1.1. Интеграция теориясының негіздері
Тарихтан бізге мәлім ең бірінші антикалық интеграциялық форма ретінде б.д.д. 2371 жыл 4 мың жыл бұрын солтүстік Месопатамиядағы ежелгі Саргон империясы айтуға болады. Содан бері интеграциялық үрдіс адам өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде. Адам өзі жалғыз өмір сүре алмайтын секілді қоғам да өзі оқшау өмір сүре алмайды. Міне, осы интеграциялық үрдістің бастамасы. Интеграция сөзінің ұғымы теориясына тоқталатын болсақ, интеграция термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолданылған болатын. Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін іntegratіo деген латын сөзінен шыққан.26 Интеграцияны топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бәледі. Сонымен қатар әскери-саяси, ғылыми-техникалық, мәдени және т.б. интеграциялар болады. Интеграция мәселесіне байланысты Барановский В.Г. былай деп түсінік береді: “Бөлек ереркше бөлшектердің біртұтастықпен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай”.27 Ол интеграцияның үш белгісін бөліп алуды ұсынады. Біріншіге, кейбір мемлекетттер арасында бар, осы мемлекеттерге тән, бір жақты байланыстар мен қатынастар жиынтығынан байланыстар мен қатынастарды бөлу, ерекшелеу жатады. Екінші белгісіне, интеграциялық процестерде жүзеге асыратын басқару, яғни интеграциялық тұтастықтағы негізделген қимылдар мен реттеушілік, осының барлығы жаңағы ағымдардың, оқиғалардың стихиялық дамуынан ерекшеленеді. Ал үшіншіне, интеграциялық кешендегі тұтастық пен құрылымдық бөлшектердің арақатынасы.
Әлеуметтік өмірге қолданылатын интеграция ұғымы, кең анықтама, мәдени, экономикалық, саяси және басқа салаларды қамтиды. Топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бөлінеді. Сонымен қатар, интеграция, саяси-әскери, ғылыми-техникалық, техникалық түрлері бар, яғни интеграция қазіргі таңдағы қоғам қызметінің барлық салаларын қамтыған.
Интеграциялық үрдістің саяси жақтарын зерттеу, түрлі мелекеттерде болатын ішкі және сыртқы саяси үрдістермен тығыз байланысты. Бізді қызықтырып отырған мәселе мемлекетаралық интеграциямен байланысты және халықаралық қатынастар мәселесінің шеңберіне кіреді. Мемлекетаралық интеграция, мемлекеттердің арасындағы интеграциялық үрдістің саяси проблематикасымен байланысты мәселелердің жай-жапсарын көрсету үшін, зерттеуші ғалымдар саяси интеграция деген ұғым туралы айта бастады.
Көп зерттеуші ғалымдар “саяси интеграция” ұғымын толық анықтамасын берген америкалық политолог Э.Хаас деп санайды. Бұл терминді ол біренше ұлттық жүйелердің саяси өмірінің мүшелері өз қызметінде заңдастырды және белгілі бір заңы бар жаңа орталыққа бағыттала бастады немесе оны басқа мемлекеттер қазірге дейін біріккен жалпы теория жоқ. Барановский В.Г. айтып кеткендей: “интеграция дегеніміз дифференциацияланған бөліктердің біртұтасқа байланыстылық жағдайы, сонымен қатар осындай жағдайға алып келетін үрдіс”.28 Мысалға интеграция ұғымын жүйелі функционализмнің негізін салушы Т.Парсонның ұсынысы бойынша екі негізгі компонентті қамтиды: біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі сиымдылығы; екіншіден, интеграциялық жиынның сыртқы ортадан оқшау тұратын спецификалық жағдайын қамтамасыз ету және сақтау.29
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграцияның ең бірінші жүйелік сипаттағы қандай да бір біртұтастық құрылуын астарлау қажет. Осы біртұтастық құрушы элемент қазіргі таңда мемлекет болуы мүмкін. Мынадай ой-пікірмен келісуіміз қажет “кейбір мемлекеттердің қандай да бір мемлекетаралық қатынастардағы жүйеге енуі, әрдайым олар интеграция үрдісіне кірді дей алмаймыз. Мұндай жағдайда біз интеграция әр уақыт жүйе, бірақ жүйе әр уақытта интеграция бола алмайды”. Жүйелілік иерархиялық элементтердің автономдығы – интеграция және интерация еместің арасына шектеу қойғанда бұл аса маңызды болмай қалды.30
Интеграция ұғымының теориялық мағынасын сараптауға деген қажеттілік, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен байланысты. Жалпы, мемлекетаралық интеграция түрлі концепциялардың әдістемелік негізін ең бірінші Батыс Еуропадағы халықаралық экономикалық интеграция теориясының шарттары құрады. Құралған концепция жоғары дамыған индустриалды қоғамдастыққа бағытталғаны заңды-ақ, өйткені соғыстан кейінгі кезеңде үшінші әлемдегі мемлекеттер интеграциялық ағымға келетіндей әлі бытыраңқы еді.
Ең бірінші аймақтық интеграция үрдісін теориялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқандар 1950 жылғы неолибералистердің ағымында жұмыс істеген ғалымдар болды. (А.Предоль, В.Репке). Рынок концепциясына сүйене отырып, олар, интеграция деп бірнеше мемлекеттерді құрамына енгізетін біртұтас геоэкономикалық кеңістіктің құрылуы деді. Мұны жүзеге асыру үшін сыртқы сауда және валюта-қаржы сферасын мемлекеттік бақылаудан брсату керек. Бұл көбіне мемлекеттердің қызмет етуіндегі либералдық көзқараспен сәйкес келеді, ол сол кезде Батыс заңдары мен саяси ғылымында болған еді.
Әлемдік даму ағымы, дамыған мемлекеттеді ұлттық мүдделерін тиімді қорғау формуласын іздеуге итермеледі. Неолибералистердің көзқарасы бойынша бұл жерлегі маңызды нәрсе аймақтың ішінде біртұтас кедендік тәртіпттің қызмет етуіне жағдай жасау және үшінші мемлекеттерге біртұтас әдіс, қатынас жасап шығару.
Кедендік одақ 1957 жылы құрылған Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың теориялық концепциясы болды.
1960 жылы интеграция формасына деген әдістердің қайта қаралуы болды. Осыған байланысты ғалымдар арасында интеграциялық жүйенің шеңберін кеңейтуге деген қажеттілік туды. Кейбір зерттеушілердің жаңа бағытын шартты түрде “дирижистер” деп атады. Бұл ағымның жақтаушылары, интеграция үрдісін жүйелі түрде реттеу үшін ұлтүсті саяси-құқықтық институттар немесе институттар тобын құруды қолдады. Бұл әдіс мемлекетаралық интеграция барысындағы тек қана рыноктық бірлестіктері ғана емес, сонымен қатар реттеуші органдар мен механизмді құруды қарастырады. Дәл осы кезде Американ ғалымы Б.Белаши интеграцияның жүйелі бес түрін атап көрсетеді. Олар:
-
Еркін сауда аймағы – мүше-мемлекеттер арасында мөлшерлік және сандық шектеулер алынған;
-
Кедендік одақ – жоғарылардан басқа, үшінші елдермен саудада ортақ өлшем енгізілген;
-
Ортақ нарық – саудаға шек қоюлармен қатар, өндірістік факторлардың (капитал мен жұмыс күшінің) шек қоюлар алынып тасталынады;
-
Экономикалық одақ – тауар мен өндірістік факторлардың қозғалу еркіндігі дискриминациясын жою үшін жасалынатын ұлттық саясат белгілі түрде сәйкестендірілумен толықтырылады;
-
Саяси одақ – толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық саясаттар толықтай жүйелінеді және ұлттық шеңберден шыққан билік мекемелі құрылады.
Әлемдік интеграциялық үрдістің даму динамикысы интеграция теориясының дирижистік бағытының 1966-1970 жылдарда күшеюіне жол ашты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – Р. Купер, Г.Мюрдаль, П.Стриптен, Я.Тринберген, А.Филип.
Швед ғалымы Г.Мюрдальдің айтуы бойынша рыноктық көзқарасты ұстанатындардың теориялық жағдайдағы концепциялары кедей және бай елдердің дамуын бірдей қылуды көздейді, іс жүзінде поляризация одан ары күрделене түспек. Оның айтуынша, бұл ұлттық-саяси мүдделердің ықпалымен айқындалады. Осыған сәйкес ол мемлекеттік реттеу рөлін және экономикалық координациясын, әсіресе даму темпін және деңгейді біркелкі қылу үшін әлеуметтік саясаттың рөлін күшейтуді ұсынады.31 Зерттеудің теоретикалық негізінде мамандар интеграция концепцияларының үш ірі бағытын анықтады. Бірінші тәсіл, Батыс Еуропалық елдердің тарихи, экономикалық және саяси мүдделерінің бірлігі. Осыған сүйене отырып, осы ағымның жақтастары институцияланған құрылым құру керектігін айтады. Осы ғасырдың 50 жылдары американ және бірқатар еуропалық саясаткерлер жаңа концепцияны ұсынды, негізгі мәні әр түрлі мемлекеттерді федерацияға қосу. Осы ағым сасат ұғымында федерализм деген атқа ие болды. Биліктің федерациялық жүйесі бір жағынан тұрақтылықты және ұлттық қауіпсіздіктің дамуын қамтамасыз ете алатын қабілетке ие, ал екінші жағынан әр елдің ерекшелігін сақтай отырып, нақты федерация субъектілерінің және ұлтүсті органдардың саясаи және әкімшілік ұйымдардың құзыретін шектеу.32
Осы бағыттағы екінші тәсіл: классикалық федерализм және неофедерализм. Бірінші әдістің жақтаушылары конституцианализм және биліктің бөлінісі идеясына негізделді. Мәні, аймақтық интеграция халықаралық көлемдегі нормативті қайта құруға негізделген кезде ғана мүмкін. Бұл ағымның жақтастары федеративтік жүйенің құрылуы интегарцияның ең соңғы бекеті дейді. АҚШ, Швейцария конфедерация қызметін мысал ете отырып, федералистер, федерацияны құру біріктіруші мемлекеттердің басқарушы элитасының шығуы тиіс.33 Жалпы бұл әдіс интеграциялық үрдісте конституциялық мүмкіндіктердің рөлін жарыққа шығарды, сонымен қатар ішкі және сыртқы факторлардың да. Кейін келе дәстүрлі классикалық федерализм әдістерінің жетіспеушілігі теорияның жаңалануын және федералдық интеграция идеясының жүзеге асырылу үшін кең мүмкіншіліктерді талап етті.
Неофедералистік концепция әлеуметтік интеграцияға арқа сүйей отырып, саяси және конституциялық деңгейдегі федералдық интеграция үрдісінің біртұтастығынан туындады. Осы ағымның көрнекті өкілі американдық политолог А.Этционе, К.Фридрих. Бұл ағым бойынша федералистер сияқты бірден секіру емес кезең кезеңмен болатын үрдіс. Федералистік үрдісі саяси бірлестіктердің түрлі жақтарын қамтуы мүмкін, эволюция барысында сонда құрылымның федералдық принципі бірте бірте кеңейді. Олардың ойынша да интеграцияның соңғы бекеті федеративтік мемлекет формасындағы саяси қоғамдастық.
Федеративтік интеграция идеясын Еуропалық Одақтың дамуында біраз байқай аламыз. Қазіргі кездегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұлттардың егеменді заңдары және жалпы интеграциялық құрылымдардың қайта бөлінуі баяу жүреді. Тіпті кейбір жағдайларда ұлттық мемлекеттің өкілетінің пайдасына бөлініп, кері серпіліс болуы мүмкін.
Федерализмнің теориялық кемшіліктерінің орнын толтыруға тырысқан функционалистерді айта аламыз. Олардың ойынша, қазіргі кездегі индустрияның, коммуникациялық құралдарының дамуы халықаралық ынтымақтастыққа жол ашады, ал бұл өз кезегінде функционалды интернационалды ұйымдардың құрылуына себепші болады. Бірінші кезже интеграция мемлекет арасындағы қатынастарды реттейтін арнайы құрылымдарда қызмет жасайды. Бұл мектептің негізін салушылар Д.Метрани және А.Клоуд.34
Аймақтық интеграция саласындағы тағы бір ірі ағым коммуникациялық ағым. Бұл ағымның негізін салушы американдық Карл Дойч. Ол әлемдік қауымдастықты әр уақытта өзара әрекет (коммуникация) және өзара ықпал ету үрдісінде болатын және жеңілдіктерге бару мүмкіншілігі және соған мәжбүрлеу механизмі бар түрлі саяси топтардың жиынтығы ретінде қарастырады. Интеграция үрдісінде негізгі назар “қауіпсіздік қауымдастығын” құру жолында және жағдайына бөлінуі тиіс.35
К.Дойч интеграцияның ең басты қозғаушы күші тек ұлттық мемлекет емес, сонымен қатар, партиялық жүйелер, қысым жасау топтары және басқа ішкі саяси аренадағы акторлар жатады деп ойлайды. Оның пікірі бойынша мемлекеттердің ішкі интеграциялануы қауіпсіздік қоғамдастығына қол жеткізгенде ғана бола алады. Осыған байланысты осы мектептің жақтаушылары интеграцияға әсер ететін екі факторды белгіледі:
-
Біріншіден, қоғамдастықта өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Мұнда интеграцияланбаған топтар әр уақытта конфронтация күйінде болады.
-
Екіншіден, белгілі бір топтардың потенциалды мақсатына қол жеткізу үшін саяси интеграцияланған қоғамдастық жағдайында барлық мүмкіншілікті топтастыру.
Оң нәтижеге жету үшін интеграция барысында К.Дойч интеграцияланушы бірлестіктер арасында, коммуникациялық құралдар арасында бір біріне бағыныштылық керек дейді.
Коммуникациялық мектептің өкілдері интеграцияланған қоғамдастыққа апаратын жағдайларды ойла шығарды. Олар:
-
Саяси сферада негізгі құндылықтардың сиымдылығы;
-
өмір сүрудің белгілі бір түрі;
-
тығыз экономикалық қатынастарды күту;
-
Интеграция субъектілері арасындағы әкімшілік және саяси мүмкіндіктер;
-
Кейбір акторлар бөлігінің арасында интенсивті экономикалық даму;
-
Қоғамның түрлі қабаттары мен түрлі аймақтар арасындағы қоғамдық коммуникацияның болуы;
-
интеграциялық топтардың арасында саяси элитаның тарауы;
-
интеграция субъектілері арасындағы коммуникациялық байланыстардың көптігі;
-
Өзара коммуникациялық сипат;
-
Интеграцияланған кеңістіктегі түрлі топтардың оңай ауысуы;
-
Интеграция субъектісінің мінез-құлқының айқындығының жоғарғы деңгейлігі.36
Бұл жоғарыда айтылғандар федералистік және функционалистік мектептердің айтқандарына келгенімен коммуникацияшылдар әлеуметтік-психологиялық факторға артықшылық берді. Интеграцияланушы мемлекет аймақтарының азаматтарының сиымдылығы, қоғамдық сезімін көріп білуі интеграция жетістігіндегі ең маңызды шарт.
Біз осылайша, интеграция шығу тегі, ұғымы және теориясы туралы азды-көпті баяндадық.
Интеграциялық үрдіс әлемде, аймақтарда, мемлекеттерде әр түрлі дамуда. Тарих көрсетіп отырғандай қала-мемлекеттерден де кеңірек саяси ұйымдарды құру қажеттілігі, антикалық әлемнің шаруашылық дамуындағы қажеттіліктердің арқасында дүниеге келді, яғни тауар өнімінің дамуы, аймақтар арасындағы экономикалық байланыс. Осы өзгерістер, дамулардың нәтижесінде Шығыс Жерорта теңізінде элинистік мемлекет Римнің Италияны жаулап алуы Сирануз державасының дүниеге келуіне жол ашты. Жалпы интеграция және дезинтеграция экономикада, ғылымда, мәдениетте ауқымды прогрестерге алып келген. Егер де тарихқа үңілсек, біз көптеген мемлекеттердің, империялардың, державалардың құрылғанын, ал енді кейбіреулерінің күйрегенін көреміз. Бұл үрдістерді біз интеграция және дезинтеграция деп айта аламыз, бірақ бұл жердегі дезинтеграция тоқтап қалу немесе жоқ болып кетуді білдірмейді. Бұл жерде үрдіс өз шеңберінде қайталана бастайды, яғни бір спираль тәріздес, әр айналымда күшейе түседі. Мемелкет әлеуметтік интеграцияның бір түрі ретінде дүниеге келді. Әр түрлі халықтарды жаулау немесе күштеу негізінде біріктіру өз жемісін бермеді. Осы жолмен құрылған біршама ұзақ уақыт өмір сүрсе де сол мемлекеттердің ішіндегі халықтардың шаруашылық және мәдениетінің түрлілігі, олардың ұлттық сана-сезімдерінің жетіліп, дамуы, бұл жасанда құрылымның күйреуіне алып келетін. Осы жерде біз КСРО-ны мысал ретінде айтып кете аламыз. Біз білетіндей КСРО-ның құрамына кіретін халықтар күштеп осы құрылымға енгізілген. Бірақ уақыт өте келе бұл өз нәтижесін көрсетті. Біздің осыдан шығаратын түйініміз – қандай да болсын халық бір құрылымға жоғарыдан күштеп емес өз қолдауымен кіру қажет. Мұның мысалы ретінде тек КСРО емес, сонымен қатар Рим, Византия, Осман, Австро-Венгрия, Британия империяларының тағдырын айтуға болады.
Интеграция бұл белгілі бір жүйенің қозғалысы және дамуы үрдісі, мұнда қатысушылардың саны және өзара қатынасы күшейе түседі. Бір біріне қатынасында өзіндік кішірейеді, ал дезинтеграция болса, интеграцияға қарама-қарсы, яғни қатысушылар саны азаяды, өзара қарым-қатынас әлсірейді, тарау, құлдырау, жайылу, бөліну, оқшаулану үрдісі. Бірақ дезинтеграция әр уақытта күйреу, жойылуды білдірмейді. Яғни кейбір жағдайларда интеграция үрдісті тоқтатушы ретінде немесе кері әсерін тигізуші ретінде болуы мүмкін. Интеграция әр уақытта дезинтеграция үрдісімен байланысты, бұл оның алғышарты немесе салдарлары болуы мүмкін.
Интеграциялық топтар ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің түкпір-түкпірінде дүниеге келе бастады. Қазірде дүние жүзінде 30-ға жуық интеграциялық бірлестіктер бар. Осылардың ішінде ең ірілерінің бірі 40жылдан астам интеграциялық тарихы бар Еуропалық Одақ.
Бірнеше жыл бұрын Батыс жарты шарында жаңа интеграциялық бірлестік НАФТА (Солтүстік америкалық еркін сауда туралы келісім), мүшелері АҚШ, Канада, Мексика.
Латын Америкасындағы МЕРКОСУР, құрамында Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай.
Оң түстік Шығыс Азиядағы АСЕАН.
Кейбір кедергілерге қарамастан. Батыс Еуропадағы интеграциялық топ бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруда өзінің артықшылығын көрсетті. Осы жағдайдан терең әсер алған үшінші әлем өздерінің экононмикалық және саяси мәселелерін мемлекетаралық интеграция жолында шешуге тырысты.
Азия мемлекеттері және үшінші әлемдегі интеграциялық жүйелерді сараптау барысында, қызмет жасау барысында олардың сәтсіздіктерге ұшырағанын көреміз. Ал Батыс Еуропада дәл осы уақытта сәттіліктерге қол жеткізді. Бұл жерде алым ретінде тек АСЕАН-ды айтып кеткеніміз жөн. Оңтүстік-Шығыс Азия Ассоциациясының құрылуы сол аймақтағы Үндіқытайдағы қақтығысының орын алған кезінде құрылды. Яғни, бұл қақтығыс субаймақтық топтың құрылуында бір бастама болды. Бұл халықаралық ұйымды 1967 жылы Сингапур, Малайзия, Индонезия, Филипин, Тайланд мемлекеттері құрылды. Бұл ұйымның алғашқы кездегі мақсаты қауіпсіз дамуға жағдай жасау. Кейін келе, АСЕАН әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси тұстарды қамти бастады. АСЕАН сыртқы саяси сферада, аймақтық қауіпсіздік негізін құруда көптеген жетістіктерге қол жеткізді, сонымен қатар Азия-Тынық мұхит аймағындағы тұрақтылыққа үлкен ықпал етті, яғни тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кеңеюіне себепші болды. Қазіргі кезде Бруней мен Вьетнамның қосылумен бұл ұйымның мүше саны тоғыз болды. Бірақ өз қызметінің 30 жылдық кезеңі барысында экономикалық сферадағы жетістіктері жоққа шақ. Сыртқы сауданың көп бөлігі АСЕАН-нан тыс елдердің үлесінде жатыр, яғни біріншіден, Жапония, АҚШ және ЕО елдері. 1997 жылы Сингапурдағы төртінші жоғарғы деңгейдегі кездесуде Ассоциацияға мүше-мемлекеттер 2007 жылға дейін еркін сауда зонасын құруға келісті.
Латын Америкасындағы ірі интеграциялық бірлестік ретінде МЕРКОСУР-ды айтуға болады. 1991 жылы Бразили, Аргентина, Уругвай, Парагвай мемлекеттері құрған интеграциялық бірлестік. Бұл мемлекеттердің тауар айналымы 1991-1995 жылдар аралығында үш есе өекен. 1994 жылы жалпы рынок кеңесі құрылды. Оның құрамында сыртқы істер министрлері бар және тұрақты атқарушы орган, құрамында атқарушы хатшылығы және он техникалық комиссия бар. Жалпы рынок тобы құрылды, МЕРКОСУР-ға қатысушылар кереметтей жетістіктерге қол жеткізбесе де олар алдағы жылда интеграциялық үрдісті дамытып, көптеген жетістіктерге жетеміз деген үмітте.37
Қазіргі таңдағы ең дамыған және басқаларға үлгі болатындай жағдайы бар Еуропалық Одақ туралы айтар болсақ, ең бірінші артықшылығы, жетістігі, ол соғыстан кейінгі күйреген Еуропа экономикасын қалпына келтіріп қана қоймай, әлемдегі ең дамығандарының шығарды. Бұл ұйымның тарихы 1950 жылы Р.Шуманның Франция мен Германияның бүкіл көмір мен болат өндірісін, Еуропа халықаралық қатынастарында негізгі қарсыластар арасында өзара сенім деңгейін жоғарылату үшін орталықтанған басшылыққа беруді ұсынды. Бұл Германия тарапынан қолдау тапты. Сөйтіп, 1951 жылы Еуропалық көмір бірлестігін құру туралы Париж келісімне Еуропаның 6 елі қол қойды – Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Италия, Франция, Германия. Одан ары бұл бастама 1957 жылы Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың құрылуымен жалғасты. 1973 жылы бұл алтылыққа Ұлыбритания, Ирландия, Дания, ал 1981 жылы Греция қосылып, құрамы кеңейе түсті. 1986 жылы Испания, Португалия, 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция кірді. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер осы ұйымға тартылуда. Ол заңды құбылыс. Өйткені бұл ұйымның тиімділігн, жемісін барлықтары мойындайды. Осылайша бұл ұйым қазіргі таңдағы ең дамыған теңдесі жоқ интеграциялық бірлестік.
Қазір бүкіл әлем интеграциялануға ұмтылуда. Техника, мәдениет, білім барлығы дерлік бір бірімен қабысуда. Адамзат басынан өткерген түрлі қиыншылықтар, жойқын соғыстар, тәртіп, жүйеге қарамастан, бір ібрімен тығыз қатынаспен бірігуге ұмтылуда. Мұның айқын айғағы ретінде Араб мемлекеттерінің Лигасы, Еуропалық Одақ, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің бірлестігі, Азия Тынық мұхит аймағындағы елдер бір бірі арасындағы қатынастарды тереңдетіп, тиімді түрде саяси және экономикалық мәселелрді шешуге тырысуда.
Кеңестер Одағының ыдырауы жаңа интеграуиялық үрдістің басталуына жол ашты. Демек, біз бұл жерден жоғарыда айтып кеткен интеграция және дезинтеграция мәселесін көреміз, яғни Кеңес Одағы ішіндегі дезинтеграция немесе ыдырау процесі жаңа интеграцияға бастама болды. Міне, ТМД-дағы аймақтық интеграцияның ерекшелігі де осында жатыр, яғни бұл үрдіс ыдыраған Кеңес Одағының аяқталмаған дезинтеграциялық үрдісімен тығыз байланысты.
Интеграция дезинтеграциясыз бола алмайды, немесе дезинтеграция интеграциясыз бола алмайды. Кез келген интеграцияда дезинтеграциялық үрдіс мәселесі туады. Ең біріншіден, әлеуметтік және ұлттық топтардың, мемлекет пен аймақтардың түрлі мүддесімен байланысты.
Тарихтан білетініміздей, әр кезеңде интеграция және ыдырау үрдісиері жүріп отырған. Бірақ әр уақытта интеграция үрдістері басымрақ болған. Кейбір мемлекеттердің ұстанған оқшаулану саясаты, шаралары тиімсіз де жеміссіз болған. Сондықтан да Қазақстан Республикасының интеграцияға ұмтылуы тарихи заңды құбылыс. Бұл Қазақстан үшін тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды бағыт. Ең алдымен тұрақтылық болмаса, экономикалық реформалардың жемісті түрде жүзеге асуы екіталай. Қазақстан ТМД құрылған кезден бастап-ақ, Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. Қазақстан қол жеткізген уағдаластывқтарды бұлжытпай іске асыруда жақтай отырып, ТМД-ға қатысушы елдердің интеграциясын тереңдету бағытын дәйекті түрде жүргізіп келеді. Достастыққа қатысты Қазақстан позициясының заңдылығы мен өміршеңдігін тәжірибе барысы дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |