Жоспар 1 Кіріспе


Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы



бет3/4
Дата13.06.2016
өлшемі278.5 Kb.
#133830
1   2   3   4

Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы.

Қатысушылардың сенім серіктестігінің мүлкіндегі үлесі

Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы толық серіктестер мен салымшылардың салымының құралады және жарғылық капиталға салым салған сәтте Қазақстан Республикасында заңмен белгіленген елу есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесінің жиынтық мөлшері 50 проценттен аспауы керек. Бұл ретте сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында салымшылардың толық серіктестіктердің салымын (салымының бір бөлігін) төлеу жөніндегі міндеттері көзделуі мүмкін. Сенім серіктестігінің жарғылық капиталының мөлшері, оны құрау тәртібі мен мерзімі серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сенім серіктестігі құрылтай құжаттарының мазмұны -сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетілуге тиіс, оңда:

толық серіктестердің бәрінің есімі, сондай-ақ « сенім серіктестігі » деген сөздер не болмаса;

« және компания » деген сөздер қосылған кемінде бір толық серіктестің есімі, сондай-ақ « сенім серіктестігі » деген сөздер болады.

Сенім серіктестігінің ісін басқару. Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады. Сенім серіктестігінің ісін оның толық серіктестірінің басқаруы мен жүргізуінің тәртібін олар толық серіктестік туралы ережелер бойынша белгілейді. Салымшылардың сенім серіктестігінің ісін ьасқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхатсыз оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенім серіктестігі салымшыларының толық серіктестік ісін басқару жөніндегі іс-әрекетін даулауға құқығы жоқ.

Салымшының сенім серіктестігінің мүлкіндегі өз үлесін (үлесінің бөлігін) басқа салымшыларға, толық серіктестерге немесе үшінші тұлғаларға беруі, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, толық серіктестдің барлығының келісуімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Үлесі басқа салымшыларға, толық серіктестерге немесе үшінші тұлғаларға берілген кезде сенім серіктестігінен шыққан салымшыға тиесілі барлық құқықтар мен міндеттер жиынтығы осымен бір мезетте соларға өтеді.

Сенім серіктестігінің салымшысы қаржы жылы аяқталған соң серіктестікке қатысудан бас тарту жөнінде мәлімдеп, одан шығуға құқылы.

Салымшы өзінің сенім серіктестігіне қатысудан бас тартуын, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын мәлімдеуге тиіс. Кредитордың (кредиторлардың) серіктестіктің мүлкіндегі салымшының үлесіне өндіріп алуды қолдану тәртібі шаруашылық серіктестік туралы заңымен белгіленеді.8

Толық серіктестіктер серіктестіктің жарғылық капиталына өздерінің мүліктік жарнасын толық салмаған жағдайда бір немесе бірнеше салымшыны толық серіктестердің барлығының біраууыздан қабылдаған шешімі бойынша сот тәртібімен шығарылуын талап етуге құқылы.

Сенім серіктестігінің шығарылған салымшыға, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серіктестіктің жарғылық капиталына енгізген салымдарының сомасы төленеді.

Егер салымшы сенім серіктестігінің жарғылық капиталына ешқандай салым енгізбесе, оңда серіктестіктің құрылтай құжаттарында салымдар еңгізу үшін белгіленген мерзім біткен күннен бастап 30 күн өткен соң, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серіктестікке мүшелігі доғарылады.

Сенім серіктестігінің салымшысы-заңды тұлға тоқтатылған (таратылған немесе қайта құрылған) немесе серіктестік салымшысы азамат қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда оның құқығын иелену Қазақстан Республиқасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қатысушылардың қайсысын болмасын серіктестіктің пайдасын бөлісуге немесе шығынын өтеуге қатысудан шеттету туралы келісімге жол берілмейді.

Салымшылар сенім серіктестігінің міндеттемелері бойынша серіктестіктің жарғылық қорына өздері енгізген салымдар сомаларының шегінде жауап береді.

Сенім серіктестігін тоқтатудың ерекшеліктері.

Сенім серіктестігі одан барлық толық серіктестер немесе барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады.

Егер құрамында ең болмағанда бір толық серіктес пен бір салымшы қалса, сенім серіктестігі сақталады.

Сенім серіктестігінде қалған толық серіктестер соңғы салымшы шыққан мезеттен бастап алты айдың ішінде немесе серіктестікте қалған салымшылар соңғы толық серіктес шыққан мезеттен бастап алты айдың ішінде серіктестікті сақтап қалу мақсатында оңда жоқ салымшылар немесе толық серіктестер ретінде серіктестікке жаңа қатысушылар қабылдауға құқылыі Бұл жағдайда, сол сияқты толық серіктестер немесе салымшы азаматтар сенім серіктестігін толық серіктестік етіп қайта құруға құқылы.

Сенім серіктестігі таратылған кезде салымшылар оның кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған серіктестік мүлкінен салымдарды алуда толық серіктестерге қарағанда басым құқыққа ие болады. Сенім серіктестігінің осыдан кейін қалған мүлкі, егер құрылтай құжаттарына өзге тәртіп белгіленбесе, толық серіктестер мен салымшылар арасында олардың серіктестік мүлкіне қосқан үлесіне барабар бөлінеді.


2.2.2 Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді жəне серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тəуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жəне осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша əрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондайақ "жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген сөздерді немесе "ЖШС" деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады.

Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын жəне оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар.Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері мен мекен-жайы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады.9

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан (осы Заңның 14-бабы) басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен (осы Заңның 19-бабы) аяқталады.

2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рəсімі ол аяқталғанға дейін: бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда; серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тəртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рəсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда: жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нəтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық жəне өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы; Жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс.

Құрылтай шартын жасау тəртібі мен оның нысаны

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты əрбір құрылтайшының немесе оның уəкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жасалады.

2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты жазбаша нысанда

жасалады.

3. Шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары қол қояды.

Құрылтайшылар өкілдерінің серіктестікті құруға жəне құрылтай шартына қол қоюға құқық беретін тиісті өкілеттігі болуға тиіс.

Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті заңды тұлға атынан сенімхатсыз əрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін.

Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мəртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мəтінінде көрсетілуге тиіс.

Құрылтай шартын нотариат куəландыруға тиіс.

Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң серіктестіктің қатысушылары болады.

Жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрудың

ерекшеліктері:

1. Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның жеке өзі

қабылдаған шешімнің негізінде құрылады. Бұл жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.

2. Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын осы серіктестікті құрған адам бекітеді.

3. Жалғыз қатысушысы бар серіктестікті мемлекеттік тіркеу жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін белгіленген жалпы тəртіп бойынша жүргізіледі.

4. Егер жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік салымды бөлу немесе жарғылық капиталды ұлғайту нəтижесінде жаңа қатысушылармен толықса, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы Заңның ережелері бойынша құрылтай шартына қол қоюға міндетті. Тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылу жəне қызмет ету ерекшелiктерi.10

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кəсiби қатысушысымен (тiркеушiмен) серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарт жасасуға құқылы. Құрылтай шартының күшi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мəртебесін белгілейтін құжат болып табылады.

Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:

1) серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;

2) серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн

жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi жəне жеке басын куəландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;

3) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мəліметтер;

4) серіктестік органдарын құру тəртібі мен олардың құзыреті;

5) серіктестікті қайта ұйымдастыру жəне оның қызметін тоқтату ережелері;

6) серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тəртiбi ;

7) серіктестікке қатысушыларға жəне үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тəртібі жəне мерзімі;

8) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс

Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тəртібі де белгіленеді. Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін. Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мəні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.

Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бірауыздан бекітуге тиіс жəне оған барлық құрылтайшылар немесе олардың уəкілетті өкілдері қол қояды.

Серіктестіктің жарғысын нотариат куəландыруға тиіс. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысының негізінде жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда серіктестікті мемлекеттік тіркеу барысында жарғыны табыс ету талап етілмейді. 11

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі.

2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді əділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тəртіппен жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік тіркеудің деректері, оның ішінде серіктестіктің фирмалық атауы, жарғылық капиталының мөлшері, құрылтайшыларының құрамы мен атқарушы органдары, оның орналасқан жері туралы мəліметтер жалпыға бірдей танысу үшін ашық заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі жəне серіктестіктің коммерциялық құпиясы болмайды.

4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:

1) құрылтайшылар серіктестік құруға уəкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтінішті;

2) серіктестіктің жарғысын

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын құжатты табыс етуге тиіс.

4-1. Серiктестікке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi мемлекеттiк тіркеу үшiн:

1) қайта құру туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уəкiлдiк берген адам қол қойған серiктестiктi құру туралы өтiнiш;

2) серiктестiктiң жарғысы; 3) қайта құру туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уəкiлдiк берген адам қол қойған, акция ұстаушылар тiзiлiмiндегi деректер негiзiнде жасалған серiктестiкке қатысушылар тiзiмi табыс етiлуге тиiс.



Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын құру

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады.

Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының

сомасына тең болады жəне серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан кем болмауы керек.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нəтижелеріне құқық жəне өзге де мүлік (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сəйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) болуы мүмкін.

Салымдар жеке мүліктік емес құқықтар жəне өзге де материалдық емес игіліктер түрінде енгізуге жол берілмейді.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысандағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдар барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны айлық жиырма мың есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан асып түсетін болса, оның бағасын тəуелсіз сарапшы растауға тиіс.

Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілген жағдайда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген бүкіл мерзімге есептелген пайдалану ақысымен анықталады.

Пайдалану құқығы серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып табылатын мүлікті жалпы жиналыстың келісімінсіз мерзімінен бұрын алуға жол берілмейді. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серіктестікке пайдалануға берілген мүліктің кездейсоқ құрып кету немесе зақымдану қаупі мүлік иесіне жүктеледі.

Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, əрбір қатысушы салымының

жарғылық капиталдың жалпы сомасына қатынасы қатысушының жарғылық капиталдағы үлесі болып табылады. Мұндай үлес бүтіннің бөлігі түрінде немесе проценттермен көрсетілуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жаңа қатысушыларды қабылдауға немесе серіктестіктен бұрынғы қатысушылардың бірі шығуына байланысты жарғылық капитал мөлшерінің қандай болса да өзгеруі қатысушылардың жарғылық капиталдағы қабылдау немесе шығу кезіндегі үлестерін тиісінше қайта есептеуге əкеп соғады.

Құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарына сəйкес жүзеге асырылады.

Серіктестіктің жарғылық капиталын құру мерзімдері

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар серіктестікті тіркеген кезге дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының кемінде 25 процентін, алайда жарғылық капиталдың кемінде ең төменгі мөлшерін енгізуге міндетті 2. Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Мұндай мерзім серіктестікті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс. 12

3. Серіктестікке қатысушы үлесті белгіленген мерзімде енгізу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда серіктестік үлестің қатысушы енгізбеген бөлігін өз капиталының (өзінің таза активтерінің) есебінен төлеуге не жарғылық капиталды оның енгізілген бөлігіне дейін азайтуға тиіс.

Өз үлесін мерзімінде енгізбеген қатысушы серіктестікке зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ, егер серіктестіктің құрылтай шартында немесе жарғысында өзгеше көзделмесе, серіктестікке Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 353-бабына сəйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

4. Қатысушы белгіленген мерзімде енгізбеген үлес немесе оның бір бөлігі

серіктестіктің жалпы жиналысының шешімі бойынша Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Заңының 31-бабының 1-тармағында немесе серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тəртіппен қалған қатысушылар арасында бөлінуі не үшінші жақтың сатып алуына ұсынылуы мүмкін. Салымның енгізілмеген бөлігін осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде сату мүмкін болмаған жағдайда серіктестіктің жарғылық капиталы осы сомаға азайтылады жəне соған сəйкес қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері өзгертіледі.

5. Егер қатысушының салымы біршама уақыттан кейін ғана пайдаланылуы мүмкін мүлік болса, мұндай салым жалпы жиналыстың шешімі бойынша қатысушыдан салымның сипаты, оның ақшалай бағасы мен енгізу мерзімі көрсетіліп, нотариат куəландырған борыш міндеттемесін алған күннен бастап енгізілген деп танылуы мүмкін. Мұндай мерзім үш жылдан аспауы керек.

6. Өз үлесін толық енгізген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы

серіктестіктен өзінің серіктестікке қатысуын куəландыратын куəлік алуға құқылы.

7. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрғанға дейін ақша енгізу арқылы оның жарғылық капиталын төлеу үшін серіктестік құрылтайшылары құрылтай шартында жинақтау шотына тиісті қаражат аудару үшін банкте өз атына осындай шот ашуға тиіс құрылтайшылардың бірін көрсетуі мүмкін.

Серіктестік құрылып, ол банкте өз шотын ашқаннан кейін атына жинақтау шоты ашылған құрылтайшы осы шоттан серіктестік шотына ақша аударуды 5 (бес) жұмыс күн ішінде жүзеге асыруға міндетті. Құрылтайшы ақша аудару жөніндегі міндетін уақтылы орындамаған жағдайда ол серіктестікке, егер құрылтайшылар осылай кешіктірудің өзге зардаптарын белгілемесе, жинақтау шотында ұсталып қалған сомадан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 353-бабында белгіленген мөлшерде

тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс.

8. Егер жауапкершілігі шектелуі серіктестіктің жарғысында оның құрылтайшылары серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар есебіне ақша емес, өзге мүлік енгізуі

көзделсе, серіктестік құрылтайшылары құрылтай шартында тиісті мүлік серіктестік

құрылғанға дейінгі жəне кейінгі кезеңге сенімгерлік басқаруға берілуге тиіс

құрылтайшының біреуін немесе үшінші жақты көрсете алады.

Сенімгерлік басқару туралы шартта:

1) сенімгер басқарушының барлық құрылтайшылардың мүдделері үшін, ал

жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылғаннан кейін серіктестік мүдделері үшін тиісті

мүлікті басқаруды жүзеге асыру міндетті;

2) жауапкершілігі шектеулі серіктестікке ол құрылған кезден бастап пайдасына шарт

жасалған жəне сенімгерлік басқаруға берілген мүлік осы кезден бастап меншігіне

ауысатын адамның құқықтарын беру көзделуге тиіс.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде жарғылық

капитал жəне оның өз капиталымен арақатынасы тексерілмейді.

2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру:

1) кез келген қатысушының талап етуі бойынша тəуелсіз сарапшымен жүргізілуі мүмкін. Сараптамаға мүдделі қатысушы ақы төлейді;

2) сот шешімі бойынша;

3) əрбір қаржы жылының қорытындылары бойынша - қаржы есептері бойынша жүргізілуі мүмкін.

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мəлімделген жарғылық капиталы нақты

жарғылық капиталынан асып кеткен кезде серіктестікке қатысушылар кредит берушілер

алдында жарғылық капиталдың өз капиталынан асып кеткен сомасында серіктестіктің

борыштары бойынша ортақ субсидиялық жауапкершілікті мойнына алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайтуға оны толық төлегеннен кейін рұқсат етіледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту:

1) серіктестіктің барлық қатысушылары қосатын қосымша бара-бар салымдар;

2) жарғылық капитал мөлшерін серіктестіктің өз капиталы есебінен, оның ішінде өзінің резерв капиталының есебінен ұлғайту;

3) алынып тасталды

4) бұған қалған барлық қатысушылар келіскен жағдайда бір немесе бірнеше

қатысушының қосымша салымдар салуы;

5) серіктестік құрамына жаңа қатысушылар қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жарғылық капитал жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың біреуі не жаңадан қабылданатын қатысушының қосымша жарна төлеуі арқылы ұлғайтылған кезде мұндай салымның мөлшері серіктестіктің өз капиталына олардың осының алдындағы жарнасының мөлшерін жəне барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестерін қайта есептеу қажеттігі ескеріле отырып белгіленеді. Шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімімен қабылданады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жалпы жиналыс жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде жарғылық капиталдың ұлғайтылғандығы туралы өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарлауға міндетті. Хабарлаған кезге қарай жарғылық капитал ұлғайтылатын соманың кемінде жартысына тең сомада салымдар енгізілуге тиіс. Егер серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарламаса, жарғылық капитал ұлғайтылмаған болып танылады.

Жарғылық капитал ұлғайтылмай қалған жағдайда қатысушының немесе өз салымын салған, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке кіруге ниет білдірген үшінші жақтың серіктестіктен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 353-бабына сəйкес не зияндарын өтеп, оның ішінде салым ретінде салынған мүлікті пайдалану мүмкін болмауы салдарынан қолдан жіберіп алынған пайдасын өтеп, салымды қайтаруды жəне тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту серіктестіктің барлық қатысушылары салымдарының мөлшерін бара-бар мөлшерде азайту не жекелеген

қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жүзеге асырылады.

Қатысушы үлесін өтеу арқылы жарғылық капитал азайтылған кезде қалған қатысушылардың үлестері тиісінше өзгереді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған кезден бастап серіктестік бұл шешім туралы шешім қабылданған соң туындайтын міндеттемелер бойынша кредит берушілерге хабарлауға міндетті.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі ай мерзім ішінде серіктестік өзінің барлық кредит берушілеріне жарғылық капиталдың азайтылғаны туралы жазбаша хабарлама жіберуге не серіктестіктер туралы мəліметтер жарияланатын ресми басылымда тиісті хабарландыру беруге міндетті. Серіктестіктің кредит басылымда тиісті хабарландыру беруге міндетті. Серіктестіктің кредит берушілері хабарлама алған немесе хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде серіктестіктен қосымша кепілдіктер не серіктестіктің тиісті міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтатуын немесе орындауын жəне зияндардың орнын толтыруын талап етуге құқылы. Талаптар серіктестікке жазбаша нысанда жіберіледі, ал олардың көшірмелері серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органға ұсынылуы мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының азайтылуын серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген орган серіктестікке талаптар мəлімдеу үшін кредит берушілерге ұсынылған мерзім аяқталған соң тіркейді Егер серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органға серіктестікке кредит берушілер талаптарының көшірмелері түссе, серіктестік осы талаптардың орындалғанының дəлелдерін ұсынған не мəлімдеген кредит берушілердің серіктестік жарғылық капиталының азайтылуын тіркеуге қарсылықтары болмаған жағдайда, жарғылық капиталдың азайтылуы тіркеледі.

Егер серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде серіктестік қайта тіркеу туралы арыз бермесе не қажетті дəлелдер ұсынбаса, жарғылық капитал азайтылмаған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғылық капиталдың азайтылуына байланысты жарғылық капиталдың жаңа мөлшерінен асатын таза активтердің бір бөлігі шегінде ғана өз қатысушыларына төлемдер жасауға құқылы. Төлемдер жарғылық капиталдың азайтылуы тіркелген соң, серіктестік жарғысы немесе жалпы жиналыстың жарғылық капиталды азайту туралы шешімі белгілеген мерзімде, бірақ тіркеу кезінен бастап үш айдан кешіктірмей жасалады. Төлем серіктестікке қатысушылар үлестерінің мөлшеріне сəйкес жасалады.

Қатысушылар өз салымдарын құрылтай құжаттарында мəлімделген жарғылық капиталдың толық мөлшеріне дейін салған соң ғана жарғылық капиталды азайту жүзеге асырылуы мүмкін .Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың үлестері

Барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері жəне тиісінше олардың шаруашылық серіктестік мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлес), егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады.

Кез келген негіз бойынша үлеске деген құқықтан айрылу қатысушының

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен шығуына əкеп соғады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары серіктестіктің бір қатысушысында болуы мүмкін үлестің ең көп мөлшерін шектей алады. Мұндай шектеуді белгілі бір қатысушы жөнінде белгілеуге болмайды. Сол сияқты құрылтай құжаттарында серіктестікке қатысушылар үлестерінің ара қатынасын өзгерту мүмкіндігі шектелуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушы үлесіне құқық заттық емес, міндеттемелік сипатта болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының серіктестік мүлкіндегі өз үлесіне билік етуі

Қатысушының жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіндегі үлесі салым төленіп қойылған бөлігінде ғана салым толық төленгенге дейін иеліктен алынуы немесе кепілге берілуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы өз қалауы бойынша сол серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына серіктестік мүлкіндегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін сатуға немесе басқа жолмен беруге құқылы. Сол сияқты серіктестікке қатысушы серіктестіктің басқа қатысушысы алдындағы өз міндеттемесін қамтамасыз ету үшін үлесін кепілге беруге құқылы. Бұл мəмілелерді жасауға серіктестіктің немесе басқа қатысушылардың келісімі талап етілмейді. Серіктестік мүлкіндегі үлес кепілін тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының үлесін үшінші жаққа иеліктен айырып беру мүмкіндігі

Құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының өз үлесін (оның бір бөлігін) иеліктен айырып үшінші жаққа беруіне немесе қатысушының үшінші жақ алдындағы міндеттемесін қамтамасыз ету үшін үлесті (үлестің бір бөлігін) кепілге беруіне жол беріледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттарында үлесті үшінші жаққа сатуға тек белгілі бір шарттар сақталғанда ғана жол берілетіндігі көзделуі мүмкін.

Егер мұндай сату жекешелендіру туралы заңдарға сəйкес үлес сату арқылы жүзеге асырылса, осы бапта белгіленген шектеулер мемлекетке немесе мемлекеттік заңды тұлғаға тиесілі үлесті сату жағдайларына қолданылмайды. Алайда мұндай сату кезінде серіктестіктің басқа қатысушысының (басқа қатысушыларының) үлесті сатып алуға артықшылық құқыққа ие болу құқығы сақталады.

Иеліктен айырылатын үлесті сатып алуға артықшылық құқық

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар қатысушылардың бірі үлесін сатқан кезде оны немесе оның бір бөлігін сатып алуда , заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші жақтың алдында артықшылық құқықтық пайдаланады.

Мұндай құқықты əрбір қатысушы пайдалана алады. Егер сатып алудағы артықшылық құқықты пайдалануды қалайтын қатысушылар бірнешеу болса жəне құрылтай құжаттарында немесе серіктестікке қатысушылардың басқа келісімінде өзгеше көзделмесе, үлесті (оның бір бөлігін) сатып алудағы артықшылық құқықты қатысушылар жарғылық капиталдағы өз үлестерінің мөлшеріне бара-бар жүзеге асырады.

Өз үлесін немесе оның бір бөлігін үшінші жаққа сатқысы келген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы өзінің ниеті туралы серіктестіктің атқарушы органына сатудың болжамды бағасын көрсетіп, жазбаша хабарлауға міндетті.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушыдан үлесті сатуға ұсыну туралы хабарлама алған кезден бастап жеті күн ішінде атқарушы орган бұл жөнінде серіктестіктің барлық қатысушыларына хабарлайды. Сатып алуда артықшылық құқықты жүзеге асыруды қалайтын серіктестікке қатысушы сатуға ұсынылған үлесті толық немесе оның белгілі бір бөлігін сатып алу ниетін көрсетіп, бұл туралы серіктестіктің атқарушы органына жеті күн мерзім ішінде хабарлауға тиіс.

Келіп түскен ұсыныстардың жиынтық шамасы сатылып отырған үлестің мөлшерінен аспаса, əрбір қатысушы оның өзінің хабарламасында көрсеткен бөлігін сатып алады. Егер осылай иеліктен айыруға дейін жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардан қосымша ұсыныстар түспесе, үлестің қалған бөлігі иеліктен айырылып, үшінші жаққа берілуі мүмкін.

Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органына үлестің сатуға ұсынылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бір ай ішінде оны немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушылар артықшылық құқықты пайдалану тəртібімен сатып алмаса, үлесті сатуға ұсынған қатысушы үлесті (үлестің сатып алынбаған бөлігін) хабарламада көрсетілген бағадан төмен болмайтын баға бойынша үшінші жаққа сатуға құқылы.

Егер үлес хабарламада көрсетілген бағадан неғұрлым төмен баға бойынша иеліктен айырылып, үшінші жаққа берілсе, үлесті сатып алу-сату туралы шарт жарамсыз деп танылуы мүмкін. Қатысушылардың үлестің немесе оның бір бөлігінің іс жүзіндегі сату бағасын ескеріп, үлесті сатып алуда артықшылық құқықты жүзеге асыру рəсімін қайталауға құқығы бар.

Үлес немесе оның бір бөлігі сатып алудағы артықшылық құқық бұзылып сатылған жағдайда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кез келген қатысушысы сатып алушының құқықтары мен міндеттерін өзіне ауыстыруды үш ай ішінде сот тəртібімен талап ете алады.

Иеліктен айрылған үлесті сатып алудағы артықшылық құқық үлесті сатудың кез келген əдісі кезінде, соның ішінде сауда-саттық кезінде жүзеге асырылады.

Үлесті сатып алудағы артықшылық құқықты біреуге беруге жол берілмейді.

Иеліктен айырылған үлесті немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушы (қатысушылар) сатып алған жағдайда оның /олардың/ серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесі тиісінше ұлғаяды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттарында серіктестікке қатысушының өз үлесін үшінші жаққа сатуына тыйым салу немесе шек қою көзделуі мүмкін (мысалы, үлесті серіктестіктің басқа қатысушыларына не үшінші жақтың шектеулі тобына ғана сату). Бұл жағдайда сату осындай тыйым салуды немесе шектеуді сақтай отырып жасалуға тиіс. Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына қатысу үлесiн қатысушының сату тəртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында жəне серiктестiктiң жарғысында белгiленеді.

Үлесті сату сатушыға тəуелсіз жағдайлар бойынша көзделген тыйым салуды немесе шектеуді сақтай отырып жасала алмайтын жағдайда, үлесін сатқысы келетін қатысушы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен осы үлесті сатып алуын немесе оны үшінші жаққа сатуға рұқсат етуін талап етуге құқылы. Осы нұсқалардың бірін серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы таңдап алады. Үлесті жауапкершілігі шектеулі серіктестік сатып алған жағдайда үлес бағасын тараптардың келісімі, келісімге қол жетпеген жағдайда сот белгілейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үлесті үшінші жаққа сатуға келіскен жағдайда серіктестікке қатысушылар үлесті сатып алудағы артықшылық құқықты сақтайды.

Үлесті сатып алуға бірнеше қатысушы ниет білдірген жағдайда үлес олардың арасында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлестерінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді.

Шығып кеткен қатысушыдан жауапкершілігі шектеулі серіктестік сатып алған үлесті қатысушылар сатып алғысы келмеген жағдайда үлес жарғылық капиталды тиісінше азайту жəне серіктестікке қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестерін қайта есептеу арқылы өтеледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы серіктестікке немесе оның қатысушыларына зиян келтірген жағдайда олар зиян келтірушіден зиянды өтеуді талап етуге құқылы.

Қайта ұйымдастыру заңды тұлғаны бөлу немесе оның құрамынан жаңа заңды тұлғаның (жаңа заңды тұлғалардың) бөлініп шығуы болып табылса, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның үлесі бөлу балансына сəйкес оның құқықтық мұрагерлеріне ауысады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының кредит берушілері сот шешімінің негізінде мəжбүрлі түрде серіктестік мүлкіндегі мұндай қатысушының үлесінен немесе үлесінің бір бөлігінен өндіріп алуды талап етуге құқылы. Үлеске (үлестің бір бөлігіне) қатысты кепіл ұстаушы құқығы жоқ оны өндіріп алатын кредит беруші жауапкершілігі шектеулі серіктестікке борышкерден үлесті (үлестің бір бөлігін) мəжбүрлеп сатып алатыны жəне сатып алудан түскен сомадан борышты өтеуін талап ететіні туралы мəлімдейді. Үлесті (үлестің бір бөлігін) сатып алуды серіктестік немесе оның қатысушылары үлесі сатып алынатын қатысушы бұған келіскен кезде тараптар белгілейтін баға бойынша жүзеге асырады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жəне үлесі өндіріп алынатын қатысушы келіскен кезде мұндай үлес (үлестің бір бөлігі) үшінші жаққа сатылуы мүмкін. Кредит берушінің талабы мəлімденген күннен бастап үш ай ішінде серіктестік немесе оның қатысушылары, немесе үшінші жақ үлесті (оның бір бөлігін) сатып алмаса жəне талапты қанағаттандырмаса, кредит беруші үлесті (оның бір бөлігін) көпшілік сауда-саттықта Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тəртіппен сатуды талап етуге құқылы. Үлесті сатудан түскен ақшадан оны бағалауға, сатуды ұйымдастыру мен өткізуге, үлестен өндіріп алуды талап еткен кредит берушінің талаптарын қанағаттандыруға жұмсалған шығындар өтеледі. Қалған ақша, егер ол бар болса, үлесі (үлесінің бір бөлігі) сатылған адамға беріледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары, серіктестік алған табыстар, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құралады.

Заң актілерінде немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында резервтік капитал жəне басқа да қорлар құру көзделуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі оның балансында есептеледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіне қосымша жарналар

Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында өзгеше көзделмесе, қатысушылардың жалпы жиналысы қатысушылардың серіктестік мүлкіне қосымша жарналар енгізуі туралы шешім қабылдай алады. Шешім серіктестіктің барлық қатысушыларының төрттен үшінің көпшілік дауысымен қабылданады. Мұндай шешімді жақтап дауыс бермеген қатысушылар (соның ішінде жиналыста болмағандар, дауыс беруге қатыспағандар немесе дауыс беруден қалыс қалғандар) өз үлестерін қосымша жарналар енгізуді жақтап дауыс берген қатысушылардың сатып алуын талап етуге құқылы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіне қатысушылар енгізген қосымша жарналар оның жарғылық капиталының жəне серіктестікке қатысушылар үлестерінің мөлшерін өзгертпейді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар арасында серіктестіктің бір жыл ішіндегі өз қызметінің нəтижелері бойынша алған таза табысын бөлу серіктестіктің тиісті жылдағы қызметінің нəтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жиналысының шешіміне сəйкес жүргізіледі. Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушылар арасында бөлуден алып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы табысты қатысушылар арасында бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда əрбір қатысушы бөлінетін табыстың серіктестік жарғылық капиталындағы өз үлесіне сəйкес бөлігін алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жасауға тиіс.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік жарғылық капиталы толық төленгенге дейін табысты қатысушылар арасында бөлуге құқығы жоқ.

Серіктестікке қатысушының - заңды тұлғаның өкілі ретінде оның басшысы сенімхатсыз не өзге өкіл сенімхат негізінде қатысуға құқылы. Өкілдің жалпы жиналысқа қатысуына заңды тұлғаның сенімхаты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде (жалпы бөлім) көзделген нысанда берілуге тиіс. 13

Егер қатысушы мен сенімгер басқарушы арасындағы шартта немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қатысушы үлесін сенімгерлік басқару құрылған жағдайда жалпы жиналыста оның өкілі ретінде қатысушы атынан сенімгер басқарушы əрекет етуге құқылы. Қатысушы мүдделерін білдіру тəртібіне қойылатын талаптар мүлікті сенімгерлік басқару туралы заңдарда белгіленеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органының серіктестік қатысушысы болып табылмайтын мүшелері, егер серіктестік жарғысында өзгеше көзделмесе, жалпы жиналысқа кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады. Серіктестік жарғысында басқаша белгіленбесе, жалпы жиналыс өзінің ерекше құзыретіне жатпайтын өкілеттіктерді серіктестіктің атқарушы органына немесе бақылау кеңесіне беруге құқылы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы, өзінің құзыреті серіктестік жарғысында қалай белгіленгеніне қарамастан, серіктестік қызметіне байланысты кез келген мəселені қарауға алуға құқылы.

Қатысушылардың жалпы жиналысы, егер серіктестіктің жарғысында өзгеше айқындалмаса, серіктестіктің ішкі қызметіне қатысты мəселелер бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге де органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың кезекті жалпы жиналысы

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың кезекті жалпы жиналысын серіктестіктің атқарушы органы серіктестік жарғысында белгіленген мерзімде, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.

2. Жауапкершілік шектеулі серіктестіктің жылдық қаржылық есептемесін бекітуге арналған жиналыс қаржылық есеп беру жылы аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірмей өткізілуге тиіс.

Байқаушы кеңестің, тексеру комиссиясының (тексерушінің) немесе серіктестікке қатысушылардың талап етуіне қарамастан атқарушы орган кезектен тыс жалпы жиналысты шақырмаса, оны серіктестіктің байқаушы кеңесі, тексеру комиссиясы (тексеруші) немесе жиынтығында дауыс санының оннан бірінен астамын иеленетін серіктестікке қатысушылар дербес шақыра алады.14

Таратылу процесінде тұрған жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысын тарату комиссиясы (таратушы) да шақыруы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет