Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі107.5 Kb.
#457589
1   2   3
Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі б лім ызылшаны да ылды ма ызы

Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану, жинақтау, саралау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу жаңалығы: Ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, қызылша өсіру және оны пайдалану.
Зерттеу нәтижесі: Қызылша өсіруді қолға алу, емдік қасиетін пайдалану, асханада қолдану.
Қорытынды: Қызылша өсімдігі адам ағзасына көп пайдалы. Көптеген ауруларға ем болады. Тағам ретінде де көп пайдаланады. Қызылша өсімдігін өсіру көп пайда келтіреді. Туған ауылым Құрылыс жерінде қызылша өсіруге барлық жағдай бар екендігін зерделей келе, болашақта ауыл азаматтары қызылша өсірумен айналысса, елімізге көп пайда келтіреді деп ойлаймын. Мен де өз үлесімді қосар едім.

Кіріспе
Қазақстанда егін шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы. 50-жылдардың ортасынан бастап, ауыл шаруашылығы негізінен тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты дамыған. Соңғы 5-6 жылда 25 млн. -га-дан артық жер игеріліп, жыртылған. Қазіргі кезде егістік ауданы 36 млн.га. Осы игерілген және жыртылған жердің негізгі бөлігі солтүстіктегі қара, қаштан топырақты орманды дала, дала зоналарында, ылғалдығы жеткілікті, суарылмайтын аймақтарда орналасқан. Қазақстанда әртүрлі техникалық дақылдардың тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде шикізат ретінде пайдаланылатын түрлері бар. Ең негізгі техникалық дақылдар- мақта, қант қызылшасы, темекі.
Қызылша (Beta) - алабота тұқымдасына жататын азықтық, көкөністік және қант алынатын бір және екі жылдық дақылдар. Оның 16 түрі бар. Көбіне мал азықтық, асханалық және қант қызылшасы болып бөлінеді. Кәдімгі қызылша және оның бір түрі - жапырақты қызылша басқаларына қарағанда жиі өсірледі. Қызылша ылғал және жарық сүйгіш, суыққа төзімді.
Жер-жаһанды өзінің қанық түсімен бүлдіріп жүретін біріміздің сүйікті, енді біріміздің ауызға ала алмайтын көкөністеріміздің бірі қызылшаның құпиясын бірге ашайық.
Тарих беттеріне көз жүгіртсек, жабайы қызылшалар ежелден бері адамзаттың сенімді серігінің рөлін атқарып келеді екен. Б.з.д. 2000-1000 жылдары қызылшаның жапырақтары көкөніс ретінде және әр түрлі ауруларға шипа болатын дәрі ретінде пайдаланылған.
Қызылша аты аталатын ежелгі құжат ретінде Вавилон патшасы Меродах-Баладананың (б.з.д. 722-711 ж.ж) бақшасында егілетін өсімдіктердің тізімін атауға болады. Көп ғалымдар қызылшаның отаны – Вавилон деген қорытынды жасап жатады. Аталаған жазбада қызылша – жергілікті көкөніс емес, Сириядан әкелінген деп айтылады.
Бертін келе қызылша Азия халықтары мен Жерорта теңіздеріне таралып кетеді. Халық медицинасында дәрі-дәрмек ретінде қызылшаның жапырақтарын ғана емес, тамырларын да пайдаланылғандығы Гиппократ және Аристофан, Феофраст еңбектерінде дәлелденген.

Қызылшаны Апполон құдайына құрбандыққа шалған ежелгі гректер оны өте жоғары бағалаған. Алғашқыда асқа тек қызылша жапырақтарын қолданған, қызылшаның өзі улы көкөніс саналған көрінеді. XIV ғасырда қызылшаны солтүстік Еуропада да өсіре бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет