Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет2/5
Дата04.03.2024
өлшемі1.09 Mb.
#494182
1   2   3   4   5
f60a3fc44a6907

Ашық пневмоторакс.
Ашық пневмоторакста-кеуде қабатының толық жаралануымен немесе бронхтардың жыртылуымен, не өкпеге жасалған операциямен себептес. Ашық пневмоторакста плевра қуысындағы қысым атмосферадағы қысыммен теңдеседі. Өкпе, егер ол жабысқақтармен кеуде қанқасына жабыспаған болса бос ауамен толық қысылып дем алу үрдісіне қатынаспайды.
Жабық пневмоторакс
Жабық пневмоторакста— плевра ішіне жиналған бос ауа сыртқы ортамен қатынаспайды. Жабық пневмоторакс өкпенің жабық жыртылуымен немесе кеуденің кішкене жарақатымен байланысты. Бұл кішкене жарақаттар біраз уақыттан соң фибринмен, ұйыған қанмен бітеліп кеудеге одан әрі бос ауа енуі тоқтайды. Жабық пневмоторакста плевра қуысында аз ғана болса — да теріс қысым сақталады. Осы себепті өкпенің қысылуы толық емес және өкпе аз да болса, дем алуға қатысады, көкірек қозғалуы да болмашы.
Осындай жағдайдағы ағзаны ауамен қамтамасыз ететін екінші өкпе жұмысы бұзылады. Өйткені кеуде қуысының бір бөліміне енген бос ауа мен атмосфералы қысым cay плевра қуысына қарай жайылып, көкірек мүшелерін қозғап, сау өкпені қысып, оның жұмысын нашарлатады
Клапанды (қақпақты) пневмоторакс өте ауыр жағдайға соғады, өйткені кеуде жарасы, өкпе, бронх жыртығы арқылы ішке дем тартқанда сыртқы ауа плевра ішіне енеді. Ал демді шығарғанда аталған жаралар жабылып, бос ауаны сыртқа шығармайды. Кейде плевра қуысына ауа тіпті дем шығару фазасында да енеді. Осы себептен клапанды пневмоторакстың инспирациялық және экспирациялық түрлерін бөледі. Плевра куысындағы бос ауа көлемі біртіндеп өседі, өкпе қысылады, ол дем алуға қатынаспайды, көкірекке қарсы бетке ығысып, өте ауыр жағдай басталады
Пневмоторакс
Кеуде қуысында үнемі теріс қысым болады. Өкпе мен қабырға арасындағы қуыста ауа болмайды. Қабырға астындағы еттер жиырылғанда ол көтеріледі, көкет жазылады да, кеуде қуысы кеңейеді, сол кезде өкпеге сырттан ауа сорылып көлемі ұлғаяды, яғни демді ішке алады.
Қабырға арасындағы еттер босансығанда, қабырғалар төмен түседі, сөйтіп олар өкпені қысып, ішіндегі ауаны сыртқа шығарады (демді сыртқа шығару).
Қабырғалар немесе өкпенің өзі жарақаттананатын болса, онда плевра қуысының жараланған жағындағы саңылаусыз жері (герметизм) бұзылады.
Мұндайда ауа жараның тесігі арқылы плевра қуысына кіріп, өкпені қысады, сөйтіп дем алу тоқтайды. Мұны пневмоторакс дейді. Бұл кеуде жарақатында пайда болатын шоктың негізгі және жиі себебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет