Жоспа р мектеп оқушыларының сабақты үлгермеуінің себептері және олармен жүргізілетін жұмыстар


Үлгермейтiн оқушылардың өзiндiк типтерi



бет3/10
Дата14.12.2023
өлшемі183.5 Kb.
#486572
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-82473

Үлгермейтiн оқушылардың өзiндiк типтерi.

Жеке оқушының әрбiреуiнде үлгермеушiлiктiң шығу тарихы сан алуан, оның тұлғалық белгiлерi және қоршаған ортадағыларымен қарым-қатынасындағы ерекшелiктерiне байланысты болып келедi. Үлгермейтiн оқушылардың типтерiн бөлiп қарастыруға болады. Оқушы үлгермеушiлiгiнiң типiн анықтау тек теориялық жағынан ғана емес, сонымен қатар практикалық жағынан да алғанда ең маңызды мәселе деп қарастыру қажет. Сонда ғана үлгермеушiлiктi болдырмау және алдын алуа болады.


Кеңес психологары ең алғашқы рет осы мәселеге үлкен мән берiп зерттеген.
П.П.Блонский өзiнiң «Қиын оқушылар» атты еңбегiнде үлгермейтiн оқушыардың типтерiн физикалық және психикалық даму ерекшелiктерiне байланысты бөлiп қарастырған. Блонский оқушылардың үлгермеушiлiгiнде физикалық әлсiздiктi бiрiншi орынға қойған едi.
Үлгермейтiн оқушылардың типологиясы бойынша құнды материал Л.С.Славинаның «Үлгермейтiн және тәртiпсiз оқушыларға жеке ықпал ету » кiтабында бар. Бұл еңбекте үлгермейтiн оқушыларың топтары, үлгермеушiлiктiң негiзгi себебi анықталған.
Л.С.Славина үлермейтiн оқушылардың бес тобын көрсеткен.

  1. Оқушыларды оқуға деген ықыласының болмауы

  2. Материалды қиындықпен игеретiн оқушылар

  3. Оқу процесiнiң дағдылары мен түрлерi қалыптаспаған оқушылар.

  4. Еңбек ете алайтын оқушылар

  5. Танымға, оқуға деген ынталары жоқ оқушылар.

Үлгермейтiн оқушылардың типтерiн анықтауда оқушылардың әртүрлi өзiндiк жақтары бiрi-бiрiмен өзара тығыз байланысты болып келедi. Үлгермейiн оқушы типтерiнiң ерекшелiктерiн бiрнеше белгiлерiмен анықтауға болады.
Бұл мәселенi шешу үшiн ұзақ уақыт бойы бiрнеше пәндерден үлгермейтiн 5-8 сынып оқушылары зерттеуге алынды. Ұзақ бақылау зерттеудiң негiзгi әдiсi болып табылады. Зерттеуде оқушының мектептегi, сабақ уақытындағы енжарлығымен ғана шектелмей, оның сабақтан тыс уақыты да зерттелдi. Бұл сабақтарда оқушылардың оқу материалымен қалай жұмыс iстейтiндiгi, қандай игеру тәсiлдерiн қолданады және бiлiмдi нақты игеру қандай жағдайда болатындығы анықталды.
Оқушыларды зерттеу үшiн эксперименттiк әдiстемелер қолданылды. Үлгермейтiн оқушыларың ойлау процесiн зерттеу үшiн оқу материалына байланысты құрылған эксперименттiк тапсырмалар ұсынылды.
Арнай эксперименттiк әдiстемелердiң көмегiмен оқушының есте сақтауы және қабылдауы зерттелдi. Көмекшi әдiстемелермен оқушының сыныптағы ұжыммен қарым-қатынасы, әңгiмелесу әдiстерi, сонымен қатар оқушыларға шығармалар берiлiп, талдау жасау талап етiлдi.
Үлгермейтiн оқушылар үшiн өзiн-өзi ұйымдастырудың әлсiз болуы тән. Олар өздерiнiң психикалық процестерiн (қабылдау, есте сақтауы) басқара алмауы, оқу тапсырмаларын шешуде ойланғысы келмеуi. Бұл оқушылар белсендi ойланбау үшiн әртүрлi жолдарды iздестiредi, ақыл-ой жұмысынан алшақ болғысы келедi. Зерттеу барысында, бұл балаларда патологиялық жағынан психикалық функциялары зақымданбағаны анықталды.
Зерттеуде балаларға сөздер мен сандар берiлiп есте сақтау ұсынылды, бұл тапсырманы орындауда үлгермейтiн оқушылардың есте сақтау процесi, жақсы оқитын оқушылардан өзгеше ерекшелiнбейдi.
7 үлгермейтiн және 7 үлгерiмi бар оқушы салыстырылды. 20 сөз және 20 санның iшiнен үлгермейтiндер орташа алғанда 7 сөз және 5 санды, ал сәйкесiнше үлгерiмi бар оқушылар 7 сөз және 6 санды есте сақтай алды.
Мәтiндi есте сақтау ұсынылғанда мүлде басқаша нәтиже алынды. Үлермейтiн оқушылар есте сақтаудың ұтымды жақтарын қолдана алмады. Олар мәтiннiң мазмұнына мән бермей, мәтiнде баяндалған 16 ойдың iшiнен тек қана 6 және 8-iн ғана есте сақтай алды.
Бурдон тестiнiң көмегiмен осы оқушылардың қабылдауын тексеруде, оларды және жақсы оқитын оқушылардың қабылдауы бiрдей деңгейде екенi байқалды.
Бұл тапсырмада үлгермейтiн оқушылар 7 қате, ал жақсы оқитын оқушылар 8- қате жiбердi.
Экспериментте анықталғаны, екi топ арасында айырмашылықтар бар. Мысалы, үлгермейтiн оқушылар жұмысының темпi, жақсы оқитын оқушыларға қарағанда баяу болып келедi.
Үлгермейтiн оқушылардың есте сақтауы және қабiлетiнiң төмен көрсеткiштерi психикалық процестегi қандай да бiр патологиялық өзгерiстерге әсер етпейдi, оқушылар оқу процесi барысында қажеттi бiлiм және дағдыны дер кезiнде қолдана алмайды.
Үлгермейтiн оқушыларды типтерге ажыратуда, олардың тұлғалық негiзгi екi комплексi анықталды:
Бiрiншiсi – ойлау әрекетiнiң ерекшелiктерi
Екiншiсi – оқушының оқуға деген «iшкi позициясын» көрсететiн тұлғалық бағдары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет