Жоспа р мектеп оқушыларының сабақты үлгермеуінің себептері және олармен жүргізілетін жұмыстар


Үлгермейтiн оқушылардың екiншi типi



бет5/10
Дата14.12.2023
өлшемі183.5 Kb.
#486572
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-82473

Үлгермейтоқушылардың екiншi типi
Бұл оқушылар мектепке жақсы дайындықпен және «жақсы оқимын» деген тiлекпен келедi. Бiрақ, оқу қызметiнде олар тек өздерiне ұнайтынымен ғана айналысқысы келедi, бұл оқушының дамуына керi әсерiн тигiзедi. Оқу процесiнде өзiн-өзi ұйымдастыру, бұл оқушыларда мына пән ұнайды ма, әлде басқа пән ұнайды ма деген пiкiрлерге байланысты болып келедi.
Бұл оқушылардың өз-өзiне баға беруi тұрақты емес. Ол оқушының «өмiрлiк позициясына» байланысты.
Бұл типтiң бiрiншi тобындағы оқушылар мектептегi оқу процесiмен байланысты емес интеллектуалды қызметпен айналысады. Оқу олар үшiн толы сәтсiздiктер. Мысалы, «қызықты физика» немесе тарихи романдар оқып, тек физика және тарих пәндерiмен айналыса алады.
Кейбiр оқуылар оқу пәндерiнiң кейбiреуiнен жетiстiктерге жете алады, бiрақ ол оқушының оқуға, мектепке деген терiс қылығын жоя алмайды.
Екiншi топтағылар тәртiптi бұзады және мектептен тыс орындарда өздерiн тәртiптi ұстай алмайды. Осы оқушыларды зерттеу үшiн сауалнамалар ұсынылды. Сауалнамаға әртүрлi мектептен тоғыз оқушы қатысты. Сұрақтадың бiр тобы арқылы олардың ойлау қабiлетi ерекшелiктерiнiң қандай екендiгi, яғни қандай жеке пәндерден бiлiмдердi игеруде жеңiлдiк байқалады.
Сауалнама сұрақтарының екiншi бөлiгi арқылы оқушылардың бағыт-бағдары анықталды. Олардың оқуда, мектептен тыс уақыттағы қызметтерi зерттелдi.
Оқушының өзiн-өзi бағалауын анықтау үшiн сауалнамада жанама түрдегi сұрақтар қойылды. Сауалнама мазмұнынан мысал:

  1. Қандай оқу пәні сен үшін жеңіл, ал қандай пәнді игеруде қиындықтар кездеседі ?

  2. Неліктен сен бір пәнді жақсы игересің, ал басқа пәнді игеруде қиындыққа кездесесің ?

  3. Ауызша пәндер бойынша тапсырмаларды орындағанда және жазбаша жұмыстарды орындағанда саған қанша уақыт қажет ?

  4. Саған жақсы оқуда не кедергі келтіреді ? Саған көмек қажет пе? Қандай?

  5. Мектепте, үйде немен айналысқанды жақсы көресің ?

  6. Сүйікті кітабың және ол неліктен саған ұнайды?

  7. Мектеп бітіген соң, кім болғың келеді?

  8. Өміріңдегі сәтті және сәтті емес күнді ата.

  9. Сенің достарың кімдер? Олардың бойында саған не ұнайды?

  10. Қандай тақырыпқа шығарма жазар едің? Неліктен?

  11. Егер сен оқитын сыныпқа жеңіл, орташа, күрделі тапсырмалар берілсе, сен қайсысын таңдар едің?

Үлгермейтін оқушыларды зерттеген соң, мынадай қорытындыға келуге болады. Бірінші подтиптегі үлгермейтін оқушылармен жұмыс барысында, білімді өзгерту көзделуі қажет.


Ал екінші подтиптегі үлгермейтін оқушылармен жұмыс барыснда олардың тұлғалық қасиеттерін өзгерту мақсатында тәрбиелік жұмыс қажет.


Жиі кездесетін бейімделу кезіндегі қиындықтардың пайда болу себебіне әлеуметтік-педагогикалық бетімен кетушілік факторы жатады. Бұл бетімен кетушіліктің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін және ол отбасындағы психологиялық жағдайға байланысты. Ата- аналарда білім деңгейі төмен болған кезде, бірінші кезекте баладағы танымдық сферасының қалыптасуы зардап шегеді. Мұндай балалар білім қорының аздығымен, ой-өрісінің тарлығымен көрінеді. Олар тапсырмаларды орындай алмай, салыстыру дағдысын талап ететін, жалпылау, әр түрлі өмірдегі жағдайларға бағытталу, заттар мен құбылыстарға дәлме-дәл анықтама беру сияқтыларды талап ететін Д.Векслер әдістемесі бойынша тапсырмаларды орындай алмайды. Мұндай балалардың жетіспеушілігі – вербалды сферасының қалыптаспағандығы болып тұр. Сонымен бірге олар талаптанғыш, адал, мектеп ережелерін жақсы орындайды, эмоционалды бір қалыпты. Осы оқушылардың тәрбиесіндегі басты қателік: мектепке дейінгі жаста интеллектуалды дамуы үшін стимулдары жеткіліксіз болған. Олардың өмірлерін ұйымдастырғанда бәрінен бұрын практикалық іс-әрекет (мысалы, үй жұмысын орындаудағы көмек) жағымды бағаланды. Ата-аналардың берген жоғары бағасы өзіне сенімділігін, ұқыптылықты, адалдықты қалыптастырып, бірақ ең маңыздысы – танымдық сферасы жүзеге аспай қалып қояды.
Отбасындағы мәдени деңгейдің төмендігінен, баладағы психологиялық дамудың кешеуілдеуінен мұндай балалар мектепке үлгермейтін топтағы оқушыларға шарасыз енеді. Оқу материалын меңгерудегі пайда болған қиындықтар олардың толығымен бейімделу жолдарына кедергі жасайды. Мұндай балалар мектепке келгенде оқу сабақтарына үлкен қызығушылықпен қарап, мұғалімді көңіл қойып тыңдайды, қажетті білімді меңгеруге тырысады, яғни, мектептік мотивацияның жоғарылығымен көрінетіндігін атап өтуге болады. Мұғалімдердің мейірімді және сезімді қарыс-қатынасы оларды пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектесіп, біртіндеп мектепке бейімделе бастайды, бірақ та басқа бірінші сыныптастарына қарағанда, бейімделуі ұзақ мерзімде жүреді.
Мәлметтер бойынша бұл топтағылар бейімделуі кешеуілдегендерге (2 топ) кіреді.
Кейбір жағдайларда ата-аналардың төмен білім деңгейіне баланың қараусыз қалуы, отбасы ішіндегі дау-дамайлар, алкоголизм сияқты жағымсыз әлеуметтік факторлар жатады.
Мұндай отбасындағы балаларға мінез-құлықтың қарапайым дағдылары сіңбеген, оларда танымдық мотивтері қалыптаспаған және өз жұмысын дербес ұйымдастыру дағдысы жоқ, интеллектуалды кешеуілдікке тұлға дамуының дисгормониялығы қосылады. Осындай отбасынан шыққан қыздарда тұлға типінің инфантильдігі бар болатындығын айтып өту қызық, олар өздеріне сенімсіз, өзінің міндеттерін түсінудің болмауына байланысты сәтсіздіктерге қобалжымайды және мектептік мотивацияның төмендігімен сиаптталады. Оларға мына сұрақтарға жауап беру қиын: «Сен сыныпта кіммен достасасың?», «Үлкейгенде кім болғың келеді?» және т.б. Мектептік тақырыптағы суреттерде оларда ойындық сюжеттер басым. Мәлметтер бойынша, бұл қыздарда 1-ші сыныпта бейімделу процесі болмайды. Сондай балалардың суреттері орындаудың ұқыпсыздығымен ерекшеленіп, ұсынылған тақырыптан басқа олар өздерін көбірек қызықтыратын заттарды (мысалы, машина, ұшақ т.б.) салады. Олардың вребальды сферасының жетіспеушілігіне тежелу типі бойынша интеллектуалды әрекеттің динамикасының бұзылулары қосылады. Бірінші оқу жылының барысында олар мектептік ережелер мен талаптарды меңгере алмайды. Біздің зерттеулеріміздің мәлметтері бойынша мұндай балалар бейімделмеген оқушылар тобына жатады. (3-топқа).
Баланың мектепке бейімделу қиындықтарының пайда болуына әкелетін факторлар, яғни, жағымсыз тұлғалық сапаның қалыптасуы бәрінен бұрын тәрбиелеу амалының дұрыс еместігінен көрінеді. Мұндай балалардың ата-аналарының білім деңгейлері жоғары болуы мүмкін, балаға көп көңіл бөліп,баланың танымдық сферасын дамытумен шұғылдануы мүмкін. Бірақ та оларда балаға жағымсыз әсер ететін ата-аналарының арасындағы дау- дамайлы қарым-қатынас бар. Балалардың әрқашан үрейлі, қорқынышты жағдайда болуы тұлғаның эмоционалды, бір қалыпты емес типінің қалыптасуына әкеліп соғады: оларға алаңдаушылық, шиеленіс, әлеуметтік жасқаншақтық, өзіне де сенімсіздік сияқты сапалар тән.
Оларда жоғары қызығушылық бар. Д.Векслер әдістемесі бойынша, тапсырмаларды орындағанда, орынсыз асығыстық көрсетіп, көп қателер жіберіп, өз-өзін нашар бақылайды. Бұл жетіспеушіліктер мектеп тапсырмаларын орындағанда тікелей әсер етіп, орынсыз асығыстық жауап беруіне әкеліп соғады. Алдыңғы атап өткен тұлғалық сапалар сыныптағы ұжымға кіруге кедергі жасайды. Бұл балалар бейімделуі кешеуілдеген топтың мүшелері (екінші топтағылар).
Кейбір жағдайда жағымсыз тәрбиелеу әсері ата-аналар жағынан гиперопека түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда балаларда тұлғаның инфантильді бітістері қалыптасады немесе өзін-өзі жоғары бағалау және доминантты болуға бейімділік пайда болады. Инфантильді балалар жасқаншақтығымен, тұйықтықпен ерекшеленіп, сыныпта “изоляцияланған” топтағыларға жатады. Социометриялық мәліметтер бойынша, сыныптастары оларды таңдамайды және олар өздері де қарым-қатынас жасауға ұмтылмайды.
Өзін-өзі жоғары бағалайтын балалар жаңа ұжымға келгенде айналасындағылар жағынан ерекше көңіл бөлуді талап етеді, көш бастаушылық позицияны алуға ұмтылады, сондықтан да құрдастарымен әрдайым дауласып, келіспей қалады. Басқа оқушыларда көбіне оларды қабылдамайды және өзінің жағдайына қанағаттанбаушылық оларда жағымсыз эмоцияларды, сыныптастарына деген қарым-қатынастың агрессивтілігінің пайда болуына әкеледі. Бұл оқушылар әеуметтік жоспарда ұзақ уақыт бейімделе алмай, ұжыммен қарым-қатынас бекітуде қиындықтар сезінеді.
Бала өзара белсенді әрекет ететін әлеуметтік ортаның психологиялық дамуының көзі болып қызмет ететіндігі белгілі. Индивидуалды-типологиялық ерекшеліктері, морфо-функционалдық пісіп-жетілуінің сипаттамасы, генетикалық нышандар – мұның бәрі оның дамуының жағдайлары болып табылады. Кейбір балаларда биологиялық алғышарттары жалғыз облуы мүмкін. Бала ағзасының жалпы әлсіреуі, дүниеге келген кезде жарақат алуы, балалық шақтағы аурулар және басқа да жағымсыз биологиялық факторлар интеллектуалды дамудың кешеуілдеуіне әкеліп, оның бейімделуіне әсер етеді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерінде 75 % оқушылар соматикалық әлсіреген және астеникалық симптоматикасы бар, интеллектуалды әрекеттің темпі баяулағаны белгілі болды. Орталық жүйке (нерв) жүйесінің микроорганикалық зақымдалуы симптомы бар балалар немесе мектепке дейінгі жаста миы шайқалған балаларда 69 % қысқа мерзімді естің бұзылуы, кеңістік операциялардың бұзылуы, жоғары зейін алаңдауы, моториканың жетіспеушілігі болып табылады. Мұндай балалардың ата-аналары бұған көп мән бермегендіктен, дәрігерге қаратпағандықтан, баламен арнай түзету сабақтарын өткізбегендіктен, режимге қажетті көңіл бөлмегендіктен, баланың еңбек пен демалысын дұрыс ұйымдастырмағандықтан балалар оқу мен мектепке бейімделуде маңызды қиындықтарға кезікті. Бұлардың көпшілігінде аурулары жиілеп, невротикалық арыздары пайда болып, шаруашылық басыңқы болып, мінез-құлқында ауытқулар пайда болды.
Оқушылардың көбірек пайызы мектепке икемделу процесінде қиындықтар сезінетіндігінен міндетті түрде олардың алдын алу шараларын өткізу қажет: психикалық дамуының кешеуілдеуі бар балаларда өз уақытында анықтау қажет, әсіресе, балалық шақтағы олардың денсаулығын нығайту шараларын жүзеге асыру керек. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасына көбірек көңіл бөлген жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет