Үлгерімі әртүрлі балаларда өзін-өзі бағалаудың бірдейлігіне байланысты оқушыларды жіктеу
Сынып
|
Үлгерімі әртүрлі балаларда өзін-өзі бағалаудың бірдейлігіне
|
Мұғалімнің бағасымен өзін-өзі бағалаудың сәйкес келуі
|
өзін-өзі бағалаудың мұғалімнің бағасынан жоғары болуы
|
өзін-өзі бағалаудың мұғалімнің бағасынан төмен болуы
|
Қалып келе жатқандар
|
орташа
|
үздіктер
|
Қалып келе жатқандар
|
орташа
|
үздіктер
|
Қалып келе жатқандар
|
орташа
|
үздіктер
|
І
|
62,8
|
78,1
|
92,8
|
33,0
|
16,6
|
7,2
|
4,2
|
5,4
|
-
|
ІІ
|
60,5
|
76,5
|
93,6
|
31,0
|
14,1
|
6,4
|
3,7
|
9,4
|
-
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Осыдан байқағаным, яғни оқудың бірінші кезеңінде қалып қоятын оқушылар өздерінің оқу еңбегін жоғары бағалайды.
Оқушылар әңгіме барысында, олар өз пікірлерімен бөлісті. Мысалы, «екі» бағасын алғым келмейді. Мен ол тапсырманы жақсы орындауға тырыстым. Тіпті, болмаса, үш алғым келеді (Асан – 2 сынып). Мен басқалар сияқты «төрт» алғым келеді. (Әлия, 2 сынып). Мұғалім маған ешқашан төрт қоймайды, ол екі немесе үш қояды. Мен сол себепті өзімен төрт қойдым (Руслан – 1 сынып). Алынған тұжырымдардан, осы әңгімеде көрсеткендей көбінесе өздерін қорғайды.
Мұғалім маған «екі» қоюшы еді, сол себепті өзіме «екі» қояйын.(Махаббат – 2 сынып). Мен жазудан «екілік» аламын, сондықтан өзіме үш қоюға қорықтым. (Баян – 2 сынып). Мен былай ойладым: өзіме екі қоямын, мұғалім тексерген соң үш қояды, сонда мен қуанамын (Ерік 2 сынып).
Ал енді, 2 кестеде 3 және 4 сынып оқушылары бақылауға алынған.
2 кесте
Үлгерімі әртүрлі балаларда өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері
Сынып
|
Үлгерімі әртүрлі балаларда өзін-өзі бағалаудың бірдейлігіне
|
Мұғалімнің бағасымен өзін-өзі бағалаудың сәйкес келуі
|
өзін-өзі бағалаудың мұғалімнің бағасынан жоғары болуы
|
өзін-өзі бағалаудың мұғалімнің бағасынан төмен болуы
|
Қалып келе жатқандар
|
орташа
|
үздіктер
|
Қалып келе жатқандар
|
орташа
|
үздіктер
|
Қалып келе жатқандар
|
Орташа
|
Үздіктер
|
ІІІ
|
64,9
|
76,2
|
92,2
|
23,1
|
12,5
|
5,3
|
12,0
|
11,3
|
1,5
|
ІУ
|
69,2
|
74,1
|
93,0
|
15,6
|
13,6
|
4,5
|
16,2
|
12,3
|
2,5
|
Бұл екі кестені салыстырсақ, 1 және 4 сынып аралығында үлгерімі төмен оқушылар өздеріне теріс баға беруі жоғарлайды.
Менің пікірім бойынша, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшу барысында, өздеріне жоғары баға беру саны төмендейді, де, төмен үлгерім проценті бірден артады.
1 және 2 сыныптарда өздеріне жоғары баға беру орташа алғанда – 32 болса, 4 сыныпта 15,6 құрады. 1 сыныпта өзіне төмен баға беру 5,4 болса, 2 сыныпта – 9,4, 3 сыныпта -12, 4 сыныпта – 16,2 болды.
Сонымен көзіміз жеткені, өздерін «үлгерімі нашар» деп есептейтін үлгерімі төмен оқушылар саны 1-4 сынып аралығында 3 есе көбейеді.
Оқушылар әңгімесінен үзінді:
Бақылаушы: Әлия, сен тапсырманы жақсы орындадың, ал өзіңе минусы бар 3 қойдың, ал мұғалім оны түзетіп төрт қойды.
Әлия: Мен басым ауыратындықтан, маған оқу қиын. Мен нашар оқимын. Мен қалай өзіме жақсы баға қоямын? (2 сынып).
Бақылаушы: Асхат, неліктен сен өз жұмысыңа екі қойдың? Мұғалім сенің жұмысыңда аз қате барын айтып, саған үш қойды, әсіресе плюсі бар үш қойды.
Асхат: Білмеймін.
Бақылаушы: Сен жұмыс істедің. Көшірдің, тексердің, бар ынтаңды салдың. өзіңе екі қойғаныңа өкінген жоқсың ба?
Асхат: Мен өткен жылы екі алғанда ренжіп, жылап үйге барғым келмейтін. Ал қазір, мен үйреніп алдым, нашар оқимын, оқуда маған сәтсіздіктер. Дәптерімді алғанда қарамаймында.
Бақылаушы: Сен келешекте 5 сыныпта қалай оқисың? Онда тиіпті қиын болады ғой.
Асхат: Білмеймін. Мүмкін 5 сыныпта мүлде өзгеше болар. Мүмкін мен басқа мектепке барармын. Олар мені білмейді ғой. Бірақ менде есте сақтауым нашар. Оқимын, біраз уақыттан кейін ұмытып қаламын.
Бақылаушы: Айман, мазмұндаманы сен нашар жазған жоқсың, мұғалім саған үш қойды, ал сен өзіңе екі қойдың. Неліктен, сен өз жұмысыңа сондай баға бердің?
Айман: Мен үшті кейде ғана аламын. Менде көбінесе қате көп болады. Бірақ, өзім білмеймін. Қате көп болған соң екі қойдым.
Бақылаушы:Мұғалім саған екі қоймай үш қойғанына қуанасың ба? Егер мұғалім саған екі қойса, ренжір ме едің?
Айман: Әрине екіден үш болғаны жақсы. Бірақ мен екілікке ренжімес едім. Қанша рет ренжуге болады. Нашар бағалар жиі алған соң, үйренеді екенсің. Мен 1 және 2 сыныптарда жақсы оқыдым. 2 алғанда жылайтынмын, кейін аурып қалған соң, нашар бағалар алатын болдым. Көбінесе басым ауырады, сол себепті тапсырманы нашар орындаймын.
Оқушылар әңгімесінен оқу үлгерімі төмен оқушылардың кейбір себептеріне тоқталдым.
Ал енді, зерттеу әдістемесінің қорытындыларына тоқталсам, оқушылар сынып жұмысы жағдайында қазақ тілі бойынша күнделікті тапсырманы жазбаша орындайды. Әрбір жұмысты, зерттеуші, мұғаліммен бірлесіп үш әртүрлі балдармен бағалайды.
Бірінші балл – тапсырманы орындау деңгейі
Екінші балл – оны көтермелеу
Үшінші балл – төмендету.
Оқушылармен жеке әңгіме барысында, оған «Сенің орындаған жұмысыңды үш мұғалім тексерді. Бірақ, әрбіреуі өз бағаларын қойды. Бір мұғалім сенің тапсырмаңа «4», екіншісі «3», ал үшіншісі «5» қойды. Сен орындаған жұмысқа қандай баға қою керек деп ойлайсың, неліктен?»
Сонымен қатар, оқушыға мына түрдегі сұрақтар қойылды. Мысалы, неліктен «4»? Неліктен, сен «3» немесе «4» бағасына риза емессің? т.б.
Оқушы алған бағасына деген көз-қарасын анықтау үшін келесі сұрақтар қойылды:
Көбінесе қандай бағалар алады және өзін қандай оқушымын (жақсы, орташа, нашар) деп есептейді?
Қандай бағалар оны қанағаттандырады, қуантады, ал қандайы керісінше, ренжітеді?
Сыныпта үлгерімі бойынша алатын орны қанағаттандырады ма?
Бұл зерттеулерге 4 бастауыш сыныптың әрбіреуінен 18 оқушы қатыстырылды. Жақсы оқитын – 6, орташа оқитын – 6, үлгерімі төмен – 6.
3 кестеден байқағанымыз, барлық сыныптардың тек тең жартысы ғана өз жұмыстарына тиісті 3 балды таңдайды. Қалғандары жоғары немесе төмен балды таңдайды.
Алынған мәлметтерді талдағанда өзіне-өзі баға беру мен үлгерім деңгейі арасында тығыз байланыс бары анықталды.
Сонымен қатар, әрбір мұғалім оқу үрдісінде қандай оқушы өз жұмысын жоғары бағалауға, ал қандай оқушы өз жұмысында төмен бағамен келісетінін білуі қажет.
3 кесте
Достарыңызбен бөлісу: |