Босанудан кейінгі психикалық денсаулықпен байланысты мәселелерді шеше отырып, «жабырқаңқы көңіл-күйде» болу туралы екеуімен бір мезетте сөйлесіңіз. Әкелер әйел адамның және керісінше, ананың ер адамның өзін қалай сезінетінін және жағдайын қалай реттейтінін жақсы байқай алатынын түсіндіріңіз. Бала туған ананың «әдеттегі» эмоциялық мінез-құлқы қандай болатынын суреттеңіз. Әкелер де «қатты қиналатынын» айта кетіңіз. Екеуімен де қалай ұйықтайтындарын талқылаңыз: кезек-кезекпен «жата тұра» ала ма? Әкенің балаға өз бетінше қарауға қандай мүмкіндіктер бар? (Қосымша ақпаратты «Ата-ана аман-саулығы» модулінен қараңыз). Дәл осылайша, емізуді екеуімен де талқылаңыз. Әкелердің көпшілігі емізудің әйтеуір жақсы екенін біледі, бірақ, көптеген артықшылықтарын атай алмайды. Оларды сіз атап, әкенің маңызды рөлін ерекше атап өте аласыз: әйелін тамақтандыру және қамқор болу, оның әбігерленбеуін және ағзасы сусызданбауын қамтамасыз ету. Әкеге баланы дұрыс күйде «бекітіп», қалай жатқызу керек екенін көрсетіңіз. Баламен жақын байланыс орнатудың тамақтандырумен байланысы жоқ көптеген әдіс-тәсілдері туралы, әрі, егер олар сұрап жатса, сүттің ағынын сақтай отырып, қалай сауып алу туралы екеуімен де сөйлесіңіз. Әкеде сізбен байланыс мәліметтері бар екеніне көз жеткізіңіз және сізге сұрақтарымен немесе мәселелерімен екеуі де хабарласа алатынын тағы бір рет айтыңыз. Егер әке кездесу барысында мүлдем үйде болмаса, анамен осы туралы және әке де қатыса алатын кездесу ұйымдастыру туралы сөйлесіңіз. Әкеде сізбен байланыс мәліметтері бар екеніне көз жеткізіңіз және сізге сұрақтарымен немесе мәселелерімен екеуі де хабарласа алатынын тағы бір рет айтыңыз. Егер әке кездесу барысында мүлдем үйде болмаса, анамен осы туралы және әке де қатыса алатын кездесу ұйымдастыру туралы сөйлесіңіз. Қорытынды Жалпы қорыта айтқанда баланың дұрыс адам болып қалыптасуында әкенің орны өте бөлек.Бала туылған сәттен бастап әкесі баласына үнемі көңіл бөліп,бірге уақыт өткізіп,кітап оқып,тәрбиесін қадағалайтын болса,баланың дамуы дұрыс қалыптасады. - https://www.unicef.org/kazakhstan/sites/unicef.org.kazakhstan/files/2019-02/%D0%9C%D0%BE%D0%B4%D1%83%D0%BB%D1%8C%205_13.pdf
- https://www.unicef.org/kazakhstan/media/3306/file/3,%204%20%D0%BC%D0%BE%D0%B4%D1%83%D0%BB%D1%8C%D0%B4%D0%B5%D1%80.pdf
- https://bilimdiler.kz/psihologia/5193-bala-tarbiesindegi-akenin-roli.html
Достарыңызбен бөлісу: |