
Ұйымдасқан балалар ұжымдарын тасымалдауға арналған жолаушылар вагондары жоғарғы сөрелерге арналған қауіпсіздік белбеулерімен қамтамасыз етіледі.
Вагонның осы үлгісіне «Турист» класының вагондары жатқызылған - олар жатуға арналған жатын орындары бар 4 орынды купеден тұратын 20 орынды вагондар, төменгі орындар отыруға арналған төрт орындық болып өзгертіледі, әр купеде қолжуғыш болады.
60. Жатуға арналған қатты орындары бар 4 орынды купеден тұратын вагон - вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдеткіш және ауа баптау жүйесімен, дәретханалармен (дәретхана қағазымен және сабынмен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, жеке радионүктемен, дәліздері мен купелері перделермен, күнперделермен, кілемшелермен, кілем төсеніштермен, шай әбзелдерімен және ыдыс-аяқтармен, төсек-орын жабдықтары жиынтығымен, олар: 2 жайма, 1 жастықтыс, 1 вафельді не түкті сүлгі, жастық, көрпе, тысты матрас және әр жатын орын үшін бір-бірден сыртқы киімдерге арналған ілгіш-киімілгіштермен жабдықталған.
61. Жатуға арналған орындары бар төменгі жағында жұмсақ дивандар орналасқан 2 орынды купеден тұратын вагон - вагон (бұдан әрі - СВ) және отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 4 орынды купеден тұратын вагон -ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету және ауа баптау жүйесімен, бейне және телеаппаратуралармен, дәретханалармен (дәретхана қағазымен және сабынмен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, жеке радионүктемен, дәліздері мен купелері перделермен және күнперделермен, кілемшемен және кілем төсеніштерімен, шай әбзелдерімен және ыдыс-аяқтармен, төсек-орын жабдықтары жиынтығымен, олар: 2 жайма, 1 жастықтыс, 1 вафельді не түкті сүлгі, жастық, көрпе, тысты матрас және әр жатын орын үшін бір-бірден сыртқы киімдерге арналған ілгіш-киімілгіштермен жабдықталған.
62. Ярус тәрізді орналасқан жұмсақ дивандары, бірнеше күйге келтіретін құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ керсолары бар 2 орынды РИЦ габаритті вагоны - вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету және ауа баптау жүйесімен, дәретханалармен (дәретхана қағазымен және сабынмен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, дербес радионүктемен, купесі бейне және теле-аппаратурамен, жолсерікті шақыру түймесімен, дәліздері мен купесі перделермен және күнперделермен, кілемшемен және кілем төсеніштермен, шай әбзелдерімен және ыдыс-аяқтармен, жиналмалы мүлік пен мүкәммал жиынтығынан түсі мен суреті бойынша еш айырмашылығы жоқ төсек-орын жабдықтарының кешенімен (2 жастық, көрпе, матрац тысымен), төсек-орын жабдықтарымен (2 жайма, 2 жастықтыс, 1 вафельді, 1 зығыр не түкті сүлгі) және әр жатын орын үшін екі-екіден сыртқы киімдерге арналған ілгіш-киімілгіштермен жабдықталған.
63. Ярус тәрізді орналасқан жұмсақ дивандары бар жатуға арналған орындары бар 3 орынды РИЦ габаритті вагоны - вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету мен ауа баптау жүйесімен, әр купесі жолаушылардың жуынуы үшін қолжуғыштармен, биодәретханалармен, ыстық және суық ауыз су резервуарымен жабдықталған.
64. Сөрелері ярус тәрізді орналасқан жатуға арналған орындары бар 6 орынды купеден тұратын плацкартты вагон - вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету және ауа баптау жүйесімен, биодәретханалармен, ыстық және суық ауыз су резервуарымен, вагон-электр станциясынан орталық электрлі жылу жүйесімен жабдықталған.
65. Отыруға арналған қатты орындары бар дизель және электр поезының вагоны - вагон ортақ электр жарығымен, ауа желдету жүйесімен, дәретханамен (дәретхана қағазымен және сабынмен) жабдықталған.
66. Жайлылығы жоғары 3-класты электр поезының вагоны - вагон ортақ электр жарығымен, ауа желдету жүйесімен, дәретханамен (дәретхана қағазымен және сабынмен), 6 және 2 орынды үстінде жұмсақ төсемелері бар шыны пластиктен жасалған дивандармен жабдықталған.
67. Жайлылығы жоғары 2-класты электр поезының вагоны - вагон ортақ электр жарығымен, ауа желдету жүйесімен, дәретханамен (дәретхана қағазымен және сабынмен), бірінен кейін бірі екі қатарда орналасқан 2 және 3 орынды жүмсақ креслолар блоктарымен және жалғаспалы үстелдері, жастықшалар, шынтақ төсеніштер, арқалығын реттейтін құрылғысы бар бір орындық креслолармен жабдықталған.
68. Жайлылығы жоғары 1-класты электр поезының вагоны - вагон ортақ электр жарығымен, ауа желдету жүйесімен, дәретханамен (моторлыдан басқа) (дәретхана қағазымен және сабынмен), қарама-қарсы екі қатарда орналасқан 2 орынды жұмсақ креслолар блоктарымен, жалғаспалы үстелдері, жастықшалар, шынтақ төсеніштер және арқалығын реттейтін құрылғысы бар бір орындық креслолармен жабдықталған.
69. Ярус тәрізді орналасқан жұмсақ дивандары бар жолаушылардың жатуына арналған орындар бар 2 орынды купеден тұратын Бизнес класс вагоны - вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету және баптау жүйесімен, әр купесі жолаушылардың жуынуына арналған қолжуғыштармен, биодәретханалармен, ыстық және суық ауыз су резервуарымен, жолсерікті шақыру түймесімен жабдықталған.
70. Ярус тәрізді орналасқан жұмсақ дивандары бар жолаушылардың жатуына арналған орындар бар 2 орынды купеден тұратын Гранд класының вагоны - вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету және баптау жүйесімен, әр купесі жолаушылардың жуынуына арналған қолжуғыштармен, биодәретханамен және душ кабиналарымен, ыстық және суық ауыз су резервуарымен, жолсерікті шақыру түймесімен жабдықталған.
§5. Ұйымдасқан жолаушылар тобын ресімдеу және олардың жол жүру тәртібі
71. Ұйымдасқан жолаушылар тобын (10 адамнан кем емес) тасымалдау үшін жолаушылар поездарына орындарды резервтеу завды және жеке адамдардың алдын ала берген өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.
Поездардағы орындарды резервтеуге берілетін жазбаша өтінім орын болған жағдайда 45 тәуліктен бастап поездың жүруіне 2 сағат қалғанға дейін қабылданады.
Өтінімде: заңды тұлғаның атауы, орын саны, поездың нөмірі, вагонның түрі, шығу күні, аттану және келу станциясы көрсетіледі. Жеке тұлғадан түскен өтінімде сонымен қатар жол жүру мақсаты және топ басшысының деректемелері көрсетіледі. Өтінімге жолаушылар құжаттарының деректемелері (құжаттың нөмірі, кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың туған күндері) көрсетілген жолаушылар тобының және топ басшысының тегі жазылған тізімі қоса беріледі. Өтінімге орындарды резервтеген үйым өтінімді қабылдап алғаны туралы белгі қояды. Өтінімде белгіленген поезда және вагонда орын жеткіліксіз болған жағдайда, өтінім берушінің келісімі бойынша басқа поездан немесе вагоннан орындар ұсынылады.
Егер өтінімде жеке вагондарды беру туралы өтішін болса, жол жүретін жолаушылар санына қарамастан вагондағы барлық орындарға ақы төленеді.
Ұйымдасқан жолаушылар тобын тасымалдау үшін поездардан орындар резервтеу үшін уәкілетті орган белгілеген мөлшерде алым өндіріледі. Бөлінген орындардан бас тартылған жағдайда алынған алым қайтарылмайды. Өтінім берушінің келісімінсіз тасымалдаушы вагонның түрін немесе поездың санатын ауыстырған және осыған байланысты жол жүруден бас тартылған жағдайда алым қайтарылады.
72. Орындар резервтелген соң 15 жұмыс күнінің ішінде өтінім берген адам поездың.жүруіне дейін кемінде 10 тәулік бұрын жол жүру құнын төлеп, *тапсырыс берілген жол жүру құжаттарын (билеттерді) алады. Егер белгіленген мерзімде жол жүру құжаттары (билеттер) ресімделмесе, өтінім күшін жоғалтады және орындар сатуға беріледі, алымдар қайтарылмайды.
Жол жүру қүжаттарына (билеттерге) өтінім поездың аттануына дейін 10 тәуліктен аз уақыт қалғанда үсынылған жағдайда, жол жүру құны өтінім ұсынынған сәттен бастап бір тәулік ішінде төленеді. Өтінім беруші поезд аттанғанға дейін 7 тәулік бүрын топтардың тегі жазылған тізіміне жағдайдың өзгеру сипатын көрсете отырып, жазбаша өтініш беру арқылы өзгерістер енгізуге құқылы.
73. Жол жүру құжатын (билетті) топтық өтінім бойынша ресімдеу кезінде онда топ басшысының тегі және жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері көрсетіледі. Жолаушылар тобы тізімінің екі данасына жол жүру құжаты (билет) ресімделген пункттің белгісі қойылады. Тізімнің бір данасы жол жүру құжаты (билет) ресімделген пунктте қалады, ал екінші данасын топ басшысы поезға отыру кезінде вагон жолсерігіне көрсетеді.
74. Топтық өтінім бойынша жолаушылардың жол жүруі әр вагонға жол жүру құжатының (билеттің) бір бланкісінде ресімделеді. Ерекше жағдайларда (іссапар) жол жүру қүжатын әр орынға жеке бланкіде ресімдеуге жол беріледі.
75. Жолаушылар поездарына оқушылардың (балалардың) ұйымдасқан топтарына жол жүру құжаттары (билеттер) 10 оқушыға кем дегенде бір еріп жүруші және бір медицина қызметкері есебі бойынша ересек адам еріп жүретін кем дегенде 10 оқушының (балалардың) ұйымдасқан тобы жол жүрген жағдайда ресімделеді.
§6. Кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру тәртібі
76. Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңнамасына сәйкес тиісті қүжаттары бар, балаға қамқорлық жасайтын және оның құқықтары мен мүддесін қорғайтын баланың ата-анасы, асырап алушысы, қамқоршысы, жанашыры, патронат тәрбиешісі немесе оларды алмастыратын басқа адам болып табылатын жолаушы:
1) өзімен бірге 7 жасқа дейінгі бір баланы егер бала жеке орын алмайтын болса, тегін алып жүруге құқылы. 7 жастан аспаған балаға жеке орын алу үшін жеңілдігі бар балалар жол жүру құжатын (билетін) алу қажет. Жолаушымен 7 жастан аспайтын бір баладан көп бала жүрген кезде бір баладан басқа қалған балаларға жеңілдігі бар жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынады;
2) жеңілдігі бар жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша өзімен бірге 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларды алып жүре алады.
7-ден 15 жасқа дейінгі балалардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүруі үшін ересек жолаушыға белгіленген жол жүру құнының 50%-ы мөлшерінде ақы өндіріліп алынады.
15 және одан үлкен жастағы балалар үшін ересектерге арналған жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынады. Баланың жасы жол жүру басталған күннен анықталады.
Билет кассасына және поезға отыру кезінде баланың жасын растайтын құжат ұсынылады.
77. Баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде билет кассасына, жолаушылар поезына отыру кезінде вагонның жолсерігіне баланы алып жүруіне құқық беретін құжатты (сенімхат) ұсынады.
15 және одан да үлкен жастағы балалардың ересектерсіз дербес жол жүруіне жол беріледі.
§7. Жол жүрудегі үзіліс
78. Жолаушы жолаушылар поездарында (вагондарда) жол жүруі кезінде қажеттілік болған жағдайда, жол жүру құжатының (билеттің) жарамдылық мерзімін көп дегенде 10 (он) тәулікке ұзартып, жол жүру барысында аялдама жасауға, сондай-ақ жол жүру барысында жол жүруді тоқтатуға құқылы.
Жол жүру барысында аялдаған жағдайда, жолаушы жол жүру тоқтатылған станцияда өзі жүріп келген поезд аттанған соң 3 сағат ішінде билет кассасына барып жол жүру құжатына аялдама жасағаны туралы белгі қойғызады.
Жолаушы қайтадан жол жүруге ниет білдірген жағдайда жолаушының жол жүру қүжатына (билетіне) компостердің жаңа белгісі қойылады және сол тасымалдаушы поезының плацкартына жаңа жол жүру құжаты (билеті) беріледі. Жолаушы бұл ретте плацкарт құнын төлейді.
Аялдамадан кейін жолаушы одан әрі санаты төмен ақылы поезбен немесе вагонмен жол жүрген жағдайда, билет құнындағы айырмашылық қайтарылмайды.
Жол жүру тоқтатылған жағдайда жолаушы жолсеріктен бақылау купонын алады және өзінің бақылау купоны бар жол жүру құжатын (билетін) өзі жүріп келген поезд аттанған соң 3 сағат ішінде билет кассасына ұсынады. АБЖ-мен жабдықталған билет кассасында билеттер осы Қағиданың 91-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қайтарылады.
Егер жолаушы алғашқы жөнелту станциясынан бірден екі немесе одан да көп жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алып, жол жүру барысында бірінші жол жүру құжаты (билеті) бойынша басқа жол жүру құжаттарында (билеттерінде) көрсетілген мерзімде ауысып отыру пункттерінен шығуға мүмкіндік бермейтін мерзімге аялдама жасау туралы шешім қабылдаған болса, онда бұл жол жүру құжаттары (билеттер) егер олар осы Қағидада белгіленген мерзімдерде қайтарылмаса, өзінің күшін жояды.
79. Жолаушы жол жүру барысында өзін нашар сезінген жағдайда (науқастанған) және егер әрі қарай жол жүру мүмкін болмаса, жедел медициналық көмек көрсету үшін емдеу-медициналық ұйымы (пункті) бар жақын станцияда түсіріледі, құжаттарды ресімдеу және төлемдерді қайтару осы Қағиданың 91-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.
§8. Жол жүру шарттарының өзгеруі
80. Жол жүру барысында немесе құрастыру мен айналым пунктінде техникалық ақаулыққа байланысты вагон ағытылған жағдайда Тасымалдаушы ағытылған вагонның орнына басқа вагонды тіркеп, оған жолаушыларды ауыстыру шараларын қолданады, ал егер басқа вагонды тіркеу мүмкін болмаса, жолаушыларды осы поездың бос орындарына, оның ішінде жоғарырақ санаттағы вагондардағы орындарға да орналастырады.
Жоғарырақ санаттағы вагондарға ауысу кезінде баласы бар жолаушыларға, ауру адамдарға, жасы үлкен адамдарға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына басымдық беріледі. Жоғары санаттағы вагонға ауысу кезінде жолаушылардан қосымша ақы алынбайды, ал жолаушылардың келісімімен төмен санаттағы вагонға ауысу кезінде жол жүру құнындағы айырмашылық осы Қағиданың 91-тармағы 5) тармақшасында қарастырылған тәртіппен төленеді.
Сол поезға орналастырылмаған жолаушылар уақыт бойынша таяу арада кететін поезбен пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттері) қайтарылғаннан кейін алынған жол жүру құжаттарымен (билеттермен) жөнелтіледі.
Тасымалдаушының кінәсы бойынша жолаушылардың басқа вагонға немесе поезға мәжбүрлі түрде ауысуы әрбір жағдайда поезд бастығы жасаған және оның қолы қойылған актімен ресімделеді, сондай-ақ жолаушы мен осы ауысу жүзеге асырылған вокзал қызметкерінің қолдары қойылып, вокзалдың (станцияның) мөрқалыбымен расталады. Актінің бір данасы жолаушыға беріледі, ал актінің екінші данасы поездың рейсі аяқталған соң құрамды құрастыратын жолсеріктер резервіне тапсырылады. Сол поезға отырғызылмаған жолаушыға актінің негізінде жүрілмеген қашықтық үшін билет кассасында жол жүру құны толықтай қайтарылады.
81. Жолаушыларды ағытылған загоннан басқа вагонға ауыстыру кезінде поезд бастығы вокзал. бастығымен (қызметкерімен) бірлесіп, сақтық пен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдай отырып, жолаушылардың қол жүгін көшіруге қажет көмекті ұйымдастырады.
§9. Жолаушылар поездарында және вокзалдарда көрсетілетін қажетті және қосымша қызметтер
82. Жолаушылар поездарында вагондардың қатынастарына, санатына және түріне байланысты қажетті және қосымша қызмет түрлері көрсетіледі.
83. Қажетті қызметтер тізбесіне мыналар кіреді:
1) қажеттілілігіне қарай кем дегенде тәулігіне екі рет, санитарлық тораптарда қажеттілігіне қарай кем дегенде тәулігіне төрт рет вагонның салонын және купесін жинау. Вагондардың барлық түрлерінде поездардың қатынастары мен санаттарына қарамастан жүргізіледі;
2) СВ, купе, плацкарт (6 сағаттан астам уақыт жүретін болса, 6 сағаттан аз уақыт жүретін болса, жолаушының қалауы бойынша), «Турист», «Бизнес» және «Гранд» кластарының вагондарында барлық жол жүру бойына төсек-орын жабдықтары (матрас, жастық және көрпе) және екі жаймадан, бір жастықтыстан және бір сүлгіден тұратын төсек-орын жиынтығы беріледі, олардың қүны жол жүру құнына енгізілген.
Жол жүру барысында жолаушылар вагонының жолсерігі беретін төсек-орын жабдығының толық жиынтығы бар төсек-орын жабдықтарын ғана пайдалана алады. Вагон жолсерігі берген толық емес төсек-орын жиынтығын пайдалануға тыйым салынады. Өзінің жеке төсек-орнын пайдалануға да тыйым салынады.
Вагон жолсеріктері төсек-орын жиынтығын жолаушылардың орындарына әкеліп береді, сондай-ақ мүгедектерге, ауруларға, қарияларға, кішкентай балалары бар жолаушыларға төсек-орындарын дайындап береді. Вагон жолсерігі поездың жолаушының келу немесе ауысып отыру станциясына келуіне дейін 30 минут бұрын төсек-орынды жинап алады. Бұл вагондардың барлық түрлерінде поездардың қатынастары мен санаттарына қарамастан жүргізіледі;
3) дәрі қобдишасын пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсету, таяудағы станцияда жедел жәрдем көмегін шүғыл шақыру. Вагондардың барлық түрлерінде поездардың қатынастары мен санаттарына қарамастан жүргізіледі;
4) белгіленген нормаларға сәйкес дәретхана керек-жарақтарымен қамтамасыз ету. Вагондардың барлық түрлерінде поездардың қатынастары мен санаттарына қарамастан жүргізіледі;
5) вагон салонының ішінде ақпаратпен қамтамасыз ету. Вагондардың барлық түрлерінде поездардың қатынастары мен санаттарына қарамастан жүргізіледі;
6) қайнаған сумен қамтамасыз ету. Вагондардың барлық түрлерінде поездың санаттарына қарамастан, отыруға арналған вагондардан жасақталған поездардан басқа барлық қатынастарда жүргізіледі;
7) бір бағыттағы жолда жиырма және. одан астам сағат (уақыт) бойы болатын халықаралық және облысаралық қатынастардағы поездардың барлық санаттарында және құрамында кемінде төрт купе вагондары қатынайтын, сондай-ақ астананы республикалық маңызы бар қаламен байланыстыратын схемалардың бәрінде тамақтандыруды ұйымдастыру үшін кем дегенде бір вагон-мейрамхана қосады.
Тасымалдаушы жолаушылар поездарының схемаларынан вагон-мейрамханаларды уәкілетті органдардың келісімі бойынша алып тастайды.
Жолаушылар поездарында тамақ беру кезінде қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және талаптарға сәйкес белгілейді.
84. Қосымша қызметтер тізбесіне мыналар кіреді:
1) шағын кітапхана,
2) сейф қызметтері,
3) үстел ойындарын және жаңа баспасөз өнімдерін беру;
4) вагон-мейрамхана өнімдерін лотокпен сату;
5) тамақты купеге жеткізіп беру (фирмалық поездарда және жайлылығы жоғары поездарда қолданылады);
6) поезд ішіндегі байланыс арқылы хабарлау;
7) жолаушының тілегі бойынша төсек салу;
8) тез бүлінетін тамақ өнімдерін тоңазытқышта сақтау;
9) СВЧ пештерінде тамақты тез жылытып беру;
10) радио және бейне хабарларды тарату;
11) гигиеналық жинақтар беру;
12) бейне ойнатқыштарды жалға беру;
13) шай өнімдерімен қамтамсыз ету;
14) отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездардың құрамында, бар үстелдерімен жабдықталған вагондарда тамақ беру.
Тасымалдаушының қалауы бойынша қосымша талап етілетін сервистік қызметтер көрсетіледі.
85. Жолаушылар поездарында арнайы белгіленген орындарда ғана темекі шегуге рұқсат етіледі.
Дизель және электр поездарының вагондарында, оның ішінде тамбурларда темекі шегуге жол берілмейді.
86. Жолаушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала маңындағы қатынастағы поездарымен қатар жолаушылар поездарында сауда жасау тасымалдаушы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
87. Жолаушыларға қүны «жайлылығы жоғары» вагондармен жол жүру құнына енгізілетін қызметтер жиынтығын ұсыну тасымалдаушы белгілейтін тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
88. Темір жол вокзалдарында мынадай міндетті қызмет түрлері көрсетіледі:
1) билет кассаларына орын-жайлар беру жөніндегі қызметтер;
2) тасымалдау үдерісіне байланысты халыққа ауызша, радиомен трансляцияланатын, көрнекі ақпарат арқылы берілетін анықтама-ақпараттық қызметтер;
3) жалпы қолданыстағы орын-жайларға (фойеге, күту залдарына, касса залдарына, вокзал өтпелеріне, жолаушылар платформаларына) халықтың кіруіне жол беру жөніндегі қызметтер;
4) медициналық пункт орын-жайларын үсыну жөніндегі қызметтер;
5) санитарлық-тұрмыстық орын-жайларды ұсыну жөніндегі қызметтер.
89. Темір жол вокзалдары вокзалдардың технологиялық мүмкіндігіне қарай -жолаушыларға және халыққа қызмет көрсетуге байланысты қосымша қызметтің түрлерін де көрсетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |