Диагностика әдістері
- Қан талдауы, науқас анамнезін қарау
- Отоскопия
- Мұрын және шеке қуыстарын рентгенге түсіру
- Аудиометрия
- Бактериялық зерттеулер
- Компьютерлік томография
Емдеу. Емдеудің мақсаты – ауырсынуды жеңілдету, инфекциямен күрес, асқынудың және инфекцияның қайталануының алдын алу. Үй жағдайында әдеттегі ауырсынуды басатын, ыстық түсіретін дәрі-дәрмекті қолдану ортаңғы отиті бар адамдарға жеткілікті болады. балаларға аспирин беруге болмайды.
Антибиотиктер әдетте, екі жасқа дейінгі балаларға тағайындалады, аурудың ауыр түрінде немесе асқыну қаупі жоғары болғанда. Антибиотиктерге сезімталдыққа тест жүргізген жөн. Инфекцияның қайталануында ортаңғы құлақ қуысын шайып, желдету үшін түтік енгізуде хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін (миринготомия).
Отитті дәрігер-оториларинголог емдейді.
Жедел ортаңғы іріңді отит - жіті іріңді қабыну процесі ол ортаңғы құлақ қуысында, клиникалық іріңдену сипаты, құлақтың ауруы жəне уыттану симптомы, сонымен қатар дабыл жарғағының гиперемия түріндегі отоскопиялық көрінісі, тану белгілерінің жоқ болуы, ал дабыл жарғағының орнында солқылдатып ауру рефлексі анықталады
- Жіті орташа іріңді отит - жіті іріңді қабыну процесі ол ортаңғы құлақ қуысында, клиникалық іріңдену сипаты, құлақтың ауруы жəне уыттану симптомы, сонымен қатар дабыл жарғағының гиперемия түріндегі отоскопиялық көрінісі, тану белгілерінің жоқ болуы, ал дабыл жарғағының орнында солқылдатып ауру рефлексі анықталады
Созылмалы ортаңғы іріңді отит - дабыл қуысындағы немесе емізіктəрізді үңгірде (мастоидит) ұзақ уақыт қабынудың болуы, құлақтан 2-6 апта бойы үнемі немесе кезеңімен тесілген дабыл жарғағы арқылы ірің ағады. Созылмалы ағымда дабыл қуысының шырышты қабатының жұқаруы жəне түйіршіктелуі, полиптер, холестеатома байқалады.
Созылмалы ортаңғы іріңді отит
ЕМІ
Сыртқы отит формасы жағдайында емдеуді дәрігер әдетте жергілікті дәрі-дәрмектермен шектеледі, қабынған жерді бактерияға қарсы препараттармен өңдеуді, сумен жанасуды шектеуді, шығарылған және құлақ балауызының жиналуын уақытында алып тастауды ұсынады.
Неғұрлым ауыр формалар жағдайында бактерияға қарсы, антипиретикалық және ауырсынуды басатын дәрілер, мұрынға тамыр тарылтататын тамшылар, физиотерапия, евстахия түтігін үрлеу, дабыл жарғағын тесу тағайындалады.
Лабиринтитті емдеу тек ауруханада, қажет болған жағдайда отоларинголог-хирургты қосады.
АЛДЫН АЛУ
Кез-келген жұқпалы аурулар сияқты иммунитетті жоғарылату, гипотермиядан аулақ болу, тым суық тамақ ішпеу, физикалық белсенділік, дәрумендерге бай тамақтану ұсынылады. Отиттің алдын алу үшін суық тию, ринит, синусит, ЖРВИ, тұмаудың асқынуы сияқты дәрігердің негізгі ауруға қатысты ұсыныстарын уақытылы және мұқият орындау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |