Жоспар. І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Сақтардың қоғамдық құрылысы



бет3/12
Дата15.07.2024
өлшемі140.33 Kb.
#502953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
stud.kz-75297 (1)

Сақтардың қоғамдық құрылысы. 

Сақтардың шаруашылығы. Көптеген деректерде сақтардың мал шаруашылығымен айналысқандығы айтылады. Сақтар мал шаруашылығының үш түрімен: 1) көшпелі мал шаруашылығы 2) жартылай көшпелі мал шаруашылығы 3) отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан. Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасындағы сақтардың негізгі шаруашылығы - көшпелі мал шаруашылығы болып табылады. Сақтардың мал шаруашылығы Қазақстан аумағында әр түрде таралды.  Батыс және Орталық Қазақстанда - көшпелі мал шаруашылығы қалыптасса, Шығыс Қазақстанда, Алтай, Тянь-Шань тауларының етегіндеЖетісуда - жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алды. Ал Оңтүстік Қазақстан, Талас, Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында отырықшы мал шаруашылығы дамыған. Сонымен қатар бұл жерлерде суармалы егіншілік те басым болды.


Сақтардың өмірінде жылқы өсіру маңызды орын алды. Оларда жылқының екі түрі болған: 1) аласа бойлы, аяқтары мығым, басы мен денесі ірі, күш көлігі ретінде пайдаланылатын жылқылар; 2) шоқтығы биік, жарау денелі, жауынгерлер соғыста мінетін жылқылар. Аса жүйрік аттарды көсемдер мен атақты жауынгерлер мінген. Сақтардың мал шаруашылығында ірі қара (сиыр) аз өсірілді. Өйткені, олар жылқы мен қойға қарағанда тебіндеп жайылуға қабілетті болмады. Сондай-ақ, сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты – қой өсіру болып, олар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген. Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалы және шөлейт аймақтарын мекендеген сақтарда түйе өсіру кең тарады. Түйе мінуге және жүк артуға пайдаланылған. Одан жүн, ет, шұбат алынды. Сақтар қосымша кәсіп ретінде балық аулай білген. Балық аулау Ертіс жағалауында және Сырдария өзенінің бойында таралды. Сақтар отырықшы мал шаруашылығымен қатар өзен және сулы аймақтарда суармалы егіншілікпен айналысқан. Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырық-рабад, Бәбіш-молда қоныстарының маңынан канал арқылы суарылған ежелгі егіс даласы табылды. Сақтардың б.з.б. ІІІ ғасырда қазылған арықтарының орны Алматы маңындағы Талғар қаласының жанынан және қазіргі Жамбыл облысының аумағынан да табылған.



  • Б.з.б. ҮІІ-ІҮ ғасырлар - сақ тайпалар одағы құрылды.

Сақ қоғамының сипаты-әскери-демократиялық. 3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:

  1. Жауынгерлер-қызыл түс.

  2. Абыздар-ақтүс.

5. Қауым мүшелері- сары және көк түс.
Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі-патша.
Сонымен бірге сақ патшасы-

  • Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;

  • Малшылардың үйретуші ұстазы;

  • Құдайлардың калаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші.

Коғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де катысты. Сақ әйелдері коғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге согысу құқығына ие болды.
Малға жекеменшік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.
Бұл кезең-алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысынын пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға ету кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды.
Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. V г. 40ж. - ЗОж. жазылған "Тарих" енбегі) және Полиен деректері:
б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің патшайымы Томиристің және оның ұлы Спаргаписестің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529 ж):

  • б.з.б. 519-518 жылдардағы парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы: (сақ көсемі Скунха, малшы Ширак ерліктері).

  • б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайын)
    сақтармен шайқасы. (б.з.б. 330-327 ж) Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі
    Спитамен ерлігі.

Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте, Грецияда соғысты. Фермопиль (б.з.б. 480 ж) және Платея шайқастарында батырлықтын үлгісін көрсетті. Гректерге қарсы парсылармен одақтасып. Марафон шайқасында соғысты (б.з.б. 490 ж).
1 Дарийдің калдырған Бехистун сына жазуында сақ тайпалары туралы құнды деректер бар (б.з.б. 516ж).
Сырдария жағасында Македонский бұйрығымен Александрия Эсхата (шеткі Александрия) қаласы салынды. Мемлекеттін шекаралық тірегі есебінде салынғаң бұл қала б.з.б. III ғасырда селевкидтер көтерілісі нәтижесінде қиратылды.
Сақ-номад батыстан (кәсігшілігіне қарай)
Сақ-егінші шыгыста (кәсігшілігіне қарай)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет