Жоспар: Мың көлеміндегі сандарды оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясының тиімділігі Кіріспе



бет13/17
Дата29.09.2022
өлшемі448 Kb.
#461618
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Денг саралап окыту

Мақсаты:
Білімділік: сандардың разряттық қосылғышын анықтай алуға, мәсел
есептерді шығаруға, фигуралардың ауданын, периметрін табуға,
заттың массасын анықтауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында елжандылық, еңбексүйгіштік,
адамгершілік пен адалдық, шапшаңдық пен тазалық қасиеттерін
қалыптастырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: логикалық ойлауын, жылдам есептеу дағдысын
жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: проблемалық
Сабақтың типі: алған білімді тәжірибеде қолдану сабағы
Технологиясы: ДСОТ
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, демонстрация, иллюстрация
сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: жұмыс дәптері, бағалау ведомосі, ойын үлгілері.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі
Пайдаланған әдебиеттер: Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова, 3-
сынып, «Математика әдістемелік құрал»,баспасы
«Алматыкітап» 2010ж. «Қызықты математика»
№ 2, 2010ж
Оқушының танымдық әрекеті: өз бетімен тақырыпты оқып келу, өз бетімен оқулықтан тапсырмалар орындау, орындаған жұмыстарын нәтижелі түсініп орындау, іздену, ойлану.
Мұғалімнің танымдық әрекеті: тексеру, сұрау, талдау фронтальды сұрау арқылы жаңа сабақты талқылау, оқушыларды түгел нәтижеге жеткізу, бақылау-тексеру, қорытындылап жетістіктерін айту, үйге тапсырма беру, бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Сынып тазалығына мән беру
б) Құрал-жабдықтарын түгендеу
в) Назарын сабаққа аудару
II Психологиялық дайындық
Оқимыз,үйренеміз,жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
III Өткен сабақты псықтау
«Сиқырлы кілт» ойыны
- Балалар, сендер ойынды жақсы көресіңдер ме?
- Иә, біз ойын арқылы өсеміз, үйренеміз. Олай болса, сабағымызды да ойынмен бастаймыз. Ойынымыз «Сиқырлы кілт» деп аталады.
- Балалар, мектеп – біздің екінші үйіміз, білім алатын алтын ұямыз. Мектеп үйі әдемі,зәулім. Оның іші балалардың әсем күлкісіне толы. Мұндағы ұстаздар мейірімді, білімді. Ал оқушылары болса, тәртіпті, өнерлі әрі әдепті екен.
- Ал, балалар, осындай білім ордасына кіргілерің келе ме?
- Иә.
- Ендеше, бұл орданың қақпасын ашу үшін бізде үш кілт бар. Бірақ осының біреуі ғана есікті аша алады. Бұл кілттің құпиясы мына сөздерде. (Тақтадағы сөз-дерге назар аударту).
- Сонымен есікті қай кілтпен ашатын болдық?
- 2 кілтпен
-Не себепті?
- Себебі сол кілтте математикалық терминдер берілген. Ал басқа екі кілтте қазақ тілі мен дүниетанудың терминдері жазылған.
- Ал енді Сол екінші кілтпен ашу үшін сол кілттің сұрағына жауап берулерің керек. Дайын болсақ бастайық.

  • Фигуралардың ауданын табу үшін не істейміз?

  • Уақыт өлшембірліктерін ата.

  • 1 км қанша метр бар?

  • 33 саны нешеге тең?

  • Қандай фигура?




  • 20·4 =





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет