Жоспар: Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы


Тыныс алу мүшелерінің ауруларына



бет3/5
Дата14.10.2022
өлшемі2.1 Mb.
#462673
1   2   3   4   5
тыныс алу мүшелері мен дауыс аппаратының гигиенасы

Тыныс алу мүшелерінің ауруларына тұмаудан басқа — ауатамыр мен өкпенін қабынуы, тыныс демікпесі, туберкулез және т.б. жатады.
Өкпенің қабынуы
Аурудың кең тарағаң түрі. Организмге ауру, тудыратын микробтар түскенде және суық тигенде, өкпе кабынады. Өкпе кабынғанда дене қызуы 39,4-40 градуска дейін көтеріледі, жөтел пайда болады, бүйірі шаншиды. Адам жөтелгенде, түшкіргенде шаншу күшейеді, жиі-жиі тыныс алып, ентігеді. Мүндайда адамның екі беті қызарып, несептің түсі сарғыштанып, аз бөлінеді.
Ауатамырдың қабынуы
Баяу басталады, оның белгілері бірден сезіле қоймайды. Науқас сирек жөтеледі, қақырық көкшіл тартады, аздап дененің қызуы кетеріледі. Ауру өршіп, ұзаққа созылуы да мүмкін.
Туберкулез ауруы
Туберкулез ауруын туғызатын кох таяқшасы бактериясы. Ол түшкіргенде, сөйлегенде 1—2 метрге дейін сілекейімен шашырап, микробы ауаны ластайды. Cay адам тыныс алганда, бұл микроб мұрын қуысына енеді де, сол арқылы өкпеге түсіп, оны зақымдайды. Науқас адам әуелі аздап жөтеледі де, одан соң қаны азайып, жүдейді, тамаққа тәбеті шаппай, ұйықтағанда терлей береді. Дене кызуы кешке карай 37—37,5 градусқа дейін көтеріледі. Туберкулез таяқшасы наукастың ас ішетін ыдысынан, сүлгісінен, тесек орнынан да жүғады. Таяқшаның ауру туғызуы сау адамның организміне байланысты. Егер микробқа қарсы күресетін күш, яғни имму¬нитет пайда болса, онда оның әрекетінен денсаулық бүзылмайды. Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде аузын және мұрнын қол орамалмен жауып, микробтын ауаға таралуына жол бермеуі кажет. Ауруды дәрігер ғана емдей алады.
Мұрын арқылы демалудың маңызы ерекше. Мұрын қуыс-ында толып жатқан қалташықтар бар. Олар ауаны жылытады. Суық күндері салқын тиіп ауырудан сақтайды. Мұрынмен ты¬ныс алу —- тісті бүзылудан сақтайды. Өндірістерде лас ауаны тазарту үшін желдеткіштер, шаң-тозаң ұстағыштар орнатылса, ал үйдегі шаң-тозанды сулы шүберекпен сүртіп отыру керек.
Темекі тартудың тыныс алу мүшелеріне әсері
Темекінін түтінінде ете улы зат — никотин бар. Темекі түтшнің ішінде улы газ, шаң және күйе болады. Күніне 20 тал темекі тартатын адам 90 миллиграмм шамасында никотин жұтады. Алғашқы рет темекі тартканда — адам уланады: басы айналады, жүрегі кағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінін бәріне зиянды өсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркенді, қабындырады , қорғаныш қабілеті нашарлаған шырышты қабық аркылы ауру туғызатын микробтар еркін өтеді. Сондықтан темекі тартатын адамдар суық тию және т.б. аурулармен жиі ауырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Өкпе обырымен ауырғандардың 97 %-ы темекі тартушылар. Себебі, темекіні ұзақ уакыт тарткандыктан, жара пайда болады.
Тыныс алуды дамыту және гигиеналық талаптар
  • Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4, 2 л., боксерлерде - 4, 8 л., қайықшыларда - 5, 5 л. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет.Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.
  • Гигиеналық талаптары - ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу т.б. Киім кию де дұрыс дем алу және дем шығаруға әсер етеді, сондықтан киім жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі қажет.

Дауыс – бұл өзінің күрделілігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты емес адам көмейінен шығатын кез келген дыбыс. Дауыс генераторлық бөлім ретінде қызмет ететін көмейде пайда болады. Тыныс алу мүшелері – энергетикалық бөлім. Энергия көзі ретінде дауыс шымылдығының тербелісін тудыратын ауа ағыны болады. Қойылмалы түтік (жұтқыншақ, мұрын және ауыз қуысы) – мұнда дыбыс өз күшін және мәнерін алатын жаңғырықтыру бөлімі. Дыбыстың акустикалық қасиетін ажырату есту қабілетінің көмегімен іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет