Жоспар: Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы


Кеңірдек және бронхылар қызметі



бет2/5
Дата14.10.2022
өлшемі2.1 Mb.
#462673
1   2   3   4   5
тыныс алу мүшелері мен дауыс аппаратының гигиенасы

Кеңірдек және бронхылар қызметі
Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның қандай қозғалысы болмасын ауаны ұстап қалмайды Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде омыртқасы түсында кеңірдек екі бронхыға бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ұштарындағы жіңішке тармақтары - бронхиолалар өкпе көпіршіктері - альвеолалармен аяқталады.
Өкпенің қызметі
Кіші қан айналымы арқылы өкпеге веналық (көк) қан түседі, бұл жерде оттегімен қанығып, көмір қышқыл газынан ажыратылып, алқызыл түсті артериялық қанға айналады. Көмір қышқыл газы өкпе көпіршіктеріне (альвеолаға) өтіп, дем шығару кезінде ағзадан шығады. Артериялық қан ары қарай үлкен қан айналымы арқылы дене мүшелеріне өтіп, олардың жасушаларын ауамен қамтиды, оны тұтыну барысында жасушалардан көмір қышқыл газы бөлініп шығып, қан қайтадан веналық (көк) болады.
Өкпенің тіршілік немесе өмірлік сыйымдылығы - ішке дем толық тартқаннан кейін тыныс жолдарынан толығымен шығатын ауа көлемін сипаттайтын сыртқы дем алу көрсеткіші.[1] Яғни адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғанда ауаның көп мөлшерін айтады. Әйел адамдарда шамамен 3000-3500 мл құраса, ер адамдарда 3500-4800 мл құрайды.
Өкпенің жеделдетілген өмірлік сыйымдылығы — максимальдық жылдам дем алу кезінде анықталатын өкпенің өмірлік сыйымдылығының қалыпты жағдайда 90—92% құрайды. Өкпенің тиісті өмірлік сыйымдылығы — арнайы формулалар көмегімен зерттелетін адамның жасы мен бойы туралы мәліметтер бойынша анықтайтын өкпенің іс жүзіндеғі өмірлік сыйымдылығын бағалауға арналған есептік көрсеткіш. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдер өкпесінің тіршілік сыйымдылығын орташа есеппен алғанда 3000-3500 мл, ер адамдарда 3500-4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000—7500 мл-ге дейін жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет