Анатомиялық терминдерді жасауда әр елдің өз дәстүрлері пайдаланылды, сондықтан да, кейбір мүшелер әр жерде әр түрлі аталынып жүрді. Көптеген анатомиялық құрылымдар, соларды алғаш рет зерттеген ғалымдардың есімдерімен аталады.Халықаралық анатомиялық номенклатураны құрудың жауапты редакторы, белгілі кеңес анатомы С.С Михайлов: «қазір орыс анатомия номенклатурасын жасау кезеңінде транскрипция және транслитерация әдісін пайдаланбау мүмкін емес. Тіл дамытудағы мүмкін жолдарының бірі осы тәсілдер»,- деп жазды. Ал, В Даль өзінің атақты сөздігін «Тірі ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі» деп кездейсоқ атамағанын ескертеді де: «Тіл әрқашанда дами береді, ол шындығында да тірі» - деп есептейді. Орыс анатомиялық номенклатурасында аталатын терминдерінің орысша баламалары бола тұра, латынданған түрін жиі беру кездеседі. Мысалы: Diaphragma – грудобрюшная переграда – диафрагма; Trachea – дыхательное горло – кеңірдек Осыған сәйкес қазақ терминдері келеді, мысалы: aponevrosis – жалпақсіңір – апоневроз, Diaphragma – көкет, диафрагма. Голландиялық хирург және анатом Г. Бидлооның 1685 жылы латын тілінде шыққан «Адам денесінің анатомиясы» атты кітабын белгісіз бір оқымысты орыс тіліне аударған. Бұл «Белгісіз ғылыми ерлік» деген мақалада Н. А. Оборин мен А.Н Оборин, орыс анатомиялық терминологиясының негізін салушы деп атап көрсеткен. Көптеген авторлар, әсіресе клиницистер орынсыз, жүйесіз жаңа сөздер жасауға жол берді. Сондықтан, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық Ғылыми Кеңес 31/1, 1959 жылғы қаулысында Р.Ы.А терминдеріне сәйкес тек орыс анатомиялық номенклатурасы қолданылсын деп тапты. Осыған сәйкес қазақ терминдері келеді, мысалы: aponevrosis – жалпақсіңір – апоневроз, Diaphragma – көкет, диафрагма. Голландиялық хирург және анатом Г. Бидлооның 1685 жылы латын тілінде шыққан «Адам денесінің анатомиясы» атты кітабын белгісіз бір оқымысты орыс тіліне аударған. Бұл «Белгісіз ғылыми ерлік» деген мақалада Н. А. Оборин мен А.Н Оборин, орыс анатомиялық терминологиясының негізін салушы деп атап көрсеткен. Көптеген авторлар, әсіресе клиницистер орынсыз, жүйесіз жаңа сөздер жасауға жол берді. Сондықтан, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық Ғылыми Кеңес 31/1, 1959 жылғы қаулысында Р.Ы.А терминдеріне сәйкес тек орыс анатомиялық номенклатурасы қолданылсын деп тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |