Жоспар Кіріспе Жүк түрлері Тасымалдау шарттары Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі Мазмұны



бет3/3
Дата22.04.2023
өлшемі28.94 Kb.
#472568
1   2   3
Жүк туралы материал

Қорытынды
Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды.
Көлiк – бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет.
Олар әкiмшiлiк актiден (яғни тасымалдауды жоспарлау актiлерi) және шарттардан туындай алатын. Соның салдарынан көлiк мiндеттемелерi туралы сөз болатын. Қазiргi таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың iшкi, шаруашылық қызметi үшiн ғана маңызды, сондықтан ойымызды, тасымалдауға қатысты шарттар – тасымалдау шарттары туралы өрбiткен дұрыс болар.
Бұл айтылған сөз көлiктiң экономиканың ерекше саласы ретiнде, жоғары қауiп ретiнде, техникалық жағынан күрделi және тәртiпке салынған жүйе ретiнде қызмет етуiне қатысты ерекшелiктерiн ескермеуге болады дегендi бiлдiрмейдi. Сол себептi тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi көлiк түсiнiгiнiң өзiн анықтайтын, оның қызметiнiң стандарттары мен ұйымдастырушылық алғышарттарын (мысалы, көлiктi мемлекеттiк реттеуге қатысты) белгiлейтiн нормалар арқылы қарастырылады.
Қазiргi уақытта көлiктi мемлекеттiк басқару төмендегi мiндеттердi шешуге бағытталған:
- көлiк аясындағы Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауға;
- көлiк аясындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
- меншiк нысанына қарамастан көлiктiң барлық түрлерiнiң құқықтық және нормативтi мәртебесiн анықтайтын заңдық және өзге де актiлердiң, стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға;
- көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк (ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзуге, сондай-ақ кадрларды оқыту мен дайындауға;
- көлiк қызметтерiн тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылауға;
- болжамдарды жасауға және тасымалдауға деген республика мен тұрғындардың мемлекеттiк мұқтаждарының қажеттiлiктерiн уақытысында сапалы түрде қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру мен мемлекеттiк реттеу функциясын жүзеге асыруға.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. «Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстардың негіздері.» I-бөлім – Бекжанова С.Е., Бекжанов З.С., Битилеуова З.К. Алматы: «Эверо»2011, 198бет

  2. «Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстардың негіздері.» II-бөлім – Бекжанова С.Е., Бекжанов З.С., Битилеуова З.К. Алматы: «Эверо»2011, 298бет

  3. «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері» - Акчурин А.Г. Алматы,2012. 356бет.

  4. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D2%AF%D0%BA


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет