Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет3/3
Дата19.05.2022
өлшемі107.5 Kb.
#457589
1   2   3
Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі б лім ызылшаны да ылды ма ызы

Қызылшаның құрамында көмірсулар, жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний,темір, мырыш, А дәрумендерінің негізі, С, В1, В6,РР, Е дәрумендері, фолий қышқылы бар.
Жинап алған бойда пісірген қызылшаның емдік қасиеті бар. Ол жасы ұлғайған, гипертониямен және бауыры ауыратын, іші қатқан адамдарға пайдалы. Қызылша көп қайнатуды қажет етеді. (2-3 сағат), оны тез пісіру үшін 1 сағат қайнатылған оттан алып, суын төгеді де, 10 минут үстіне суық су ағызып қояды.

Қызылшаның дақылдық маңызы
Асханалық қызылшаның химиялық құрамы (%) 10,02-11,49 қант, 1,27-1,35 азотты қосылыстар, 0,71-1,02 клетчатка, 0,85-1,04 күл, 91,6-83,97 су.
Дақылдың құрылымдық және биологиялық ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, қызылша – екі жылдық өсімдік, өмірінің бірінші жылы жапырақ розеткасы және тамырлы жемісі, екінші жылы отырғызылған тамырлы жеміс гүлдеп, тұқым бере бастайды.
Тамырлы жүйесі көптеген тармақтардан қосалқы тамырдан тұрады. Негізгі Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері тамыры топыраққа 270см-ге дейін, ал бүйірлік тармақтары 200см-ге дейін жетеді. Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері байқалады. Өсімдік розеткасының пішіні сортқа және өсіру ерекшеліктеріне байланысты болады. Оған ауа температурасының өзгеруі қатты әсер етеді. Жоғарғы температура жағдайында ұзын жапырақты розетка, ал төменгі температурада қысқа розетка дамиды. Жапырақтары үшбұрыш немесе сопақтау, жиегі жиі толқын тәрізді, жапырақтың пішіні өсімдіктің жасына және өсіру ерекшелігіне байланысты болады. Ескірген және үлкен жапырақтар сыртында орналасады. Жапырақтың пішіні мен көлемі өсіру ерекшелігіне байланысты. Жапырақтың беті тегіс, толқынды, қатты толқынды болып келеді. Жапырақтарының түсі сорт айырудың негізгі белгісі болып табылады. Ол жасыл, қызыл немесе қанық қызыл аралығында боялады. Жапырақтың түсі өсімдіктің жасына байланысты өзгеріп отырады. Жастары ақшылдау, ескірген сайын бояуы қоюланып, өлетін кезінде қоңыр түске боялады. Өсірудің ерекшеліктері өсімдік жапырағының түсіне әсерін тигізеді. Төмен температура және аздаған үсік жапыраққа антоциан пигментациясының күшеюіне алып келеді. Жоғарғы температурада жапырақтың қызаруына ықпал етеді. Топырақтың ылғалдылығының төмендеуі немесе жоғарлауы жапырақтың түсіне, қызыл пигментациялы өң береді. Топырақта қоректік элементтердің азот, фосфор, калий және микроэлеметтердің аздығы жапырақ түсінің өзгеруіне алып келеді. Ал оның жемісі –қорапты. Тұқымдары бүйрек тәрізді пішіндес, қызылдау- қоңыр қабықшамен қапталған.
Қызылша - ұзақ күн өсімдігі. Күн ұзақ болғанда гүлдеу және ұрықтану үрдістері жылдам жүреді. Қазіргі кезде оңтүстіктің қысқа күніне, сотүстіктің ұзақ күніне ыңғайланған қызылшаның жаңа сорттары өңделген. Сондай-ақ Қиыр шығыстың тәуліктік жарықтануын жақсы көтеретін түрлері де бар. Ондай сорттарды Поляр шеңберінде өндіруге болады. Қызылша жарықтанудың қарқындылығына көп сұраныс артатын өсімдік. Күн жарығы өсімдіктің өсіп-өнуіне, егілім түсімділігінің жақсаруына ықпал жасайды. Өсудің бірнеше кезеңінде, яғни түзілудің алдында қызылша. 15-18 температурасында жақсы өседі. Көктемгі таңғы шық өскіндердің зақымдалып, өліміне дейін алып келуі мүмкін.Өсу кезеңінде тұқым қабығының тығыздығына байланысты қызылшаның ылғалдылыққа деген сұранысы өте жоғары болады. Қызылша жақсы өніп шығуы үшін топырақтың ылғалдылығы 60% болуы керек. Өсімдіктің суға деген қажеттілігі уақыт өткен сайын жоғарлап, шілде-тамыз айларында шегіне жетеді. Бұл дақыл өсудің әр кезеңінде қажетті қоректік заттарды әр түрлі сіңіреді. Өмірінің бірінші жылдарында өсімдікке азот қажет, тамырлы жемістердің дамуы кезеңінде калий қажет. Ал фосфор өсімдіктің барлық өсу кезеңінде бірдей мөлшерінде керек.
Гүлдену биологиясы. Қызылшаның гүлденуі тұқымдықты еккеннен кейін 50-60 күннен кейін басталады. Ұзақтығы сыртқы ортаның әсерінен 30-50 күн аралығын құрайды. Ыстық және де құрғақ ауа болғанда гүлдену өзінің шегіне жылдам жетеді. Ең бірінші негізгі осьтегі гүлдер, содан соң бұтағының екінші және кейінгі қатарындағы гүлдер гүлдейді. Гүлдер таңғы 7-8-дерде ашылады.
Жаппай гүлдену тәуліктің бірінші жартысында болса, тәулік соңына қарай біртіндеп баяулап, аяқталады. Гүлдену барысында бал иісі мүңкіп тұратын шәрбәт бөлінеді. Құрт-құмырсқалар қызылша гүліне барып, гүлдің тозаңдануына өз әсерін тигізеді. Қызылша тозаңы 4-7 күн аралығында өз тіршілігін сақтайды. Қызылшаның барлық сорттары мен түрлері бір- бірімен шағылысады.
Қызылша ауруларының қоздырғыштары өсімдіктің барлық мүшелерін: жапырақтарды, сабақтарды, тұқымды және тамыр жемістерді зақымдайды. Өсімдіктің өсуі нашарлап, өнім мөлшері мен сапасы төмендейді. Қоздырғыштардың көбі өсімдік қалдықтарында сақталады. Залалданған тамыржеміс қоймаға түскенде, аурудың қоздырғыштары қыс айларында да





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет