Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің даму тарихы



бет2/6
Дата15.06.2022
өлшемі252.88 Kb.
#459267
1   2   3   4   5   6

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің даму тарихы


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – Қазақстан Республикасының ең ірі және көпсалалы университеті, облыстың ғылыми, білім, зияткерлік, мәдени орталығы.


Институт республика жоғары оқу орындары арасында әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы ең жақсы оқу орнына айналды.
1975-1980 жылдар аралығында оқу орнына З.Молдахметов басшылық етті. Осы кезеңде «В» оқу ғимараты тұрғызылды. Зейнолла Молдахметұлының бастамасымен 1977 жылы «Химия өндірісінің заманауи машиналары мен аппараттары» атты Бүкілодақтық 1-ші конференция өткізіліп, 1979 жылы теориялық химия бойынша бүкілодақтық мектептің негізі қаланды.
Ал осынау оқу орнына қатардағы ассистенттен оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтері баспалдақтарынан өткен Ш.М.Молдабеков 1980-1987 жылдарда басшылық жасап, осы кезеңде 2 студенттер жатақханасы, оқытушыларға арналған 2 тұрғын үй, «Машат» сауықтыру кешенінде көптеген жаңа құрылыстар бой көтерді, институт республика жоғары оқу орындары арасында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ең жақсы оқу орнына айналды.
Ғылыми зерттеу саласында да айтарлықтай үлкен табыстарға қол жеткізілді. Айталық 1980 жылы институтта 133 ғылым кандидаты болғанымен, ғылым докторлары мүлде жоқ еді. Еселі еңбектің, шынайы жанашырлықтың арқасында, айналасы 7-8 жылдың ішінде, нақтырақ айтқанда 1988 жылы ғылым кандидаттарының саны 276-ға, ғылым докторларының саны 13-ке дейін артты. Жаңа салалық және проблемалық ғылыми зертханалар, 3 ғылыми-өндірістік оқу кешені, кәсіпорындарда 7 филиалдар ұйымдастырылып, ғылыми зерттеулер өндіріспен тығыз байланыстырылды.
Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орнымыз еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
1988-1991 жылдары институтты М.Қ.Наурызбаев басқарған кезеңде
«Г» және «Д» оқу-зертханалық ғимараттары пайдалануға берілсе, Т.Ш.Кәлменов жетекшілік еткен 1991-1997 жылдары Қазақ химия- технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орнымыз еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
Оқу орнына 1997-1998 жылдары А.И.Айнабеков ректор болған кезде коллоидтік химия, түсті металдар технологиясы, механика мамандықтары бойынша докторантура мен аспирантура ашылып, үздік студенттердің екінші
курстан кейін Ресейдің оқу орындарында тегін білім алуына қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ университетте «Оңтүстік Қазақстандағы ғылым мен білім» ғылыми журналы жарық көре бастады.
1996 жылы ҚР Үкіметінің №573 қаулысымен оқу орны Қазақ химия- технологиялық университеті болып аталды, ал 1998 жылы Үкіметтің №256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің бірігуі негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті Шымкент педагогикалық мәдениет институты мен Шымкент дене тәрбиесі институтының қосылуы нәтижесінде пайда болған еді. Шымкент педагогикалық мәдениет институтын 1967-1977 жылдары С.Т.Темірбеков, 1977-1996 М.Ж.Жүнісбаев, ал Шымкент дене тәрбиесі институтын 1990-1996 жылдары М.С.Сапарбаев басқарған еді.
1996 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетіне ректор болып тағайындалған Е.Ө.Медеуов 1998 жылдан 2001 жылға дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне басшылық етті. Ол жоғары білікті кадрларды сақтап қалуға үлкен көңіл бөле отырып, оқытушыларға қосымша жалақы төлеу жүйесінің енгізілуіне мейлінше күш салды.
Университеттің жаңа серпінді даму кезеңі Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаевтың есімімен байланысты. Ол өзі басқарған 2001-2011 он жыл ішінде ОҚМУ-ды еліміздің жоғары оқу орындары көшбасшыларының біріне айналдырды. Осы кезеңде университеттің отандық жоғары оқу орындары арасында бірінші болып жеті білім бағдарламасы бойынша (кейіннен және 6) халықаралық аккредитациядан өтуі де жайдан-жай емес. Рейтинг бойынша Қазақстанның көп салалы жоғары оқу орындары арасында соңғы 5-6 жылда университет ұдайы алғашқы бестіктен көрінді, ал ұтып алынған мемлекеттік білім гранттарының саны бойынша алғашқы үштікке енді.
Ал мұндай ұжымды тек ауқымды тұлға ғана басқара алады. Уәлихан Бишімбаев оқу үдерісіне модульдік-рейтингтік жүйені, кредиттік технологияны, сапа менеджменті жүйесін енгізудің бастамашысы болды. 2005 жылдың қорытындысы бойынша Уәлихан Қозыкейұлы
«Қазақстанның үздік өнертапқышы» атағын алды. Уәлихан Қозыкейұлы Бишімбаев – облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының мүшесі. Жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған: «Құрмет», «Құрмет» ордендерімен және т.б.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет