Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Пневмоторакстардың жалпы көріністері



бет3/5
Дата04.03.2024
өлшемі1.09 Mb.
#494182
1   2   3   4   5
f60a3fc44a6907

Пневмоторакстардың жалпы көріністері- олардың түрімен байланысты. Ашық пневмоторакста науқастың жағдайы іле-шала нашарлайды. Аз уақыт рефлекторлы дем тоқтау қатты ентігумен ауысады, дем алуға кеуденің сыртқы еттері қатынасады. Оттегі жетіспеушілігі басталып, дене көгереді. Тамыр соғуы жиілейді, нашарлайды. Қан қысымы төмендейді. Науқас шыдамсыз, сабырсыз, оны өлім сезімі қинайды, тыныс кемістігі күшейеді де бірер сағаттан соң жүрек және дем тоқтауынан ауру адам өледі.Жабық пневмоторакстың клиникалық көрінісі едәуір жеңіл.
Пневмотораксты емдеу - әрине, себеп болған жарақатты не ауруды емдеумен байланысты. Дегенмен, пневмоторакстың жеке өзі адам өміріне қауіпті жағдайға соғуына сәйкес осы қауіптерге қарсы көптеген арнайы шараларды талап етеді.
Ашық пневмоторакста алғашқы көмек жел өткізбейтін окклюзионды байламмен жараның бетін жабудан басталады. Бұл қимыл ашық пневмотораксты уақытша жабық түріне айналдырып, көкірек мүшелеріне тиетін зиянды азайтуға бағытталған. Мұндай байламсыз жарақаттанған адам емханаға жетпей өліп кетуі мүмкін.
Операция бөлімшесіне жеткізілген жарақатқа жараның хирургиялық өңдеуі жасалып, өкпенің саулығын анықтағаннан соң, кеуденің жарасын тігіп жабады. Бұдан соң плевра куысының сыртқы ортамен қатынасы жойылып, ашық пневмоторакс жабыққа айналады. Сондықтан плевра қуысында қалған бос ауаны шығарып, қысылған өкпені босатып ауамен толтыру қажет. Кейде бұл үшін пункция пайдаланылады. Егер пневмоторакс өкпенің жарақатымен байланысты болса, операциядан соңғы кезеңде өкпенің тігілген жарасынан шығатын ауа плевра куысына жиналып өкпе қысылуы сақталады. 12—24 сағаттан сон қайталап пункция жасалады. Пневмоторакста жасалатын операцияны плевра куысына 1—2 дренажды түтікті 2-3 тәулікке қалдырып, олар арқылы жиналған ауаны сорып, өкпені қысымнан босатады.
Көбінесе жабық пневмоторакс жедел операцияларды қажет етпейді. Плевра пункциясын қайталап қолданумен өкпені толық босатуға болады. Клапанды пневмоторакста плевра қуысын бос ауадан пункциямен босатқаннан кейін, осы пневмотораксқа себеп болған жарақатты не науқасты емдеу басталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет