Жоспар кіріспе 4 1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері 7


ТМД мемлекеттерінің әскери саладағы ынтымақтастығы



бет8/9
Дата20.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#148957
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. ТМД мемлекеттерінің әскери саладағы ынтымақтастығы

КСРО ыдырағаннан кейін және социалистік лагерь жойылғаннан кейін “қырғи-қабақ соғысы” кезіндегі геостратегиялық тепе-теңдік бұзылды. Бұрынғы қауіпсіздік жүйесі қирады. XXІ ғасырдағы Еуразиялық қауіпсіздік үлгісін құрудағы жаңа жүйесі мен механизмі айналасында қызу тартыстар болды. Бізге мәлім, жалпы евразиялық қауіпсіздік жүйесін АҚШ, Ресей және ТМД кейбір мемлекеттерінің мүдделерін ескермей құру мүмкін емес.

Батыста әскери өндірістік саласындағы мемлекетаралық қатынас жылдан жылға күшеюде. Қазіргі таңда НАТО-ның ішінде мынадай пікір бар, тіпті АҚШ өзінің дамыған экономикасы және әскери рынок потенциалына қарамастан өзі жалғыз қару-жарақ және техника өндірісін толықтай өндіре алатын тәуелсіз әскери өндірісті қамтамасыз етуге жағдайы жоқ. Ресейдің әскери өндірісті интернационализацияланған ағымда өз мүддесін қолдану шектелген, әсіресе Варшава Келісім Ұйымы, КСРО-ң ыдырауы, ТМД мемлекеттерінің қорғаныс өндірістерімен арадағы кооперациялық қатынас үзіліп, әлсіреген кезде тіпті жоққа шақ. Кеңес Одағының қорғаныс өндірісінің 80 пайызы осы Ресейде қалғанымен, және қару жарақ, әскери техниканың негізгі жинақтау жұмысы соның территориясында жасалынса да Ресей Федерациясы қазіргі таңда толықтай өзі жалғыз қару жарақтың 18-20 пайызын ғана шығара алады. Бірақ әлі күнге дейін ТМД мемлекеттері арасында кеңестік қорғаныс кешенінің бөлшектенуінің теріс салдарын жұмсартудағы қандай да бір шаралар нәтижесіздеу болуда. Ресей, Украина және ТМД-ң кейбір мемлекеттерімен кооперациялық байланыс орнатылған. 1996 жылы Молдавияның әскери өнім шығаратын өнеркәсібіне Ресей тапсырыс берді. Осы кезде ТМД-ғы әскери-экономикалық интеграцияға кедергі жасау үшін сыртқы талпыныстар күшеюде. Осындай ниетпен 1996 жылы жазда АҚШ әкімшілігі Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Түркмения, Өзбекстандағы Американың қару-жарақ және әскери техниканы жеткізуге деген эмбаргоны алып тастайды. Түркия мен Әзірбайжан арасындағы әскери одақтың құрылуы Ресейді алаңдатпай қоймайды, бұл тек одақ қана емес сонымен қатар бірлескен әскери өндірістікті қарастырады. Кеңес Одағының әскери-экономикалық және әскери-техникалық потенциалының бөлігі осы Әзірбайжан территориясында қалған, енді кейбір жағдайларда Ресейге қарсы қолданылуы мүмкін. Ал Түркия мен Әзірбайжан арасындағы осы келісім Ресеймен арасындағы әскери-экономикалық ынтымақтастық мүмкіншілігін шектеп жіберді.86

Қазіргі таңда ТМД-ғы интеграция екі бағытта дамуда: Достастықтың барлық мемлекеттерінің көлемінде Штабтың қолдауымен ТМД мемлекеттерінің әскери координациясы бойынша (ШКВС) және біраз тар құрамдағы – Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойған мемлекеттері арасында87 .

Дүниежүзілік саяси картада жаңа мемлекеттердің пайда болуы және Достастық негізінде бірігуі, олардың тәуелсіздігін жеткілікті түрде қорғай алмады. Жаңа ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға деген қажеттілік туды.

Бүкіл ТМД аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күрделі де қиын әрі ұзақ ізденістер басталды, ондай жүйе Достатық мүшелерінің бір-біріне күш қолданбауын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге дербес мемлекеттілігі әлі қалыптасып үлгермеген елдерді сыртқы агрессиялық қатерден де сақтандыратын превентивті шара.

Достастықтың алғашқы қалыптасу кезеңінде бұрынғы республикалардың бір-біріне деген өзара талаптарынан және мемлекетаралық қатынастардың реттелмегендігінен ішкі қақтығыстардың бетін алу мәселе болса, қазір бүкіл ТМД кеңістігінде жағдайды ушықтыруды көздеген сыртқы қателерге ұжымдасқан түрде қарсы тұру мәселесі шұғыл алға шығып отыр. Бұл әсіресе ТМД Оңтүстік аймағына тікелей қатысты, оған шырқы бұзылған геосаяси ошақтардан, мәселен, Ауғанстан немес діни экстримизмнің агрессивті топтарынан ұдайы қысым көрсетілуде. Ауғанстандағы күрделі әрі түбі не болары белгісіз беймәлім жағдайларды ескерсек әр түрлі топтардың билікке таласы әлі жалғасып тұрғанда, енді ешқандай жаңа қатер болмайды деп кепілдік беру қиын. 88

Байқалып отырған және ықтимал қақтығыстарды шектеп, тұйықтау жолындағы бірінші нақты ұйымдық қадам 1992 жылдың 15 мамырында жасалды. Ташкентте Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері қол қойған ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт (ҰҚК) дүниге келді

Осылайша 1992 жылы 15 мамырда ТМД мемлекеттері ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойды.89 Келісімнің қатысушылары бірінші бап бойынша мемлекетаралық қатынастарда қауіп және күш қолданудан өздерін алшақ ұстайтындықтары туралы міндетті мақұлдады. Олар өз араларындағы және басқа мемлекеттермен арадағы келіспеушіліктерді тек бейбіт жолмен шешуді міндеттенді. Мүше-мемлекеттер басқа мүше-мемлекеттерге бағытталған қандай да бір әскери одаққа және мемлекетаралық топтарда қатыспайтын болды. Ал келісімнің төртінші бабы бойынша “Егер де мүше мемлекеттердің біреуі қандай да бір мемлекеттер тарапынан агрессияға ұшыраса, бұл осы келісімнің барлық мүше-мемлекеттеріне жасалған агрессия ретінде қарастырылады.”

Мүше-мемлекеттер құрамында, мүше-мемлекеттердің басшылары бар Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесін және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірлескен әскери күшінің Басқолбасшысын құрды.

Айтып кетуіміз қажет Ұжымдық қорғаныс сипатындағы шараларға барлық мемлекеттер қатыспайды. Шет жақта қалып отырған өзінің ерекше саясатын жүргізіп отыратын Украина, бейтарап саясатын жариялаған Түркмения, Молдова сияқты, тағы басқа мемлекеттер. Соған қарамастан Достастықтың қалған мемлекеттері ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету содерасында белсенді түрде ынтымақтасуда. 90

Келісімге қол қойған уақыттан бастап, 1997 жылға дейін Достастықтың шеңберінде нормативтік–құқықтық бағасы жасалынды: әскери-ынтымақтастық саласындағы 400-ге жуық құжат келісімнің мүмкіншілігі толық түрде қолданылмай отыр; әскери-саяси аймақтағы интеграциялық үрдістер тек қағаз жүзінде қалып оның орындалуын қадағалау, оны жүзеге асыру механизмі, әскери-техникалық, әскери-саяси жағдайдағы бағдарламалар әлі жасалынбаған. ТМД мемлекеттерінің кейбіреулері «Ұжымдық қауіпсіздік келісімінң екіжақтық әскери-саяси қатынастарының қажетті бөлім және өздерінің специкалық мәселелерін шешудегі құрал ретінде қарастырады.91

1995 жылы 10 ақпанда осы келісімнің қатысушылары Декларация қабылдады92. Мұнда ұжымдық содерасында өз күштерін біріктіреді. Мүше-мемлекеттер өздері құрған ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жалпы Еуропалық қауіпсіздік жүйесінің және де Азиядағы қауіпсіздік жүйесінің бір құрамдас бөлігі ретінде санайды. Мүше-мемлекеттер қауіпсіздік сферасында басқа мемлекеттермен толық қанды қатынасқа дайын екендіктерін жариялады, бұл аймақтың тұрақтылық шараларын нығайтуды қамтуы мүмкін.

Дәл осы кезде қауіпсіздік кеңесі келісімнің мүше-мемлекеттерінің ұжымдық қауіпсіздік концепциясын қабылдады. Бұл концепция мемлекеттердің бейбітшілікке төнген қатерді ысыру және алдын алу, агрессиядан бірлесе қорғану, егемендікті қамтамасыз ету және территориялық мызғымастық туралы мемлекеттердің көз қарасының жиынтығы. Концепция БҰҰ, ЕҚЫҰ, 1992 жылғы 15 мамырдағы ұжымдық қауіпсіздік және де басқа құжаттардың ережелеріне негізделген.93

1995 жылы 10 ақпанда ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Ұжымдық қауіпсіздік туралы келесімінің мүшелерінің әскери ынтымақтастығының тереңдетудегі негізгі бағытын бекітті. Бұл құжат мүше – мемлекеттердің қорғаныс қабілетін көтерудегі қажетті мәселелерді айқындады.94

1995 жылы 26 мамырда Мемлекеттер басшыларының кеңесі, Достастыққа кірмейтін мемлекеттермен ТМД мүше-мемлекттерінің күзет концепциясы туралы шешім қабылдады.95 Бұл концепция ТМД мемлекеттерінің бірлесе отырып шығарған күзетке күш салу бағыттары және шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шекара әскерлерінің өзара қатынасы туралы көзқарастар жиынтығы. Шекара саясатының негізгі мақсаттары: тұрақтылықты, қауіпсіздікті, шекаралық мызғымастығын қамтамасыз ету; Достастық мемлекеттерінің кедендік және біртұтас экономикалық кеңістік құруға қажетті жағдайлар жасау; шекарадағы территориялық түсінісбеушіліктер мен шекаралық оқиғалардың бейбіт түрде шешілуіне ықпал ету. Осыған орай Достастық мемлекеттері 12 сәуір 1996 жылы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекарасын күзетудегі мәселелер бойынша ақпараттармен алмасу туралы келісімге қол қойды.96

1990 жылдардың соңында ТМД мемлекеттері қауіпсіздік туралы жаңа қиыншылықтармен соқтығысты. Бұлар ең бірінші Орталық Азиялық мемлекеттерге қатысты: 1999 жылы Ташкенттегі жарылыстар Баткенттегі оқиға, міне осылар посткеңестік республикалардың аймағы әлі де болса әлсіз екенін көрсетті.

ТМД мемлекеттері әскери ұжымдық келісімдерге қол қояды. Бірақ біріншіден барлық мемлекеттер оған қол қоймады. Қорғаныс министрлерінің кездесуінде Әзірбайжан өкілдері қарастыруға берілген барлық құжаттардың 35%, Молдова - 8%, Өзбекстан - 33%, Туркмения - 7%, Украина - 25%, Грузия - 50% ал енді белсенді болған мемлекеттерге қарайтын болсақ Армения - 97%, Белорусь - 91%, Қазақстан – 97%, Қырғызстан мен Ресей 100 пайызына қол қойған. Екіншіден, ТМД-ң әскери құжаттары көбіне орындалмайды. Мәселен, қағаз жүзінде Абхазияда бейбітшілікті сақтау ТМД-ң ұжымдық күші болуы керек. Ал іс жүзінде бұл қақтығыс алаңында тек ресейлік әскерлер ғана бар, ал ТМД-ң тек туы ғана бар. Үшіншіден, ШКВС ішіндегі әскери ынтымақтастықта кейбір мемлекеттердің өз офицерлері жоқ. ШКВС әскери машықтар оқулар жүргізеді, бірақ ол аз. Бірлескен командалық-штабтың «Достастықтың оңтүстік қақпасы - 2001ң атты оқуы тек картада Москвада болды. Бірақ осы кезде Орталық Азия мемлекеттеріндегі терроризм қауа күшейіп тұрған кезі еді. ШКВС шеңберіндегі әскери қатынас осындай болса, ҰҚК-нің шеңберіндегі жасалынып жатқан шаралар осыған қарама-қарсы. Бұл келісімге кіретін мемлекеттер, шешімді бір ауыздан қабылдайды. Олардың ықпалы біраз жоғары. ҰҚК-нің қолдауымен 2001 жылдың сәуір-мамырында ТМД мемлекеттерінің әскери делигациясының бірнеше кездесуі болды, ТМД Бас штаб басқарма комитетінің мәжілісі болды. Олар Орталық Азиядағы аймақтың қауіпсіздік жүйесінде әскерлердің коалициялық топтарын құруға келісті. 2001 жылы 25 мамырда Ереванда Қауіпсіздік ұжымдық шартына қатысушыларының президенттерінің кездесуі болды. Бұл олардың ең бірінші осындай деңгейдегі кездесуі. Бұл кездесу барысында мемлекеттер басшылары кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алысты. ҰҚК-ға мүше-мемлекеттердің қауіпсіздік мүддесіндегі және әскери-саяси интеграцияны тереңдетудегі мәселелер туралы, келісімнің барлық жүйелерінің тиімділігін арттыру сияқты мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Осы кездесудегі ең маңызды мәселе, халықаралық терроризмге төтеп беру және экстремизмнің басқа да түрлеріне қарсы тұрудағы бірлескен шаралар туралы мәселе болды.

Соңғы уақытта шартқа қатысушы мемлекеттер аймақтық қауіпсіздіктің жаңа үлгісін жасап шығарды. 2000 жылы 24 мамырда Минскіде Мемлекеттердің Президенттері шарттың тиімділігін арттыру және оны қазіргі саяси жағдайға бейімделуі туралы Меморандумды, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарын қолдауға қатысты ұжымдық шешімді қабылдау және іске асыру тәртібі туралы ережені қабылдады.

ҰҚК қолданысы мерзімінің 1999 ж мамырда бітуіне байланысты 6 мемлекетті – Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения – шартты кезекті бесжылдық мерзімге ұзарту туралы хаттамаға қол қойды. Халықаралық терроризм мен экстремизмнің тарапынан қауіп қатердің өсе түскендігін ескере отырып, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының кеңесі 2000 жылы 21 маусымда Мәскеуде террорға қарсы орталық құру туралы шешім қабылдады, ол Орталық Азияның Оңтүстік шекарасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдаудың пәрменді құралы ретінде қызмет етуі тиіс.97

Қазақстан қол жеткізілген уағдаластықтарды бұлжытпай орындауды жақтай отырып, ТМД-ға қатысушы елдердің интерграциясын тереңдету бағытын дәйекті түрде жүргізіп келеді. Достастыққа қатысты Казақстан позициясының заңдылығы мен өміршеңдігін тәжірибе барысы дәлелдеді.

1999 жылдан бастап, Ұжымдық қауіпсіздік шартына қатысушылардың тұрақты кеңесі болып тұрады, бұл кеңес жоғарғы деңгейде, яғни қорғаныс министрлері, сыртқы істер министрлері, бас штабтың қауіпсіздік кеңесі деңгейінде өтеді. Әскери-саяси ынтымақтастығы ауқымды шара ол 2002 жылы Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы болды. Дәл осы кездесуде аймақтық қауіпсіздік үлгісі ойлап шығарылды. Бішкектегі кездесуде ол өзінің нақты істерге алып келді. Сонымен қатар бұл кездесуде бес жылға есептелген ұжымдық қауіпсіздік күшін құру туралы жоспар қабылданды. Осы күштердің статусы туралы келісімге қол қойды, алым ретінде құқықтық, саяси, әлеуметтік және экономикалық сипаттағы мәселелер талқыланды.98

ТМД мемлекеттері арасындағы әскери саладағы қарым- қатынастардың күшеюі үшінші жақтың қаупін, байыптылығын тудырады. Олардың ойында осындай әскери саладағы интеграция өздерінің қауіпсіздігіне қатер тудырады ма деген сұрақтар қалады.

ҰҚК-ның әскери бөлігін күшейту, сөз жоқ, оның бейбітшілік әлеуетіне айғақ бола алады. Өйткені мұндай өзара тәжірбие алмасу барысында сырттан болатын қауіп-қатерлерге тойтарыс жолдары қана қарастырылып қоймайды., сондай-ақ ішкі шиеленсті факторлардың салдарынан болуы мүмкін ішкі қақтығыстарды уыздықтау амалдарында қарастырылады. Ішкі ықтимал шиеленісті тек әскери әдістермен немесе күш қолдану шешімдері арқылы бәсендетуге де, азайтуға да болмайды. Өйткені бұл - әскери мәселе ғана емес, экономикалық, әлеуметтік және мәдени ықпалдастық мәселесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет