Спонтанты пневмоторакс
СПОНТАНДЫ ПНЕВМОТОРАКС
Бұл ауру бронхтар ішіндегі қысымның шапшаң және өте күшті жоғарылануы салдарынан өкпенің және висцеральды плевраның жарақаттануынан, өкпенің жеке зақымдануынан немесе деструкциялық өзгерісіне байланысты басталады.
Спонтанды пневмоторакстың себебі деп ұзақ уақыт өкпе туберкулезі есептелінетін. Қазіргі уақытта, аурудың көптеген себептері анықталып отыр
Жіктелуі :
1—себебіне қарай:
а) зақымдалған (травматический),
б) зақымданусыз ( нетравматический).
II — Жарақаттанған өкпеге қарай:
а) оң өкпенің,
б) сол өкпенің,
в) екі өкпенің.
III—Өкпенің қысылуына қарай:
а) толық,
б) жартылай.
IV. Плеврада бос ауаның сақталу уақытына карай:
а) жедел,
б) созылмалы,
в) қайталанбалы,
V-Сыртқы атмосфералық ауамен қатынасуына қарай:а) ашық,
б) жабық,
Себептері - Біріншілікті спонтанды пневмоторакс - клиникалық белгілерсіз жүретін өкпенің фонды патологияларында дамиды.
- Екіншілікті спонтанды пневмоторакс- өкпе ауруларының нәтижесінде дамиды, жиі - өкпеден тыс патология нәтижесінде дамиды.
- Жарақаттан кейінгі пневмоторакс - кеуде қуысының жарақаттарынан кейін (пышақ,оқ жарақаттары) дамиды.
- Ятрогенді пневмоторакстың жиі себептері: плевральды пункция, пункция және бұғана асты венаның катетеризациясы, биопсия түрлері (трансторакальды,бронхиальды).
Пневмоторакс. Кеуде қуысында үнемі теріс қысым болады. Өкпе мен қабырға арасындағы қуыста ауа болмайды. Қабырға астындағы еттер жиырылғанда ол көтеріледі, көкет жазылады да, кеуде қуысы кеңейеді, сол кезде өкпеге сырттан ауа сорылып көлемі ұлғаяды, яғни демді ішке алады.
Қабырға арасындағы еттер босансығанда, қабырғалар төмен түседі, сөйтіп олар өкпені қысып, ішіндегі ауаны сыртқа шығарады (демді сыртқа шығару).
Қабырғалар немесе өкпенің өзі жарақаттананатын болса, онда плевра қуысының жараланған жағындағы саңылаусыз жері (герметизм) бұзылады.
Мұндайда ауа жараның тесігі арқылы плевра қуысына кіріп, өкпені қысады, сөйтіп дем алу тоқтайды. Мұны пневмоторакс дейді. Бұл кеуде жарақатында пайда болатын шоктың негізгі және жиі себебі. Пневмоторакс 3 түрде кездеседі: ашық жабық және қақпалы, үш түрі де өкпенің, жүректің және нервілік реттеу жұмыстарының күрделі қайшылықтарымен өтуі мүмкін, осының салдарынан өкпе-плевралық шок көрінеді.
Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |