Жоспар. Кіріспе І тарау


Түрікстан автономиясының құрылуы



бет4/4
Дата25.02.2016
өлшемі417 Kb.
#20205
1   2   3   4

2.1. Түрікстан автономиясының құрылуы.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында өзінін басқару жүйесін Орта Азияға жая бастаған Рссей империясы татар, башқұрт елдерін бағындыруға қолданған әдіс - айларын енді жаңа елдерді бағындыруға да қолдана бастады. Негізгі тіршілік көзі – жерден, ата салт - дәстүрлерін, мәдениеттен айырылу қаупі енді осы елдерге де төнді. Міне, осындай жағдайда Ресей отаршылдығы сияқты мемлекеттік деңгейде ұйымдасқан дүлей күшке қарсы тұра алу үшін соған деңгейлес ұйымдасқан материалдық және рухани күш қажет еді. Ондай күш бәрі бірдей Ресей империализмінің тәуелділігіндегі түркі халықтарын тұтас бір майданға біріктіру арқылы қалыптастыру мүмкін болатын. Тарихтың өзі алға тартып отырған осы талапты Тұтас Түркістан (Ұлы Түркістан») идеясын қайта жаңғырту арқылы Мұстафа Шоқай қанағаттандыруға тырысты, оған жауап ретінде «Түркістан автаномиясын дүниеге келді. Ол өзінің осы мақсаттағы ойын білдірді: «Түркістан - бөлінбес, айырылмас бір өлке. Халқының қаны бір, тілі бір, діні бір, мақсаты бір. Түркістанның мақсаты - өзінің құтылысы, милли үкіметін құрып, дербес боп, өз алдына бір үкімет болып тұру. Біздің мақсатымыз – жалғыз Түркістанның ғана емес, бүтін түркі өлкесінің, бүтін түркі халқының дос болып, өзара бірлік - пірадарлықпен жасап, сыртқы дұшпанға қарсы өзінің толықтығын, үкіметінің толықтығын білдіріп қою...»

М. Шоқай XX ғасырдың басындағы ұлт - азаттық және әлеуметтік қайта жаңғыру үшін бастаған қозғалыстың қош бастаушылардың бірі болды. Ол басқа түркістандық зиялылар сияқты ақпан төңкерісі нәтижесін үлкен ынтамен қолдап, уақытша үкімет тұсындағы Түркістанда болып жатқан саяси оқиғаларға қызу араласады.

1917 жылы наурыз айында Ташкент қаласында Түркістан аймағы мұсылмандарының «Шуро-и-Ис-лам» (Ислам кеңесі) ұйымы құрылды3.

Өлкедегі саяси жағдайдын шиеленісуіне алаңдаған Уақытша үкімет 7-ші сәуір күні «Түркістан комитетін» құрды. Түрккомитеті елде әлеуметтік жағдайды шешуде дәрменсіздік білдірді. Түрккомитетке балама өлкелік билік органын құру мұсылмандар арасында артты. 7-15-ші сәуір күндері Ташкентте жұмысшы депутаттары, солдат депутаттары және мұсылман депутаттары кеңестерінің бірлескен Түркістан өлкелік бірінші съезі өтті. Съезд Түркістан Өлкелік Орталық Мұсылман Кеңесін құрып, оның төрағасы етіп Мұстафа Шоқайұлын сайлады. Ал 16-21-ші сәуір күндері аралығында Ташкент қаласында жалпы Түркістан мұсылмандарының алғашкы съезі өткізіліп, оғап түркістандық қолданды, өзбек, татар, түркімен халықтарынан 150-ден аса өкілдер қатысты. Съезд Уақытша үкіметке сенім білдіріп, Түркістанды мәдени — саяси өзін - өзі басқару қажеттігі жөнінде шешім қабылданды. Съезден кейін автономия мәселесі жөнінде «Шуро - и – Ислам» ұйымында ымырашылдық болмай, «Шуро-и Улем» (Ғұламалар қоғамы) бөлініп шықты. Төр-ағасы - Сералы Лапин болды. М. Шоқай қолданды ұйымның бағыты туралы: «Улема жамияти» мәселеге басқа қырынан келіп «Діни сот» деген атпен мәжіліс құрып, Ресей парламенті тарапынан Түркістанға қарасты шығарылатын заңдардың жоғарыда аталған заң мекемесі тарапынан бекітілуін талап еткен болатын»4 - деп көрсетті. Қолданды ұйымның талабы мұсылмандар үшін белгілі бір дәрежеде объективті болғанымен, ол кезде ондай талаптың жүзеге асу мүмкін емес еді. 1917 жылы 8-11 қыркүйекте Ташкентте Түркістан аймағы мұсылмандарының II съезі болды. Съезд «автономия» мәселесі бойынша Түркістанды «Ресей республикасы құрамындағы автономия» деп тану туралы таныстырғанша кейінге қалдырды.

Түрккомитетінің төрағасы Шепкин отставкаға кетіп, оның жаңа құрамына жергілікті саяси күштер өз өкілдерін енгізуге тырысты. Түрккомитетінің төрағасы болып II Мемлекеттік Думаның депутаты В.П.Наливкин тағайындалды. Ал М. Шоқай болса, түрккомитет мүшелігіне тағайындалды. Осыдан толғағы жеткен Ұлттық мәселелер Уақытша үкіметтің алдында батыл түрде қойыла бастады. М. Шоқай шілденің соңғы күндері мен тамыздың алғашқы жартысында Петроград нен Мәскеуде облыстык атқару комитетері мен Мемлекеттік кеңес мәжілістеріне қатысып, үкімет мүшелерімен кездесті.

Сөйтіп Түркістандағы оқиғалар ағымына түбегейлі өзгеріс енгізген 1917 жылы 20 қарашада Ташкентте өз жұмысын аяқтаған III Түркістан өлкелік кеңестер съезі болды 5. Съезд ұлпық автономия мәселесін қабылдамады. Ол жерде нсгізгі қаралған мәселе саяси билік орнағанына байланысты "Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесінің" құрылғанын, өлкедегі биліктің соның қолына өтетіндігін мәлімдеді. 14 адамнан тұрған қолданды үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман елдерінен бірде - бір өкіл жоқ еді. Қолданды іс жүзінде жергілікті халықтың өзін - өзі басқару құқығын мойындамаудың және жаңа орнаған билік басшыларының ұлы державалық шовинистік көзқарас тұтқынында екендігінің көрінісі болатын. Түркістаңдағы орнаған кеңес өкіметінің сипаты жөнінде Г.Сафаров: "большевиктер партиясы меп солшыл эсерлер бірінші күннен - ақ авантюристік, карьеристердің және қылмыстық элементтердің ұясына айналды. Сондықтан мұндағы пролетариат диктатурасы алғашқы қадамынан - ақ нағыз отарлық сипат алды"6.

1917 жылғы екі бірдей әлеуметтік төңксріс пен оның нәтижесінде туындаған азамат соғысы елдің экономикасын толық күйретіп, саяси апат алып келді. Қазан төңкерісінен соң өлкедегі саяси билікті тартып алған орыс большевиктері элеметтік база ретінде тек өлкедегі ат төбеліндей ғана орыс жұмысшылары мен 1891 жылғы "Түркістан қоныстанушыларын қаруландыру туралы" заң бойынша қаруланған орыс шаруаларына сүйсніп, "пролетариат диктатурасын" орнатпақ болды. Олар орыс шаруаларынан қызыл отрядтар ұйымдастырып, оларды мұсылмандарға қарсы қойды. Қолданды жағдай М. Шоқай торағалық еткен "Түркістан өлкесі мұсылмандары Кеңесіне" нақты жауап әрекеттерге көшуге итермеледі. 1917 жылы 26 қарашада Қоқанда IV өлкелік Төтенше мұсылмандар съезі өз жұмысын бастады. Съезге барлығы 200-ден астам делегат қатынасты7. Областардан келген делегаттардан басқа съезге «Шуро — и - Исламия", «Жамияти Уламо", мұсылман тау - кен жұмысшыларының одағы, мұсылман жауынгерлері одағы, өлкелік еврейлер одағы және осындай қоғамдық ұйымдардан көптеген өкілдер катынасты. Съездің жұмысына қатынасқандардың арасында орыс патшасына қызмет етуді өзіпе өмірлік парыз еткен ескі орыс армиясының офицерлері де көп еді8. Делегаттардың көпшілігі әлсуметтік жағынан ауқатты отбасынан шыққандар еді, бірақ тутан халқының тағдыры толгантқан нағыз азаматтар болатын.

Қоқан қаласында қолданды уақьпта 50 мың халық тұратын. Қалада 382 мешіт, 40 медресе, 6 мың мұсылман дін қызметкерлері, 11 банк жұмыс істеді. Съезд делегаттарына жіберілген шақыру қағаздары өлкедегі почта - телеграф қызметкерлерінің жұмыс істеуден бас тартқаң ереуілдеріне байланысты мекек - жайларға кешігіп барғандықтан, делегатгар дер кезінде келіп үлгермейді. Сондықтан да 25 - қарашаға деп белгіленген съезд тек 26-қарашада ғана ашылды. 25 - қарашада келіп үлгергсн делегаттарды қатыстыра отырын, алдын ала мәжіліс өткпілді. Съездін мандат комиссиясының мүшесі Т.Нарботабеков съезге делегаттардьщ қай облыстардан келгендігін хабарлады: Ферғана - 150 адам, Сырдария - 22. Самаркапд - 21, Закаспий - 1. Бұқара - 4 адам. Одан соң съездің төралқасына 13 адам: М. Шоқай, Қожасв, Юргулы - Агаев, Ақаев, Герцфельд, Махмудов, Шагиахметов, Кичкимбаев, Камал - Кары, Уразаев, Пилиев, Каримбаев, Бехбуди сайланады9.

Съездің 27-қараша күнгі қабылдаған қарарында: "IV жалпы мұсылмандық өлкелік төтенше съезі зор Россиялық тоңкеріс жария еткен негізгі Түркістан халықтарының өзін - өзі билеу ықыласын білдіре отырып, Түркістанды Россия Федеративті Ресиубликасымен ынтымағы бір территориалық автономия деп жариялады, автономия шарттарын белгілеп бекітуді таяу арада шақырылатын Түркістан Құрылтайы ырқына береді, сондай - ақ Түркістанда тұрып жатқан басқа да халықтардың құқығы толық сақталатындығын салтанатты түрде мәлімдейді",- деп көрсетілді. Осы күні Түркістан Уақытша Кеңесінің құрамы қайта қаралып оның мүшелерінің саны алғашқы 32 адамнаи 54. мүшеге дейін өсірілді. Ол бойынша - Ферхана облысынан -10, Сырцария - 9, Самарканд облысынан - 5, Жетісудан - 6, Закаснийден - 2, қалалық өзін - өзі басқару ұйымынан - 4 өкіл, түрлі европалық демократиялық, саяси, қоғамдық ұйымдардан - 18 өкіл енді. Осылайша, Түркістан Уақытша Кеңесінің 33% құрамы европалық ұлттардың өкілдсріне берілді, ал олар өлке халқының небары 2%-ін құрайтын еді. Қолданды кеңес шешімі - партия тарихшыларының «ұлтшылдар» деп айыптауына келмейтін шешім болатын.

Мұстафа Шоқай 28- қарашада құрылып жатқан мемлекеттін атын жариялады.Ол - "Түркистон Мухторияти" "Түркістан автономиясы" деп аталды10. Тарихта қолданды автономия құрылған қаласының атына сай "Қоқаи автономиясы" атауына иелеңді. Қазіргі уақытта, большевиктер "Түркістан автономиясының" беделі мен шеңберін төмендету үшін "Қоқан автономиясы" деп атады деген пікір орнығып келеді. Ал шын мәнінде, 64 күндік өміріне не офицері, не ақшасы, не әскері болмаған үкімет билігі Қоқан қаласынын өзінде толық жүрмегендігі тарихи ақикат. Тіпті, М. Шоқайдың өзі қолданды автономияның "Қоқан автономиясы" болғандығын мойындайды. Сонымен қатар съезде жалнытуркістандық Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін өлкені басқару үшін барлық құқық Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық басқармасына берілетіндігі туралы қарар қабылданды.

Түркістан Уақытша Кеңесі мына құрамда Түркістан Уақытша Үкіметін тағайындады:

Министр – төраға және ішкі істер министрі - М.Тынышбаев (II Мем. Думаның және Түркістан теміржолдары мен қатынас жолдары инженерлері комитетінің мүшесі);

Министр – төрағаның орынбасары - Ислам Сұлтан Шагиахметов (Бүкілресейлік Мұсылмандар Кеңесінің ОК мүшесі. заңгер);

Сыртқы істер министрі - М. Шоқай (Өлкелік Мұсылмандар Кеңесі мен Олкелік Қолданды Кеңесінің төрағасы);

Халық милиңиясы мен қоғамдық қауіпсіздік бөлімінін меңгерушісі - Убайдулла Хаджаев;

Әскери мииистрлік - Шақаевқа тапсырылды. Сондай - ақ үкіметтің құрамына Зигаль. Вадьяев сынды және т.б. іскер адамдар кірді .



6- желтоқсан Ташкент халқы митингіге шығып Түркістан автономиясын қолдайтындықтарын білдірді. Аласапыран заманда Түркістанның дін ортақтығы да, шыққан тегінің ортақтығы да біріктіре алмаған халқының басын бірсәтке ауызбірлікке жеткізген автономия туралы Г. Сафаров былай дейді: "Тарих доңғалағының жүрісі Түркістанда мекен-деген әр түрлі халықтардың арасындағы антогонизмге әлдеқайда күштірек болып шықты. Экономикалық мудде тұрғысынан басы піспейтін элементтерді исламның беделіне, ортақ шығу тегіне сүйене отырып біріктірмек болған мұсылман зиялыларының әрекетінен түк шықпады, тек кана «автоиомиялық қозғалыс" бір сәтке осы элементтерді ауызбірлікке жеткізе алды. Түркістан халықтарының саяси, экономикалық және рухани дербестікке ұмтылысының көрінісі болған «Түркістан автономиясы" қолданды қоғамына өзінің зор ықпалын тигізді. Түрікшілдік қозғалысының заңды нәтижесі болған "Түркістан автономиясы" құрамында Қазан төңкерісі қарсыңынды 2972725 қолданды өмір сүрген. Қолданды қолданды елінің жартысынан астамы еді11. Міне, осы сандық көрсеткіштің өзі-ақ Түркістан өлкесінде болып өткен оқиғалардың жалпы қолданды қоғамына қаншама ықпалды боларын көрсетсе керек. 1918 жылдың 11-ақпанында большевиктер күшпен Түркістан автономиясын таратып жіберді. Қолданды кеңестік тарихнамада көрсетілгендей, Қоқан хандығын қалпына келтіруге тырысқан жергілікті ұлттық буржуазияның қуыршақ үкіметі немесе жай бір қалалық құбылыс емес, Түркістан халқының өзін - өзі билей алу құқығын мойындамай ескі империялық түсінік шеңберінде қалып қойғак Ташкенттегі Кенестік билікке балама билік есебінде өмірге келген жалпы-түркістандық құбылыс болатын. Түркістан автогюмиясы жөнінде М. Шоқай: "Ол кезде автономияны былайша түсінуші едік. Түркістанның өзіне тиесілі басқарушы жәие атқарушы мекемелері, яғни заң шығаратын парламент пен істі жүргізетін үкіметі болады. Сыртқы саясат, қаржы, жол, әскери мәселелер Бүкілроссиялық Федерациялық Үкіметтің қарауында. Оқу - ағарту, ішкі жолдар, басқару, сот және жер мәселелерінің бәрі жергілікті автономиялық үкіметтің шаруасы болуға тиіс". Әрине, автономия өзін мемлекеттік форма ретінде танытып үлгерген жоқ, оған кеңестер билігі мүмкіндік бермеді. Ол жөнінде де М. Шоқай: "автономия... Түркістанның бүгінгі ұлт - азаттық қозғалысы жолында салынған алғашқы негіз",12 -деп баға берді. М. Шоқай өмірінің соңына дейін Түркістан халықтарының тәуелсіздігі олардың мемлкеттік тұтастығына байланысты деген ойда болды. Осы ойдың жолында насихатшысы болып өмірден өтті. Ол, Қолданды автономиясы жеке емес, Түркістанмен бір болуы керек деп санады. М. Шоқайдың осы пікірі жөнінде М. Дулатов: "Съездің соңына қарай Қоқаннан Шоқайұлы Мұстафа келді. Шоқайұлы Қолданды автономиясының өз алдына жеке құрылуына қарсы болды, Түркістанмен қосылуды жақтады", - деп көрсетті. Бірақ, М. Шоқай айға жетер - жетпес мезгілде Аташорда үкіметіиің өмірге келерін білген жоқ, оны ойлауға уақыт ағымы да мұрсат бермеді. "Қолданды" газетінің 1917 жылғы 18 - желтоқсандағы санында "Сырдария облысының қазағына" деген үндеуінде М. Шоқай осы жай жөнінде: "Замананың түрі жаман болын бара жатқан соң Алаш ұранды қолданды - қырғыз өз алдына автономия иғлан етуі қашан болатынына көз жетпей біздің Сырдария қазағы Түркістан автономиясына қосылды деп иғлан етіліп еді. Сырдария халқына өз тарапынан айтарым, тегін Алаш баласының басы қосылатын кезі осы, бүгі... Сырдария қазағы кешіктірмей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз", - деп үндеу тастады. Болашақта Түркістан автономиясы мен Алаш автономиясы одақ құру мақсатында болғандықтан, 1918 жылы қаңтарда өткен Сырдария қолдандытарының съезі Сырдария облысының Түркістаннан бөлініп кетуі Түркістан ұлт - азаттық қозғалысына соққы болуы мен қолданды әрекетке мақсаттылық, теориялық негіз беру Алаш зиялыларының қызметіне тұс келеді. Алаш қозғалысы халқымыздың өз зиялылары арқылы мемлекеттік дербестік, тәуелсіздік туралы тұнғыш рет саналы түрде мәселе қойып, сол үшін мақсатты күресі еді. Қолданды, мешеулікпен орталық үстемдіктін құрсауында тұншыкқап қолданды сияқты халық үшін XX ғасырда жаңа сападағы мәдениетке бет түзген адамзаттың көшше еруді мақсат етіп қойған табиғи ұмтылысы болатын. Қолданды ұмтылыс қолданды жұртының дұрыс табиғи даму жолында тұрғандығын көрсетгі. Өкінішке орай, қолданды табиғи жаңғыру шегіне жете алмады, партиялық өктемдіктің құрбаны болып, тарих қойнауына енді.
2.2. Алашорда автономиясы және қазақ автономиялық республикасы құрылуы.

Алаш өкіметін құру мәселес 1917 жылы шілденің 21 — 28-інде Орынбор қаласында, жалпы-қазақтық 1 съезде қаралған болатын, съезде 14 мәселе талқыға түсті. Алдымен мемлекет құрылысы қаралды: «Русия демократическая, парламентарская республика болып, қолданды облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» деп, ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 баптан тұратын қаулы қабылдады. Ең мықтап айта алғандары: «қазақ халқы өзінің еншілі жерінде орнығып болғанша қолданды жері ешкімге берілмесін». Осындай дұрыс ой-пікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ.

Ал қазақтың ұлттық-территориялық Алашорда автономиясы 5—13 желтоқсанда (1917 жылы) Орынбор қаласындағы жалпы қазақтың II съезінде заңды түрде құрылды1.

Алашорда автономиясын, оның конституциясын бүкіл Ресейлік құрылтай съезі бекітуге тиіс еді. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы 1917 жылы «Қазақ» газетінің 251-санында жарияланды. «Алаш» партиясы бағдарламасы 10 баптан тұратын саяси құжат, онда қазақ елінің ұлттық тілек-мақсатының негізгілері баяндалды, яғни автономияның мемлекеттік үкімет билігінің түрі «федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет» ретінде анықталды. Ол республиканың Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік думасы болды, атқарушы механизм міндетін президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетілді. Бұл бағдарлама, сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекеттен бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақы құрып, көпшілік болып табылатын халықтың тілінде жүргіз, әскер құру мен салық салу ісін ұйымдастыру, «түземдіктердің» жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және жерге мемлекеттік меншікті орнату сияқты басқа шараларды да қамтыды.

Осы жалпы қазақтық II съезде: «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі құрылды, оның аты «Алашорда» деп аталды. «Алашорданың» өкімет құрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды» - делінді.

Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкімет) ұлт кеңесінің құрамына 15 қолданды азаматы сайланды: Уәлихан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұхамедов (Орал облысы), Айдархан Тұрлыбаев (Ақмола облысы), Ахмет Біржанов (Торғай облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы); облыстардан тыс Алашорда кұрамына Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 кісінін мүшесіне орынбасарлар болып, қолданды өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кандидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып сайланды2.

Сол кездегі Алашорда автономиялық мемлекетінің жері бұрынғыдай Ресей империясының бес әкімшілік (административных) құрамы болып кірген еді. Сырдария мен Жетісу облыстары — Түркістан генерал-губернаторлығына, Семей мен Ақмола облыстары — дала генерал-губернаторлығына, Торғай облысы Орынбор губернаторлығына, Орал облысы тікелей Ресей мемлекетінің құрамына кірді.

Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы құрамына сайланғандар, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер 1918 жылғы көкектің 2-сіне дейін Мәскеуде автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермековтер, В.И.Ленин және И.В.Сталинмен Қолданды автономиясының жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді. «Қазақ» газетінің 1918 жылғы 30 шілдеде шыққан 262-санында «Заречная слободада Алаш орда өкіметінің іске кіріскені» туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жылы мамырда Оралда өткен қолданды съезінің Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтер бастаған «Ойыл уәлаятының» уақытша үкіметі (провинциальное правительство) жарияланған, ол сол жылы 26 шілдеде Жымпиты қаласына барып орналасқан. Алашорда автономиясынын төрағасы Ә.Бөкейханов Алашорданың батыс бөлімін құру жайлы іс қағазына қол қойған, бірақ Алашордада заңды түрде мұндай бөліну болмаған. Осының бәрін ескере отырып, «Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды», — деп жазды Қырғыз өлкесін басқарушы әскери-революциялық комитеттің мүшесі С.Меңдешев, Қырғыз өлкесін басқарушы әскери-революциялық комитеттің коммунистік фракциясының басшысы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған еңбегінде.

«Алаш Орда» үкіметі өзінің әскерін құруға және Қазақстан аумағында өкілетті биліктерін ұйымдастыруға кірісті, «ресей патроитизміне» ақырына дейін адал болып қалған әскер бөлімдерінің атамандарымен әскери одақ құрып, олардан қару-жарақ алмақ болды3.

Алаш үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов 1919 жылдың басында Омбыда Колчактан қару-жарақ сұрау ниетімен Алаш Орда үкіметінс бағынышты әскердің құрамын, тұрған жерін, санын айтады, солардын ішінде: "Жетісу майданында — 700 адам, Тройцкіде — 540 адам, Орал облысында — 2000 адамнан құралған 2 әскер тобының болғанын көреміз. Колчак Қазақ автономиясын мойындаудан бас тартқан соң, Алаш Орда үкіметінің басшылары Кеңес өкіметімен келісімге келген. Ал А.Байтұрсынов 1919 жылы 24 шілдеде Кирревкомның мүшесі болып, В.И.Ленин қолынан мандат алды.

Батыс Алашорданың басшысы Жаһанша Досмұхамсдов өзінің 1919 жылы 21 желтоқсанда Орынбордағы Кирревқомға жазған құпия хатында атты қазақтардың қыспағына қарамастан, Алаш солдаттарының қызылдарға қарсы соғыспағанын, тек тым болмай бара жатқан жағдайларда ғана ақтардың қатарында қала беріп, кейін қашып кетіп жүргендерін, қазіргі ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей қарап, қысымын күшейтіп отырғанын, сондықтан Түркістан майданының Оралдағы соғыс-рсволюция советінің мүшесі Лежава-Мюратпен байланыс жасап, ақтарға қарсы әрекеттерін тездетіп, қазақ даласын тазартуларын өтінгендерін хабарлады, өзара келісіп сөйлесу үшін ревкомның бір адамын жіберулсрін өтінеді.

Батыс Алаш Орда басшылары Қызыл Армияның Ойыл қаласында келген татар атқыштар полкінің командирі Мәулюдовпен, комиссар Қасымонпен тығыз байланыс жасайды. Бұл жөнінде татар полк командирінің 3-ші Түркістан атты дивизиясының бастығына жазған ақпарында: "Қызылқоғадағы Аашорда білдірмей шабуыл жасап, Елек корпусының барлық штабын, бастығы корпус командирі, генерал Акутинді, оның көмекшісі полковник Марковты, штаб бастығы Шадринді, полковник Ершовты қарусыздандырып, ұстап алды. Біздің отряд Қызылқоғаға 28 желтоқсанда кірді", — деп хабарлайды. Батыс Алаштың қызылдарға берілгендігі жөнінде майдан қолбасшысы М.В.Фрунзе 1919 жылы 21 желтоқсанда В.И.Ленинге берген телеграммасында: "...Алашорданың, Каспий жағалауына дейінгі барлық аудандарды қоса отырып, саяси және экономикалық берілуі маңызды болып табылады", — дейді.

Әлихан Бөкейханов және сол кезде зиялы қауымның басқа да өкілдері жетекшілік жасаған Алаш пен Алашорда Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық тұтастык және халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Мұндай бағыт әдетте аталған мәселелерді шешуде таптық принциптер мен пролетариат диктатурасын негізге алған болыпевиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш көсемдері мен Алашорда үкіметінің басшылығы 1917 жылғы Қазан революциясының ұрандарын, Кеңес өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты. Азамат соғысы жылдарында (1918-1920 ж.ж.) Алашорда Кеңес өкіметіне жау күштермен одақтас болды. Сондықтан азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш пен Алашорданы тарих сахынасынан кетірді. Кеңес өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдістерін де, қару жұмсап күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919 және 1920 жылдары) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, азамат соғысынан кейінгі 7—8 жылда Қазастан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиті мен өнерінің, халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерін, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлер, түгелге дерлік жалған жаламен "халық жауы" аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбаңдары болған, ал олардың ғылыми және әдеби мұрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе жойылды. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұлттық — демократиялық интеллигенцияның халық таныған көсемдерінің есімдері халыққа қайтарылып, олар қалдырған рухани мұра қалың жұртшылықтың игілігіне айналды.

"Алаш Орда" үкіметінің Қазақстандағы екі жылдық басқару кезеңі, міне, осылай аяқталды. Кеңестік социализм идеологтары "Алаш Орданы" буржуазиялық ұлтшылдық қозғалыстан өзге ешнәрсе емес деп бағалайды. Алайда біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, оның кызметі мен бағдарламасьінда "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі жоқ. "Алаш" ұлттық-демократиялық партия болды. Ал оның өмір сүрген уақытын қазақ халқының өз тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің маңызды бір кезеңі деп бағалау керек.

Өкімет билігін қолына алған большевиктік-марксистік партия ұлттардың бөлініп кетуге дейінгі өзін-өзі басқару ұранын "интернационалдық бірлік" және "сепаратизмге жол бермеу" ұрандарымен ауыстырды. Ал өз идеяларын өздеріне дейінгі патшалық Ресейдегі әлдеқайда қатал және қатып-семіп қалған догмалық нұсқада жүзеге асыра бастаған. "Алаш Орда" үкіметін Кеңес екіметі 1919 жылы құлатты да, Қазақстан аумағында жаңа мемлекеттілік орнады. Ол ұлттық дербестікке, өздерінің этникалық тарихы мен салт-дәстүрін одан әрі жалғастыруға ұмтылған халықтарды басып-жаншып отыратын патшалы Ресейдің қатал тәсілдерінен де асып түсті.

Сонымен, қорыта келгендс, Ақпан төңкерісінен кейін ұлттық қозғалыс жаңа серпін алды. 1918 жылы 22 каңтарда Кеңес өкіметінс балама ретіндс Қоқанда Түркістан автономиялы республикасы, ал 1917 жылы 5—15 желтоқсанда Орынборда Алаш автономиясы жарияланды. Алайда әуелі Қоқан, кейін "Алаш" өкіметтері ұлттық мемлекеттік идеяны жүзеге толық асырып болмай-ақ, тарих сахынасынан аластатылды.

Кеңестердің бүкіл Ресейлік үшініпі съезі қабылдаған (1918 ж., қаңтар) "Еңбекші және қаналушы халық құқықтарының декларациясында: "Советтік Россия республикасы ерікті ұлттардың ерікті одағы негізіндс Советтік ұлт республикасының федерациясы ретінде құралады", — делінді. Кеңестік тұрпаттағы тұңғыш ұлттық мемлекет — РСФСР-дің құрылуы Кеңестік республикалардың дүниеге келуіне жағдай жасады. Іле-шала бұрынғы Ресейдің көптеген аудандарында, оның ішінде елдің шығысында да Кеңестік автономиялық республикаларды құруға әзірлік жұмыстары өрістелді.

1918 жылдың 30 сәуірінде кеңестер съезі РСФСР-дің құрамына кіретін Түркістан Кеңетік автономиялық Республикасын құру туралы қаулы қабылдады. Бұхара мен Хиуаны қоспағанда, құрамына бұрынғы бүкіл Түркістан өлкесінің аумағы кіретін, Түркістан Кеңестік республикасы туралы ережені бекітті. Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасының халқының саны 7668 мың адамды құрады, олардың ішінде 35,77 проценті өзбектер, 44,76 проценті қазақтар мен қырғыздар, 6,73 проценті тәжіктер, 4,98 проценті түрікпендер, 3,75 проценті қарақалпақтар, 2,15 проңентін т.б. ұлттар құрады.

Түркістан республикасының қазақтарының саны 1917 жылғы санақ бойынша:


  1. Сырдария облысында - 1.405.000 жан.

  2. Жетісу облысында — 310. 000 жан.

  3. Ферғана облысында - 391. 000 жан.

  4. Самарқанд облысында 125.000 жан.

  5. Закаспийде (қазіргі Түркімен) - 95.000 жан, барлығы — 2.701.000 жан қазақ екенін көреміз.

Автономия деген ұранды жамылып, ақ гвардияшылар бүліншілік жасап, Каспий сырты майданы мен Жетісу майданын құрды. Атаман Дутов шілдеде Орынборды басып алды. Орынбор — Ақтөбе майданы пайда болды. Бұхара мен Хиуа Түркістанға қарсылықты күшейтті. Түркістан республикасының жағдайы ауыр болды. 1919 жылы 19 қаңтарға қараған түнде Ташкентте Кеңес өкіметіне қарсы бүліншілік басталды, партия — кеңсс орындарының басшылары айуандықпен өлтірілді. 1919 жылы наурызда Кеңестердің өлкелік төтенше VII съезі болып, онда Түркістан Орталық Атқару комитетінің жаңа құрамы сайланды. Түркістан коммунистік партиясының өлкелік комитетінің жанынан мұсылман бюросы, Түркістан республикасының Революциялық әскери советі сайланды. 1919 жылдың көктемі мен жазында Қызыл Армияның жергілікті бөлімдерінің күші арта түсті. Олардың қатарына өлкелік партия ұйымдарының 25 проценті шамасы жіберілді. 1919 жылы тамызда Түркістан майданы құрылды. Майдан әскерлері шешуші шабуылға көшті, оларды Түркістан республикасының Қызыл Армиясы қолдады. 1920 жылдың көктемінде Қызыл Армия Каспий сыртында және Ферғана аймағында басшылармен болған соғыста жеңіске жетті. 1918-1920 жылдары "Түркістан" терминін қолдану мен оны әкімшілік атауларда сақтау мәселесі түркістандықтар мен кеңестік Ресей арасында ұзақ талас-тартыс туғызды. Тіпті, өздерін коммунист деп санайтын, бірақ ұлттық"сезімнен де бас тартпаған кеңестердің түркістандық қайраткерлері Түркістанды басқару ісінде Мәскеу бағытынан өзгеше қаулылар қабылдаттыруға қабілеті жеткен. Мысалы, Түркістан коммуниетік партиясының мұсылмандар бюросының 1920 жылғы ақпанындағы 3-конференциясы "Түркістан Республикасының атауы "Түркістан түркі республикасы" болып өзгертілуге тиіс" деген қаулы қабылдаған еді. Тіпті, мұсылман коммунистер ішкі және сыртқы саясаттың Мәскеуден тәуелсіз болуын талап еткен. Бұған қарсы Мәскеуден: "Түркістанның тәуелсіздігі жолындағы күрссі біз үшін жаңалық емес, бірақ мұның социализмеге еш қатысы жоқ" жеген деген жауап келген болатын.

Т.Рысқұлов, Ю.Алиев, Ю.Ибрагимов 1920 жылдың басында "Түркі кеңес республикасы" туралы құжаттың жобасын даярлағанды, онын бірінші пунктінде: "Бес облыстан тұратын Түркістанды түрік тектес халықтардың (қырғыз, қазак, өзбек, түркімен, қарақалпақ, қыпшақ, оған түркі тегінен емес тәжіктер де қосылды) және өздерін келімсек деп санайтын өзге халықтардың (орыс, еврей, армян және т.б.) Отаны деп санау керек",— делінген. Ал оның екінші пунктінде "Нақты әрі тұрақты түркі халықтары құрайтындықтан, Түркістан Түркі Кеңес Республикасы деп тану керек", — деп тұжырымдалды.

Орталық жіберген Түркі комиссиясының басшысының бірі М.В.Фрунзе: "Біз бүкіл Түркістанды бірігіп отырып жинауымыз керек, ол орыс пролстариатына сүйенгенде ғана жүзеге асады", — деген ұсыныс жасады. Айналып келгенде, бірі жергілікті халыққа негізделген түркі кеңес республикасын екіншілері орыс пролстариатына, күшке негізделген "қуыршақ" Түркістан кеңес республикасын жасауды ұсынды4.

Түркістанда түркі республикасының тәуелсіз өмір сүру мәселесі жайындағы түркістандық "коммунистердің" талабы Ресейдің Түркістан майданының қолбасшысының ұсынысына сәйкес, қабылданбай тасталды. Ленин 1920 ж. 13 маусымда Ресей мемлекеті мен Коммунистік партияның Түркістан коммиссиясына "Түркістанның (этнофафиялық, т.б. сипаттағы) Өзбекия, Қырғызия, Түркменияға бөлінген карталарын әзірлеу, бұл үш бөлікті біріктіру немесе ажырату шарттарын жан-жақты тұсіндіру" міндеттерін жүктеді. Түркістандағы кеңестік орыс лидерлері Лениннің бұл нұсқауын орындау, яғни Түркістан қауымдарын бір-бірінен ажырату туралы шешім қабылдады. Мұны, түркістандық коммунистердің біраз бөлігі де қолдады. Кеңес режимі Түркістанда (Бұхара мен Хорезм Халық Республикаларын қоса есептегенде) өз саясатын жүзеге асыру үшін жалпы "Түркістан" терминін пайдаланды. Бұхара мен Хорезм мемлекеттері мен Кеңестік Түркістанның экономикалық мәселелерін бір орталыққа бағындыру үшін кеңестіктер 1922 жылы төмендегі пікірді алға тартты: "Бұхара, Хорезм және Түркістанның мәдени жағдайларының, өндіргіш күштерінің ортақ ерекшеліктері мен өзара байланыстары бар. Ортақ мәдени, тарихи және әлеуметтік жағдайлар негізінде келген бұл республикалардың демографиялық, этнографиялық топтарына Орталық Азияның барлық өңірлерінің материалдық, рухани мәдениеттері ортақ".

Кеңес режимі онсыз да 1920 жылдары Түркістанда біртұтас түркі халықтарының бар екендігін жоққа шығарумен болатын. Түркістан комиссиясының бастығы Рудзутак 1920 жылы Ташкент қаласында Түркістанда түркі республикасының ұйымдастырылуы жайындағы қаулыға қарсы өз пікірін және талабын ашық білдірген еді. Ол былай деген болатын: "Түркі республикасын ұйымдастыру жөніндегі шешімге риза емеспін: Бұл қаулы ұлтшылдардың ықпалымен қабылданған. Шынында, Түркістанда бір тұтас түркі халқы жоқ. Түркімендер, қазақтар, қырғыздар, өзбектер бар". 1920 жылғы ақпанда РКП (б) Орталық Комитеті Шығыс аудандарының партия комитеттеріне нұсқау хат жолдады. Онда былай делінген: "Мұсылман тайпаларын жеке мемлекеттік советтік құрамаларға беру туралы мәселеге ешқандай кедергі жасалмайды, Түркістан және Башқұртстан республикалары мен Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің өмірі осының дәлелі болып табылады"5.

В.И.Ленин 1920 жылы 13 маусымда РКП (б) Орталық Комитетінің партияның Түркістандағы негізгі міндеттері туралы шешімінің жобасымен таныса келіп, былай жазған болатын:

1."Түркістанның Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстан өлкелеріне бөлінген картасын (этнографиялық және басқа) жасау тапсырылсын.

2.Осы 3 бөліктің қосылуы немесе бөліну шарттары егжей-тегжейлі анықталсын".

1920 жылғы сәуірде түркі республикалары халқының ұлттық құрамы. (5.221.963 адамды құрайды) төмендегідей болды:

Халықтар

Қала қалқы

Ауыл халқы

Барлығы

Өзбектер

Қырғыз-қазақтар (қазақтар)

Қара қырғыздар (қырғыздар)

Түркімендер Қарақалпақтар

Құрама

Тараншылар



Қыпшақтар

Таралар


Тәжіктер

Парсылар

Армяндар

Басқалар


561765

32476
6512


633

2909
6059

226

16248


120189

25999


19352

47153


1489990

1059449
515780


266048

73125


50652

39467


31614

6255


279729

9327


711

25239


2050775

10191925
1614217


266681

75334


50652

45526


31840

22504


399912

35326


20063

74482


1924 жылы Түркістан АКСР-і мен Хорезм және Бұхара республикаларына қараған жерлерде ұлттық-мемлекеттік межелеу жүзеге асырылды. Мұндай шараның тарихи қажеттігін В.И.Ленин 1920 жылдың басында ашық айтқан еді.

Түркістан, Бұхара және Хорезм көп ұлтты кеңестік Республикаға айналды. Орта Азияда қоныстанған өзбектердің жалпы санының 66,5 проценті Түркістан республикасында, 22,2 проценті Хорезм республикасында тұрады. Өзбектер Түркістан республикасы тұрғындарының 41,4 процентін, Бұхара республикасының 50,1 процентін, Хорезм республикасының 61,1 процентін құрады. Орта Азияда қоныстанған барлық түркімендердің 43,2 проценті Түркістанда, 27,0 проценті Хорезмде, Орта Азиялық тәжіктердің 47,7 проценті Түркістанда, 52,3 проценті Бұхарада және т.б. жерлерде тұрды.

Өзбектер Түркістан АКСР-нің Ферғана, Самарқанд облыстарында және

Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездерінде қоныстанған, өзбектердің жекелеген топтары сол облыстың Шымкент және Түркістан уездерінің кейбір аудандарында тұрды, Бұхара облысында олар Босун, Бұхара, Гузар, Қаршы, Кермен, Нұр-Ата, Шахрисяб, Ширабад және Сары-Ассы болыстарында, Хорезм республикасында Жаңа Үргеніш облысы және Хиуа қаласының аудандарында тұрды6.

Түркмендердің көп бөлігі Түркістан АКСР-інің Түркмен облысында, Бұхара республикасының оңтүстігіндс (Чарджу облысы) және солтүстік Хорезм республикасында (Түркімен және Ташауыз облыстарында) тұрды. Тәжіктердің басым көпшілігі Бұхара республикасының шығыс бөлігінде орналасты (қазіргі тәжік республикасының аумағы), олар Самарқанд облысының Ходжент уезінің көпшілік тұрғындарын құрады. Тәжіктер сол облыстың Самарқанд уезінің бірнеше аудандарында, сондай-ақ Түркістан АКСР-інің Ферғана облысының бірқатар аудандарында және Орталық Бұхарада тұрды. Қырғыздар Түркістан АКСР-інің Жетісу облысының Қаракөл (Пржевальск), Пішпек және Нарын уездерін, Сырдария облысының, Әулиеата уезінің бір бөлігін және Ферғана облысының біршама аудандарының (Ош уезі, Жалал Абад болысы, Әндіжан уезі) аумағын алып жатты.

Қарақалпақтардың аралас бөлігі Түркістан облысының Әмудария, Хорезм республикасының солтүстік шығыс аудандарында (қазақ-қарақалпақ облыстары) қоныстанды. Қарақалпақтардың жекелеген топтары Ферғана облысының бірнеше аудандарына тарап қоныстанды7.

Ұлттық межелеу (шекараны болу) 1924 жылы жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде КСРО-ның құрамында Өзбек және Түркмен Кеңестік Социалистік республикалары, РСФСР-дің құрамында Қырғыз АКСР-і құрылып, бұрынғы Түркістан АКСР-іне қарап келген Жетісу және Сырдария облыстарының қазақтар мекендеген уездері Қазақ АКСР-іне қосылды. Сонымен, 1924 жылғы 14 қазан "Түркістан" сөзінің саяси терминологиядан шығарылған күні. КСРО Орталық Атқару Комитеті ол күні Түркістан Кеңес Республикасын жою, Бұхара және Хорезм Халық Республикаларын таратып, олардың жерлерін Өзбекстан және Түркіменстан Кеңес - Республикаларына (Өзбекстан автономиялық Кеңес Республикасына) бөліп беру туралы шешім қабылдады. Кеңестер бір жағынан Түркістанның ұлттық бірлігінс, екінші жақтан осы бірлікті білдіретін "Түркістан" терминіне қарсы шықты. Түркістандық бір кеңес тарихшысы "Түркістан бірлігі" жайындағы жоспарға қарсы бағытталған кеңестік режимнің ішкі сырын былайша білдіреді: "Мұндай жоспар Маркс пен Лениннің ұлттар мәселесіне қатысты нұсқауларына қайшы, ол пантуркизм менпанисламизмнің диірменіне су құюды, Түркістанды Ресейге қарсы қоюды, ең ақырында Түркістанды Ресейден ажыратуды көздейді".

Кеңестер "Түркістан" терминін қолданбайды, бірақ мұқтаж болған жағдайда одан бас тартпайды. Мұны Лениннің Түркістан шекаралары жайындағы пікірінен аңғаруға болды. Лениннің пікірінше, "Түркістан Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Ферғана, Самарқанд, Жетісу, Сырдария, Хазар (Каспий теңізі жағалауы), Хиуа және Бұхара облыстарынан құралады". Демек Ленин бұрынғы Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтары мен Бұхара және Хиуа мемлекеттері жерлерінің шын мәнінде Түркістан екендігін жоққа шығармаған.

Кеңестер Одағының ресми орындары 1924 жылдан, әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін "Түркістан" орнына "Орта Азия мен Қазақстан" терминін қолданатын болды. "Неге Қазақстан Кеңес Республикасын Орта Азияға жатқызбайды?" деген сияқты сұраққа жауап жоқ. Кеңес жағрапияшылары, тіпті Орта Азияның өзі Орталық Азияның бір бөлігі екенін мойындамайды.

Түркістанның орнына кеңестік әкімшілік "Кеңестік Қазақстан" және "Кеңестік Орта Азия" терминдерін қолданды. Ақыры алтыға бөлінген бұл жеке ұлттық республикалар: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан құрамында Қарақалпақстан автономиялы республикасы және Тәжікстанда Таулы Бадахшан автономиялы облысы еді. 1924 жылдан бастап ұлтаралық шекараның межелесе бөлінуіне орай, Түркістанда елдің тарих есімін атауға қатаң тыйым салынды.

Қорытынды
ХХ ғасырдың басы ұлт-азаттық қозғалыстарға толы кезең болды. Біздің бүгінгі буыны қатпаған жас ұлт-азаттық қозғалысымыз тарихында уақыты келген сайын еске алатын қаншама тарихи күндері баршылық. ХХ ғасырдың басында Түркістан халқы Патшалы Ресейдің қол астында болатын. Бұл кезеңде Патшаны Ресей өзінің қаһарлы салсатаын Түркістан жерінде екі ғасырдан артық отарлау саясатын жүргізді. Бұл езгі ХХ ғ басында бұрынғысынан да күшейе түсті.

Патша үкіметі қазақ жерінде екі ғасырдан артық отарлау саясатын жүргізді. Бұл едгі ХХ ғасырдың басында бұрынғысынан да күшейе түсті. Отаршылардың бұратана халықтарға байланысты жүргізген шовинистік саясаты, соған орай еңбекшілер жағдайының, әсіресе жер мәселесі бойынша ауырлауы, қарапайым халықтың құқықтарының кемдігі, аяусыз езілуі, басқарудың ұйыдастыру сипатының халыққа қарсы болуы, рухани мәңгүрттенуі және т.б. қазақ елінің сол кездегі зиялы қауымының ашу-ызасын тудырды. Бұл туралы 1907 жылы М.Дулатов; «Қазағым менің елім менің» деген мақаласында: Россияға тәуелді қазақ халқының «ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кекті тудырады», «чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып алып, ойына келе жатқан әдет-ғұрпымызға ауыз салуда. Жер ауып келген мыңдаған мұжықтар қазақтардың суы мен шұпайлы жерлерін тартып алуда. Чиновниктерді арқаланған олар: «сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлікін тартып алып кетуде»,-деп ашына жазды.

1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқының жағдайын бұрынғыдан да нашарлата түсті. Осыған байланысты әр түрлі салықтардың көлемі көбейді, елді қымбатшылық билеп, аш-жалаңаштық өрістеді.

Отарлық езгіде көп жыл еңсесі түсіп, саяси құқығы шектеліп келген Ресей империясының ұлттық аймақта өзге де жүрты секілді Түркістан өлкесіне кірген Сырдария және Жетісу облыстарындағы бүкіл мүсылман халықтары үшін өкіметінің құлап, Ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі ерекше оқиға болды. Бірақ мұндағы саяси ахуал жағдайында уақытша өкіметтің жергілікті органдарының құрылуына тән өзіндік ерекшеліктер де көрініс бергенін айта кеткен жөн. Ақпан революциясы жеңіп патша өкіметі құлағаннан кеінгі бір ай бойында Түркістанда патшалық генералдар мен офицерлер басқарған ескі билік аппараты өз қызметін жалғастырды.

Уақытша өкіметтің Түркістан секілді өңірді басқарған белді билік орны Түркістан комитеті Жетісу және Сырдаия облыстарындағ қазақ халқы мәселесін ешқандай шараларды іске асыра алмады. Ал ұлттық ұйымдар әлі де әлсіз, әрі тәжірибесіз болды.

Сонымен Түркістан жерін ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басында Ресей империясы меншігіне айналдыру мақсатында патша өкімет әр қадамын заңмен негіздеп отырды. Түркістанда жүргізілген саяси-әкімшілі реформалар отаршылдық билік жүйесі жергілікті қалықты ұлттық мемлекеттіліктен айырды. Сөйтіп жалпы өркениеттік даму үрдісіне қатысу жолын бөгеп тастады.



Сонымен патшалық Ресейдің озбыр отарлау саясатына қайыспай қарсы тұрып, қазақ мемлекеттігін қалыпына келтіру үшін және қазақтардың күллі адамзатқа ортақ прогресс арнасында өз орның анықтау үшін батыл күрескен Алаштың абзал азаматтары қызыл империяның қанды шеңгелінен қаза тапты. ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлы перзенттерінің жан-жүрегінде шынайы азаттық пен ұлттық сана-сезімінің асқақ рухы алаулап өтті. Бірақ олардың еңбегі еш кетпеді. Олар бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізін салып кетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет