өзіне-өзі баға берудің бірдей дәрежесіне
байланысты оқушыларды жіктеу
Сынып
|
Үлгерімі әртүрлі балаларда өзін-өзі бағалаудың бірдейлігіне
|
Бірдей бағамен келісті
|
Жоғары қойылған бағамен келісті
|
Төмен қойылған бағамен келісті
|
І
|
48,0
|
50,5
|
1,5
|
ІІ
|
52,8
|
29,8
|
8,2
|
ІІІ
|
59,2
|
28,2
|
12,6
|
ІУ
|
66,3
|
19,9
|
13,8
|
Мысалы, жақсы және үздік оқитын оқушылардың топтарын салыстырғанда, жақсы оқитын оқушылар, яғни барлық төрт сыныптағы балалар жұмыстарының қорытынды бағаларымен келіседі. Бұл зерттеуде әртүрлі сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың айырмашылықтары анықталды.
Үшінші және төртінші сынып оқушыларымен 1 сынып оқушыларын салыстырғанда, олар орындалған оқу тапсырмасы үшін жоғары қойылған бағамен келісіп, төмен қойылған бағаға мүлде қарсы болды.
Өзін-өзі жоғары бағалайтын балалар жаңа ұжымға келгенде айналасындағылар жағынан ерекше көңіл бөлуді талап етеді, көш бастаушылық позицияны алуға ұмтылады, сондықтан да құрастарымен әрдайым дауласып, келіспей қалады. Басқа оқушыларда көбінесе оларды қабылдамайды және өзінің жағдайына қанағаттанбаушылық оларда жағымсыз эмоциялардың, сыныптастарына деген қарым-қатынастың агрессивтілігінің пайда болуына әкеледі. Бұл оқушылар әлеуметтік жоспарда ұзақ уақыт бейімделе алмай, ұжыммен қарым-қатынас бекітуде қиындықтар сезінеді.
Зерттеу барысында, мұғалімдермен оқушылардың оқу қызметінің қорытындыларын бағалауда үлгерімі нашар оқушылардың 2 ерекшелігі анықталды.
Біріншісі – қойылған төмен бағамен келіспеуі
Екіншісі – 3-4 сыныптарға көшкенде үлгерімінде өзгеріс болмайтын оқушыларда сенімнің болмауы.
Оқу процесінде қалып қоятын оқушының ең негізгі екі жағдайы бар:
Баланың шынайы мүмкіндіктеріне байланысты оқу процесіндегі талаптар.
Баланың оқу қызметінің нәтижелерін мұғалімнің бағалауы арқылы бекіту.
Үлгерімі төмен оқушының оқу қызметінде қалып қоюы күрделі болып келеді. Оқу процесінде мұғалімнің бағалауы үлкен роль атқарады. Зерттеулер арқылы байқағаным: үлгерімі төмен оқушыны мұғалімнің төмен бағалауы тұлғаның қалыптасуына теріс әсер етеді, бала өзінде қандай да бір олқылық барын сезінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |