Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, егеменді халықаралық субъектісі ретінде алған мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға бар күш–жігерін жұмсай бастады. Біздің мемлекетіміз сыртқы саясаттық шараларды дайындауға кірісті, соның ішінде ең бірінші ”Жақын шетелге” байланысты, яғни ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге.
Н.Ә.Назарбаев “Тәуелсіз газетпен” сұхбатттасқан кезде “ТМД елдері үшін интеграция, ынтымақтастық тек қана экономикалық пайда ғана емес керек десеңіз, қажетті рухани – психологиялық тұрақтылық жағдайды, ертеңгі күнге сенімділік деген болатын”.
Достастықтың басты мақсаты – саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешіп, өзара тиімді жағдайларда бұрынғы Кеңестік республикалардың интеграциясын қамтамасыз ету.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық алғы міндеттердің бірі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатынасушы мемлекеттермен ынтымақтастық. Осыған сүйене отырып, Қазақстанның саяси және экономикалық міндеттерді шешу, тәуелсіз принципі негізінде Достастық территориясындағы қауіпсіздікті сақтау мәселесіндегі бірлестік, территориялық мызғымастық пен мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау үшін, Достастық шеңберіндегі байланыстарды нығайтуды қолдап отыр.
Бұл бағыттағы жұмыс екі деңгейде жүргізіліп жатыр: екі жақты қатынастар мен ТМД шеңберіндегі көпжақты байланыстарды дамыту. Қазақстан ТМД-ға мүше-мемлекеттер интеграциясын күшейту, қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру бағытын ұстанып келеді. Достастыққа байланысты Қазақстан ұстанған позициясының заңды әрі өміршеңдігін, тәжірибе жеткілікті түрде дәлелдеп береді.
Кеңес Одағы ыдырауы ТМД мемлекеттеріндегі өндірістік салалардың әлсіреуіне, бағаның тым қымбаттануына, тоқтаусыз инфляцияға, халықтың көпшілігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, яғни бір сөзбен айтқанда әлеуметтік–экономикалық дағдарысқа алып келді.
Қазіргі таңда барлық республикалар жетпіс жыл ішінде қалыптасқан әкімшілік жетекшілік бір орталықтан басқаратын экономикалық жүйесінен бас тартып отыр. Оның үстіне экономикалық шындық егемендіктің жаңа белгілерін талап етуде, ал ол болса ерікті ынтымақтастықта жатыр. ТМД елдерімен бұзылған Қазақстан байланыстарын қайта қалпына келтірудің шарты – нарықтық әрбір шаруашылық субъектісінің көтерме және жеке айналымдар бөлімдеріне ену мүмкіндіктері болып табылады. Бұл онсыз да монополияланған экономикада жаңа монополиялы құрылымдардың пайда болуынан сақтайды.
XXІ ғасырға өту, барлық елдерде отындық шикізат және энергетикалық ресурстарды қолданудың ұлғаюымен, оларды шығарудағы табиғи жолдардың нашарлауымен капитал сиымдылығының қарқынды өсуімен бірге жүріп жатыр. Осы себепті басқа жағдайларда жалпы қоғамдық өндірістің капитал сиымдылығы өсіп, ол оның тиімділік деңгейіне және халықшаруашылық нәтижелердің дамуына теріс әсерін тигізді. ТМД-ның барлық елдеріндегі өндірістердің төмендеуінің ауқымдары және ұзақ мерзімді ағымдардың пайда болуы, осы саладағы жағдайды одан әрі қиындатып, отындық–шикізат пен энергетикалық мәселелерді басты факторға айналдырып отыр. Республикалар арасында байқалатын, бір жағынан, олардың бір–біріне тығыз шаруашылық тәуелділікпен, ал екіншіден, межеленіп бөлінудің басталуымен сипатталатын, территориялық еңбек бөлінісі мәселесі, анализ барысында өте зор маңызға ие болып отыр.
ТМД республикаларының шаруашылығының өзара байланысының интеграциялық күш–қуаты, нарықтық экономикаға дейінгі КСРО-да өндірілген даму моделі принциптер негізінде қалыптасқан біркелкі геосаяси және мәжбүрлі экономикалық кеңістік шарттарда ұсталынып тұр:
-
Шикізат, энергия, дайын өнімдерді пайдалану аудандары мен еңбек күштерінің шоғырлану көздерінің жақын орналасқанын ескере отырып, елдің барлық территориясында өндірісті тиімді орнату.
-
Қоғамдық өнімнің тиімділігін қамтамасыз ететін, салалық және территориялық ұзақ уақыттағы жоспарлау мен болашақты болжау принциптерімен үйлескен экономикалық аудандардың мамандандырылуы мен комплексті дамуы;
-
Экологиялық тепе-теңдікті, қоршаған ортаны қорғауда;
-
Барлық республикалар мен ел аймақтары экономикалық дамуын бір деңгейде теңестіруде;
ТМД елдерінде Кеңестік уақытта сыртқы экономикалық байланыстар мен экономикалық интеграцияның оң әсерін, ал одан кейінгі кезеңде олардың теріс әсерін сезінбеген қандай да бір халықтың шаруашылық саласы болмаған шығар.
ТМД-ның басқа мемлекеттері сияқты, Қазақстанда осы жылдардың ішінде экономикалық қатынастарды қайта өзгерту үшін батыл шараларды қолдануға кірісіп, жетекшілік экономикадан нарықтыққа өту жолында едәуір алға басты. Ескі жүйенің негіздерін жойып, өндірісті күштеп құрастыру мен ұйымдастыру, ресурстарды, мүліктік игіліктер мен еңбекті бір орталықтан бөлу жүйесі жойылды. Сыртқы саудадағы “Темір перде” жойылып, елдің экономикасына шет елдік инвесторлардың саны тоқтаусыз құйылуда.
Интеграцияны жақтаушыларды, ең алдымен Қазақстанның табанды күш–жігерінің нәтижесінде Достастық қызметін жетілдіру жолдарын іздестіру жаңа бірлестіруші мақсаттар мен міндеттерді әзірлеу, сахнаға бірінші кезекте экономикалық қана емес, саяси ынтымақтастықты да шығару сияқты оң сипаттағы үрдістер белең алды. Қазақстанның ұсынысы бойынша ТМД мемлекеттері интеграция органдардың қызметін жетілдіруді қолға алды. Жылдардағы әр түрлі интеграцияның болуы туралы Н. Назарбаевтың тұжырымдамасы түпкілікті танылды, мұның өзі түрлі аймақтың құрылымдар нысанында жүзеге асты.
Түрлі жағдайларға байланысты ТМД елдерінің басшылары Достастықтың мақсаттары мен міндеттерін бір мәнді қабылдай алмады. Біреулерге Достастықтың КСРО шеңберіндегі республикалар мәртебесінен толық дербестік жолындағы аралық кезең сияқты көрінді. Мұндай елдер ТМД-ғы шартты мүшелік сақтай отырып, барлық күш–жігерін басқа мемлекеттермен экономикалық және саяси ынтымақтастыққа бейімдеуге бағыттады.
Кейде Достастықтағы ортақ жұмыстан бірте–бірте шет қалу және интеграциялық жобаларды қабылдамау саясаты осы елдердің жаңа геосаяси және геоэкономикалық құрылымдағы өз орнын бағалау ерекшелігін туындатты. Интеграциялық жобалар жеке экономикалық проблемаларды жемісті түрде шешуден гөрі, оларды шешуге қаражат бөліп, назар аудандарға кедергі келтіреді деген де пікір болды. Достастық елдерінің арасындағы қарым–қатынаста сенім білдірудің болмауы белгілі бір деңгейде ТМД-ның тиімді жұмысына кедергі келтірді деп айтуға болады, Ресейдің зор экономикалық, адамдардың және әскери әуелетінің болу фактісі оның басқа мемлекеттермен тең қуатты қарым–қатынас құру ниетінің шынайлығына бірқатар елдердің күмәнін туғызды. Көп жағдайда мұндай күдіктің орын алуына жекелеген ресейлік саясатшылардың жауапсыз, кейде арандату сипатындағы сөздері себеп болды.
Жалпы бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің дамуын мынадай кезеңдерге бөлеміз: сексенінші жылдардың аяғы – Кеңес Одағының ыдырауына саяси және экономикалық жағдайлардың тууы, тоқсаныншы жылдар – бұрынғы КСРО территориясында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, келесі ғасырдың бірінші он жылдығы – осы мемлекеттердің интеграциялық жақындауы.51
Қазірше аймақтық бірігулердегі өзара байланыста әркімнің әр түрлі деңгейдегі өз мүшелері бар. Әлемдік тәжірибені еске сала отырып, бұл жайттарға байыппен қарау қажет, өйткені бұл да бір интеграцияның басқаларға зиян келтірмейтін бір жолын қарастыру сияқты қабылдау қажет. Бұл тіпті тәжірибенің жиналуына, белгілі бір үлгі немесе бағыт жасап шығаруға көмектеседі.
Интеграция (латын тілінен аударғанда іntepratіo – қайта құру, толықтыру) - өзара тәуелділік, бір бүтінге жүйелі түрде бірігу және осыған қарасты байланыстардың болуы, жақындасу, ұйымдастырудың, салалардың, аймақтардың, елдердің бірігуі. Экономикалық интеграция – мемлекеттердің, аймақтардың шаруашылық өмірінің интернационализациялануы.
Интеграция үрдісі тіпті саяси – экономикалық құрылымы орнығып болған мемлекеттердің [ЕО] өзінде оңай үрдіс емес, ал енді ауыспалы экономикалы мемлекттердегі интеграция – одан да күрделі, ұзақ және қарама-қайшы. Өйткені оның барлық қатысушыларына, өз әріптестерінің, көршілерінің мүдделерін өзіндікі сияқты сыйлау керек, рыноктың әріптестерімен тек құқықтық өркениетті мінез–құлыққа бейімделуі қажет, рыноктың экономикадағы басқармада жаңа тәсілдерін қолдану қажет, осы жағдайда ғана интеграцияның артықшылығы, болашағы бар.
Аймақтық интеграция, сараптамалар көрсетіп отырғандай қазіргі әлемдік дамудағы заңдылық болып табылады. Оның ең басты инициаторы немесе бастаушысы ЕО-тың тәжірибесінен, тіпті соңғы кездегі Солтүстік америкалық сауда блогының тәжірибесіне алып қарасақ, күшті экономикасы бар мемлекетпен бағалаған. Олар тіпті уақытша шегінулер мен ағымдарға қарамастан, үлкен аймақтық рынок құруға тырысады. ТМД аймағында біз осындай мемлекет деп немесе осы аймақтағы интеграцияға зор әсері бар Ресей факторын айтпай болмас. Ресей бұл – ТМД халқының жартысы және Достастықтың жалпы ұлттық кірісінің 60 пайыздан көбін құраушы.
Збигнев Бжезинский Ресейдің ықпалы жайылған Еуразияның сол бөлігіндегі тарихи ролін былай деп баға берді:“Бұл мемлекет жылдар бойы бір уақытта экономикалық дамуының территориялық экспансиясы да, құралы да болды. Бұл сонымен қатар Батыс европалық мемлекеттердің дәстүрлерінде қалыптасқандай, өзін таза ұлттық құралмын деп ойламады, бірақ “орыс идеясы” бар арнайы ұлт үсті миссиясын орындаушы деп айқындады. Бұл “орыс идеясы” әр түрлі салаларда діни, геосаяси және идеологиялық шеңберде жүрді. Енді қазір ол өз территориясының этникалық көлеміндегі кішірейген кезде оған осы миссияны орындатудан бас тартты.52
Бірақ әйтсе де Ресейдің ролі тіпті құлдырап кетті деп те айта алмаймыз. КСРО-ның ыдырағанына қарамастан Ресей өзінің саяси маңыздылығымен әлемдегі болып жатқан істерге әсері бар және оның БҰҰ-ғы Қауіпсіздік Кеңесіндегі ролін де ұмытпауымыз қажет. Оның геосаяси жағдайы мен ядролық қаруына қарамай-ақ, Ресейдің ресурстық жағдайын, ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету, шикізат қорын ескерсек онда оны әлі де болса мықты держава деп қорықпай айта аламыз.
Қазіргі заманның геосаяси дамуы Ресейді дүниежүзілік саяси даму орталық бірі ретінде қарастыруды талап етеді. Осы тұрғыдан Ресейдің сыртқы саясатының басты бағыттарын анықтайтын болсақ, олардың ішінде ең алғашқылардың бірі ретінде ТМД шеңберін атауға болады. Бұнда, негізінен, екі жеке дара сегмент - “Батыс” және “Оңтүстік шығыс” бағыттары айқын байқалуда. Екінші бағыт Еуропа, Испания елдері, Қытай мен Индия. Үшінші бағытқа “атлантикалық өркениет” және Жапонияны, ал төртінші негізгі бағытқа Латын Америка, Африка, Тынық мұхит экваториясын жатқызуға болады.53
Ресей дипломатиясы қазірдің өзінде бірнеше күрделі мәселелерді шешімдерге мәжбүр болып отыр, олардың ішінде:
Ресей шекаралары ашық және қорғау мүмкіндігі төмен болып отыр;
-
Ресейге экономикалық дағдарыс және аймақтық сепоратизм оның халық беделін төмендетіп жіберді;
-
Ресейдің ішкі саяси күштерінің өзара күресінің шиеленісуі болып отыр;
-
Дүниежүзілік саяси күштер тепе–теңдігінің өзгеріcі дүниежүзілік дамуға да өз әсерін тигізіп отыр.
Бүгінде ТМД шеңберіндегі Ресей дипломатиясының болашағы туралы біркелкі пікір жоқ. Мысалы: Ресейлік ғалымдар В. Загладин мен Мунтян “ТМД-ң ыдырау қаупі бар, бұл орайда Достастықтың шекаралары қайта қаралуы мүмкін. Осының салдарынан Славян халықтарының Ресейге миграциясының күшеюі, оның геосаяси стратегиясының әлсіреуіне алып келеді” – деген болжам айтуда. Сондықтан халықаралық қатынастар бойынша ресейлік мамандар Ресей үшін ең тиімдісі ТМД мемлекеттермен саяси қатынастарды жалғастырып, олармен халықаралық субъектінің тең праволық мүшесі құқында диалог жүргізуді қажет деп санайды. Бұл орайда Ресей бірнеше күрделі проблемалармен кездесіп отыр. Біріншіден Орта Азиядағы мұсылмандық фактор.
Ресейдің Азиядағы саясаты XVІІ ғасырда қалыптасқан болатын. Содан бері бұл аймақ оның сыртқы саясатының негізгі байланысы болып келеді. Біз мұны 1819 -1820 жылдары Н.Н.Муравьевтің Туркмения мен Хиуаға әскери–ғылыми экспедициясынан кейін жазған 1822 жылы “Путешествие в Туркмению и Хиву в 1819 и 1820 годах гвардия генерального штаба капитана Николая Муравьева, посланного в сии страны для переговоров” еңбегінен көре аламыз. Осы есептің негізінде Ермаков Несселродқа жазған хатында Ресей үшін Шығыс Каспий аймағындағы саяси бағыттардың болашақта маңызы зор деп көрсеткен болатын.54 Бүгінде Ресейдің бұл аймақтағы саяси ықпалы туралы бір–біріне қарама–қайшы бағыт бар. Бірінші бағытты қолдаушылар Ресейге Орта Азиядан кетеу керек десе, екінші бағыт Ресей Орта Азиядағы тұрақтылықтың кепілі болу керек және “исламдық” қозғалыстарға тойтарыс беру керек дейді.
Біз білетіндей КСРО ыдырағаннан кейін әрбір мемлекеттің алдында өз сыртқы саясатының бағытын белгілеп алу мәселесі тұрды. Кейбір мемлекеттер өз саясатын батысқа бұрмаласа, екіншілері шығысқа қарай бет алды. Біздің мемлекет басшысының көрегендігінің арқасында мемлекеттің сыртқы саясаты көп векторлы болып жарияланды. Міне, дәл сол уақыттарда Ресейдің де сыртқы саясатында белгісіздіктер, батысқа бұрмалаушылық байқалады. Бірақ тәжірибе көрсете келе батыс пен қатар шығысты да ұмытпау керектігін көрсетті. Біз бұны Ресей президенті Путиннің баяғы саясатты жалғастыруын Индия мен Кубаға деген қатынасынан көре аламыз, яғни ескі дос еш уақытта да артықшылық етпейді.
ТМД шеңберіндегі Ресей факторрының өзектілігінің тағы бір көрінісі орыс тілді жұрттың мәселесі болып табылады. 1993 жылы статистика бойынша ең көп орыс қауымы Қазақстанды мекендейді. Елдің жалпы саны 6,2 млн. адам. Бұл фактордың интеграцияның дамуына пайдалы факторлармен қоса кері әсер етуі бар екенін атап өту қажет.
Бүгінде Ресей Федерациясының ішкі тұрақтылығы анық сыртқы саясатының, соның ішінде ТМД-ға байланысты саясатқа тікелей немесе жанама әсерін тигізуде. Сол себептен де ТМД-ң Ресейсіз өмір сүруі мүмкін емес дейтін қағидалармен келісетін болсақ, ондағы сепаратизмге жол бермеу қажет.
Алғашқы жылдардағы “әлсіз Ресей” болса, онда Қазақстан күшейеді деген сөзін растамай шықты, яғни “әлсіз Ресей”, ”әлсіз Қазақстан“ ал күшті ”Ресей“ ”күшті Қазақстан“ екенін дәлелдеп берді. Демек Ресейдің күшті болуы тек Қазақстан емес бүкіл ТМД мемлекеттерінің экономикалық, қауіпсіздігінің тұрақтылығына бірден бір әсер етуші фактор екенін біз көрдік.
Кеңес Одағы ыдырауынан кейін тәуелсіз мемлекеттер алдында қоғамдық өмірді түбегейлі өзгерту, көп жылдар бойы қалыптасып қалған экономикалық, гуманитарлық байланыстарды бұзбай, сақтай отырып ұлттық мемлекетті нығайту және құру мәселесі тұрды. Баяғы Одақтас мемлекеттермен арадағы қатынасты қайта орнату және әлемдік қауымдастық алдында өркениетті егеменді мемлекет ретінде таныту керек болды.
Біртұтас шаруашылық кешенінің жойылуы, егеменді қаржы–экономикалық жүйенің құрылуы, экономика жүйесіндегі қайта құрулар, приватизация, өндірістік экономикалық қызметтің либерализациясы жаңа мемлекеттердің тауар өндірушілері және қызмет көрсету, өнеркәсіп арасындағы қатынастың алдында жаңа ситуация туғызды. Осы негізге тән негізгі сипаты:
-
Сауда әріптестерінің талғамдағы еріктілігі, пайдалы, ұтымды байланыстарды ізденудегі мүмкіншілік, сыртқы экономикалық қызметтің либерализация жағдайында алыс шетелдерден тауар–шикізат көздеріне деген шығыстың болуы;
-
Өндіріс көлемінің бірден құлдырауы нәтижесінде тауар қолдану көлемі де төмендеді, халықтың төлемақылық қабілеттің төмендеуі, алыс шетелден бәсекеге түсе алатын арзан тауарларға рыноктың ашылуы;
-
ТМД мемлекеттерінің әр қайсысы жаңа ақша енгізгендігінен, өнеркәсіп, өндіріс орындарының төлемақылық қабілетінің қиындауы, жоғары инфляция, айналымның жоғалуы, кейбір ТМД мемлекеттерінің қаржы тұрақсыздығы;
-
Өндірістің көбісіне шетелдіктердің несие беру, ал бұлар баяғы қалыптасқан қатынастар мен кооперациялық байланыстарды дамытуды қаламады, ТМД мемлекеттерінің шикізатына Батыс қызығушылық білдіріп отырды, алып кетуге, шығаруға талпынды;
-
Халықаралық экономикалық қаржы институттарының ықпалы бірден өсті, олар ішкі тауар өндірушілерге әр уақытта тиімді бола бермейтін өздерінің айтқанын орындата бастады;
-
Жаңа егеменді мемлекеттер өзара саудадағы тауарға тарифтік, тарифтік емес шектеулер қоя бастады (кеден салықтары, алым, салым, квота т.б.);
-
Рыноктық экономикаға көшудегі әр түрлі желіс. Әр мемлекетте әр түрлі заңдық, қаржы–салықтық шарттардың пайда болуы.55
Міне, осылардың бәрі жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қатынастарға кері әсерін тигізіп, интеграциялық үрдістің тежеушісі болды.
Бірақ осыған қарамастан баяғы біртұтас шаруашылық комплекс негізіндегі байланысты қолдана отырып ТМД мемлекеттері интеграциялануға тырысуда.
Қазақстан ТМД мемлекеттерінің экономикалық интеграциясы идеясын әр уақытта қолдайды. Достастық бізге демократияның далуына керекті саяси және әлеуметтік экономикалық жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді, ТМД-ның әрбір нүктесінде болатын қандай да бір қақтығыс жағдайда бір бірімізге хабарлай отырып жүзеге асыратын шараларды жасауға көмектеседі. Менің ойымша [Назарбаев] Достастық Одақтың қирауының нәтижесінде болған экономикалық және әлеуметтік дағдарысты минимумға дейін жеткізуге қабілеті бар. Бірақ өткенге оралу деген туралы сөз болмауы керек. Әрбір мемлекет егеменді даму жолындағы өз талғамдарын шешті. Бұл талғам шексіз құрметке лайық және ешкім оған күмәндануға құқы жоқ.56
ТМД – бұл мемлекет емес, бұл табиғи жағдайда қалыптасқан мемлекеттердің аймақтық қатынасы механизмі екенін түсінуіміз қажет. Мұны тек ЕО-мен салыстыра аламыз, айырмашылығы тек Европалық мемлекеттер егеменді дамыған болған кезде интеграция идеясына келсе, Достастық мемлекетінің әр біреуі империяның бір бөлігі болған, құтылмас альтернатива ретінде.57
ТМД мемлекеттерінің интеграциясына кедергі жасайтын факторлар мыналар:
-
Жаңа мемлекеттердің жүйесін құрудағы ұлтшылдықтың өсуі;
-
Жалпыодақтық мүлікті соның ішінде әскери мүлікті бөлісу процесі;
-
Бұрынғы билік жүйесіндегілер мен неонационалистер және мұсылман фундаменталистері арасындағы билікке деген тартыс;
-
Этника аралық қақтығыс (Карабах, Оңтүстік Осетия, Абхазия)58
Интеграциялық қарым–қатынасқа оң әсерін беретін блоктар болса, өзара толықтырушы шикізат базасының болуы, бұл өзіне шикізат түрінің барлығын енгізеді. Достастықтың дамыған жиынтық ғылыми-техникалық потенциалын тиімді пайдаланған кезде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикасындағы қайта құрудың пайдалылығын көре алады.
Бұл интеграцияға сонымен қатар, географиялық жақындық, біртұтас инфраструктураның болуы ең алдымен транспорт және байланысты жақындығы, біртұтастығы оң әсер етеді. Экономика саласындағы мамандар мен жоғары квалификациялық кадрларды дайындаудағы бір шарттар мен стандарттардың болуы.59
Ал енді интеграциялаушы (біріктіруші) және дезинтеграциялаушы (айырушы) факторға тоқтала кетер болсақ:
а) біртұтас одақтас мемлекет шеңберінде:
Интеграциялаушы фактор: 1) барлық әлеуметтік – экономикалық қызметпен бірге жоспарлы – директивалық жүйе басқармасындағы біртұтас тоталитарлы мемлекет.
2) Одақтың специлизациялық және кооперациялық, республикалар өнеркәсіп және сыртқы толық қызмет арасындағы сауда – экономикалық, тауар – ақша ағымы, шикізат қатынасындағы орталықтанған басқарма;
Дезинтеграциялаушы фактор: 1) біртұтас мемлекет және біртұтас шаруашылық кешеннің ыдырауына алып келген экономикалық құрылымның әкімшілік жоспарлық социалистік әдістің тиімсіздігі;
2) Экономикалық тиімділігін ескерместен құрылған өндірістік–технологиялық кооперациялық байланыстардың көбінің жалғандығы;
б) Рыноктың экономикасы бар жаңа егеменді мемлекеттердің құрылу негізіндегі өтпелі кезең:
Интеграциялаушы фактор: 1) технико–технологиялық және инфраструктуралық байланыстар, мамандық және кооперацияның сақталуы. Бұларсыз дайын өнімді шығару және көптеген ұлттық экономикалық өнеркәсіп кешендерінің өзіндік қызмет етуі мүмкін емес.
Дезинтеграциялаушы фактор: 1) Рыноктық қатынастар мен сауда – экономикалық байланыстарға көшу кезіндегі шикізат жеткізудегі тиімсіз кооперациялық байланыстардың үзілуі;
2) Жаңа мемлекеттердің салық, бюджет, валюта, кеден және басқа да өзара сауданы шектейтін әкімшілік, салық, тарифтік шаралармен өзіндік қаржы – экономикалық жүйесінің құрылуы;
3) Достастықтың ең жетекші елі Ресейдің интеграциялаушы ролінің түсуі, қоғамдық–саяси, демократиялық және экономикалық дамудағы шынайы нәтижелердің болмауы, ал бұл өз кеэегінде ТМД басқа мемлекеттеріне тартушы күші бола алуы мүмкін еді.
в) Экономикалық жағдайды тұрақтандырудың келесі кезеңі:
Интеграциялаушы фактор: 1) шаруашылықтың экономикалық жүйесінің жақындығы біртұтас территориялық–шаруашылық және экономикалық инфрақұрылымның сауда – экономикалық байланысының тиімділігі;
2) Интеграцияланған біртұтас экономикалық кеңістікте бірлескен тауар өндіру қолдау шартындағы шикізатты өндіру және тасымалдау рыногындағы дамып келе жатқан экономикаға деген өзара қажетттілік, әлемдік экономикалық рыноктағы дамыған мемлекеттер бәсекесіне мен аймақтың экономикалық бірлестіктерге бірлесе төтеп беру.
Дезинтеграциялаушы фактор: 1) өз мүдделерін мен тауар өндірушілер мүдделерін қорғау, біртұтас әлемдік шаруашылық құрылымға енуші жаңа сауда – экономикалық инвестициялық байланыс векторлары мен егеменді мемлекеттердің экономикалық өзіндік дамуы;
2) тауар өндіруші және жаңа мемлекеттердің экономикасы арасындағы рыноктың бәсекелестік қатынастың одан әрі дамуы; шикізат рыногы және арзан шикізат үшін күрес; алыс шетелдермен жаңа оптималды транспорттық – коммуникациялық байланыстарды құру.60
ТМД-дағы интеграциялық үрдіске әсер еттетін факторлардың тағы біреуі ол сыртқы және ішкі фактор. Сыртқы фактор дегеніміз ол аймақтан тыс жатқан мемлекеттердің аймақтың ішіндегі мемлекеттер ара қатынасына әсер етуі. Бұл мемлекеттер ең алдымен экономикалық пайданы көздеген мемлекеттер. Ал енді ішкі фактор ол осы аймақтағы мемлекеттердің бір-бірімен бәсекелестігі. Мысал ретіндегі Орталық Азия мемлекеттері аймағындағы жағдайды айтуымызға болады. Орталық Азия мелекеттерін мынадай кезеңге бөлуімізге болады: 1994-96 ж.ж. институционалды кезең деп сипаттап, түрлі органдардың құрылғанын көреміз. 1996-98 ж.ж. аралығы “салқындық” бұл кезеңде қабылданған барлық құжаттардың бәрі дерлік орындалмайды. Үшінші ол 98 жылдан бастап қазірге дейін. Бұл аймақтағы саяси жағдайға көп әсерін тигізетін Астана мен Ташкент арасындағы бәсекелестік. Бұл фактордың Орталық Азиядағы ролі өте зор. Бұл теке тірестік бәсекелестікті Анкара, Тегеран, Вашингтон, Мәскеу қолданып қалғылары келеді, яғни посткеңестік аймақта әлі де болса саяси, экономикалық жағдайларға саяси көшбасылар мен элитаның ықпалы зор.
ЕО тәуелсіз мемлекеттердің интеграциясы нәтижесі болса, ал ТМД болса, бір кездері біртұтас мемлекеттердің дезинтеграциясының нәтижесінде құрылды. ТМД мемлекеттері әлі күнге дейін қандай да болсын бір ұлтүсті құрылымдарға сенімсіздікпен қарап, оларды баяғы “Одақтық орталық құру” шарасы ретінде қарастырады.61
ЕО-тағы саясат келеді кетеді, ал интеграцияға деген бағыт сол қалпында. Қоғамдастықтың тарихында не болмады! Еуропаның валюталық жүйесін 1978 жылы ГФР канцлері социал демократ Гельмут Шмидт пен Францияның саяси спектрінің оң қанатының өкілі президент Жискар Д’Эстен құрады, бірақ екі елдің саяси бағытын өзгерткен 1981-82 жылдардағы сайлаулардың нәтижесінде валюталық саясатты одан әрі консерватор Г.Коль мен Франсуа Миттеран сәтті жалғастырып алып кетті және ешқандай саяси катаклизмді көрмейміз. Европалық интеграцияның барысына белгілі бір тұлғалар әсер ете алмайды.62
Интеграциялық үрдіске қауіп төндіретін тағы бір айта кететін жайт ол әлемдік державалар мен аймақтық мемлекеттердің геоэкономикалық мүдделері. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекет шекарасының жақынында бағалы тіпті стратегиялық маңызды қайнар көздердің орналасуы, бұл аймақты қақтығыстар көзіне айналдарып жіберуі мүмкін. Сондықтан президентіміз өзінің сөзінде атап көрсеткендей Каспий бейбіт интеграция көзіне айналуы қажет. Тек бір-бірімізге хабарлай отырып, күш–қуатымызды біріктіріп күшті пайдалы механизмін құра аламыз, осы жағдайда ғана алдымыздағы барлық кедергілерді жеңе аламыз.63
Сөзімізді қорытындылай келе біз ТМД интеграциясына әсер ететін сыртқы, ішкі факторларды атап, ашып көрсетуге тырыстық. Бұдан нәтиже, оңайлықпен еш нәрсе келмейтінін көреміз. Әр уақытта кедергілер, қиншылықтар болады. Мәселе бұл қиыншылықтарға байланып қалмай, оны жеңу одан әрі даму. Міне, менің ойымша ТМД мемлекеттері өздерінің интеграциялық даму жолдарындағы қиыншылықтарға бірде жеңіліп бірде жеңіп өз өмірін жалғастыруда.
Достарыңызбен бөлісу: |