Жоспар кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7


ТМД интеграция негізінің қалыптасуы және дамуы



бет3/9
Дата20.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#148957
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.2. ТМД интеграция негізінің қалыптасуы және дамуы

Кеңестер Одағының ыдырауы ХХ ғасырдың соңындағы ең елеулі оқиғалардың бірі. Ол жаңа тарих беттерінің бастамсына алып келген оқиға десек шатаспаймыз деп ойлаймын. Әр түннің артынан күн келеді демекші бұл одақтың ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Әрине, оның кері салдарлары болды. Орныққан экономикалық, саяси, мәдени қатынастарды қайта орнату жаңа тәжірибесіз мемлекеттер үшін оңайға соқпады. Бірақ оның оң жақтары да болды. Ол 70 жыл бойы отарда болған, мәжбүрлі интеграция үрдісіне түскен мемлекеттер үшін, әлемдік қауымдастыққа өздерін жаңа, тәуелсіз, демократиялы, зайырлы мемлекеттер ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Алыс-жақын шет елдермен қатынас орнатуға мүмкіншілік туды. Көпшілікті қызықтырған, дүниенің бір бөлігін өз уысында ұстаған одақтың ыдырау себебіне тоқталар болсақ.

КСРО-ның ыдырауына алып келген басты себеп – биліктің күшті орталықтандырылуынан. Екіншіден, КСРО-ның орталық билігі бұқаралық көпшіліктіңсана-сезімінің әсіресе, ұлттың қайта өрлеп дамуы мен өсуінің заңдылығын мойындамағандығынан. Үшіншіден, өзінің дұрыс екендігіне сенген басқарушы элита әлеуметтік төмен адамдардың мәселелрін тыңдаудан және түсінуден қалды. Орталықпен одақ республикаларының мүдделері көп нәрселерде сәйкес келе бермейтін болды. Бұлардың бәрі әлеуметтік наразылықтар тудырып, қоғамның деформациясына алып келді. “Қайта құруң кезіндегі “реформаторлар” қоғамды жаңаша басқаруға қабілетсіз болып шықты. Қоғам саяси және мемлекеттік жетекшілерден түбегейлі өзгерістер күтті. Бірақ ол бітпейтін саяси талқыламаларға түсіп, нәтижесіз қалып жатты. КСРО ыдырауының тағы бір себебі ол оның құрылымдық бөлімдерінің иерархиялығында. Бөлек этникалық қауымдастаықтар әр түрлі бағыныштылы, тәуелділік сатысына қойылды.

Қоғамның көп бөлігінде осы тәртіпке деген наразылығы күшейе түсті. Дәл осы үрдіс КСРО өмірінің соңғы 5 жылының әлеуметтік саяси динамикасын анықтайды. 1986-1987 жылдардағы жариялылық жетекші элитаның артықшылығы мен өмір жағдайын ашқан кезде жай қарапайым адамдардың оларға қарсы ашу-ыза сезімі күшейді. Бұлардың барлығы ұйымдастырылған және жүйелі қоғамдық қарсылық қозғалыстарына алып келді. Ортаға шыққан ұлттық мәселелер орыс “отаршылдары” мен “жергілікті” ұлт өкілдеріні” арасындағы немесе көршілес ұлттардың арасындағы қақтығысқа алып келді.

1990 жылдың 24 шілдесінде ақпараи құралдарына жаңа одақтың келісімінің алғашқы жобасы ұсынылды. Рыноктық экономикаға көшумен тығыз байланысы бар, жаңа федеративті келісім республикалардың құқын кеңейту керек болды. Тура бір жылдан кейін 1991 жылы 24 шілдеде Горбачев салтанатты түрде “Одақты” келісім бойынша жұмыс аяқталдың және “қосыламын деушілерге” есігіміз ашық деп жариялады. Армения, Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Эстония бұл келісімге қосылмайтындықтарын білдірді. Орталық Азиялық мұсылман елдері орталыққа өз ойларын білдірмей, екі жақтық келісімдерге отырды.

1991 жылы 19 тамызда ТАСС, КСРО-дағы төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитеттің құрылғаны туралы жариялады (ГКЧП). Оның құрамына КСРО-ның вице-президенті Г.Н.Янаев, премьер-министр В.С.Павлов, президенттің жанындағы қорғаныс кеңесінің жетекші орынбасары О.Д.Бакланов, ішкі істер министрі Б.К.Пуго, қорғаныс министрі Д.Т.Язов, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жетекшісі В.А.Крючков және т.б. Бұл жаңа келісімге қол қоюға кедергі жасауға бағытталған саяси дағдарыс. ГКЧП оппозициялық партия мен қозғалыстар және бірнеше газеттердің қызметтеріне тиым салу туралы шешім қабылдады. ГКЧП-ның құрылуына жауап ретінде Москва, Ленинград және т.б. қалаларда көптеген демонстрациялар мен митингтер болды. Осы ГКЧП-нің қызметіне қарсылардың басында РСФСР-дің президенті Б.Н.Ельцин және басқа Ресей Федерациясының жетекшілері тұрды. Ельциннің жарлығымен ГКЧП-нің құрылуы мемлекеттік төңкеріс шарасы ретінде қарастырылып, атқарушы биліктің одақтық органдары РСФСР президентіне қайта бағындырылды. 22 тамызда ГКЧП жойылды. Оның мүшелері және басқа да қызметкерлері сотталды. 23 тамызда Ельциннің жарлығымен РСФСР территориясында Компартияның қызметі тоқтатылды. 24 тамызда Горбачев өзінің ЦК КПСС бас хатшылығынан кететіні туралы жариялады және ЦК мүшелеріне өз өзін таратуға шақырды. Одақтас билік органдарының қызметі тоқтатылды. Москвадағы орталық билік Ресей жетекшілігіне өтті. Латвия, Литва, Эстония КСРО-дан шығу туралы жариялады, олардың тәуелсіздігі КСРО-ның ресми жетекшісі тарапынан 1991 жылы 5 қыркүйекте танылды. Тамыз дағдарысы дезинтеграция үрдісін күшейтіп, КСРО-ның ары қарай ыдырауын тездетті.38 1991 жылы 1 желтоқсанда Украинаның 80 пайызы өз республикаларының тәуелсіздігі үшін дауыс берді. Бір аптадан кейін Ресей, Украина, Белоруссия президенттері Минскіде жиналып, “Кеңес Одағы енді жоқ” деп жариялады. Олар “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы” құрылғаны және “бұрынғы КСРО елдері үшін ашық” деп жариялады. 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ға 8 республика қосылды, осылайша олар КСРО-ның ыдырағанын айғақтай түсті.39

Өзінің 13 жылдық өмірінде ТМД көптеген сынақтардан өтті. Ең бастысы көпшіліктің “өлі туылған бала“ деген көріпкелділіктерге қарамастан ол өз өмірін жалғастыруда. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық тәуелсіздіктерін алғандықтары, бұрынғы одақ республикаларының бірігу идеясын жоққа шығармады. Тіпті өзара ынтымақтастықтың бұл түрі одан ары тереңдей түсіп, бірнеше біріккен саяси құжаттармен, белгілі бір істерде әсіресе экономикалық сферадағы қатынастармен толыға түсті.

ТМД өз өмірі кезінде бірнеше кезеңнен өтті:



  1. Бірінші кезең - 1991 мен 1993 жылдар аралығы. Одақтас Республикалар саяси тәуелсіздігін алады. Мемлекеттілігін, қаржы-экономикалық, кеден, шекара құрылымдарын бекітеді. Бірақ олардың халықшаруашылық кешені біртұтас экономикалық кеңістікте, бір валютамен өз жұмысын жалғастырып жатады.

  2. Екінші кезең - 1993-1996жылдар. ТМД мемлекеттері өздерінің саяси егемендігін нығайта түседі, өз беттерімен халықаралық қауымдастыққа кіреді, өздерінің кеңес одағына кірмеген жақын көршілерімен шаруашылық байланыстарын орнатады. Ал Достастық шеңберінде бірге келісілген шешімдерге байланысты қатынастар ауырлай түседі. Көптеген келісілген заттар орындалмай қалады. Бірақ кейбір мемлекеттер тығыз қатынастар орнатуға деген талпыныс байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық Экономикалық қауымдастық.

  3. Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл мүшелері дағдарысты мойындайды. Осы дағдарыстан шығу жолдары мен ортақ мақсат-мүдде қарастырыла бастайды. Кейбір мемлекеттер, ғалымдар ТМД-нің барлық атқарушы органдарын біріктіріп, бірінші орынға экономикалық ынтымақтастықты қоюды, еркін сауда, кеден, тарифтік зонасын құруды валюталық одақ идеясын ұсынады.

ТМД-дағы қиыншылықтар мұнымен жойыла қоймайды. Интеграциялық мақсаттар екінші орынға кетіп, көп елдер үшін өздерінің саяси-экономикалық егемендіктері маңыздырақ болып кетеді. Нәтижесінде Достастық қарам-қайшы жағдайда, тіпті тоқырауға жақын қалады.40 Қазіріг таңда Достастық әр түрлі саяси күштер тарпынан айтылып жатқан көптеген сындарға тап болуда. Өйткені, біріншіден, Кеңес Одағының құлауына өкініш білдіретін саяси топтар жағы. Олардың сындары, бұрынғы шекара шеңберінде бір мемлекет құру деген келмеске кеткен үміттерге негізделген. Бірақ ТМД құрылғанның алғашқы кезінен бастап-ақ бұл мәселелерді мақсат етпеген болатын. Ең маңыздысы, айтылып өткендей, жаңа мемлекеттердің құрылуы мен нығаюы болатын. Ал екіншіден, ТМД бір халықтық шаруашылық жүйе ыдырағаннан кейін көп шығындарсыз одақтың кезіндегі интеграциялық байланыстарды сақтай отырып, экономикалық бөлінуді жүзеге асыра алмаған үшін сынады.41

КСРО-ның ыдырауына байланысты желік пайда болғаны да түсінікті. Өзін-өзі басқару мен ұлттық идеялар бірінші кезекке шыққанда экономикалық проблемаларға назар аударудың қажеті жоқ сияқты көрінді. Бірақ кейінгі оқиғалар сауық-сайрандармен қатар нанның да қажет екендігін көрсетті. Экономиканы айналып өту қиын, ол өз сөзін айтпай тұрмайды. Осы негізде интеграция мен өзара іс-қимыл идеялары туындай бастайды.

Белорустың, Ресейдің және Украинаның 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловеж келісіміне қол қоюы және соның ізінше 13 желтоқсанда Орталық Азия республикаларының Ашхабадта кездесуі бұрынғы КСРО аумағында бір бірінен оқшау тұрған словян және түрік одақтарының құрылу қаупін туғызды. Осы жағдайда Н.Назарбаев оқиғаның осылайша дамуына жол бермеу үшін барлық күш-жігерін жұмсады. 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің ұсынысы бойынша Алматыда 11 тәуелсіз мемлекеттерінің басшыларының келіссөздері өтті. Осы кездесу қорытындысының шын мәнінде тарихи сипаты болды: “Мәртебелі уағдаласушы тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды”.42 Бұл факт Алматы декларациясында жарияланды.

Жаңа елдердің мемлекеттілігін қалыптастырумен қатар олардың өзара қарым-қатынастарының оңтайлы үлгісін іздестіру процесі де жүріп жатты. Қазақстан ТМД құрылған кезден бастап Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. ТМД елдерімен тең құқықты, өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату және дамыту Қазақситандық сыртқы саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болды.

“Независимая” газетіне берген сұхбатында Н.Назарбаев Қазақстанның Президенті былай деген болатын: “ТМД елдері үшін интеграция, ынтымақтастық экономикалық қажеттілік қана еме, бұл керек десеңіз жаңа рухани психологиялық тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенім”. Күрделі экономикалық кезең жағдайында іс жүзінде барлық кеңестен кейінгі мемлекеттерде олардың келісілген іс-қимылын, сындарлы ынтымақтастығын, өзара қолайлы ымыраға келу шешімдерін іздестіру айрықша маңыз алды. Көптеген тәуелсіз мемлекеттер ынтымақтастық және өзара түсіністік болмаса, тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық реформасынсыз әлемдік қоғамдастыққа ену мүмкін емес екенін түсінді. Осы жағдайларды ескергенде ғана интеграцияға балама жоқ деп айтуға болады.

Бұрынғы Одақтың мемлекеттері арасындағы қатынас бірінші кезеңде біркелкі болмады, тіпті бірінші кезде қарама-қарсы болды. Егер де Ресей, Белорус, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан белсенді түрде Достастық идеясые қолдаса, Украина позициясы қарсы, ал Түркменстан бұл мәселеден өзін алшақ ұстады. Молдова жалпы Достастық қағидаларымен келісті, Армения ТМД шеңберіндегі қатынастарды нағайтуға тырысты, бірақ Әзірбайжанмен арадағы қақтығыстардың нәтижесінде оның интеграциялық үрдістегі рөлі әлсіз болды.43

Мұндай қатынастардың мәні түсінікті-ақ: бұл жаңадан қол жеткізген саяси тәуелсіздік пен экономикалық егемендікті жоғалтып алу қаупі; саяси партиялар мен қозғалыстар тарапынан күшті қысым өткір идеологиялық және ұлтаралық қарама-қайшылықтар және т.б.

Сол кездегі Достастық жағдайына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп баға берді: “оқиғаның даму барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердің “өркениетті түрдегі ажырасу” органына айналуда. Бұл үрдісті басқа интеграциялық жөнге бағытталып талпыныстары өз нәтижесін бермеді”.44

Кеңестен кейінгі аймақта интеграция осылайша дамып жатты және ол Батыс Еуропада болып жатқан үрдістерден ерекшеленеді. Бұл ерекше-ді салыст түрде мынадай сипатта көрсетуге болады:


  • Еуропалық Қоғамдастыққа интеграцияны тәуелсіз өмір сүрудің ұзақ мерзімдітарихы бар егеменді мемлекеттер жүзеге асырды. Достастықты бастапқы кезеңде біртұтас тоталитарлық мемлекеттен бөлінген және егемедігін құқықтық тұрғыдан рәсімдеуді мақсат еткен мемлекеттер қалыптастырды.

  • Еуропалық Қоғамдастыққа интеграцияны нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің (әртүрлі деңгейде болса да) интеграциясы ретінде жүзеге асырылды. Достастықта ашық нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдегі мемлекеттердің интеграциясы жүзеге асырылды.

  • Еуропалық Қоғамдастыққа интеграция бірнеше онжылдықтардың ішінде, негізінен мемлекеттердің саяси шешіммен айқындалатын көлбеу экономикалық байланыстарға қарқын беру арқылы эволюциялық жолмен дамыды. Достастықтағы интеграцияның мәні жаңа нарықтық жағдайдағы сауда экономикалық байланыстарды дамытуда оларды егеменді мемлекеттерді” интеграциялық қатынастарыны” де”гейіне дейін жеткізуінен көрінді.45

Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекеттердің пайда болуы, олардың Достастыққа бірігуі осы елдердің тәуелсіздігін қорғауды қамтамассыз еткен жоқ. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру, КСРО сияқты қуатты әскери державаға ыдырағаннан кейін пайда болған бос кеңістікті толтыру қажеттігі туындады. 1992 жылы 15 мамырда ТМД-ң бес мемлекет басшылары қол қойған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт осы бағыттағы маңызды қадам болды, аталған шарт Қазақстан мен Ресейдің бастамасы бойынша қаралды. Шартқа қатысушы мемлекеттер мен аралық қатынастарда күш қолданатындардан немесе күш қолданатын қаупін төндіруден бас тартатын міндеттемелерін қуаттады. Олар өздерінің арасындағы және басқа мемлекеттермен арадағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге міндеттеді. Шартқа ТМД-ң 9 елі қол қойып, оған Украина, Молдава және Түркменстан ғана кірген жоқ.

Бұл шарттың 4 бабы НАТО-ның жарғысына өте ұқсас, және БҰҰ Жарғысының 51 бабына сәйкес жасалынған. Бұл бап қатысушы тараптар үшін ерекше маңыз алды. Бұл бап бойынша: ”Егер қатысушы мемлекеттердің бірі қандай да бір мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының тарапынан шабуылға ұшыраса, онда бұл осы шартқа қатысушы барлық мемлекеттерге қарсы жасалынған басқыншылық ретінде қаралатын болады. Қатысушы мемлекеттердің кез-келгеніне қарсы басқыншылық актісі жасалынған жағдайда басқа барлық қатысушы мемлекеттер әскери жағын қоса алғанда, оған қажетті көмек көрсетеді, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының 51 бабына сәйкес ұжымдық қорғанысқа арналған құқықтарын жүзеге асыру тәртібімен өздерінің қарауында бар құралдарымен көмек көрсетеді.”46

Өркениетті елдердің экономикалық және саяси интнграцияға ұмтылуы бүгінгі таңдағы обьективті немесе заңды құбылыс. Мемлекеттердің жақындасуы дүниежүзілік дамудың жаңа дәрежесін айқындады., сондай-ақ қоғамдық өмірдіңбасқа да салаларында жаңа сапалық өзгерістерге қол жеткізіп отыр. Олардың қатарында, бірінші деп, дүниежүзілік дамуда бейбітшілік принциптері үстем болып, интеграцияның саяси қақтығыстарды шешудің бейбіт механизмін жетілдіре түседі. Екіншіден, дүниежүзіндегі мемлекеттердің өзара капитал алмасу, халықаралық сауданың дамуы және сыртқы экономикалық саясаттың либерализациялану прцесі жүруде. Бұл соңғы кездегі әлемдік дамудың заңдылықтарының бірі болып отыр. Үшіншіден, соңғы жылдары мемлекетаралық экономикалық дамуды реттейтін бірнеше механизмдер пайда болды. Олар кедендік, сауда-саттық, валюталық тағы да басқа. Төртіншіден, жоғарғы техникалық және информатикалық даму еңбек өнімділігінің артуына әкеліп отыр, бұл өз тарапынан ауқымды нарықтық кеңістікті қажет етеді. Тауар айналымының өсуі, оның жолындағы әр түрлі кедергілерді жойып, бір елден екінші елге ауысып отыруды қажет етеді. Бесіншіден, қазіргі кезде дүниежүзілік сауда рыногындағы бәсекелестіктің ауқымы мен сапасы өзгерді. Экономикалық мықты мемлекетпен бәсекелестік әлсіз мемлекеттердің бірігуін қажет етеді. Сондықтан да, Қазақстанның және ТМД-ң басқа мемлекеттерінің интеграциялық дамуы экономикалық қажеттілігінен, оған сәйкес экономикалық және саяси жағдайдан туындап отырған процесс.

Бүгінгі таңда Еуразия басты саяси күрес алаңына айналып отыр. Қазір Азия мен Еуропаға бөлек саясат ұстануға мүмкін емес. Осы жағынан алып қарағанда Еуропалық интеграцияның және ұжымдық дипломатия стратегиясы ТМД үшін үлкен тәжірибе болатыны сөзсіз. Еуропалық Одақтың сыртқы саясатының негізі 1957 жылы Рим келісімшарты, 1992 жылы Маастрихт және 1997 жылы Амстердам шарттарында бекітілді. Еуропаның Ұжымдық дипломатиясының көрінісі “2000 жылдың күн тәртібі” деп аталатын құжатта айқындалған.

Интеграция – ТМД-ң өмір сүруінің негізгі қажеттілігі екендігі даусыз. Аймақтық интеграцияның пайдасын көріп отырған елдердің қатарында ЕО басқа, Оңтүстік Азияны жатқызуға болады. Бұл аймақ 60-80 жылдардағы әртүрлі қақтығыстардың ошағы болғаны белгілі. Бүгінде АСЕА-ға мүше елдер тұрақты дамудың үлгісін көрсетуде.

ТМД-ң құрамында аймақтық интеграцияның даму тенденциялары бүгінгі күннің шындығы. Бұл жалпы ТМД-дағы геосаяси, геоэкономикалық дамуға әсерін тигізуде. Аймақтың интеграцияға Орталық Азияның және үштік одақтың құрылуын жатқызуға болады. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттерінің белсенділігімен Орталық Азия мемлекеттерінің Одағы және оны жүзеге асыру механизмдері: Мемлекетаралық Кеңес, Атқарушы Комитет құрылды. Бұл Одақ ортақ экономикалық кеңістікті қалыптастыруға міндетті. Сондай-ақ бұл Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы әлеммен байланысын нығайту, аймиқтық экономикалық дамуын қамтамассыз етуі қажет.

Орталық Азиядағы интеграция тек экономикалық емес сонымен қатар әскери, саяси-гуманитарлық ақпараттық және қауіпсіздік деңгейде дамуда. Осыған айғақ ретінде біз 1994 жылы 30 сәуірде Шолпан-Атада (Қырғыз Республикасы) қабылданған “Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларының ортақ экономикалық кеңістікті құру туралы” келісімді айта аламыз. Бұл бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан халықтарының ортақ тарихи негізінде және өзара дамуды тереңдету үшін, ортақ экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында өзара тауар, капитал және жұмыс күшінің еркін алмасуы үшін, жер қойнауларының шикізат ресурстарын тиімді пайдалануы үшін сондай-ақ ТМД-ның экономикалық дамуы туралы кодекстерді жүзеге асыра отырып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикалары өзара ортақ экономикалық кеңістік құруға келісті делінген.47

Бұл Одаққа ТМД-ң басқа да мемлекеттері еркін қосылу “процедурасы” қабылданған. Кейін осы үшін Одаққа Тәжікстан да мүше болды. Орта Азия Республикаларының ТМД құрамындағы аймақтық дамудағы ынтымақтың тағы бір көрінісі 1995 жылы Ыстықкөлде өткен конференция. Мұнда “Ыстықкөл Декларациясына” қол қойды.

Ыстықкөлде өткен конференция Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістерге жаңа серпін берді. Бұл конференцияда “іс-қимыл жоспары” қабылданған болатын.

ТМД-дағы жаңа қалыптасып отырған жағдай Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусия мемлекеттерінің 1993 жылы Төрттік Одағының құрылуына алып келді. Қазақстан мен Қырғызстан сияқты көп ұлтты мемлекеттер үшін бұл одақтыңөзіндік маңызы зор. Төрттік Одақтың құрамындағы мемлекеттер Кедендік одақ құрып 1993-1995 жылдар аралығында тауар айналымының өсуі байқалды. Мысалыға, 1995 жылы Кеден Одағына мүше елдер мен Белорусьтің арасындағы тауар айналымы - 18 пайызға, Қазақстанның - 40 пайызға, Ресейдің - 12 пайызға жетті. ТМД-ң басқа мемлекеттермен салыстырғанда 2 пайызға артық. 1996 жылы көрсеткіштер: Белорусь – 27 пайыз, Қазақстан – 31 пайыз, Қырғызстан – 44 пайыз, Ресей – 17 пайыз, яғни 7 пайызға өскен.48

Кеден Одағы кейінрек дамып, кеңейіп қазір де ол Еуразияның экономикалық қауымдастық. Бұл жаңа ұйым. Оның Кедендік Одақтан көптеген артықшылықтары бар. Олардың бірі ол ұйымдасқан бір бірлескен. Қазіргі таңда бұл ұйым өзінің даму жолында. Осы жылдың, яғни 2003 жылдың 19 сәуірінде бірінші экономикалық форум өтті. Бұл форумның нәтежиесінде Бірлескен Декларация қабылданды.49 Декларация мемлекетаралық экономикалық қатынастарды тереңдетуге бағытталған.

ТМД құрамындағы аймақтық интеграцияның дамуы барысында Грузия, Украина, Әзірбайжан,Молдова және Өзбекстанның бірлестігі ГУУАМ құрылған. Бұл саяси- экономикалық сипаттағы бірлестік. Белорусь және Ресейдің арасындағы Одақ, Орталық Азиялық экономикалық қауымдастық, ЕурАзЭқ. Міне, бұлардың бәрі ТМД-дағы интеграцияның дамуын көрсетеді.

ТМД-ң құрылуымен байланысты жаңа геосаяси ахуалға әсер етуші факторлардың бірі Каспий теңізі мен Каспий мұнайын тасымалдау болып отыр. Әйгілі саясаттанушы З.Бжезинский “Каспий – ХХІ ғасыырдың кілті” деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай президент Н.Назарбаев былай деген: ”Каспий бейбіт интеграция негізіне айналуы қажет. Тек бір-бірімізге хабарлай отырып күш-қуатымызды бріктіріп, күшті пайдалы механизм құра аламыз.Осы жағдайда ғана алдымыздағы барлық кедергілерді жеңе аламыз.”50

Кеңес одағының ыдырауы тарих беттерінде өшпес із қалдырды, ол өзінің құрылу оқиғаларымен, ыдырау тарихымен көп зерттеушілердің қызығушылығын тудырды. Қазіргі кездегі Кеңес Одағының мұрагері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын айта аламыз. Бірақ ТМД-ның КСРО-дан айырмашылығы көп, соның бірі ол жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бірлестігі, күштеп біріктірілген емес, әр мемлекет өзінің даму жолын өзі таңдаған. Соның бірі интеграция. Бұл мемлекеттер интеграция жолында бірігіп келешекке бірге аттанбақ. ТМД құрылғандағы көп сарапшылар оны “өлі туған бала” деген баламалар берсе де, ТМД әлі күнге дейін бар, яғни бұл мемлекеттердің ынтымақтастығының кепілі. ТМД өзінің пісіп-жетілу жолында келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет