Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет7/8
Дата09.09.2023
өлшемі5.12 Mb.
#476993
1   2   3   4   5   6   7   8
әкелерді катыстыру

Сізге сыпайы болу керек. Сізге олардың (ананың және әкенің) кеңістігінде екеніңізді мойындау қажет. Ең дұрысы – отбасына келгенге дейін әкенің аты-жөнін біліп алу, бірақ, аты-жөнін білмесеңіз, өзінен сұрау керек. Ақ пейілді көріну және ата-ананың екеуімен де көзбе-көз байланыс орнатуға тырысу керек. Оларды «әке» және «ана» деп атаудың қажеті жоқ, себебі, оларға бала сияқты қарайтын және көбінесе есімдерін есіңізге түсіре алмайтын болып көрінесіз.

Оның орнына әдеп ережелеріне сәйкес, өздері ұсынса, есімдерімен атау керек. Егер әке бөлмеден шығып кеткісі келетінін айта берсе, оны кері қайтару мүмкіндігін табу керек: «Х мырза, қазір біз емізу туралы әңгімелесетін боламыз. Әкелер жақсы емізу үшін өте маңызды. Бір минутқа қайтып келгіңіз келмей ме?»

Оның орнына әдеп ережелеріне сәйкес, өздері ұсынса, есімдерімен атау керек. Егер әке бөлмеден шығып кеткісі келетінін айта берсе, оны кері қайтару мүмкіндігін табу керек: «Х мырза, қазір біз емізу туралы әңгімелесетін боламыз. Әкелер жақсы емізу үшін өте маңызды. Бір минутқа қайтып келгіңіз келмей ме?»

Әкеге қойылатын сұрақтарды ойда сақтау қажет. Сіз оны тергеуге алмайсыз, бірақ, бірекі сұрақ қоя аласыз. Босану сіз үшін қалай өтті? Үйдегі нәрестеге қалай үйреністіңіз?

Сіздің ойыңызша, әйеліңіз қалай бейімделіп келеді? Өміріңізде не өзгерді? Ақылы жұмысты немесе оқуды қалай бірге алып жүресіз?

Оған сұрақ қою мүмкіндігін беріңіз. Жұптың сізге айтатындарын мұқият тыңдаңыз және жетістіктеріне қолдау білдіріп отырыңыз. «Айтқандарыңызға қарағанда, жақсы үлгеріп жатқан сияқтысыздар». «Сіздер – жақсы командасыздар». «Х мырза, баланы өте жайлы ұстайтын сияқтысыз». Жалпы сұрақ қойған соң, ата-ананың алдымен біреуіне, содан соң, екіншісіне қарау керек. Олардың ерлер мен әйелдердің бала күтіміне қатысты сәйкес қабілеттері туралы дәстүрлі пікірлеріне күмән келтіретін мүмкіндіктер іздеу керек.

Босанудан кейінгі психикалық денсаулықпен байланысты мәселелерді шеше отырып, «жабырқаңқы көңіл-күйде» болу туралы екеуімен бір мезетте сөйлесіңіз. Әкелер әйел адамның және керісінше, ананың ер адамның өзін қалай сезінетінін және жағдайын қалай реттейтінін жақсы байқай алатынын түсіндіріңіз. Бала туған ананың «әдеттегі» эмоциялық мінез-құлқы қандай болатынын суреттеңіз. Әкелер де «қатты қиналатынын» айта кетіңіз. Екеуімен де қалай ұйықтайтындарын талқылаңыз: кезек-кезекпен «жата тұра» ала ма? Әкенің балаға өз бетінше қарауға қандай мүмкіндіктер бар? (Қосымша ақпаратты «Ата-ана аман-саулығы» модулінен қараңыз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет